А. А. Какимова Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер


Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет29/101
Дата12.10.2020
өлшемі0,62 Mb.
#64463
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   101
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Ұлтшылдық дегеніміз не?

  2. Ұлшылдықтың қайнар көздері қандай?

  3. Ұлшылдықтың қандай түрлерін білесін?

  4. Ұлтшылдық пен ұлтжандылықтың мағынасын ашып көрсет?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. М. Вебер Нация / Изб. Пройзв. М., 1973

  2. В. Тишков О нации и национальности: полемические заметки // Сб. Мысль 1996. 3 Стр. 31-37


Дәріс №4

Тақырыбы: Ұлт пен ұлтшылдық теориясы.

Дәріс мазмұны: Ұлт пен ұлтшылдық теориясы.

  1. Функциональды, конструктивтік әдістер.

  2. Марксистік әдіс.




    1. Функциональды, конструктивтік әдістер.

Күні бүгінге дейін функциональды бағыт әлеуметтанумен синоним ретінде қаралып келді. Бұл бағаттың тамырлары сонау О. Конт пен герберт Спенсердің еңбектерінде жатыр. Бұл екеуі әлеуметтік консерваторлар еді. Олар әлеуметтік тұрақтылықты өзгерістерге радикальды революцияға толы деп есептеді.

Әлеуметтанудың қалыптасуы кезінде бұл дәстүр ді Эмил Дюркгейм, ал 20 ғасырда Талкотт Парсонс дамытты.

Контта жақсы қоғамның нормативті үлгісі өмір сүрді. Бұндай қоғамда дені сау кез-келген биологиялық жүйе сияқты тепе теңдік пен тұрақтылық сақталған. Қоғамға биологиялық ағза ретінде бір әлеуметтік құбылыстар кері(дисфункциональды) әсерін тигізсе, кейбір құбылыстар пайдасын(функциональды) тигізеді.

Спенсер де жеке адам мен қоғамның ұқсас тығын атап кеткен. Қоғам биологиялық ағза сияқты үнемі өсіп отырады. Қоғмның өсуімен ағза да күрделіне түседі. Қоғам мен ағза бір-бірімен өте тығыз байланысты.

Сондықтанда қоғамда болып жатқан өзгерістер жеке адамның өміріне әсерін тигізеді.

50-60 жылдарда Карл Дейчтің «Ұлтщылдық және әлеуметтік коммуникация»атты кітабы неғұрлым танымал болды. Дейчтің теориясына сәйкес модернизация әлеуметтік мобилдікпен байланысты. Ол қоғамдағы азшылықтың ассимиляциясына әкеледі. Үлкен халықтар аз халықты жұтып отырады. бірақ та сонымен бірге ол модернизация поли-этникалық елдерде күйзеліске әкелуі мүмкін деді.

Ал конструктивті бағыттың әлеуметтік мәселелерге деген қатынасы 1967 жылы Питер Бергер мен Томас Лукманның «Шынайылықтың әлеуметтік құлылымы» деген кітабынан кейін танымал бола бастады. Бұл кітап А. Шютцтің феноменология қағидасын ұстанды. Сонымен бірге Дж. Мидтің ойларын да пайдаланды. Бұл кітаптің басты идеясы қоғам обьективті шынайылық , адамдардың іс-әрекет нәтижесі яғни әлеуметтік құрылым. Бұл кітапта п. бергшер мен Т. Лукманн екі түсінікті қолданды,-рсификация мен легитимация.

Рсификация адамдық құбылыстарды адамзаттық емес табиғаттың заттары ретінде қарау. Бұл түсінікпен көп жағдайда тұрмыстық деңгейде көп таралған бірақта ғылымда да кеңінен таралған жасанды табиғаттың әлеуметтік шынайылығын атайды. Рсификация түсінігін марксистік теоретик Георг Лукач енгізді. Маркс тауарды адамдар өндірсе де, оның бағасы да адамдар арқылы нарықта анықталса да, капиталистік қоғамда адамдар тауар мен құнды обьекетивті шынайылық , өздерінен тәуелсіз деп қарайды деп есептеген. Адам тауармен қарым қатынасында субьект ретіндегі сапасын жоғалтады. Г. Лукач бұл терминді тек тауаршға ғана емес, бүкіл қоғамға қатысты қолданды. Жәнек бқұл процесті рсификация деп атады.

Легитимация әлеуметтік тәртәпті оған нормативті құндылықтарды беру арқылы ақтауды білдіреді. Бұл түсінік те марксистік бағытта өз тамырын салған. Бұл концепцияға сәйкес пролетариат өзінің шынайы мүдделерін және капиталистік қоғамның әділетсіздігін бірден ұғынбайды. Оған жалған сана әсер етеді. Бірақ бір мезгілде қоғамды бұрынғыдай сақтап қалғысы келетіндер мен қоғамның шынайы бет-пердесін ашқысы келетіндердің арасында идеологиялық күрес басталады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет