А. А. Ойшыбаева ҚҰрастыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет34/45
Дата13.12.2021
өлшемі0,62 Mb.
#125396
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
Байланысты:
құрастыру 3 [1]

2. Негізгі кезең. 

Педагог  әр  балаға  қос  бүктелген  қатты  қағазды  таратады,  оған  әдемі 

гүлдер жасау үшін мені мұқият тыңдаңдар деп түсіндіреді. Алдымен гүлдің 

сабақтарын  және  жапырақтарын  жасыл  түсті  қағаздан  қиып  аламыз,  оны 

ораймыз  (немесе  бұраймыз),  сабақтары  дайын  болған  соң,  гүлдерін  жасау 

үшін  әртүсті  қағазды  алып,  алақан  арасына  салып  умаждап,  оны 

жұмсартамыз, бірнеше рет ашып, қайта умаждаймыз. Көк, сары, қызыл түсті 

қағаздарды  умаждау  арқылы  гүлдерді  жасап,  оны  гүлдің  сабағына 

орнатамыз.  

Педагог қағазбен жұмыс жасау барысында «гүлдер – цветы, мереке – 

праздник»  сөздерімен таныстырады. 

Сергіту сәті. 

Ендi бiз демаламыз, 

Айналаны шоламыз. 

Қол-аяқты кезекпен, 

Оңға-солға созамыз. 

Күн шыққанда сүйiнiп, 

Бәйшешектей иiлiп, 

Бiз тынығып аламыз. 

Жиi-жиi жаттығып, 

Үлкен кiсi боламыз. 




33 

 

 



Балалардың  қағазды  қалай  умаждағанын  және  ол  гүлге  ұқсағанын 

педагог қадағалайды, жеке көмек көрсетіледі. Алдымен жасыл түсті қағаздан 

гүлдің  сабақтарын,  жапырағын  жасайды.  Одан  кейін  көк,  сары,  қызыл 

қағаздарды  кезекпен-кезек  алақан  арасына  салып  умаждайды,  оны  гүлге 

ұқсатып сабақтарына орнатады. 

Балалар өздері жасаған жұмыстарының әдемі болып шығуына, ұқыпты 

жұмыс жасауға талаптанады. 

3. Рефлексия.  

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. 

Дайындаған  сыйлықтарын  анасына,  әжесіне  немесе  апаларына 

сыйлайтындарын айтады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет