Тақырыбы: Көлік құралдарының қозғалысы
Мақсаты: а) көлік құралдарының жүрісі, қызметі туралы түсінік беру; ә) оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту;
б) өмірге деген құштарлықтарын арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер, газет қиындылары, нақыл сөздер
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу, түгендеу
ә) сабаққа даярлық
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Жаңа сабақ
а) Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру
ә) Жаңа сабақ материалын меңгерту
Мұғалім: — Енді, балалар, қаламдарыңды орнына қойып, кеуделеріңді, бастарыңды көтеріп түзу отырыңдар. Мен сендерді көлік құралдарының көшеде жүру тәртібімен таныстырамын. Өздерің жол-көлік оқиғаларыңа тап болмас үшін зейін қоя қарап, тыңдай отырып, жаңа мағлұматтарды естеріңе сақтай отырыңдар.
Интербелсенді тақтада көлік құралдарының жүрісі туралы мәлімет.
Әрбір елде автокөліктердің жолдарда,көшелерде жүріп-тұру тәртібін белгілі заң немесе ереже реттеп отырады. Біздің елде де жолда, көшеде қалай жүру керектігі арнайы заңда көрсетілгендей, оң қапталмен жүру тәртібі қабылданған. Олай болса, автомобиль, мотоцикл және велосипед жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер көшелер мен жолдарда оң қапталмен жүруге міндетті.
Кейбір алыс шетелдерде, мәселен,Ұлыбритания, Жапония, Үндістан, Малайзия және тағы басқа елдерде жолдың немесе көшенің сол қапталымен жүріп-тұру белгіленген. Соған орай, әрбір елде қабылданған заң талаптары бұзылмауы тиіс.
Қалалар мен елді мекендерде, кенттерде жолда жүру ережелеріне сай көлік құралдарының рұқсат етілген жүру жылдамдығы сағатына 60 шақырымнан, қаладағы тұрғын аймақтарда – 20 шақырымнан аспауға тиіс. Ал сырт жолдарда, оның ішінде үлкен даңғылдарда жеңіл көліктердің және рұқсат етілген ең көп массасы 3,5 тоннадан аспайтын жүк автокөлктерінің жүру жылдамдығы сағатына 110 шақырымнан, ал басқа жолдарда – 90 шақырымнан аспауы тиіс.
Халықаралық және ерекше шағын автобустар мен мотоциклдерге жылдамдықты сағатына 90 шақырымнан асырмау белгіленген.
Басқа автобустарға, тіркеме сүйреткен жеңіл автокөліктерге, салмағы 305 тоннадан артық жүк автокөліктеріне даңғыл жолдарда сағатына 90, басқа жолдарда – 70 шақырым жылдамдықпен жүру белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: |