А. А. Ойшыбаева ҚҰрастыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет38/45
Дата13.12.2021
өлшемі0,62 Mb.
#125396
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
Байланысты:
құрастыру 3 [1]
құрастыру 3 [1], 668118538Saduakas ZHansaya, Дина реферат, жол журу ереже.
Қолданылатын  көрнекі  құралдар: 

үлгі  суреттер,  үлкен  және  кіші 

көлемді қағаздар. 

Сөздік жұмыс: 

жайылым, қошақандар.  



Билингвальді компонент:

 қошақан – ягнëнок, өзен – река, қой – овца. 



ҰОҚ-нің барысы 

1.Ұйымдастыру кезеңі. 

Балаларға  үлгі  сурет  көрсетіп,  жайылымдағы  қошақандармен 

таныстырады. Педагог қошақандар туралы тақпақ айтып береді. 

Үнтаспадан дыбысын тыңдатады. Балалар қошақанның дене бөліктерін 

атап,  оның  қандай  дыбыс  шығаратынын  үнтаспадан  естігендерін 

қайталайды. 



2. Негізгі кезең. 

Педагог:  

–Осындай әдемі қошақандарды қазір қағаздан жасап көреміз. Ол үшін 

балаларға  үлгі  суретті  көрсетіп  таныстырады,  әр  балаға  жайылымдағы 

қошақандардың суретін таратып береді. Енді жайылымдағы қошақандар бір-

біріне  қарама-қарсы,  өзеннің  екі  жағында  орналасқанын  айтады,  ортасында 

су  ағып  жатыр,  ол  үшін  көк  түсті  қағаздан  қиып,  суды  жасаймыз,  ақ  түсті 

қағаздан  үзіп  алып,  қошақандардың  бұйра  жүндерін  жасаймыз  деп 

түсіндіреді.  Ақ  қағазды  бөліп  алып,  алақан  арасына  салып  умаждап,  оны 

қошақандардың  үстіне  жапсырады.  Осылайша  екі  қошақанды  да  жасап 

шығады. 

Педагог қағазбен жұмыс жасауда «қошақан – ягнëнок, өзен – река,  

қой – овца» сөздерімен таныстырады. 

Сергіту сәті. 

«Қошақаным» әнінің музыкасымен қимыл-қозғалыс жасатады 

(секіреді, жүгіреді, отырады, бастарын түйістіріп сүзіседі т.б.). 

Балалар екі қағазды да кезекпен алып, алақан арасына салып, умаждап, 

домалақтауға әрекеттенеді. Жасаған қағаздарын суреттегі қошақанның дене 

бөліктеріне дәл орналастырады. Педагог жеке жұмыс жүргізеді. 



3. Рефлексия.  

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.  




36 

 

 



Балалар  өздерінің  жасаған  қошақандары  туралы  және  олар  қалай 

дыбыстайтынын айтады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет