34
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, достарым!
2. Негізгі кезең.
Педагог үйлердің және мұнаралардың үлгі суретін көрсетіп талдау
жасайды. Үйдің бір және көп қабатты болатынын түсіндіреді. Үйді жасау
үшін қандай құрылыс материалдары керек және мұнараны жасау үшін
қандай материалдар керек екенін балаларға ойлануға және таңдауға
тапсырма беріледі.
Педагог алдымен үйді құрастыру жолдарын көрсетеді. Бір қабатты
үйге төрт текше, екі ұшбұрыш керек және оны қалай қою керектігін
түсіндіреді. Ал көп қабатты үй жасау үшін бірнеше текшелер, бірнеше
кірпіштер қажет болады. Ол үшін текшелерді түстеріне сәйкес орналастыру
ұсынылады, екі қызыл текше, оның үстіне ұзын сары түсті кірпіш қойылады,
оның үстіне екі жасыл текше қойып, сары кірпішті орналастырып, оның
үстіне көк түсті үшбұрыштарды қоямыз, сонда көп қабатты үй дайын
болады. Мұнараларды жасау үшін текшелерді бірінің үстіне бірін қоямыз,
бұл балалардың бұрын алған тәжірибелерін бекіту бағытында өздері
құрастырады, текшелер неғұрлым көп болса, мұнара биік болатынын, аз
болса аласа болатынын балалар сезінеді және оның үстіне үшбұрыштар қою
арқылы төбесін жабады. Дайын болған құрылыстарды ұсақ ойыншықтармен,
ағаштармен безендіріп, мазмұн беруге бағыт беріледі.
Педагог құрылыс материалдарымен жұмыс жасау барысында «үй –
дом, көше – улица, құрылысшы – строитель» сөздерімен таныстырады.
Сергіту сәті.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Бiр орнымда қозғалып,
Кезек басып тұрамын.
Жоғары-төмен қарайық.
Орнымызды табайық.
Балалар педагогтің нұсқауы бойынша алдымен бір қабатты үйді, содан
кейін көп қабатты үйді, соңынан мұнараларды құрастырып, оларды ұсақ
ойыншықтармен толықтырады. Текшелердің үстіне ұзынша кірпіштерді
орналастыруға және үшбұрыштарды дұрыс орналастыруға әрекет етеді.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балалардың құрылыстарын мұқият
қарап шығып, әр баланың жұмысына жеке талдау жасайды, жетістіктері
мадақталады. Балалар дайын болған жұмыстарына талдау жасап ойнайды.
Достарыңызбен бөлісу: