Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
А.А. Мәкенов,
А.С. Әбеджанова
ЖОЛ ЖҮРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
5В090100 «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және
көлікті пайдалану» мамандығы
(«Жол жүрісін ұйымдастыру» мамандандыру)
қол үзбей оқу түрінің студенттеріне арналған
пәнді зерделеу және курстық жобаны орындау жөніндегі
Әдістемелік нұсқаулар
Өскемен
2014
ОӘЖ 656. 13. 05
Мәкенов А.А. Жол жүрісін ұйымдастыру: 5В090100 «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы («Жол жүрісін ұйымдастыру» мамандандыру) бойынша қол үзбей оқу түрінің студенттеріне арналған пәнді зерделеу және курстық жобаны орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар / А.А. Мәкенов, А.С. Әбеджанова/ ШҚМТУ. - Өскемен, 2014. – 30 бет.
Бұл әдістемелік нұсқауда «Жол жүрісін ұйымдастыру» пән бойынша зерделеуге және курстық жобаны орындауға арналған негізгі әдістемелік қағидалар берілген.
5В090100 «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы («Жол жүрісін ұйымдастыру» мамандандыру) бойынша оқитын студенттеріне арналған.
Машина жасау және көлік факультетінің әдістемелік кеңесінде бекітілген
«_____» _____________ 2014 ж. ______ Хаттама
© Д. Серікбаев атындағы Шығыс
Қазақстан мемлекеттік техникалық
университеті, 2014
1 ЖАЛПЫ НҰСҚАУ
«Жол жүрісін ұйымдастыру» пәні 5В090100 «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы («Жол жүрісін ұйымдастыру» мамандандыру) бойынша көлік бакалаврын кәсіби дайындау кезінде компонентті таңдау бойынша негізгі профильді пән болып табылады.
Пәннің мақсаты – жол жүрісін ұйымдастыруды оңтайландыру және зерттеу әдістері, көлік құралдары және жаяу жүргіншілерді сипаттайтын, параметрлер, жол жүрісін ұйымдастырудың теориялық негізін зерделеу. Бұл пәнде көше-жол желісінде жүрісті ұйымдастыру бойынша тәжірибелік шаралар және жол жүрісін ұйымдастырудың әдстемелік негізіне негізгі көңіл бөлінеді. Пән мәселесі білім және іскерлік біліктілігін, оның кәсіби қызметін, және де ведомствалық басқарма құжаттарына қойылатын талаптармен анықталынады.
Бұл курстың негізгі мәселесі жол жүрісінің технологиялық және ұйымдастырушылық сауалдарын шешу кезінде келіс жүйесін қолдана білу, оны зерттеу әдістерін және жол жүрісінің заңдылықтарын түсіну үшін қажетті білім базасын қалыптастыру болып табылады.
Пәнді зерделеу нәтижесінде студенттердің білулері қажет:
жол жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нормативті құжаттардың негізгі қағидасын;
жол жүрісін ұйымдастырудың теориялық негізін; көлік құралдар және жаяу жүргіншілер қозғалысын сипаттайтын, параметрлерін;
жол жүрісін ұйымдастырудың негізгі әдістемелік принциптерін және оны нақты жағдайда шешу тәсілдерін;
жол жүрісін ұйымдастыру бойынша отан және шетелдік тәжірибе және оның даму болашағы, жол жүріс үрдісін бағалау белгілерін.
Пәнді толығымен зерделеген студенттер істей алулары қажет:
ЖКО статистика материалдарын талдауды;
көлік құралдар және жаяу жүргіншілер қозғалыс тәртібін зерттеуді;
көше-жол желісінде тексеру жүргізу және жол жүрісін ұйымдастыруда кемшіліктер табуды;
әртүрлі жол, көліктік және метеорологиялық жағдайда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жағдайды жақсарту бойынша кешенді шаралар әзірлеуді.
Тасымалдауды, жүрісті және көлікті пайдалану бойынша бакалаврлардың кәсіби қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, оларды дайындау кезінде көптеген базалық және кәсіби пәндер қолданылады:
жоғары математика (ықтималдық теориясы және математикалық статистика);
көліктік құралдар (пайдаланушылық қасиеттер теориясы);
көлік құрылысы және құрылғысын жобалау негізі (жол қатынасының негізгі көліктік-пайдаланушылық көрсеткіштері; жол және көшені жобалау кезінде жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету);
автокөлікті техникалық пайдалану (жүріс қауіпсіздігіне әсер ететін, механизмдер және бөлшектерге техникалық қызмет көрсету және диагностика жасау);
инженерлік психология (көлік құралдар жүргізушілер кәсіби қызметінің психофизиологиялық ерекшеліктері);
тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (көліктік үрдісті ұйымдастыру, жылжымалы құрамды тиімді пайдалану);
жол жағдайы және қозғалыс қауіпсіздігі (құрылыс кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көше мен жолды пайдалану).
«Жол жүрісін ұйымдастыру» пәні 5В090100 мамандығының қол үзбей оқу түрінің студенттері сессия кезінде дәрістерге шолуды тыңдаумен, тәжірибелік сабақтар жүргізумен, өздіктерімен курстық жұмысты орындаумен, оны қорғау және емтихан тапсырумен зерделеді.
Студенттердің білімдеріне бақылау жасау тәжірибелік сабақтарды жүргізу кезінде және курстық жоба бойынша дифференциалды бағамен іске асырылады. Студенттердің біліміне қорытынды бақылау емтиханмен бағаланады.
Осы пәнді зерделеу нәтижесінде студенттермен алынған білім, мамандық бойынша мемлекеттік емтихан тапсырумен және дипломдық жұмыс орындаумен бекітіледі.
5В090100 «Тасымалдауды, жүрісті ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығының жұмыс оқу жоспарында «Жол жүрісін ұйымдастыру» пәнін зерделеу бірінші (екінші) курста қарастырылған.
Осы пәнді өздіктерімен зерделеу төменде келтірілген мазмұндағы тәртіппен пайдалану ұсынылады.
2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Дәріс сабақтары
№
п-п
|
Сабақ мазмұны және атауы
|
көлемі, сағат
|
2.1.1
|
Кіріспе. Жол жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету аумағындағы негізгі мәселелер. Жол жүрісі және Ж-К-Ж-О жүйесі туралы түсінік. Жол жүрісін ұйымдастыру бойынша қызметтің негізгі бағыттары.
|
1
|
2.1.2
|
Жол жүрісіне сипаттама. Көлік құралдары және жаяу жүргіншілер қозғалысын сипаттайтын, негізгі параметрлер. Жолдың өткізу қабілеттілігі туралы түсінік. Қалалық жол қатынасының өткізу қабілеттілігін анықтау. Көше-жол желісі.
|
2
|
2.1.3
|
Жол жүрісін зерттеу. Зерттеу әдістеріне жалпы сипаттама және жіктеме. Заттай (табиғи) бақылау. Жол жүрісін зерттеу үшін жабдық. Жол-көлік оқиғасы. ЖКО анықтау, тіркеу және жіктемесі. ЖКО талдау. Жол және көшелердегі даулы жағдайлар және даулы нүктелер.
|
2
|
1
|
2
|
3
|
2.1.4
|
Жол жүрісін ұйымдастырудың әдістемелік негізі. Жол жүрісін ұйымдастыру тәсілдері және негізгі бағыттары. Жол жүрісін ұйымдастыруды жобалау. Жол жүрісін ұйымдастыру тиімділігін бағалау.
|
1
|
2.1.5
|
Жол жүрісін ұйымдастыру бойынша тәжірибелік шаралар. Жол қиылыстарында жүрісті ұйымдастыру. Жол қиылыстарындағы айналма жүрісті ұйымдастыру. Бір жақты жүрісті ұйымдастыру. Жаяу жүргіншілер жүрісін ұйымдастыру. Бағдардағы жолаушылар көлік қозғалысын ұйымдастыру. Уақытша автокөлік тұрағын ұйымдастыру. Алаңдағы жүрісті ұйымдастыру. Жол жүрісіне қатысушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету.
|
2
|
2.1.6
|
Ерекше жағдайдағы жүрісті ұйымдастыру. Тәуліктің қараңғы мерзіміндегі жүрісті ұйымдастыру. Жол және көшедегі жасанды жарықтандыру. Қыс кезеңіндегі жүрісті ұйымдастыру. Таулы аумақтағы жол жүрісін ұйымдастыру. Темір жол өткелдеріндегі жүрісті ұйымдастыру. Көлік ағыны кептелісі кезіндегі жүрісті ұйымдастыру. Жол жөндеу кезіндегі жүрісті ұйымдастыру. Жол жүрісін ұйымдастыруды жетілдіру келешектері.
|
2
|
2.2 Тәжірибелік сабақтар
№
п-п
|
Жұмыс атауы
|
көлемі, сағат
|
2.2.1
|
ЖКО тіркеу әдістері және формасын зерделеу.
|
2 (3)
|
2.2.2
|
Көлік ағыны құрамын және қарқындылығын зерделеу.
|
2 (3)
|
2.2.3
|
Стационарлық постта көлік құралы жүрісінің лездік жылдамдығын зерделеу.
|
2 (4)
|
2.2.4
|
Реттелетін жол қиылыстарында көлік құралдары кідірісін зерделеу.
|
2 (2)
|
2.2.5
|
Көше-жол желісіндегі жүрісті ұйымдастыруды тексеру.
|
2 (3)
|
2.3 Бақылау сұрақтары
1 Автокөліктендіру. Оның позитивті және негативті зардаптары. Жол жүрісі және «жүргізуші-көлік-жол-орта» кешені туралы түсінік.
2 Жол жүрісін ұйымдастыру бойынша қызметтің негізгі бағыттары.
3 Жол жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету аумағында халықаралық қызмет.
4 Көлік құралдар қозғалысын сипаттайтын, негізгі параметрлер.
5 Жаяу жүргіншілер қозғалысын сипаттайтын, негізгі параметрлер.
6 Көлік ағынын математикалық суреттеу. Көлік ағынының негізгі диаграммасы.
7 Өткізу қабілеттілігі туралы түсінік.
8 Қалалық жол қатынасының өткізу қабілеттілігін анықтау.
9 Көше-жол желісі.
10 Жол жүрісін зерттеу әдістеріне жалпы сипаттама және жіктеме.
11 Заттай (табиғи) бақылау әдістемесі.
12 ЖКО туралы статистикалық деректерді зерделеу.
13 Жол және көшелердегі даулы жағдайлар және даулы нүктелер. Оларды жол жүрісін зерттеу кезінде қолдану.
14 Жол жүрісін ұйымдастырудың тәсілдері және негізгі бағыттары.
15 Қозғалысты кеңістікке және уақытқа бөлу.
16 Біртекті көлік ағынын қалыптастыру.
17 Көлік құралы қозғалысының жылдамдықты тәртібін оңтайландыру.
18 Жол жүрісін ұйымдастыру тиімділігін бағалау.
19 Жол қиылыстарында жүрісті ұйымдастыру.
20 Көше-жол желісіндегі бір жақты жүрісті ұйымдастыру.
21 Жол қиылыстарындағы айналма жүрісті ұйымдастыру.
22 Жаяу жүргіншілер жүрісін ұйымдастыру.
23 Бағдардағы жолаушылар көлік қозғалысын ұйымдастыру.
24 Уақытша көлік құралдар тұрағын ұйымдастыру.
25 Тәуліктің қараңғы мерзіміндегі жүрісті ұйымдастыру.
26 Қыс кезеңіндегі жүрісті ұйымдастыру.
27 Таулы аумақтағы жолдарда жүрісті ұйымдастыру.
28 Темір жол өткелдеріндегі жүрісті ұйымдастыру.
29 Жол жөндеу кезіндегі жүрісті ұйымдастыру.
30 Көлік ағыны кептелісі кезіндегі жүрісті ұйымдастыру.
3 Курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқау
«Жол жүрісін ұйымдастыру» пәні бойынша курстық жобаның негізгі мақсаты ол жеке жол қиылыстарында қатаң бағдарламалық басқару жағдайында инженерлік есептеулерді тәжірибе жүзінде орындау, арнаулы пәндердің теориялық негізін бекіту болып табылады.
Тапсырманың негізі жол қиылысындағы көлік құралдардың фазалық айырылу сұлбасын таңдау және бағдаршамдық сигнал беру параметрлерін есептеу – тәжірибеде жол жүрісін ұйымдастырудың типтік мәселесінің бірі болып табылады. Осы кезде көлік және жаяу жүргінші ағындарының талабын ескере отырып, альтернативті нұсқа шешімін әзірлеуге тірек жасалынған. Жүрісті ұйымдастырудың техникалық құралдарын дұрыс пайдалану және орналастыру сауалдарына аса көңіл бөлінеді.
Әдістемелік нұсқауға сәйкес кең пайдаланатын нормативтік құжаттардың негізгі қағидалары жеке практикалық есептер курстық жобаның шеңберінде қарастырылады. Сонымен қатар курстық жобаның түсініктеме хатына, графикалық бөлім қисындығының дәлдігіне, сауатты мазмұнының реттілік ісіне және қорғау кезінде баяндаманың мазмұнына көбірек назар аудару керек.
3.1 Тапсырма ңұсқасының нөмірін анықтау
Курстық жобаны орындауға тапсырма ңұсқасының нөмірі, әдеттегідей, осы оқу тобындағы студенттерге жетекшілік жүргізетін мұғаліммен аңықталынады. Сонымен қатар курстық жобаның жетекшісі тапсырма ңұсқасының нөмірін келесі амалмен анықтай алады: өзінің оқу тобындағы студенттер тізімінің нөміріне (соңғы цифры) сәйкес А қосымшасынан қиылыстың сұлбасы таңдалынады; студенттің сынақ кітапшасының соңғы цифрының алдындағы цифр бойынша көлік және жаяу жүргінші ағындарының қарқындылық мәні (қосымша Б), соңғы цифрға байланысты – жүріс бағыттары бойынша көлік ағынының құрамы және жүктеу еселігінің мәні (қосымша В) анықталынады.
Курстық жобаны орындау үшін таңдалған бастапқы деректер «Тапсырманың нұсқасы» бланкісіне реттелмеген жол қиылысы сұлбасы және бастапқы деректер кестесіне көшіріледі.
3.2 Көлік ағынының келтірілген қарқындылығын есептеу
Көлік құралдарының жүріс қарқындылығы Nnpi келтірілген бірлік бағыты бойынша келесі формуламен анықталады:
Nкi = , бір./сағ. (3.1)
мұнда, Ni – i-бағыты бойынша берілген жүріс қарқындылығы, авт./сағ;
і – қозғалыс бағытының нөмірі;
Рж, Ржүк, Рав - жеңіл және жүк автокөліктер, автобустардың көлік ағынындағы берілген пайыздық мәні;
Ккж, Ккжүк, Ккав – жеңіл және ауыр автокөліктер, автобустар үшін келтіру еселігі (Ккж =1,0; Ккжүк =2,0; Ккав =2,5).
Алынған сандық көрсеткіштерді Nкi үлкен мәнге қарай бүтін санға дейін доңгелектеп кесте түрінде көрсетілуі мүмкін.
3.3 Болашақтағы жүріс қарқындылығын есептеуді анықтау
Келтірілген жүріс қарқындылығы және сәйкес жүктеу еселігі туралы көрсеткіштер негізінде болашақта Nбi бағыты бойынша күтілетін ең жоғарғы қозғалыс қарқындылығы келесі формуламен есептелінеді.
Nбi=, бір./сағ. (3.2)
мұнда, Zi – тапсырма нұсқасында көрсетілгендей, берілген бағыт бойынша жүктеу еселігі (жүктеу еселік мөлшері тиімді қозғалыс тәртібіне сәйкес, белгілі бір өткізу қабілетінің барлығын ескеру шамаланған).
Алынған сандық мәні Nбi үлкен жағына қарай бүтін санға дейін доңгелектенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |