А. А. Ойшыбаева ҚҰрастыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет18/45
Дата13.12.2021
өлшемі0,62 Mb.
#125396
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
Байланысты:
құрастыру 3 [1]
құрастыру 3 [1], 668118538Saduakas ZHansaya, Дина реферат, жол журу ереже.
Қолданылатын көрнекі құралдар: 

құрылыс материалдары және үлгі 

көрнекіліктер. 

Сөздік жұмыс: 

үлкен, кіші, орындық, кресло, көлденең, тік. 



Билингвальді  компонент:

 

жиһаз  –  мебель,  орындық  –  стул,  үстел  – 



стол. 

ҰОҚ-нің барысы 

1. Ұйымдастыру кезеңі. 

Педагог  үй  жиһаздарының  суретін  көрсетіп  әңгімелейді.  Үлгі  сурет 

бойынша талдау жасайды, орындық пен креслоның айырмашылығына назар 

аударады. Оларды жасау үшін қандай құрылыс материалдарын пайдалануға 

болатынын айтып, таңдауды ұсынады.  

2. Негізгі кезең. 

Педагог жұмыс барысын түсіндіреді: 

Ең алдымен үлкен орындықты жасап көрейік. Ол үшін қандай құрылыс 

материалдарын  пайдаланамыз.  Алдымен  орындықтарды  қоятын  кілемді, 

төсенішті қойып алуды ұсынады, құрылыстарды оның үстіне орналастыруға 

бағыт  беріледі.  Оны  кеңістікте  қалай  орналастыру  керек.  Педагог  бір 

кірпішті көлденең жатқызып қойып, оның артқы жағына бір кірпішті тігінен 

тұрғызып, оған жақындатып қояды. Үлкен орындық дайын болды. Енді кіші 

орындықты  жасау  бұрынғы  алған  тәжірибелерін  бекіту  мақсатында  өздері 

құрастыруына болады. Ол үшін бір кірпіш, бір текше керек. Текшенің артқы 

жағына  кірпішті  тігінен  орналастырсақ,  орындық  болады  деп  көрсетеді. 



23 

 

 



Дайын  болған  кіші  және  үлкен  орындықтарға  біреуіне  қуыршақты, 

екіншісіне мысықты орналастырады (оған ұсақ суреттер беріледі).  

Құрастыру  барысында  педагог:  «жиһаз  –  мебель,  орындық  –  стул, 

үстел – стол»  сөздерін балаларға қайталатып, түсіндіреді. 



Сергіту сәті. 

Топ-топ, топ-топ басайық, 

Жалаудан күн жасайық. 

Жаса, жаса, алтын күн! 

Жаса, жаса, жарқын күн! (Балалар қолдарын соғады.) 

Балалар жұмысты жалғастырады. Педагог жұмыс барысында балаларға 

бағыт беріп, көмек көрсетеді. 

3. Рефлексия.  

Педагог қорытынды жасайды. Балалардың барлық жұмыстарын қарап 

шығады. Балалар дайын болған құрылыстарын ойынмен жалғастырады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет