А. А. Оралова ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері жеңіс үшін күрескен азаматқа тағзым



бет1/4
Дата11.11.2016
өлшемі0,76 Mb.
#1526
  1   2   3   4
А.А. ОРАЛОВА

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының

ғылыми қызметкері
ЖЕҢІС ҮШІН КҮРЕСКЕН АЗАМАТҚА ТАҒЗЫМ
Аннотация

Автор мақалада жеке тектік қор құжаттардың тұлғатану саласындағы маңызы мен рөлін айқындауға тырысады. Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған бұл мақалада жеке қорлар бойынша Ұлы Отан соғысы ардагері Ү. Ерімбетовтің жеке тектік мұрағат құжаттары талданып, азаматтың соғысқа қосқан үлесі мен ерлігі баяндалады.



Түйін сөздер: Ұлы Отан соғысы, жеңіс, азамат, майдан, дерек, жеке қор.

Жеке қор құжаттары осы күнге дейін әлі зерттелмеген мәселелердің бірі болып табылады. Яғни, бұл елімізде әлі де болса мұрағаттану саласы дұрыс жолға қойылмағанын көрсетеді. Отандық тарихнамада жеке тұлғатану бағыты қалыптасқан, ал осы бағытты айқын көрсететін дерек көздерінің бірі жеке тектік құжаттар. Жеке мұрағаттық қорлар материалдарының мазмұнының құндылығы мен көп аспектілігі зертеушілерге аса үлкен дерек көзі болып табылуымен ерекшеленеді.

Отандық деректану ғылымының өзекті мәселелерінің біріне жеке қор құжаттарын мұрағаттанулық және деректанулық тұрғыдан зерттеу болып табылады. Аталмыш тақырыптың маңыздылығын мынадай факторлар айғақтайды: біріншіден, жеке қордың қалыптасуы, яғни оның дерек ретінде пайда болу объективтілігі, шығу тарихы, сонымен қатар оның құжаттық мұра ретінде ерекшелігін анықтау. Екіншіден, жеке қордың белгілі қоғам қайраткерлері немесе өнер қайраткерлері қалыптастырады, осы тұрғыдан алсақ өнер туындыларына жатады, яғни оның субъективлігінде. Үшіншіден, жеке қор құжаттарының сақталу деңгейі, қор ретінде қалыптасуы, оның теориялық және методологиялық мәселелері қаншалықты зерттелгендігінде. Міне, осындай мәселелерді зерттеу тарих ғылымында өзектілігі артып келеді.

Дерек көздерінің өзіндік ерекшеліктері мол осы тобы туралы деректанушы Қ.М. Атабаев: «Қазіргі деректану ғылымында жазба деректерді сыныптауда» жеке адамдық дерек көздері» сияқты дерек көздерінің ерекше түрін бөліп көрсету және зерттеу кеңінен қалыптасқан. Оған: заманхаттар (мемуарлар), естеліктер, күнделіктер, жеке жазбалар, хаттар т.б. жатады. Бұлардың ең басты ерекшелігі пайда болу негізі жағынан жеке адамдық деректер тобына жатқандықтан, олардың аса субъективтілігі. Сонымен қатар, ол дерек көздерінің түрлік айырмашылықтарының айқынсыздығы. Ол бір жағынан ондағы мәліметтердің құжаттылығында (немесе ғылымилығында), екінші жағынан мазмұны мен формасының көркемдігі мен публицистикалығында» – деп жазды [1, 236-б.].

Жеке тектік құжаттардың құндылығын айта келе, ойын былай түйіндейді: «Жеке тұлғалардың өмірбаяны мен жеке қырларын қарастыру тарих ғылымының шынайы беттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Мұнда жарияланған жеке тектік құжаттардың ғана емес, сонымен қатар өз зерттеушісін күтер құжаттардың маңызы зор» [2, 27-б.].

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп айтып өткен болатын елбасымыз Н.Ә. Назарбаев. Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойларын атап өтуге тарихшылар тарапынан үлкен үлес қосу қажеттілігін айтып өтті. Ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа насихаттау және «Мәңгілік Ел» орнатудағы рухы биік ата-бабаларымыздың Қазақ жерін жауға бермей қорғағандығын, қанды шайқастардағы батырлардың ерлік-өнегесін жастарға дәйекті түрде жеткізе отырып, патриоттық тәрбие беру.



Отанымызға фашисттердің басып кіруімен Шымкент қалалық әскери комиссариатына неміс басқыншыларына қарсы күресуге өз еркімен өтініш білдірген заматтар қатары өсе берді. Соғысқа қатысуға еріктілер қатарында қалалық өндіріс орындары жұмысшылары, мектеп және техникум, жоғары оқу орындары оқытушылары мен студенттері, дәрігер-медбикелер болды. Барлық өтініштер қысқа және патриоттық тұрғыда жазылды. Жеке тектік және отбасылық қорлармен қатар Ұлы Отан соғысына қатысқан азаматтардың құжаттық топтамалары мұрағаттарда сақталған. Оңтүстік Қазақстан мұрағатынан ҰОС қатысқан батырлары мен ерлік көрсеткен азаматтары туралы мәліметтерді жинақтауда жеке тектік қорларға шолу жасау маңызды болып табылады. Жеке тектік қорлардағы құжаттарды қарастыру тарихшыға нақты тарихи тұлғаны оның дербес ерекшеліктері, қоршаған ортасының және оның өмір сүріп отырған ортасы жағдайынан ақпарат алуға мүмкіндік береді. Олар тарихшыға тұлғаның дүниетанымын, мәдени деңгейін көруге болатын, тарихтың кейбір сәттерін тұлғаның субъективті қабылдауы арқылы баяндау ерекшеліктерімен байқауға болатын фактілер алуға болады. Осыған орай, Ұлы Отан соғысына қатысқан тұлғаның жеке қоры бойынша мұрағаттық құжаттарға тоқтала отырып, майдангердің соғысқа үлесі мен азаматтық тұлғасын ашуға тырыстық.

Майданға қатысқан ардагерлердің бірі – 1922 жылы 9 мамырда Ақтас ауыл кеңесінде Төлеби ауданы Көлбастау колхозында дүниеге келген. Сол жерде 7-сыныпты бітіргеннен кейін Мақтарал аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылып, Жамбыл облысындағы Отар әскери бөлімінде дайындықтан өткеннен кейін 1942 жылы Сталинград майданына аттанады. Шымкент қаласында дүниеге келген Ү. Ерімбетов соғыс басталысымен Жамбыл облысында 5 ай дайындық курсынан өтіп, Сталинград майданына аттанады [3].

1-сурет [4, 1-п.]



Сталинградтағы Украина майданының бірінші гвардиялық атқыштар дивизиясының №1107 атқыштар полкінде 152 мм орудияда оқтаушы болды. Соғыстың шешуші кезеңі осы Сталинград бағытындағы жаумен теке-тірес еді.

2-сурет [5,1-п ] 3-сурет [5, 7-п.].]

Сталинград, Курск, 1-ші Украина майдандарында болған. 1943 жылы Украинада Шипитовка қаласында аяғынан ауыр жараланып, емханада жатып, емделген соң өз бөлімшесіне қосылып, 1945 жылы Берлинді алуда ерлік көрсетті.

Венгрия, Чехословакияны азат етуге алуға қатысқан.



ІІІ-дәрежелі «Даңқ», «Қызыл Жұлдыз», «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, «Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен марапатталған [6, 319.].


4-сурет [5, 5-п.]

1947 жылы елге оралдым, 2 жыл орнымызға келетін адамдарды күтіп қалдық». Өзіміз екі ағайынды едік, мен соғысқа аттанғаннан кейін араға бір ай салып, анам, содан соң інім қайтыс болыпты. Бұл қаралы хабарды соғыс алаңына жеткізбей, бәрі аман-есен деген хат жазып тұрған. Олардың дүниеден озғанын соғыстан кейін бір-ақ естідім» – деп өткеннің күнделігін баяндайды майдангер [7].

Осылайша жеке тұлғалардың қоғам үшін атқарған еңбегін ашу мақсатында мұрағаттық жеке қорларды қарастырудың маңыздылығы зор екені айқын көрінеді. Жоғарыдағыдай майдангерлердің жеке қорларын қарастыру Ұлы Отан соғысы тарихынан хабар беретін ммәліметтерді анықтауға тірек болатыны сөзсіз.

Бүгінде көптеген жеке қорлар мұрағаттарға сый ретінде тартылуда, алайда нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты көптеген қорларды сатып алуға тура келеді. Келешекте құжат қорларын байытуға аса көп көңіл бөлуіміз қажеттілігі туындап отыр. Мұрағатшылар алдында «жеке құрам құжаттары» мәселесі күн тәртібіндегі негізгі мәселердің бірі болып отыр. Аталған мәселенің өз шешімін табуы құжаттардың болашағы шешіледі десек артық айтқандық болмас еді.

Жеке тектік құжаттар қалыптасқанан кейін, әр түрлі жағдайларға байланысты арнайы сақтау орындарына түспей қалады. Мұндай құжаттар елімізде көптеп кездеседі. Тек Кеңес кезеңін алып қарасақ, соғыс, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін жылдары сияқты аласапыран жылдары қаншама құндылықтарымызды шашып кетті.

Түрлі саладағы, әр уақыттағы құжаттар мазмұны жағынан қоғам үшін құнды мәліметтерді береді. Бұл толықтыру бағытындағы аса қиын жұмыстың бірі болып табылады. Сондықтан да мұрағатшыларға табанды еңбек ете отырып, тыңдау, сөйлеуші адамдармен тіл табыса білу мен үлкен шыдамдылық керек. Тарихи дерек көздерінің үлкен бір тобын өзінің пайда болу жағынан жеке адамдарға тән дерек көздері құрайды. Сондықтан олар ғылыми әдебиеттерде «жеке адамдық дерек көздері» деп аталады.

Жеке қорларды зерттеп-зерделеу арқылы сол кезеңнің тарихы шынайы келбетін, тыныс-тіршілігі мен саяси келбетін айқындауға жол ашылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет