Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтар мен тапсырмалары:
1.Тәуелсіздік жылдарындағы оқу бағдарламаларын сараптаңыз. Ондағы
оқу мазмұнын сипаттаңыз.
2.Тәуелсіздік жылдардағы жалпы білім беретін мектептерге арналған
оқу бағдарламаларының авторлары кімдер? Бағдарламалардың құрылысы
мен мазмұны қандай?
3.Жалпы білім беретін орта мектептің әдебиет пәні бағдарламаларын
жетілдіру үшін қандай ұсыныс білдіресіз. Пікіріңізді дәйектеңіз.
Әдебиеттер тізімі:
1.Әрінова Б. Қазақ әдебиеті әдістемесінің қалыптасу тарихы.–Алматы,
2003 ж.
2.Жұмажанова Т.Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. (мектеп ұстаздары мен
болашақ әдебиетші сту-ке арналған) –А.: Білім, 2009.
Қосымша:
1.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. –А.:, Рауан, 1997.
1
Қазақ әдебиеті оқу бағдарламасы оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім
беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылым академиясы, Астана, 2011.
46
ІІ БӚЛІМ
«ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ» МАЗМҦНЫ МЕН
ҚҦРЫЛЫСЫ, ӘДЕБИЕТ САБАҒЫ
ІІ. 1. ӘДЕБИЕТ САБАҒЫН ЖОСПАРЛАУ: ӘДЕБИЕТ ПӘНІНЕН
КҤНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР ЖӘНЕ САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ
САБАҚ ЖІКТЕМЕСІ
1.Жоспарлау ұғымы.
2.Сабақ жоспарларының түрлері.
3.Күнтізбелік жоспарды түзудің басты ұстанымдары.
4.Сабақ жіктемесі.
5.Оқытудың жаңа технологияларына негізделген сабақ жобалары.
Жоспарлау ұғымы. Әдебиет сабағы жоспарлау мәселесін қарастыр-
ғанда бірнеше сұрақ туындайды. Олар: Жоспарлау дегеніміз не? Жоспарлау
сабақ үдерісінің белгілі бір уақыт кезеңіне қатысты оқу әрекеті ме? Әдебиет
сабағын жоспарлаудың ӛзге пәндерге қарағанда қандай да бір ӛзіндік
ерекшелігі бар ма?
Әдетте жоспарлау деген ұғым мақсат-мүдде ұғымдарымен туыстас
деген ой туындататыны анық. Мақсат алдағы іс-әрекеттерге меңзейді. Себебі
екеуі де алдағы уақыт кеңістігіне тәуелді. Олай болса, сабақты жоспарлаудың
ӛзіндік ерекшеліктері неде? Жоспарлау үшін қандай оқу әрекеттерін
үйлестіру қажет деген сұрақ туындайды. Мақсат пен мүдде қол жеткізетін
түпкілікті нәтиже ұғымына қатысты кӛрінсе, жоспарлау сол мақсат
жолындағы іс-әрекеттерге саяды.
Ал сабақты жоспарлауда оқу-әрекеттерін ойластыру және қажетке сай
үйлестіру, әдістемелік шеберлік қажеттігі байқалады.
Сабақты жоспарлауға түсіндірме сӛздіктің беретін анықтамасы
мынадай: «Сабақты жоспарлау – нақты оқу уақыты барысында оқытушы мен
оқушы әрекеттесулерін құрастыру. Негізі оқытушының оқу-тәрбие іс-
әрекетінің және оқушылардың оқу материалының мазмұнын меңгеруі, дамуы
және тәрбиеленуі бойынша оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің
мақсаттары, міндеттері, ұстанымдары, әдістері және мазмұны болып
табылады. Сабақ жоспары конспект түрінде жүзеге асады. Сабақ
конспектісінің құрамына тақырыптың аты, сабақтың міндеттері, кезеңдері,
құрал-жабдықтар, әрбір кезеңдегі оқушыларға арналған тапсырмалар,
тапсырмаларды орындау алгоритмдері, мұғалім сӛзінің үзінділері немесе
жаңа материалдың толық мәтіні енеді» делінген
1
. Жоспар-конспектіге
енетіндер ретінде тақырыпты, сабақтың міндеттерін, сабақ кезеңдерін,
оқушыларға арналған тапсырмаларды нұсқайды.
Бұл айтылғандардан сабақтың жоспарлы жүйесі оқу әрекетін, оқу
материалын және оқу мазмұнын қамтитынын аңғарамыз. Ал жоспарлау
1
Қазақ тілінің түсіндірме сӛздігі. Астана, 2011 ж.
47
ұғымы мұнан да кеңірек. Жоспарлаудың ӛзін кең ұғымда, яғни жалпы білім
беретін мектептерде әдебиет пәнін оқытуды жоспарлау ұғымында және
белгілі тақырып кӛлемінде оқыту мақсатында қарастыруға болады. Бұл екі
ұғым да бір-бірімен іліктес. Жалпы білім беретін оқу пәндерінің қайсысын
болсын жоспарлау ең әуелі Қазақстан Республикасының білім беру рефор-
масы аясында жүзеге асырылады. Мемлекеттік жоспарлау білім тұжырым-
дамасына, оның негізінде жасалатын «Қазақстан Республикасы жалпы орта
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сәйкес жүзеге
асырылады. Жалпыға міндетті білім стандарты негізінде әрбір оқу пәніне
бағдарлама түзіледі. Қазақ әдебиеті пәніне арналған бағдарлама әдебиеттің
ӛзіндік ерекшеліктеріне, тақырыптардың мазмұнына сәйкес құрылады.
Сабақ жоспарының түрлері. В.В.Голубков «Методика преподавания
литературы» еңбегінде әдебиет сабағы жоспарының тӛрт формасын атап
ӛтеді.
1
Олар:
1. Жылдық жоспар;
2. Тоқсандық жоспар;
3. Тақырыптық жоспар;
4. Күнтізбелік жоспар.
Бұл жоспарлардың бәрі дерлік оқушылармен оқу-танымдық жұмыс-
тарды ұйымдастыруды бағдарлау үшін жасалады.
Бүгінде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан үрдіс бойынша айтар
болсақ, күнтізбелік жоспарда жылдық жоспарды тоқсанға жіктей отырып,
жеке тақарыптармен белгілейді. Әр тақырыптың қанша сағат кӛлемінде
ӛткізілетінін жоспарлайды.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнін оқытудың формалары мен әдістерін таң-
дауда оқушылардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері, ӛзіндік
ерекшеліктері, қызығушылықтары, дүниетанымына сәйкестік мәселесі
ескеріледі. Сол себепті пәнді оқытуда баланың танымдық ой-ӛрісін, эстети-
калық талғамын, шығармашылық ойлауын дамытуға, қатысымдық іскерлік-
терінің шыңдалуына оң ықпал ететін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері болуы
шарт. Танымдық, креативтік іскерліктерді дамытуға мүмкіндік беретін шы-
ғармашылық тапсырмалар таңдап алынады.
Ал белгілі бір тақырып кӛлемінде сабақ жүйесін жоспарлағанда
материалдың логикалық бірізділігі, сол тақырыптың аталған пәндегі орны,
тақырып ауқымында қамтылатын ақпараттың кӛлемінің оқушы танымы мен
сол жастағы оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі, жаңа идеялар мен
теориялық негізі, интеграциялық байланыс мүмкіндіктері, күтілетін нәтиже
мен түпкілікті мақсат қарастырылады. Сонымен қатар жаңа тақырып пен
ӛткен тақырыптарды байланыстыру арқылы берілетін мазмұнды тереңдету
мүмкіндіктері, теория мен практиканы ұштастыру жолдары қарастырылады.
Түптеп келгенде әдебиет сабағын жоспарлау – мұғалімнің мақсат-мүддені
жүзеге асыруға бағытталған, ӛлшеп-пішілген «қиыннан қиыстырылған»
шығармашылық үдерісі болып есептеледі.
1
В.В.Голубков. Методика преподавания литературы. М., Просвещения.1962, - 484 с.
48
Сабақты жоспарлау әдетте мұғалім тарапынан жүзеге асырылады.
Солай болғанмен оқытудың жаңа бағыттары жоспарлаудың екі тарапты
болуын қамтамасыз ету қажеттігін орынды ескертеді. Себебі оқушының оқу
үдерісіне белсенді және саналы қарым-қатынас жасауы болашақ табыста-
рының да кепілі болып саналады. Әрі сабақ ұжымдық үдеріс болуы себепті
қатысушылардың ортақ мүддеге бағытталған іс-әрекеттері мен оқу
әрекеттерін қамтиды.
Күнтізбелік жоспарды түзудің басты ұстанымдары. Әр пәннің
тақырыптық сабақ жоспары бір оқу жылына арналған күнтізбелік жоспар
негізінде жасалатыны белгілі. Күнтізбелік жоспар тікелей пәннің оқу
бағдарламасы негізінде жасалады десек те, күнтізбелік жоспарды түзуде
мұғалімнің әдістемелік ізденістері мен тақырып аясында қарастырылатын
ӛзіндік пайымдауларына жол беруге мүмкіндігі бар. Айталық оқу бағдар-
ламасындағы автордың тақырыптас шығармаларын жұптай ӛткізуді
жоспарлау, оны күнтізбелік жоспарда ӛтілу ретіне қарай ұсыну. Мәселен, 5
сынып бағдарламасы бойынша (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген оқу қазақ
тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептердің 5-9 сыныптарына
арналған «Қазақ әдебиеті» оқу бағдарламасы) Мағжан Жұмабаевтың
«Балалық шақ», «Қысқы жолда», «Сағындым» ӛлеңдеріне 2 сағат белгілен-
ген. Үш тақырыпты екі сағатқа жоспарлау үшін, қалай болғанда да, бір сағат-
қа екі тақырыпты жұптап ӛткізуге тура келеді. Сондай-ақ 6 сыныпта Абайдың
«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ», «Құлақтан кіріп бойды алар»,
«Әсемпаз болма әрнеге», «Отыз бірінші қара сӛз» шығармаларына 3 сағат
белгіленген. Бағдарламадағы ақынның тӛрт тақырыптағы шығармасына 3
сағат белгіленуі бағдарламалық ұтқырлық деуге сая қоймайды. Осындай
сағат санының тақырып санынан кемдігі тӛмендегі мысалдардан да кӛрінеді.
6 сыныпта Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім?» , «Қазақ тілі» ӛлеңдері-
не 1 сағат; Ілияс Жансүгіровтің «Анам тілі», «Домбыра», «Күйге» ӛлеңдеріне
1 сағат; Мұқағали Мақатаевтың «Қайырлы түн», «Қара ӛлең», «Елім барда»,
«Анау-аспан, мынау-бақ» ӛлеңдеріне 2 сағат; Жамбыл Жабаевтың
«Аттандыру», «Алғадай туралы әрбір ой», «Атаның әлдиі» ӛлеңдеріне 2
сағат; Сәкен Сейфуллиннің «Тұлпарым», «Қамаудан», «Сыр сандық»
ӛлендеріне 2 сағат; Ілияс Жансүгіровтің «Әнші», «Ағынды менің Ақсуым»,
«Бӛбек бӛлеу» ӛлеңдеріне 2 сағат; 8 сыныптағы Махамбет Ӛтемісұлының
«Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн», «Мен құстан туған құмаймын»,
«Жалғыздық» ӛлеңдеріне 2 сағат; Абай Құнанбаевтың «Адамның кейбір
кездері», «Ӛлең – сӛздің патшасы, сӛз сарасы», «Әбдірахман ӛлгенде»,
«Әбдірахман ӛліміне», «Он жетінші қара сӛзі» сияқты 5 тақырыпқа 4 сағат;
Жамбыл Жабаевтың «Жаныс ақынға», «Патша әмірі тарылды», «Сұраншы
батыр» дастанынан үзіндіге 2 сағат белгіленген. Мұндай мысалдарды ӛзге
сыныптарға қатысты да айтуға болады.
Дегенмен мұндайда мұғалім ӛз тәжірибесіне, жеке пайымына сүйену
қажеттігі кӛрінеді әрі шығармашылық ізденіс керектігі айқындалады.
Абайдың табиғат лирикаларын жұптай оқыту, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың
49
«Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен қазақ» сияқты лирикалық қаһар-
маның ішкі әлемін танытатын шығармаларды біріктіре оқыту немесе тақы-
рып жағынан бірін бірі толықтыратын Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адам-
дық борышың», «Жолама қулар маңайға», Абай Құнанбаевтың Әбдірахман
ӛлгенде», «Әбдірахман ӛліміне» сияқты шығармаларды біріктіре оқыту
қажет. Бағдарлама бойынша кейбір дербес сағат бӛлінген тақырыптарды да
жұптау, шоғырландырып оқыту мазмұны мен құрылым жүйесі, тілі жағынан
күрделі кӛлемі жағынан ауқымды танылған ӛзге шығармаларға кӛбірек
уақыт ығыстыруға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ, күнтізбелік жоспарды
түзудің басты ұстанымдары ретінде бағдарламаға енген оқу материалының
мазмұнымен толық танысу, шығармалардың идеялық, танымдық, тақырып-
тық қырларын алдын-ала зерделеуді ерекше атауға болады. Себебі кӛбіне
сәтсіз күнтізбелік жоспарлардағы кемшіліктер оқу материалын алдын-ала
електен ӛткізбеу салдарынан туындайтыны жасырын емес.
Бағдарламада бірнеше сыныпта оқытылатын классик қаламгерлердің
шығармашылығының сыныптар бойынша жіктелісін толық білу де күнтіз-
белік жоспарды түзу тиімділігіне ықпал етеді.
Оқу пәнінің апталық жіктелісін анықтау;
Бағдарлама бойынша жазба жұмыстарына бӛлінген сағат мӛлшерін
анықтау;
Оқу материалдарын апталық жүктемеге жіктеуде ӛткен сыныптар-
дағы оқу материалымен бірізділікті сақтау;
Тақырыптарды белгілеуде жүйелілік ұстанымын сақтау;
Бағдарламада кӛрсетілген оқушы біліміне қойылатын талаптар қажет-
тілігін ӛтеуді жоспарлау үдерісінде үнемі оқу-жұмыс бағдарында ұстау;
Белгілі бір автордың тақырыптас шығармаларын жұптай оқыту есебі-
нен күрделі тақырыптарға сағат белгілеу мүмкіндіктерін қарастыру;
Бірнеше сағат кӛлемінде оқытылатын күрделі оқу материалдарын
сабақ типтеріне қарай жүйелеп кӛрсету. Мәселен, кіріспе сабақ типіне, жаңа
білім қалыптастыратын сабақ типіне, қайталау-пысықтау сабақтарына, қоры-
тынды сабаққа лайықты тақырыптар ұсыну;
Әр тақырып бойынша қамтылатын әдеби-теориялық мағлұматты
ұсынуда жүйелілік пен бірізділікті сақтау, ӛзге тақырыптар бойынша да
үнемі қайталап бекіту мақсатын кӛздеу;
Сыныптан тыс оқытуға қатысты оқу-танымдық жұмыстарды ұйым-
дастыруға сағат бӛлу;
Әр тоқсанда оқушылардың жазба тілін дамытуға арналған жұмыс-
тарды жоспарлау әрі жүйелеу;
Оқушылармен жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарын жоспарлау т.б.
Күнтізбелік жоспарды түзуде оқу бағдарламасындағы аннотацияны
бағдарда ұстаған орынды. Яғни ұсынылған тақырыптар бойынша қандай
мәселеге басты назар аударылатыны бағдарламада айқын кӛрсетілген.
Әр тақырыпты ӛтер алдындағы дайындық жұмысы белгілі бір оқу-
танымдық үдерісті жобалау болып есептеледі. Сабақ үдерісінің ӛзі үлкен
50
жобалау жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылады. Олай дейтініміз жоба
жұмысындағыдай оқу-танымдық ізденіс жасалады. Атап айтқанда:
Сабақтың мақсат-міндеттері айқындалады;
Әр сабақ кезеңіндегі оқу-жұмыс қадамы уақыт мӛлшеріне бағдарла-
нады;
Сабақ тақырыбының мақсаты айқындалады;
Баяндайтын материалды сұрыптап, тиісті қорытындылар жасалады;
Тақырып мазмұнына қатысты ерекше назар аудартылатын басты оқу
метериалы белгіленеді;
Оқу-танымдық үдеріске тиімді әдіс-тәсілдер сұрыпталады;
Сабақтың толық конспектісі әзірленеді;
Сабақтың жүйесі ойластырылады;
Дидактикалық материалдар дайындалады;
Сабаққа қолданатын тиісті кӛрнекіліктер әзірленеді, т.б.
Осы жобалау әрекеттерінің барысында сабақ жоспары түзіледі.
Сабақ жіктемесі жӛнінде озат мұғалімдер мен педагог ғалымдардың
пікірлері әртүрлі. Педагогикалық және әдістемелік еңбектерде сабақты
әртүрлі жүйеленіп жүр. Солардың кӛбі кеңес мектебінен бері қалыптасқан
М.А.Данилов,
Б.П.Есипов,
Е.Я.Голант,
С.В.Иванов,
И.Н.Казанцев,
Р.Г.Лемберг,
Д.О.Лордкипанидзе,
Э.И.Моносзон,
И.Т.Огородников,
М.Н.Скаткин,
В.П.Стрезикозин,
Г.И.Щукина,
В.В.Голубков,
Ю.А.Конаржевскийлердің жүйесіне сүйенеді.
Аты аталған ғалымдардың да сабақ құрылымы туралы пікірлері алуан
түрлі. Мәселен, И.Н.Казанцев сабақты материалдың мазмұны мен дидакти-
калық мақсатына, әдістемелік бағытына қарай жүйелесе,
1
М.А Данилов,
Б.П.Есиповтар сабақтың негізін дидактикалық мақсатына қарай құрайды
2
.
Ал, С.В. Иванов оқыту үдерісінің ерекшеліктеріне қарай ойластырады
3
.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Кӛшербаев ӛзінің
«Оқыту теориясы» деп аталған кӛп жылғы зерттеу еңбегінде кӛп елдердің
мектептерінде қалыптасқан оқу-ісі тәжірибелерін саралайды. Сонымен қатар
ғалымдардың сабақты әр түрлі жіктейтінін кӛрсетеді
4
.
1 Казанцев, Иван Николаевич. Урок в советской школе: научное издание / И. Н. Казанцев ;
ред. Г. Ф. Морозова. - 2-е изд., испр. и доп. - М. : Гос. уч.-пед. изд-во М.,Просвещения РСФСР,
1956. - 351 с.
2 Данилов М. А., Есипов Б. П.: Дидактика -Издательство Академии педагогических наук
РСФСР, 1957.
3 Иванов, С. И. Типы и структура уроков: методический материал / С. И. Иванов. - М. :
Учпедгиз, 1952. - 152 с. - Библиогр.: с. 149-152.
4
Кӛшербаев Н. Оқыту теориясы /мектеп мұғалімдеріне арналған кӛмекші құрал/ А., Мектеп,
197662 б.
51
И.Н.Казанцев сабақты онға жіктейді
1
:
1.Алғашқы сабақ – әр пәннен оқу жылының басында ӛтетін сабақтар;
2.Кіріспе сабақ – бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыпта-
рынан ӛтетін бірінші сабақ;
3.Жаңа білімді меңгеру сабағы – жаңа материалды ӛтетін сабақ;
4.Пысықтау сабағы – ӛткен материалды пысықтау сабақтары;
5.Жаттығу сабағы – оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру
сабақтары;
6.Практикалық сабақ – оқушылардың алған білімін ӛмірде қолдану
жолдары кӛрсетілетін сабақ;
7.Қайталау-қорыту сабағы – ӛткен күрделі тараулар мен тақырыптарды
қайталау, қорыту сабақтары;
8.Тексеру сабағы – оқушылардың білімін тексеретін сабақтар;
9.Білім саласын бағалау сабағы – оқушылардың алғашқы білімін
бағалау сабақтары;
10.Қорытынды сабақ – оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық
курсын қорыту сабағы.
С.В.Ивановтың сабақ жіктемесі
2
:
1.Кіріспе сабақтар;
2.Материалмен алғашқы рет танысу сабақтары;
3.Жаңа білімді меңгеру сабағы;
4.Меңгерген білімді практикада қолдану сабағы;
5.Дағдылану сабағы;
6.Қайталау, пысықтау және қорыту сабақтары;
7.Бақылау сабақтары.
Б.П.Есипов пен М.А.Даниловтың сабақ жіктемесі
3
:
1.Аралас сабақтар;
2.Материалмен таныстыру сабағы;
3.Пысықтау сабағы;
4.Қайталап жинақтау, қорыту сабағы;
5.Оқушылардың білім мен дағдысын жаттықтыру сабағы;
6.Білім сынау сабағы.
В.В.Голубков пәннің ішкі ерекшелігіне қарай сабақ түрлерін былайша
саралайды:
2.Кіріспе сабақ;
3.Жаңа оқу материалынан білім беру сабағы;
4.Бағдарлы әңгіме сабақтары;
5.Кӛркем шығарманы талдау сабақтары;
1
Казанцев И.Н. Урок в советской школе: научное издание / И. Н. Казанцев ; ред.
Г.Ф.Морозова. - 2-е изд., испр. и доп. - М. : Гос. уч.-пед. изд-во М.,Просвещения РСФСР, 1956.
- 351 с.
2
Иванов, С. И. Типы и структура уроков: методический материал / С. И. Иванов. - М. :
Учпедгиз, 1952. - 152 с. - Библиогр.: - 145 с.
3
Данилов М. А., Есипов Б. П.: Дидактика -Издательство Академии педагогических наук
РСФСР, 1957.
52
6.Қосымша материалдарды оқып үйрену;
7.Қорытынды сабақтар.
Мәселен педагог-ғалым Н.И.Кудряшев сабақтарды танымдық мақсат-
тарына қарай саралайды:
1.Кӛркем шығарманы оқып-үйрену сабақтары:
а) әдеби шығарманы оқып-үйрену сабақтары
ә) мәтінмен тереңдете жұмыс жүргізу
б) кӛркем шығарманы оқып-үйренуді қорытындылау
2. Әдебиет теориясы мен тарихын оқып үйрену сабақтары
а) ғылыми, әдеби-сын зерттеулерді оқып үйрену
ә) жазушы шығармашылығын оқу сабақтары
б) әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру сабақтары
в) қорыту, қайталау сабақтары
3. Тіл дамыту сабақтары:
а) шығармашылық жұмысқа үйрету сабақтары
ә) ауызша жауап беру сабақтары
б) шығарма жазуға үйрету
в) шығарма талдау сабақтары
Яғни, болашақтың маңызды мақсаты — оқытушыда деп білуге болады.
Ӛйткені, ӛмір мен әдебиеттің жымдаса байланысқан сабақтастығының ӛзі
осы мақсатты айқындай түспек. Әрбір әдебиетші ұстаз — шебер әдіскер,
тамаша суреткер, талантты қайраткер, қажырлы еңбекқор, әрі талапты да
дарынды болуы зор табыс. Ол үшін оқытушы сабақ берудегі әдістерді де
амалдарды да, тәсілдерді де жете меңгеруі тиіс.
Қай пәннен болсын сабақ жоспарының құрылымы сабақ типтері мен
формаларына да қатысты жасалады. Бүгінде кеңес мектебінде қалыптасып,
қазақ мектептерінде дәстүрге айналған сабақтардың жіктемелері, жалпы
типтері мынадай:
1.Кіріспе сабақ;
2.Жаңа білім беретін сабақ (ӛткен материалмен байланыстылығына
қарай кӛбіне аралас сабақ деп те атайды)
3.Пысықтау, қайталау сабағы;
4.Қорытынды сабақтар;
5.Білім сынау сабақтары.
Ал сабақ формаларын: жаңа білім беретін сабақ, ӛз бетінше оқылатын
сабақ, зертханалық, сарамандық, практикалық сабақтар деп топтасырып жүр.
Әдебиет пәнінің оқу бағдарламалары бойынша жүйелейтін болсақ,
кіріспе сабақтың типіне кӛлемді тарауларға кіріспе ретінде ұсынылатын
тақырыптарды лайықтауға болады. Мұндай кіріспе сабақ типіне жататын
тақырыптар: 5 сынып бойынша әдебиет пәні туралы бастапқы ұғым қалып-
тастырылатын «Әдебиеттің ӛнердің бір саласы және оқу пәні ретінде сипаты»
деп аталған кіріспеден басталып, «Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік», 5
сыныптағы «Ертегілер» (ертегілерді оқытуға ұсынылған 15 сағаттың алғашқы
сабағы) тақырыбын жатқызуға болады. Осындай кіріспе сабақ типіне жата-
тын тақырыптарды 6, 7 сыныптардан да атауға болады. Мәселен, «Кӛркем
53
әдебиеттің адам ӛміріне алатын орны» туралы, «Халық ауыз әдебиеті»,
«Батырлар жыры туралы түсінік» қалыптастырылатын кіріспе тақырыпты,
белгілі бір пәнге не бӛлімдерге кіріспе тақырыптарды жатқызуға болады.
Осы тектес кіріспе тақырыптар ӛзге сыныптарда да кӛрсетілген. Жоғары сы-
ныптарда оқылатын белгілі бір дәуірлерге, әдеби үдеріске шолу тақырып-
тарын да кіріспе сабақ типіне жатқызуға болады.
Әдебиет пәнінің оқу бағдарламасы бойынша жаңа білім беретін сабақ
типтеріне дербес тақырыптардың барлығын жатқызамыз. Негізінде сы-
ныптық сабақтың барлығында (білім сынау сабақтарынан ӛзге) белгілі бір
дәрежеде жаңа білім қалыптастырылады. Кіріспе сабақта да негізінен жаңа
ұғым-түсінік молынан беріледі. Оқу типтерінің бұлай аталуына шартты түрде
қараған орынды.
Әдебиет пәнінің оқу бағдарламасы бойынша 5-9 сыныптарда тұрмыс-
салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, ертегі, аңыздар,
діни-мифтік әңгімелер, әдеби дастандар, батырлар жыры, лиро-эпостық
жырлар шешендік сӛздер, қазақ әдебиетінің әр дәуіріне жататын әдеби
тұлғалардың, қаламгерлердің таңдаулы шығармалары енгізілген. Негізінен
оқушылардың дүниетанымы мен әдеби танымын, сӛз ӛнеріне деген талғамын
қалыптастыра отырып тұлғаны дамыту мақсатында ӛлең, жырлар, шағын
әңгімелер ұсынылған. Бағдарламадағы әдеби мәтіндерді оқытуға белгіленген
сағат мӛлшері де әр алуан. Кей тақырыптар бір сағат кӛлемінде оқытылса,
кейбір тақырыптар екі не үш, тӛрт сағатқа белгіленеді. Соған қарай сабақ-
тың типі де анықталады. Мәселен, қайталау, пысықтау сабақтарын екі не
үш сағатқа жоспарланған тақырыптарға қарай анықтауға болады. Белгілі бір
тақырыптарда соңғы сағаттарында қайталау, пысықтау материалдарына
кӛбірек орын беріледі. Осыған қарай бірнеше сағат бойы оқытылатын шы-
ғармалардың, не автор шығармашылығының соңғы сағаттарына жоспар түз-
генде сабақты қайталау, пысықтау типіне лайықтаған орынды.
Ал қорытынды сабақ типі негізінен үлкен тарауларды не бірнеше
сағат кӛлемінде оқытылған кӛлемді шығармаларды қорытуға байланысты
жоспарланады.
Әдебиет пәні бойынша сыныптық сабақта жазылатын мазмұндама, шы-
ғарма, тест, бақылау жұмыстарын т.б. білім сынау мақсатын кӛздейтін сабақ-
тарға жасалатын жоспар түрлерін білім сынау сабақ типіне сәйкес құру
қажет.
Сабақтың әр типінде сабақ кезеңдері әртүрлі құрылымда қатысады.
Сабақ кезеңдерін топтастыруда да педагог ғалымдардың пікірлері әралуан.
Дегенмен, кеңес мектебінен бері дәстүрге айналып біршама тұрақтанған
сабақтың сегіз кезеңін атауға болады.
Ю.А.Конаржевский «Педагогический анализ учебно-воспитательного
процесса и управление школ» атты еңбегінде сабақтың 8 кезеңін саралап
кӛрсетеді
1
. Олар:
1
Конаржевский Ю.А. Педагогический анализ учебно-воспитательного процесса и управление
школой. М., Педагогика. 1986. с. 105-108
54
1.Ұйымдастыру кезеңі;
2.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі;
3.Білімді жан-жақты тексеру кезеңі;
4.Жаңа оқу материалын белсенді әрі саналы түрде қабылдауға даярлық
кезеңі;
5.Жаңа білімді меңгеру кезеңі;
6.Оқушылардың жаңа білімді түсінуін тексеру кезеңі;
7.Жаңа білімді бекіту кезеңі;
8. Оқушыларға үй тапсырмасы жӛнінде ақпарат пен орындауға нұсқау-
лық беру кезеңі.
Сабақтың әртүрлі типіне қарай сабақ кезеңдері әр құрамда болады.
Мәселен, кіріспе сабақ типінде «үй тапсырмасын сұрау», «білімді жан-жақты
тексеру» кезеңдері қатыспауы заңды. Сол сияқты қайталау, пысықтау немесе
қорытынды сабақ типтерінде «жаңа оқу материалын белсенді әрі саналы
түрде қабылдауға даярлық кезеңі», «жаңа білімді меңгеру» кезеңдері бол-
мауы тиіс. Ал ұйымдастыру кезеңі сабақтың барлық типіне қатысты әрі са-
бақтың кӛп кезеңінде ең басты материалды меңгеретін тұстарда оқушы зейі-
нін немесе оқу әрекетін ұйымдастыруға қатысты белсенді жүргізілуі әбден
түсінікті.
Оқу үдерісінде сабақ кезеңдерінің қайсысы белсенді жүргізілуі
мұғалімнің оқу-танымдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатына да қатысты
екендігі белгілі. Солай бола тұра, шартты түрде сабақтың қай кезеңдерінің
сабақ типіне қарай қалай қатысатынын тӛмендегі кестеден кӛруге болады.
3- кесте
Сабақ
типі
Саб.
кезеңі
кір
іпе
с
аба
қ
ж
аңа
біл
ім
бе
ре
ті
н
са
ба
қ
пы
сы
қтау
,
қа
йтал
ау
с
аба
ғы
қо
ры
тын
ды
са
ба
қт
ар
біл
ім
с
ы
на
у
са
ба
қт
ар
ы
.
Ұйымдастыру кезеңі
+
+
+
+
+
Үй
тапсырмасын
сұрау
кезеңі
+
+
+
Білімді жан-жақты тексеру
кезеңі
+
+
+
Оқу материалын қабылдауға
даярлық кезеңі
+
+
+
+
Жаңа білімді меңгеру кезеңі
+
+
Оқушының түсінуін тексеру
кезеңі
+
+
+
+
+
Білімді бекіту кезеңі
+
+
+
+
+
Үй тапсырмасын беру кезеңі +
+
+
+
+
Сабақ жоспарын түзуде сабақ құрылымы мен жүйесін, дидактикалық
мақсатын жете зерделеу керектігі, сабақ жүйесі бір біріне сабақтасып жатқан
үлкен құрылым екендігі жоғарыда келтірілген жіктемелерден анық байқа-
55
лады. Әдетте сабақ жоспарының тақырыптан бастап жазылатындары жиі
ұшырасады. Ал жоғарыда айтылған жүйемен бірізділікті сақтау үшін сабақ
жоспарына ең алдымен сабақ типін анық кӛрсеткен орынды. Олай дейтініміз,
сабақ кезеңдері сабақ типіне қарай анықталады, ал сабақ түрін жазу
жоспардың құрылымын айқындауға кӛмектеседі. Сабақтың дәстүрлі түріне
жасалған үлгісін ұсынайық:
Достарыңызбен бөлісу: |