Дәріс №11
Тақырыбы: Этноұлттық идеология және оның саяси процестегі ролі.
Дәріс мазмұны:
Этноұлттық идеология және оның саяси процестегі ролі.
Этноұлттық идеологияның рухани - өнегелік компаненті.
Этноұлттық идеология және оның саяси процестегі ролі.
Этникалық сана-сезімнің жоғарғы деңгейі ол әрине идеология болып табылады. Ол арнайы ғалымдар арқылы, жазушылар, суретшілер арқылы қалыптасады. Біреулер оларды адамзат жанының шығармашылығы десе, екіншілері- этникалық кәсіпкерлер деп көрсетеді.
Идеологияның этникалық процестерге деген ықпалы өте жоғары. Ол сонау КСРОмен сол уақыттағы одақтық республикаларда маңызды роль атқарды. Республикалардағы идеологияның басты идеясы әрине әртүрлі болды. Бірақ тематикалық түрде ұқсас болды.
Алдымен экологиялық прблемаларға назар аударылды. Олар төменгі деңгейде саясиландырылды, және сондықтанда сол уақыттағы саяси жүйе үшін қауіпсіз болды.
Ол сонымен бірге экологияны қауіпсіздікпен байланыстырған адамдар үшін де, және өз жақындарының денсаулығын ойлаған адамдар үшін де қызығушылық тудырды. Эстонияда идеологтар сланциларды ары қарай жасау мәселесін қозғаса, Арменияда атомдық электрстанция, Қазақстанда Байқоңырды, ал Башқұрстанда мұнай-химиялық жүйені эксплуатциялау мәселелері сөз етілді.
Одан кейінгі басты тақырып халықтың шығындары. Ең алдымен мәдениет шығындары.Ол туған тілді пайдалануда көрінді.
Одан соң мемлекетілікті алу идеясы сөз етілді. Ол әрине тарихи ескерткіштерді қайтару арқылы негізделе түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |