А. А. Ойшыбаева ҚҰрастыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет16/45
Дата13.12.2021
өлшемі0,62 Mb.
#125396
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
Байланысты:
құрастыру 3 [1]

2. Негізгі кезең. 

Педагог  құрақ  көрпе  жасау  үшін  қызыл  және  сары  түсті  қиылған 

үшбұрышты  қағаздарды  әр  балаға  таратады.  Оны  пішініне  және  түстеріне 

сәйкестендіре  бір-біріне  үйлестіріп  орналастырып,  құрақ  көрпе  жасау 

жолдарын көрсетіп, түсіндіреді.  

Сергіту сәті. 

Көп отырып, шаршадық, 

Қозғалуды аңсадық. 

Жүгiргiмiз келедi, 

Әдемiлеп ән салып. 

 

Топ-топ, топ-топ басайық, 



Жаттығулар жасайық. 

Қайырымды жан болып, 

Жамандықтан қашайық. 

Педагог  балалардың  жазықтықты  дұрыс  пайдалана  білуіне  назар 

аударады,  балаларға  жеке  нұсқау  беріп,  көмек  көрсетеді,  оқу  қызметі 

барысында  бақылау  жасайды.  Балалар  қиылған  үшбұрыштарды  бір-біріне 

жақындатып,  үйлестіріп,  сәнді  өрнек  құрап,  көрпешенің  құрағын  жасайды. 

Үшбұрыштарды қалай дұрыс орналастыру қажет екеніне мән береді. 

Қағазбен жұмыс жасау барысында әрбір бөліктерді орналастыру барысында 

педагог: «киіз үй – юрта, әдемі – красивая, құрақ көрпе – лоскутное одеяло»  

сөздеріне баса назар аударады. 

3. Рефлексия.  

Педагог  қорытынды  жасайды,  қағаз  қиындыларын  балалардың  қалай 

жазықтықта дұрыс орналастырғанына баса назар аударады, түс, көлем, пішін 



22 

 

 



үйлесімділігіне  мән  бере  отырып,  балалар  жұмыстарын  қорытындылап, 

мадақтайды. Балалар өздерінің қандай көрпеше жасағанын айтып береді, өз 

жұмыстарының нәтижесін бағалайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет