А. А. Ойшыбаева ҚҰрастыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет20/45
Дата13.12.2021
өлшемі0,62 Mb.
#125396
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45
Байланысты:
құрастыру 3 [1]

Қолданылатын  көрнекі  құралдар: 

жасыл,  қоңыр  түсті  қағаз,  желім, 

қылқалам және үлгі көрнекіліктер. 

Сөздік жұмыс: 

шырша, жаңа жылдық ойыншықтар. 



Билингвальді компонент:

 

шырша – ëлка, Жаңа жыл – Новый год,  



қыс – зима. 

ҰОҚ-нің барысы 

1. Ұйымдастыру кезеңі. 

Педагог  Жаңа  жыл  мерекесі  жақындап  қалғанын  ескертіп,  жасыл 

шырша  жанында  ән  салып,  би  билейтіндерін,  Жаңа  жылдың  көркі,  сәні 

жасыл  шыршаны  біз  бүгін  қағаздан  қиып  жасаймыз  деп,  шырша  туралы 

тақпақ оқып береді. 



24 

 

 



 Балалар шыршаның суретін қарап көреді, шырша не үшін керек екенін 

түсінеді. 



2. Негізгі кезең. 

Педагог  жұмыс  барысын  түсіндіреді,үлгіні  талдау  жасайды.  Жасыл 

түсті  қиылған  шаршы  қағаздардың  бірнешеуін  балаларға  таратып  береді, 

оны диагоналі бойынша үшбұрыштап бүктеуді көрсетеді, бірнеше үшбұрыш 

жасауды  ұсынады.  Қоңыр  түсті  қағазды  алып,  оны  ортасынан  бүктеп 

көрсетеді  –  ол  шыршаның  діңі  болады.  Енді  осы  үшбұрыштарды  бір-біріне 

үшбұрыштың  төбесіне  желім  жағу  арқылы  жапсырамыз.  Үшбұрышты 

бүктеуде  дұрыс  болуын,  саусақпен  бүктеу  сызығын  бастырып,  тегістеу 

керектігін көрсетеді.  

Жұмыс  барысында  педагог  «шырша  –  елка,  Жаңа  жыл  –  Новый  год, 

қыс – зима»  сөздерін  пайдаланып, қайталап айтқызады. 

Сергіту сәті. 

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр. 

Жаттығу жасаймын. 

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ, сол аяқ, 

Жаттығу оңай-ақ. 

Балалар  жасыл  түсті  қағазды  бүктеп  үшбұрыш  жасайды,  бірнеше 

үшбұрыштарды  бір-біріне  желімдейді.  Қоңыр  түсті  қағаздан  оның  діңін 

жасап, оны орналастырады. Шырша әдемі болу үшін оны безендіреді, алдын 

ала  қиып  дайындалған  түрлі  түсті  дөңгелектерден  шырша  ойыншықтарын 

іледі. Педагог балалар жұмыстарына бақылау мен басшылық жасайды. 



3. Рефлексия.  

Педагог  қорытынды  жасайды.  Балаларды  марапаттайды.  Балалар 

өздері білетін шырша туралы өлең, тақпақтарын айтып береді. Мадақтайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет