А. А. Ойшыбаева ҚҰрастыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет10/45
Дата13.12.2021
өлшемі0,62 Mb.
#125396
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Байланысты:
құрастыру 3 [1]
құрастыру 3 [1], 668118538Saduakas ZHansaya, Дина реферат, жол журу ереже.
                                       ҰОҚ-нің барысы 

1. Ұйымдастыру кезеңі. 

Педагог  күзгі  жапырақтарды  көрсетіп,  түсіне,  пішініне  балалардың 

назарын аударады. 

Балалар  жапырақтардың  түстерін  айтады:  сары,  қызғылт  сары,  қоңыр 

және жасыл. 

 Күзгі  жапырақтар  туралы  өлең  оқып  береді,  үлгіні  көрсетіп  талдау 

жасайды, түстерін атайды, алыстан көрініп тұрған ағаштарға назар аударады. 

«Енді осындай жапырақтар жасағыларың келе ме?» – деп сауал тастайды. 



2. Негізгі кезең. 

Педагог:  

–Ол үшін мына үлгідегідей жапырақтарды жасауға арналған түрлі түсті 

қағаздарды  әр  балаға  таратып  береді,  жіңішке  сары,  қызғылт  сары,  қоңыр 

түсті  жолақ  қағаздар,  оны  бас  бармақ  пен  сұқ  саусақтың  ортасына  салып, 

қолмен үзіп  аламыз.  Педагог әр  баланың  неғұрлым  көбірек  жапырақ  алуын 

қадағалайды. Балалардың алдындағы үлгідегідей ағаштың суреттері беріледі, 

үзіп алған жапырақтарын ағашқа қойып, оны безендіреді. Күзде жапырақтар 

көп  түсетіндіктен,  жерде  де  жапырақтардың  жерге  түсіп  жатқанын 

бейнелеуге бағыт береді. 

Дайын  болған  жұмыстарды  қарап,  талдау  жасау  барысында  «күз  – 

осень,  жапырақтар  –  листья,  сары  –  желтый,  қызыл  –  красный,  жасыл    – 

зеленый» сөздерін бірге айтып, қайталап, түсіндіреді. 

Сергіту сәті. 

Алтын, сары, қызыл, көк. (Балалар саусақтарымен біртіндеп санайды.) 

Алуан-алуан жапырақ. (Қолдарын жоғары көтеріп, дөңгелек жасайды.) 

Күзгі бақта күлімдеп. (Балалардың жүзінде күлкі.) 

Көз тартады атырап. (Қолдарын сүйеп, көздерін көлегейлеп, алысқа 

қарайды.) 

Ой, алақай, тамаша! (Орындарында тұрып, секіріп, алақандарын 

соғады.) 

Шашу шашты жапырақ. (Балалар шашу шашады.) 

«Жапырақтар жинау» ойыны.  

Балалар екі топқа бөлініп, екі жерге екі себет қойылады, белгі берілген 

кезде балалар кезекпен келіп жапырақтарды салады, қай себетте жапырақтар 

көп болса, сол топ жеңіске жетеді.  

Балалар жіңішке жолақ қағаздардың әр түстерін таңдап, жапырақтарды 

үзіп қияды, көп жапырақ қиып алған соң оны ағаштарға орналастырады. 

Педагог  жұмыс барысында балаларға бағыт беріп, көмек көрсетеді. 



3. Рефлексия.  

Педегог  қорытынды  жасайды.  Балалардың  жапырақтарды  қалай  үзіп, 

қиып  алғанына  және  оны  ағашқа  орналастыруына  қарай  отырып,  педагог 



19 

 

 



еңбек нәтижесін бағалайды. Күзгі жапырақтардың әдемі көрінісін атап өтіп, 

мадақтайды. 

Ата-аналарға көрме ұйымдастырады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет