Қолданылатын көрнекі құралдар:
құрылыс материалдары, үлгі
суреттер.
Сөздік жұмыс:
диван, кереует, кереует жапқыш.
Билингвальді компонент:
жиһаз – мебель, кереует – кровать.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог балаларға құрылыс материалдарын көрсетіп, олардың көлемін,
пішінін, түстерін сұрайды. Үлгіні көрсетіп, диван және кереуеттің
айырмашылықтары туралы әңгімелейді. Балалар педагогтің сұрақтарына
жауап береді, түр-түстерін ажыратып айтады.
2. Негізгі кезең.
Педагог жұмыс барысын түсіндіреді: диванды құрастыру үшін екі
қызыл текше, екі көк кірпіш керек, бір кірпішті артқы бөлігіне тігінен қою
керек, екінші кірпішті жалпағынан орналастыру қажет екенін түсіндіреді. Екі
текшені екі жанына қояды. Кереуетті жасау үшін үш көк кірпішті
қатарластырып қойып, оның екі шетіне сары түсті екі кірпішті тігінен
орналастырады.
Педагог құрастыру барысында «жиһаз – мебель, кереует– кровать»
сөздерін пайдаланып, түсіндіреді.
Сергіту сәті.
Бала, бала, балапан,
Кәне, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Бала, бала, балапан,
Кәне, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Балалар кереуетті жасауға бөлек, диванды жасауға бөлек кірпіштерді
таңдап алады. Педагогтің көрсетіп түсіндіруі бойынша балалар кереуетті
және диванды құрастырады. Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
«Қуыршақты ұйықтатамыз» ойыны: дайын болған диванға мысықты,
ал кереуетке қуыршақты жатқызып, «Әлди-әлди» әнін айтқызады.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балалар өздері жасаған дивандары мен
кереуеттерін бір-біріне көрсетіп, онымен ойнайды.
Достарыңызбен бөлісу: |