Этносоциологиядағы әлеуметтік құрылым мәселесі.
Этносоциялогиядағы әлеуметтік құрылым мәселесі қазіргі уақыттағы ұлттардың дамуын түсіну үшін басты мағынаға ие. Ұлттардың әлеуметтік құрылымы олардың әлеуметтік процестерімен күрделене түседі. Себебі әлеуметтік топтардағы ұлттық қатынастар бір текті емес. Олар әрбір ұлттың өзіндік ерекшеліктері мен ұлт аралық түсіністікті ала білуімен анықталады.
Этносоциология 60 жылдардан бастап бұрынғы кеңестік Одақтың халықтарының әлеуметтік құрылымын зерттеуден басталды. Бұл қөұрылымда қалалық және ауылдық тұрғын халық ішінде әлеуметтік топтар бөлініп шықты. Олар бір-бірінен әлеуметтік ролдерімен, мүліктік жағдайымен ажыратылды.
«Әлеуметтік құрылым» түсінігі қоғамның әлеуметтік топтарға бөлінгенін көрсетті. Сол кездегі қоғамның әлеуметтік құрылымы бастапқы ұлт орыстарды басқа ұлт өкілдерімен салыстыру арқылы жүзеге асты. Орыстардың КСРО республикаларындағы үлесі әртүрлі болды. Мысалы Эстония мен Грузияда жергілікті ұлттар орыстардан басым болды.
Сонымен бірге қоғамның әлеуметік құрылымына тұрғын жалықтың жалақы мөлшері де әсер етті. Мәскеуде 1992 жылы ең жоғарғы жалақыны кәсіпкерлер алса, одан кейінгі орында жетекшілер, одан кейін мамандар мен басқа да жұмысшылар алды. Бұл басқа аймақтарға да тән болды.
Еңбек саласындағы негативті баға мен оның ішінде жалақының төмен болуы, жасалынып жатқан жұмыстың құндылығын да түсірді.
Біліктілігі жоғары еңбек адамдары үшін әсіресе, ықпалды қызметкерлер үшін өздеріне ылайықты жұмыс табу әрдайым қиын болды. болып жатқан процесстер әлеуметік құрылым да үлкен өзгерістерге әкелді.
Достарыңызбен бөлісу: |