№15 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары:
таным, коммуникация.
Бөлімі:
құрастыру.
Тақырыбы:
Үйлер.
Мақсаты:
құрылыс материалдарын пайдаланып бір немесе көп қабатты
үйлерді және мұнара құрастыра білуге үйрету, олардың түсі және көлемін
ажырата алу.
Міндеттері:
-
құрылыс материалдарын пайдалана отырып үйлер және мұнаралар
құрастыра білуге үйрету;
-
құрылыс материалдарының негізгі бөлшектері туралы білімдерін бекіту,
оларды түсі, шамасы бойынша тану;
-құрылыс жасауда өзара түсіністік қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды:
құрылыс материалдарын пайдалана отырып үйлер және
мұнаралар құрастыра алады;
түсінеді:
құрылыс материалдарының негізгі бөлшектері туралы біледі,
оларды түсі, шамасы бойынша тани алады;
қолданады:
құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлеміне,
пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра алуды.
Достарыңызбен бөлісу: |