№ 31 мектеп-гимназиясы
Байкеева Актилек Ертугановна
Бастауыш сынып мұғаілімі
Тақырыбы: Нан туралы өлең. Кәрім Сауғабаев.
Мақсаты: Оқушыны Кәрім Сауғабаевтың «Нан туралы өлең» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, нанды қадірлеу, құрметтеу жайында түсінік беріп; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ.Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Болат пен Марат неге таласты? Оларға кім қосылды? Болаттың сұрағына қалай жауап берер едіңдер? Төрт түлік жайлы нені жаңа білдің?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сенің ойың? Ендеше, сен өзің не қосар едің?
Ал түйе өзінің өсу жолында бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады.
жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (суйрік), айғыр деп атайды.
Сиырды жасына қарай бұзау, торпақ, тана, тайыншща, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп атаған.
Қой өсу жасына орай қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық деп аталады.
Ешкіні жасына қарай лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөледі.
Төрттүлікмалдыңөзіқадірлейтінбасынқазақтарбасқағабермеген, ондажұтаңдықорнапқаладыдепесептеген. Әрбіррудыңөзмалынасалатынтаңбасыболған. Оныолармалдыңқұлағына, мүйізіне, жамбасынасалатынболған.
Еңбекқорқазақ халқымалөнімдерінөтеорындыпайдаланыпотырған.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, «Нан» біздің дастарханға келгенше қанша адамның қолынан шығады? Диафильмнен үзінді көру.
Ү. Жаңа сабақ: кіріспе.
Ал осы сүт өнімдерінен басқа тағы қандай қасиетті тағамды білеміз?
-нан
- «Жерден асқан жоқ, тақсыр ұлы,
Жақсылықтың жүз есе жақсылығы.
Түйір дәнге береді тұтас масақ
Оралады орман боп ақ шыбығы» дегендей нан ас арқауы,, нансыз өмірдің сәні жоқ.
Жалпы балалар бүгінгі күн нан туралы айтып тұрған себебіміз бізге оқулықта «Нан туралы өлең» атты өлең беріліпті. Нанды құрметтегеніміз сонша ақындарда жырлаған екен. Бұл өлеңнің авторы Кәрім Сауғабаевтың.
20 қазанда Қарағанды облысы, Егіндібұлақ(бұрынғыҚу)ауданының Едірей ауылдық кеңесінде туған.
1964жылы Қарағанды педагогикалық институтын,1972жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітіреді. Балаларға арналған алғашқы өлеңдері 1972 жылы кітап болып шығады.
«Нан туралы өлең» атты өлеңін түсініп, мәнерлеп, жалғастырып оқу. Өлеңде қандай сөз жиі қайталанады? (нан, баспаңдар, сақтаңдар). Автордың бұл сөзді жиі қолдануындағы мақсаты не?
Диафильмнен үзінді көру
ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
Сергіту сәті
Топтық жұмыс
1топқа тапсырма-мақал-мәтел жалғасын табу
2топқа өлең шығару
3 топ қорытындылайды. Тиым сөздер айтады.
Шығармашылық тапсырма
Өлеңді қара сөзбен түсіндіріп көр.
Білгенге маржан
1. Автордың негізгі ойын тап. Өлеңді оқып, қандай ой қорытындысын жасауға болады? ( О, адамдар! Тіршілік арнасын сақтаңдар. Диқанның еңбегін тер төгіп ақтаңдар. Әр дәнді жоғалтпай, өмірдей сақтаңдар!). 2. Өлеңдегі ұйқас сөздер арқылы бір шумақ өлең құрастырып жаз. Мысалы:
О, адамдар! Диқанның еңбегін ақтаңдар,
Нанды баспаңдар. Нанды өмір деп санаңдар,Тіршілік арнасын сақтаңдар!
ҮІІ. Қорыту.О,адамдар,айтарым бар,
Нанды баспаңдар!
Бір дән жолда жатса,
Ұлылықпен еңкейіңдер
ҮІІІ. Үйге тапсырма:«Нан» жайлы өз пікіріңді айт. Шағын әңгіме жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |