А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата24.03.2020
өлшемі2,39 Mb.
#60674
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva


 
Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары: 
 
1.Жалпы  білім  беретін  мектептердің  орта  буынында  оқылатын  эпикалық 
шығармаларды жанры жағынан топтастырыңыз. 
2. 5-8  сыныптарда  оқылатын  прозалық  шығармаларды  тақырыптық  жағынан 
жүйелеңіз. 
3.Прозалық шығармаларды оқытудың ӛзіндік ерешелігі қандай? 
4.Прозалық  шығармаларды  оқыту  әдіс-тәсілдерін  қарастырған  әдіскер-
ғалымдардың еңбектерінен методологиялық карта түзіңіз. 
5.Орта  буын  сыныптарда  оқылатын  бір  шығармаға  талдау  жұмысын 
жүргізіңіз. 
6.Прозалық  шығармаларда  талданатын  құрамды  элементтерді  саралап 
жазыңыз. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1985. 
1.Богданова 
О.Ю.  Особенности  изучения  эпических  произведений.                        
В пособии: Методика преподавания литературы в средних специальных учеб-
ных заведениях / Под ред. А. Д. Жижиной. – М., 1987.  
2.Голубков В. В. Методика преподавания литературы. – М., 1962.  
 
Қосымша: 
1.Тасболатов Қ. М.О.Әуезовтің творчествосын орта мектепте оқыту.  пед.ғыл. 
канд.ғыл. дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация.– А., 1972 -300 б. 
2.Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. (Мұғалімдерге 
арналған кӛмекші құрал) А., Рауан, 1990. –200 б. 
3.Қалиев С. Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары.- А.  1974. 
4.Сманов Б. С.Мұқановтың «Ботагӛз» романын оқыту  /оқу-әдістемелік  
құрал/ - А., Білім, 2000. – 87 б.  
5.С.Қирабаев.  Мектеп және қазақ әдебиеті     (Мұғалімдерге арналған  
кӛмекші құрал. –А.,  Мектеп, 1979. –90 б. 
6. «Қазақ әдебиеті» оқулығына әдістемелік нұсқау 10-сыныпқа арналған / 
Қирабаев С., Мырзағалиев Қ. - Толық. 2-ші басылуы.–А., Рауан, 1998. - 224 б. 
7.Елікбаев  Қ.  Ж.Аймауытов  шығармашылығын  оқыту  жолдары  А.,  Респуб-
ликалық баспа кабинеті, 1997.-96 б. 

203 
 
ІІІ.4. ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ 
 
1.Драмалық шығармалардың ӛзіндік ерекшелігі. 
2.Драмалық шығармаларды оқытуға даярлық. 
3.8-сыныпта Д.Исабековтің «Әпке» драмасын оқыту жолдары. 
Драмалық  шығармалардың  өзіндік  ерекшелігі.  Орта  білім  бететін 
мектептерде  эпикалық,  лирикалық  шығармалармен  қатар  драмалық  шығар-
малар  да  оқытылады.    Драмалық  шығармалар  басқа  жанрдағы  шығармалар 
сияқты  әдебиет  заңдылықтарына  бағынады.  Сондықтан  драмалық  шығарма-
ларды оқыту  принциптері эпикалық, лирикалық шығармаларды оқыту әдіс-
тәсілдерімен сабақтас келеді.  Дегенмен драмалық шығармаларды оқытудың 
ӛзіндік ерекшеліктері де болады.  
Драма  —  әдебиеттің  үлкен  бір  жанры.  Ол  ӛзінің  қоғамдағы  орны  мен  
жазылу  формасы  арқылы  эпостық    және  лирикалық  шығармалардан 
дараланады. Драма бір жағынан әдебиет туындысы болса,  екінші жағынан ол 
театр ӛнеріне негіз болады.  Мектепте драмалық шығарманы оқытқанда оның  
осы екі жақтылығын ескеру керек.  
Драма  мазмұнына  қарай  үш  түрге  бӛлінеді:  комедия,  драма,  трагедия. 
Драмалық  шығармаларда    автор  ӛмір  болмыстарын  кӛркем  типтік  жағдай-
ларда  тартыс үстінде кӛрсетіп, белгілі бір идеяны ұсынады. Драманың басты 
нысаны    —  адам,  оның  қоғамдағы  орны,  іс-әрекеті,  жеке  басының  қасиеті, 
ізгілікке  ұмтылуы,  күресі.  Театр  ӛнерінің  дамуына  байланысты  драмалық 
шығармалардың түрлері дами түсуде (оперетта, водовиль, либретто т.б.). 
Драма  мәтіні  тек  кейіпкерлердің  сӛзінен  тұрады.  Диолог,  монолог 
түрінде  жазылады.    Драма  шығармасы  сахнаға  ойналғанда  «пьеса»  немесе 
«спектакль»  деп  аталады.    Пьеса  ӛз  ретінде  афишадан,  акті,  сурет,  кӛрініс-
терден  тұрады,  уақытпен  шектеледі.    Мұнда  авторлық  баяндаулар,  сурет-
теулер  болмайды.    Кейде  автор  ӛз  тарапынан  оқиғаға,  не  декорацияға,  не 
кейіпкерлерге  қатысты  сілтеме  түсінік  келтіреді.  Бұл  сілтемелер  «ремарка»  
делінеді және жақшаға алып жазылады.  
Қазақ  әдебиетінде  драма  кейіндеп  дамыған  саланың  бірі.    Сондықтан 
қазақ әдебиетін оқытуда драманы оқыту әдістемесі  дамымай келеді.  Бұған 
тағы бір себеп мектеп қабырғасында оқытылатын драмалық шығармалардың  
аздығы және оны оқытудағы теориялық тіректің жоқтығына да байланысты.  
Орта  буын  сыныптарда  драмалық  шығармалардан  Д.Исабековтің  «Әпке» 
драмасы оқытылады.  Жалпы білім беретін мектептердің орта буынында  тек 
бір ғана шығарма оқытылып келеді. Оның ӛзі 8-сыныпта.  
Шолу  жасай  келе  анықталғаны  –  8-сыныптағы  драмалық  шығарма 
алмастырылып отырған. 1997 жылы жасалған 5-9 сыныптарға арналған қазақ 
әдебиеті  бағдарламасының  жобасында,  кейінірек  1999  жылы  жоба  негізінде 
жасалған  бағдарламасы  бойынша    Ш.Мұртазаның  «Бесеудің  хаты»  драмасы 
оқытылып  келген.  2010  жылғы  бағдарламада  бұл  шығарма  Д.Исабековтың 
«Әпке»  драмасымен  алмастырылған.  Екі  шығарманың  да  танымдық-тәрбие-
лік  жағынан  оқушыға  берері  кӛп.  Дегенмен,  бір  мәтін  кӛлемінде  драмалық 
шығарма табиғатын еркін таныту мүмкіндігі аз.  

204 
 
Әдебиеттің  тарихи  курсын  оқитын  жоғары  сыныптарда  қаламгер 
шығармашылығы аясында драмалық шығармалар да қамтылады. Мәселен, 11 
сыныпта    Ғ.Мүсірепов  шығармашылығын  оқығанда  «Қозы  Кӛрпеш  —  Баян 
сұлу» трагедиясымен,  М.Әуезов шығармашылығын монографиялы оқығанда 
«Еңлік  —  Кебек»  пьесасымен,  Б.Майлин  шығармашылығынан  «Майдан» 
пьесасымен  танысады.  Жоғары  сыныптағы  әдебиет  пәні  шолу  бағытында 
болуы себепті  аталған шығармаларды жеке талдауға мүмкіндік жасалмаған. 
Мәселен,  Б.Майлинге    «Азат  әйел»,  «Кӛңіл  айту»  ӛлеңдері,  «Майдан» 
пьесасын  оқыту  деп  бар  болғаны  2  сағат  бӛлінген.  Екі  сағат  кӛлемінде 
драмалық  шығарма  ӛлеңдерімен  қосарланып  берілген  соң,  тек  шолып  қана 
айтуға  мүмкіндік  болады  деген  сӛз.  Ж.Аймауытовтың  «Шернияз»  пьесасын 
да  «Ақбілек»  романымен  қосарлап  бар  болғаны  3  сағат  берген.  11  сыныпта 
«1960  жылдардан    осы  кезге  дейінгі  әдебиетке  жалпы  шолу  (2  сағат)»
1
  деп 
кӛрсетілген  тақырып  бойынша  да  драмаға  шолу  жасау  керектігін  нұсқаған. 
Бағдарлама бойынша драмадағы тартыс, мінез-құлық, монолог пен диологтар 
туралы мәлімет беру керектігі кӛрсетілген.  
Қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесі  мәселелері  бойынша  жазылған 
ғылыми  еңбектер  мен  зерттеулерде  драмалық  шығармаларды  оқыту  жайлы 
кӛп  айтыла  бермейді.  Аталған  шығармалардың  сахнаға  арналып  жазылатын 
ерекшелігі  оны  мектепте  оқып  талдауда  белгілі  бір  қиындықтар  туғызуы 
мүмкін. Бірақ қалай дегенде де, бұл туындылар мектепте оқыту мақсаты үшін 
оны  талдау,  игерту  жолдары  мен  әдістері  де  тиімділік  жағынан  әдістемелік 
тұрғыдан қарастырылуы керек.  
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымында драмалық шығармаларды 
оқыту  жолдарын  қарастырған  әдіскер-мұғалімдер  мен  әдіскер  ғалымдар 
санаулы. Драмалық шығармаларды оқыту жолдарын қарастырып, әдістемелік  
кӛмекші  құрал  жазған  —  Сайлау  Дүкенбаев.  С.Х.Дүкенбаевтың  «Мектепте 
драмалық  шығармаларды  оқыту»  атты  оқу  әдістемелік  кӛмекші  құралы 
жарияланған.
2
  
«Драмалық  шығармаларды  оқыту»  тақырыбында  кандидаттық 
диссертация    жазылды
3
  (Рыскүл  Байділдақызы  Бораш,  2006).    Әдістемелік 
басылымдарда мұғалімдер тәжірибесінен  жарияланып жүретін  мақалалар да 
кӛбіне   поэзиялық,  прозалық  шығармаларға   арналады.  Драмалық  шығарма-
ларды оқыту тәжірибесінен мақалалардың  кӛп жариялана бермейтіні аталған 
жанрды  оқытудағы  күрделілік  пен  әдістемелік  сонылығына  қатысты  деп 
түсінеміз.  
Сондықтан  драмалық  шығармаларды  оқыту  әдістемесі  әлі  де  кӛп 
қарастыруды, зерттеуді қажет ететін тың тақырып болып есептеледі.  
                                                           
1
 Қазақ әдебиеті оқу бағдарламасы оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім 
беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған. 
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылым академиясы, Астана, 2010. 
2
 
Дүкенбаев С.Х.Мектепте драмалық шығармаларды оқыту. А., Мектеп. 1985 -86 б.  
3
 Бораш Р.Б. Драмалық шығармаларды оқыту.  Пед.ғыл.канд ғыл.дәрежесін алу үшін 
дайындалған диссертация. А., 2006.  

205 
 
Драмалық  шығарманы  мектепте  талдауда  мұғалім  алдында  бірнеше 
мәселе  тұрады.    Бұл  мәселелер  драманың  тақырыбы  мен  идеясына,  сюжеті 
мен  композициясына,  кейіпкерлер  мен  әрекеттерге,  тіліне,  сахналық  қойы-
лымына т.б. қатысты.  
Драмалық  шығарманы  талдау    мәтінмен  жұмыс  істеу  арқылы  іске 
асады.  Қашан да басты назар драманың тіліне аударылады. Тілдің қолданылу 
аясы, — адамдардың сӛйлесуі — диолог. Диолог — тіл болмысы. Сондықтан 
оған  үңілу  шығарманың  сырын  ашады.  Драма  тілі  кейіпкердің  жай  ғана 
сӛйлеуі  емес,    автордың  мақсатты  түрде  саралап  салған  сӛздері  болып 
есептеледі.    Демек,  драма  тілі  —  кӛркем  тіл.    Әлемге  әйгілі  драматургтер 
Шекспир  тілі  шынайылығымен,  дәлдігімен,  ойнақылығымен,  уытты-ӛткір-
лігімен ерекшеленеді. Драмада адамдар тілі іс-әрекеттер арқылы бейнеленеді. 
Олардың бар болмысы, сӛйлеуі, киімі, жүріс-тұрысы, кейпі, мінезі — кӛруші 
назарында болды.  
Эпикалық  тек  пен  лирикалық  тектің  жанрларында  танылатын  кейіп-
керлердің болмысынан драмалық кейіпкер болмысы ӛзгеше. Себебі драмалық 
кейіпкер  нақты  іс-әрекетімен  жанды  қимылда  кӛрінеді.  Сахнадағы  рӛлді 
сомдаушы  актердің  бет-бейнесінде, іс-әрекетінде, сӛйлеуінде жанды  кейіпте 
танылады.  Драмалық  шығарманы  оқып  қабылдау  мен  оны  нақты  сахналық 
қойылымда кӛріп қабылдаудың  айырмашылығы кӛп. Оқушы үшін тиімдісі – 
сахналық  қойылымды  кӛріп  тамашалау.  Себебі  мектепте    оқылатын 
драмалық шығармалардың  барлығы  дерлік сахналанған.  Дегенмен  сахна-
лық  қойылымды  кӛрсету  мүмкіндіктері  үнемі  бола  бермейді.    Сондықтан 
драмалық  шығарманы  оқытқанда  рӛлге  бӛліп  оқыту,    мүмкіндігінше,  оқу-
шылардың  шама-шарқынша  сахналату,  рӛлмен  оқыту  аса  маңызды.  Бұл 
дайындық тӛменгі сыныптарда қалыптастырылуы керек.   
Драмалық  шығармаларды  оқытуға  даярлық.  Бастауыш    және  орта 
буын сыныптарда  оқытылатын шағын   ертегі, мысал, әңгімелерге инсцени-
ровка жасау, рӛлмен оқу, рӛлдік ойындар жүргізу т.б. жұмыс түрлері — дра-
малық шығармаларды  танып-білудің алғашқы бастамасы болып есептеледі.  
Оқушылардың  театрдан,  сахнадан  кӛрген  түрлі    қойылымдары  
олардың  драма табиғатын тани түсуіне  кӛмектеседі. Оқушылардың  драма-
лық  туындыларды  оқып  үйренуін  күшейтуде  мектептегі  драма  үйірмесінің 
тигізер әсері мол.  
Бастауыш  сыныптар  мен    орта  буын  сыныптарға  оқытылатын  мысал 
жанрындағы шығармалармен инсценировка жаздыру, оқушылардың ӛздеріне 
ойнатып  кӛрсету  кӛптеген  шығармашылық  жұмыстардың  тууына  жәрдем-
деседі. Мәселен,  И.А.Крыловтан  Абай аударған мысал ӛлеңдер  сюжетінің  
жеңілдігі  мен  композициялық  құрылымының  қарапайымдылығы  жағынан 
тӛменгі  сыныптардың  ӛзіне  инсценировка  жаздыруға  қолайлы  шығармалар 
болып  табылады.  Бұл  ретте  «Шегіртке  мен  құмырсқа»,  «Қарға  мен  түлкі», 
«Емен 
мен 
шілік», 
«Есек 
пен 
бұлбұл», 
«Піл 
мен 
қанден»; 
А.Байтұрсынұлының  «Егіннің  бастары»,  «Қартайған  арыстан»,  «Қайыршы 
мен  қыдыр»  сияқты  мысал  ӛлеңдеріне  инсценировка  жасатуға  болады. 
Бастауыш сыныптарда инсценировканы қарапайым  бір-екі оқиға тӛңірегінде 

206 
 
жасата  отырып,  оқушылардың  ӛздеріне  сахналық  декорация  мен  рӛлдік 
костюмдердің  кӛмегімен    рӛлмен  ойнатып  кӛру  оқушы  қызығушылығын 
тудырады.  Драмалық  шығармалардың  ерекшелігін  тануға  кӛмектеседі.  Ал 
орта  буын  сыныптарда    драмалық  шығармалардағы  тартыстың  мазмұнын 
бірнеше  түрде  ӛзгерте  отырып  ойнату,  салыстырту    драма  жанрын  терең 
түсіндіруге  мүмкіндік  туғызады.  Мәселен,  бір  шығарманы  бірнеше  топқа 
тапсыра отырып, тартыстың мазмұнына қарай комедия жанрында, трагедия, 
драма  жанрында  алмастыра  отырып  ойнату,  салыстырту  аса  қызықты  да 
тиімді нәтиже кӛрсетеді.  
Инсценировка,  киносценарий  құрастыру  оқушылардың  кӛркем  мәтінді  
терең  әрі  шығармашылық  жолмен  түсінуіне  игі  ықпалын  тигізеді.  Сонымен 
қатар кино, сахна ӛнеріне  деген қызығушылығын да арттырады. Оны тӛменгі 
сыныптарда да,  жоғары сыныптарда да орындатуға болады.  Сынып ерекше-
лігіне қарай орындататаны  жұмыс мазмұны  да түрлі дәрежеде болып келеді.  
Тӛменгі сыныптарда  мұғалім  ондай жұмыстарды қалай орындаудың үлгісін 
ӛзі  кӛрсетеді.  Кинодан  үзінді  кӛрсету,  оның  құрылымдық  элементтерін 
талдату,  оқыға  желісін  саралату  аса  маңызды.  Киносценарий,  инсцениров-
калар  жасату,  сондай-ақ  кӛркем  мәтінді  ықыласпен,  оймен  оқуға,  кӛркем 
мәтінді  кӛз  алдына  келтіріп,  бейнелі  түрде  қабылдауына  әсерін  тигізеді. 
Киносценарий  құрастыру  үшін  бір  оқиға,  бір  кӛріністі  ғана  таңдап  алуға 
болады. Шағын шығармаларды тұтастай алуға да болады.  
Инсценировкалар  негізгі  бір  оқиға  айналасында  құрастырылады.  Ол 
үшін оның эпизодтары назарға алынады. Ӛздері құрастырылған инсцениров-
калар  мәтіні  бойынша  оқушылар  оны  сахнаға  әзірлейді.  Кейде  инсцени-
ровкалы сабақ ӛтеді. Инсценировкада кейіпкер сӛздеріне ерекше кӛңіл бӛлі-
неді.  Ең  маңыздысы  шығармада  ерекше  орын  алатындарын  теріп  алуға 
болады.  
Балалардың    театрдан,    клубтан    кӛрген    түрлі    спектакль,    қойылым-
дары  олардың  драма  табиғатын  тани  түсуіне  кӛмектеседі. Оқушылардың  
драмалық    туындыларды    оқып    үйренуін    күшейтуде    мектептегі    драма  
үйірмесінің    де    тигізер    кӛмегі    аз    емес.    Айталық,    мектеп    сахнасында  
И.А.Крыловтың      «Құмырсқа    мен    шегіртке»  мысалына    инсценировка  
жасау-  оқушылар  үшін  қызықты  шығармашылық  іс  әрі  танымдық   маңы-
зы   үлкен  нәрсе.   Мұндағы  рӛльдер:  құмырсқа,  шегіртке  және  автор. Же-
ңілтек  шегіртке  мен    еңбекқор  құмырсқаның   іс-әрекеті  балалар     үшін   
әсерлі  де тартымды.  Бар  оқиға  автордың  тұжырымына,  идеясына   (Еңбек  
етпеген -  ішіп- жемейді)  жауап  болады.   
Драмалық  шығармаларды  оқыту  орта  буын  сыныптарда  басталып,  
жоғары  сыныптарда  міндетті  оқу  бағдарламаларына  сәйкес  жалғастырыла 
жүргізіледі.  Драмалық шығармаларды оқыту мен талдау жұмысы оқу пәніне 
және оның әдістемелік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 
Әдістемелік талаптар  пәннің және оқытылатын шығарма ерекшеліктері 
негізінде анықталады.  Осы тұрғыдан алғанда драмалық шығарманың басты 
ерекшеліктерінің бірі – оның диологты әрекетке құрылуы,  театр сахнасында  
кӛрсетуге лайықталып жазылатындығы.  

207 
 
Драмадағы кӛркем тіл монологтан және кейіпкерлер арасында ӛрбитін 
диалогтан  құралады.  Диалог  кӛбіне  сахналық  әрекетке  айналады. 
К.С.Станиславский  сахнада  «сӛйлеу  дегеніміз  әрекет  ету»  дейді
1
.    Ӛйткені 
пьеса  кейіпкері  ӛз    ойын  тек    сӛйлеумен  ғана  емес,  үндемеу  арқылы  да  
аңғарта алады. Іштей сӛйлеу, үзіліс жасау, ым, ишара, қимыл — осының бәрі 
қосыла келе драма ерекшелігін құрайды.  Онда дауыс ырғағы, сӛйлеу мәнері  
де  шешуші  рӛл  атқарады.    Сондықтан  драмалық  шығарманы  сыныпта 
дауыстап    оқу  да  талдаудың    алғашқы  және  басты  кезеңі  болып    саналады.  
Дауыстап  оқу    драмалық  оқиғаны,  характерді,  олардың  арасындағы    қақты-
ғысты  оқушының кӛз алдына әкеледі.  Онсыз шығарма идеясын ашу,  шығар-
мадағы  тартысты ұғыну мүмкін емес. Сол себепті драманы  ӛнер туындысы 
ретінде    терең түсіну де қиындық туғызады.  
Әдіскер-мұғалім  Т.С.Зепалованың  ―Уроки  литературы  и  театр‖    атты 
еңбегінде  драмалық шығарманы  оқудың бірнеше түрін атап кӛрсетеді:  
1.  Мұғалімнің оқуы. 
2.  Рӛлмен оқу. 
3.  Оқушының жекелеген сценаны оқуы
2
. 
Автор  мұғалім  күрделі  драмалық  шығарманы  ӛзі оқығанда,  оқушылар 
пьесаның идеялық кӛркемдік  бітімін тұтас қабылдайды, ал бұл талдау үшін 
жеңілдік  туғызады  дейді.    Әйтсе  де,    бұлардың    ішінде    рӛлмен  оқу  кең 
тараған.  Зерттеушілер    драманы  бірден    рӛлмен  оқудың  онша  тиімділік 
кӛрсете бермейтінін айтады.  Ӛйткені рӛлмен оқығанда  оқушылар  назар мен 
күшті оқу техникасына ғана   салады да, пьесаның «үні»  кӛмескі қалады.  
Мектеп практикасында автор кӛрсетіп отырған оқудың үшінші түрі  — 
жеке  кӛріністі  оқу  сирек  кездеседі.    Дегенмен  оқудың  бұл  түрінің  пайдасы 
мол.  Оқушылар  жеке  кӛріністі    оқуға  даярланған,  ондағы  мінез-құлықты, 
оқиғаны,  тартысты    түсінуге  күш    салады.    Сондықтан  бұл  оқушы  білімін 
анықтауға  қызмет  етеді.    Сондай-ақ  кӛріністегі  оқиғаның  жалпы    оқиғамен 
байланысын,  композициялық  мәнін  бағалау  үшін  де  пайдалы.  Рӛлмен  оқу  
мәтіннің  қысқаша  мазмұны  анықталып,    ондағы  кейіпкерлердің  іс-әрекеті, 
ішкі  дүниесі  т.б.  жағдайлар  анықталғаннан  кейін  жүргізілсе,    ӛз  жемісін 
береді.  Бұл мұғалімнің  оқушыларды күні бұрын даярлауының нәтижесінде 
жүзеге асады.  
Драмалық  шығармаларды  оқытудың      дидактикалық    мақсат,  міндет-
терін  айқындау  осы  тектес  шығармаларды  оқыту  жолдарын    саналы  түрде 
ұйымдастыруға жол ашады.   
Мектептің    бастауыш,  орта,  жоғары  оқу  орындарында  берілетін  білім 
мазмұндарының  ӛзара  сабақтастығын  сақтау  оқу  ұстанымдарынан  туын-
дайды. Мектепте алған  драмалық жанр жайлы білімдерін оқушылар  келешек 
ӛмірде де кәдесіне жаратуы мүмкін. 
                                                           
1
 Станиславский К.С.  Особенность драматических прозведениий. Москва. 1986. 
2
 Зепалова Т.С. Уроки  литературы  и  театр. Москва, «Просвещение. 1982. 
 

208 
 
Драмалық  шығарманы  оқыту  әдістемесі  жайлы  әдіскерлердің  кӛбі  
шығарманың  сыныпта  оқылғанын  құптайды.  Әрине,  шығарманың  кӛлеміне 
қарай жекелеген бӛліктерін оқуға да болады.  
Пьесаны сыныпта оқу ұжымдық еңбек болып саналады.  Оқушылардың  
кейіпкерлерді  оқу  үстінде  елестетуі  —  психологиялық  акт.    Сондықтан 
мұғалім  елестету  актісіне  қиял  қосқаны  тиімді.    Драма  мәтінінде  кейіпкер 
портреті  болмайды.  Дәл  прозалық  шығармалардағыдай  кейіпкер  портреті 
болмағанымен, афишада кейіпкердің жасы, ерекшелігі, қызметі,  киімі, мінезі 
т.с.с.  сілтемелер  беріледі.  Сондықтан  кейіпкерді  елестетудің  ӛзі  шығар-
машылықты,  типтік  образдарды  білуді    қажет  етеді.  Кейіпкерді  елестете 
алған оқушы оның тіл мәнерін де  ескере алады. 
Сыныпта  оқылмас  бұрын  сол  шығарма  жайлы  шағын  кіріспе  әңгіме 
жүргізген  жӛн.    Мұғалім  пьеса  жайлы  тұжырымды  анықтама  беруі  керек. 
Шығарманың тақырыбы, жазылу уақыты, тарихи фоны,  құрылысы, әдебиет-
тегі  мәні  тетрдағы  орны  туралы  мәлімет  береді.  Сол  шығарманы  қоюшы 
режиссерлер  мен    кейіпкерді  сомдаған    сахна  шеберлері  туралы  да  дерек 
берген орынды.  
Бастауыш    және    орта    буын    сыныптарда        шағын    ертегі,    мысал,   
әңгімелерге    инсценировка    жасау,    рольмен    оқу,    ойнау    т.б.        сияқты   
жұмыста – драмалық    шығарманы  танып   білудің  бастамасы.      Ал  мектеп  
практикасында     мұндай  тәжірибелер  жиі  кездеседі.    Әдебиет  мұғалімі  
осыларға  мән  беріп,   оларды  кӛлемді  драмалық   шығармаларды  оқытуға   
кірісер  алдындағы  даярлық  жұмыстар  ретінде  бағалап,  ескергені  жӛн. 
Орта  буынның    8-сыныбында  Д.Исабековтің  «Әпке»  драмасы  оқыты-
лып  келеді.  Жоғары  сыныптарда,  яғни  11-  сыныптарда  драматургияны 
оқытуға  сағаттар  біршама  кӛбірек  бӛлінеді.  Бірақ  оның  ӛзі  жекелеген 
жазушылардың ӛмірі мен шығармашылығына берілген жалпы сағат санының 
құрамына енгізгенін айтып ӛттік.  
Мұның  себебі    жалпы  бағдарламада  әңгіме,  повесть,  роман,  поэма, 
лириканы  оқып,  талдауға  кӛп  сағат  бӛлініп,  драмалық  шығармаларды 
оқытуға аз   мӛлшерде орын берілуімен байланысты.  
Драмалық  шығармалар  —    кӛркем  әдеби  шығармалардың  ішінде 
ӛзіндік орнын белгілеген сала. Драмалық шығармалар кӛркем ӛнер туындысы 
болғандықтан  эстетикалық  циклды  құраушылар  қатарына  жатады.    5-7-
сыныптардағы әдебиет сабағы оқушыларды кӛркем ӛнер туындылар арқылы 
тәрбиелеуде,  білім  беруде  сурет,  музыка  сияқты  сабақтар  кӛмекші  бола 
алады.  Ал  жоғары  сыныптарда  оқушының  кӛркемдік  тәрбиесі  тек  әдебиет 
сабағына ғана жүктелген. Олай болса жоғары сыныпта білім беру үдерісінде 
драмалық шығармалардың алатын орны мен дүниетанымдық, дамытушылық 
қасиеттері, әдістері нақтылы түрде анықталып, жүйеленуі керек.  
8-сыныпта  Д.Исабековтің  «Әпке»  драмасын  оқыту  жолдары
Д.Исабековтың  «Әпке»    пьесасы  Жазушылар        одағы    мен    Мәдениет  
министрлігінің    бәйгесінде    бірінші    сыйлыққа    ие  болған,  сондай-ақ  сахна 
сұранысына  ие  болған  кӛркем  дүние  деуге  болады.  Пьеса  автордың 
драматургия  жанрындағы  елеулі ізденісі. Онда жастардың ӛмірі суреттеліп, 

209 
 
бейнелері    жасалған.  Пьеса  кейіпкерлері  болашақ  ӛмір  жолындағы  күрестің 
үстінде  шыңдалып,  ой-ӛрісі,  түйсік-түсінігі  кеңейеді,  азаматтық  келбеті 
қалыптасады.  Отан  алдындағы  борышын  айқындайды,  жас  адамға  тән 
парасат  биігінен  кӛрінуге  ұмтылады.  Драматургтік  пайымдар  ой-түйіні  де 
осыған саяды. 
Шығарма оқиғасы ағайынды тӛрт баланың тӛңірегінен ӛрбіп, олардың 
тағдыры,  азаматтық  тұрпатының,  ӛмірлік  кӛзқарасының  қалыптасуы 
драмалық  тартыс  үстінде  ӛтеді.  Анасы  қайтыс  болып  кеткенде  артында 
қалған інілері мен сіңілісінің тағдырын ӛз қолына алып, оларды бағып-қағып,  
тәрбиелеу ауыртпалығы Қамажайдың мойнына түседі.  Қамажай — пьесаның 
темірқазығы.  Шығарманың  «Әпке»  аталуы    да    осыдан.  Пьесаның  кӛркем-
идеялық  деңгейі  мен  бағыт-бағдары  Қамажайдың әрекетіне тікелей байла-
нысты.    Ол  —    жаны    нәзік,    үлкен  сезімнің  адамы.  Інілері  мен  сіңілісін 
тәрбиелеп,    адам    қатарына  қосу  жолында    талай    қиындықтар  басынан 
кешіреді.  Автор  бейнелеген  Қамажай — жеке басының қамы  емес,  бауыр-
ларын    кӛбірек    ойлайтын,  жар  сүю  мен    махаббат  сезімін  аналық  сезімге 
құрбан  еткен,  соларды  жеткізу  жолына  мүлде    берілген,  адамгершілік 
парасаты  биік,  қоғам  алдындағы    азаматтық  борышын  ақтаған 
замандастарымыздың жанды  бейнесі. 
Пьесадағы екінші қыз — Нәзиләның бейнесі  де  сәтті  ӛрнектелген. Ол 
—  еркелеу,    тілі    удай,    бір    адамға    жетер    мінезі    бар,  ӛмірге    ӛзіндік    
түйсік-түсінігі  қалыптасып  қалған  студент  жас.  Оның  әпкесіне  болысуы, 
кейде    «мамуля»    деп    еркелеуі,  Темірді    ызаландыруы,    Омардың    қызға  
икемсіздігіне ренжуі,  т.б.  кӛріністердегі  әрекеті  нанымды  шыққан. 
Әпкесін кӛбірек  «әбігерге»  түсіріп,  кейде  уайымға салып  жүретін — 
Темір.    Темір  —  ӛмірдің  күрделі  мәселелерін  кӛңілімен  танып  бағалай  бер-
мейтін, болмыс-бітімі жағынан еркін қалыптаспаған жан бейнесінде кӛрінеді.  
Әке-шешесіз    кешкен    тірліктің    қыспағын    арқалап,    жұмыс    істеп,    үйге  
кіретін  азды-кӛпті  тиын-тебенді  табатын  да  сол.  Темір  қанша  бұлқан-
талқан  болып    жатса    да    кек    тұтпайтын,    борышына    адал,    сӛзіне    берік,  
досын  сүйіндіретін,   дұшпанын  күйіндіретін кесек қимылдың адамы.  Оның  
сүйген    қызы    Кәмиләмен  ӛтетін    кӛріністерде    автор    кӛркемдік  Темірдің 
бойындағы  әлі  де  толысып  жетіле  қоймаған  қырлары  барлығын  кӛрсетуді 
мақсат  етеді.  Кәмиланың  бейнесі  арқылы  бүгінгі  ӛмірдің  байыбына  бара 
бермейтін,  ӛмірдің  барлық  құбылыстарына  атүсті  қарайтын,  жастық  
менмендігі  мен  ӛзімшілдігі  басым  түсіп  жататын  замандас  жастардың 
бейнесін  беруді  мақсат  етеді.  Кәмиланың  жұбайлық  ӛмірге  даярлығы  жоқ-
тығы,  жұбайлық міндет, ата-аналық міндет дегендер тӛңірегінде ойлана бер-
мейтіндігі    баласын  алдырып  тастайтын  әрекеттері  арқылы  танылады. 
Пьесада  Кәмиланың  бейнесі  аяқталмаған,  толық  жетіліп  піспеген    сияқта-
нады. Темірдің еңбек істеу үшін басқа жерге кетуімен Кәмиланың бейнесі де 
сахнадан жоғалады. Оның  ендігі ӛмірінде қай бағытты таңдағаны шығармада 
танылмайды.  
«Әпке» — бүгінгі жас замандастарымыздың ӛмірін суреттейтін, жақын-
дар арасында сырт кӛзге шалына бермейтін нәзік қарым-қатынас, бір-бірімен 

210 
 
сыйластық,  отбасы  мен  қоғам  алдындағы  азаматтық  борыш  мәселелерін 
мезгілінде кӛтерген шығарма.  «Әпке» драмасы арқылы оқушыларға адамдар 
арасындағы күрделі психологиялық мәселені,  туысқандық қарым-қатынасты 
танытып, адамдық, отбасылық борыш, жеке бас мүддесі, ӛмірдің мәні сияқты 
күрделі мәселерді сӛз етуге, проблема етіп кӛтеруге болады.  
Драма негізінен  екі бӛлімнен  тұрады.  Бірінші бӛлім    бес  суреттен   
құралған. 
Ең  әуелі Қамажайдың  ана  орнына  ана  болып  сіңілілері  мен  інілері-
нің   қамқорлығын  ӛз мойнына  алып,  үлкен   міндетті  атқаруға  бел  буған-
дығы  байқалса,  сонымен  қатар  Қамажайдың  салмақтылығы,  аңқаулығы  
байқалады.    Інілерін  оқытып,   есейтіп  адам  қатарына  қосуға  бел  буған  
мейірімді    жан    екені,  Нәзиләның    құрбысы  Гауһар  мен  Темірбектің    ең  
жақсы    досы    Сұлтан    оның    жанындағы    екі    құрбы    қызы    Сұлухан    мен 
Кәмиләлардың    (кейіннен    Темірдің    әйелі)    осы    үйге  қонаққа  келіп,  сол 
сәттерде  біраз    мәдениетсіздік    танытқан    Кәмиләні    кӛрсе  де  інісі    үшін 
бәріне кӛз жұмып, тек  қана  қонақжайлылық  танытқаны  суреттеледі.  
Драманы  сынып  оқушылары  үйде  оқып  келеді.    Сыныптағы  сабақ 
мұғалімнің  кіріспе  әңгімесі  мен  кіріспе  сұрақтарымен  басталады.  Мұндағы 
мақсат  оқушылардың  драмалық  шығарманың  ӛнердің    бір  түрі  ретінде  ерте 
туып  қалыптасқандығы  туралы  ұғым-түсініктерін  қалыптастыру.  Қазақ 
драматургиясының тууы мен қалыптасуы туралы  қысқаша түсінік беру.  
Алдымен  драмалық  шығарманың  табиғатын  танытатын  кіріспе  әңгіме 
жүргізу сабақтың кіріспе кезеңіне тиесілі. Драмалық шығармалардың ӛзіндік 
ерекшелігін таныту үшін  драмалық шығарманың ӛзіне ғана тән түсініктерін 
акт,  кӛрініс,  ремарка,  перде,  т.т.  білгізу  аса  маңызды.  Ең  бірінші  драмалық 
шығарма да басқа тектегі, жанрдағы шығармалар сияқты  кӛркем мәтін болып 
есептеледі. Ендеше, драмалық шығармаларға да мәтін талдау жұмыстарының 
барлығы дерлік жүргізіледі. Шығарманың идеялық кӛркемдік ерекшеліктері,  
кӛтерген  басты  тақырыбы,  кӛркемдік  әлемі,  кейіпкерлер  жүйесі,  шығарма-
дағы тартыстық ӛрбуі, сюжеттік, композициялық құрылымы, кейіпкерлер тілі 
т.т. 
Д.Исабековтің  драматургия  саласындағы  ізденістері  туралы  қысқаша 
түсінік  бере  отырып,  драмалық  шығармалардың  ӛзіндік  ерекшеліктерін 
танытатын кіріспе сұрақтар қойылады: 
1.  Қазақ  әдебиеті  пәні  бойынша  осыған  дейін  оқыған  шығармалардан 
бүгінгі оқып отырған шығарманың қандай айырмашалағын байқадыңдар? 
2.  Сахна, акт, сурет, шымылдық деген ұғымдарды қалай түсіндіңдер? 
3.«Ремарка» деген ұғым нені білдіреді? 
4.«Әпке» драмасына қатысушы кейіпкерлерді атап кӛріңдер. 
Сыныптық сабақта оқиға желісін  еске түсіріп,  шығарманың сюжеттік 
композициялық құрылымын тұтас  елестету үшін тӛмендегідей  талдау сұрақ-
тары беріледі: 
1.Пьесаның оқиға желісі қандай кейіпкерлердің арасында ӛрбиді? 
2.Шығармада  барлық  оқиғаның  негізгі  желісі  кімнің  тӛңірегіне 
топтастырылған? 

211 
 
3.Шығармаға қатысушы ағайындылар кімдер? 
4. Әр  топ  ӛзі  қатысатын  оқиғаны    сюжеттік  желіге  түсіріп    кӛріңдер 
(мәтінмен жұмыс).  
5.Әр  кейіпкер    драмада  ӛзі  қарам-қатынас  пен  пікір  таласқа  түсетін 
келесі  топтағы  кейіпкерге  мініздеме  берсін.  Шығарманың  сол  тұсын  диалог 
түрінде оқып сахналап кӛрсін.  
 Оқушылар  әр  кейіпкерге  қысқаша  мінездеме  жасайды.  Мәселен 
Қамажайға  жасалған мінездеме: 
 
 
 
8.  Ӛздеріңіз жасаған  мінездемені  драма  мәтінінен  нақты  мысалдар  ала 
отырып дәйектеңіз.  
Н  ә  з  и  л  а:  Әпке деймін,  ательеге  маркизет  түсіпті.  Гауһарда  азын-
аулақ ақша бар екен, мен одан қарыз ала тұрмақ едім. Жете алмадық. Жете 
алмағанымыз да дұрыс болды. әйтпесе, кейін қайдан тауып берер едік. 
Қ а м а ж а й:  Неге?..  Тауып  береміз...  Тимур   ертең   айлық  алады. 
Н  ә  з  и  л  а:    Оның    айлығы      ӛзінен    артылмайтын      болды    ғой.    Ӛткен   
жолы  мен  оны  паркте    бір  қызбен  кӛргем.  Меніңше,  финанс  жағын  сол  
кісі  басқаратын  болуы  керек.  Ал,  енді  іске  кіріселік.        
Қ  а  м  а  ж  а  й:    Ойбай-ау...    Сендердің    қарындарыңның      аш    екенін  
білмей  қалдым  ғой,  тамақты  мол  жасайтын  едім.  Әлгі  Темірбек  бір  
жолдасымды  ертіп  келем  деп  еді.  Сол  екеуінің...  Жарайды,  сол  екеуінің  
сыбағасын  салып   берейін. 
Г а у һ а р:  Жо-жоқ,  апа,  керек  емес.   Бізге  осы  да   жетеді. 
жауапты 
 
қамқор 
ақкөңіл 
аңғал 
қонақжай 
мейірбан 
ұстамды 
Адал 
 
Қамажай 

212 
 
Қ  а  м  а  ж  а  й:    Азаннан    бері    дым    сызбасаңдар    қайдан    жетсін.  
Оларға...  котлет  қуырып  бере  салармын.  Әкеліңдер  ыдыстарыңды. 
Н ә з и л  а:  Біздің  әпкешка  бала  сияқты.  Не  айтсаң,  соған   сене 
береді. 
Бұл  үзіндіден  Қамажайдың  ӛз  бауырларының  барлық  сұранысын 
қанағаттандырғысы келетін ақ кӛңілі, қамқорлығы танылады. Аңқаулығы да 
аңғарылады. 
Қ  а  м  а  ж  а  й:  (Темірбектің  досы  Сұлтанға  қарап)  Ал,    туған  күнің 
құтты болсын, інішек. Қуаныштымыз. Темірбекжанның досы болсаң, менің 
де  туған  інімсің.  Ал,  ӛздерің  отыра  тұрыңдар,  мен  барып  котлет...імм... 
тамақ дайындап жіберейін.  
Үзіндіден  Қамажайдың  қонақжайлылығы  мен  кең  пейілділігі, 
бауырмалдығы  танылады.    Жасаған  қамқорлығы  мен  жақсылығына  ӛтеу 
тілемейтін  дархан  кӛңілі  танылады.    (осы  сияқты  мәтіннен  келтірілген 
мысалдар  негізінде  Қамажайға    толық  мінездеме  жасалып,  кейіпкер 
тұлғасы ашылады). 
Драмадағы  басқа  кейіпкерлердің  де  іс-әрекеті,  болмыс-бітімі 
талданады. 
Кейіпкерге  берілетін  мінездеме  үлгісін    әр  топ  ӛз  қалауларына 
байланысты жасайды. 
 
 
   
 Камила 
сабырсыз    
иба сақтамайды                       
 
 
үлкенге құрметі жоқ
 
жеңіл ойлы, өзімшіл                                            
 
еркекшора    
 
мейірімсіз 

213 
 
Шығармадағы  кейіпкерлерге  талдау  жұмыстарын  жасағаннан  кейін, 
шығармадағы  кейіпкерлер  арасында  кӛтерілетін  проблемалар,  шығарманың 
танымдық, тәрбиелік  салмағын танытатын тұстарына басты назар аударамыз.  
Д.Исабековтың  «Әпке»  драмасында  ағалы-қарындасты    Темірбек    пен  
Нәзиләнің  арасындағы сӛз тартыс,  достар  арасындағы   әңгімелер   ӛрбиді. 
Жастар  арасындағы  тартыстың  тақырыбы  «объективті  пікір»,  «жеке  пікір 
деген  не?»    дегеннің  тӛңірегінде  болады.  Шығармадағы  «пікір»  туралы  кӛз-
қарастарды айтпас бұрын оқушылардың ӛзіне сұрақ-жауап әдісімен осы ойды 
анықтатуға болады.   
 
СА У А Л Н А М А 
9. Шынайы пікір (объективті пікір) дегенді қалай түсінесің
Ӛз пікіріңді үнемі ашық жариялайсың ба?_________________________ 
Досыңның пікірімен есептесесің бе?______________________________ 
Ӛзің түйінін шеше алмаған мәселе туралы елден пікір сұрайсың ба?  
____________________________________________________________ 
Шынайы пікір дегенді қалай түсінесің?___________________________ 
                                                                        (Оқушының аты-жӛні) 
 
Оқушылардың  сауалнамасын  тыңдап  болғаннан  кейін  драма 
кейіпкерлеріне кезек беріледі. 
Кәмила:  Қазіргі  заманда  жұрттың  бәріне  бірдей  ұнай  беру  шарт  
емес.    ХХ    ғасыр    ғылыми-техникалық        прогресстің    ғасыры    ғана    емес, 
субьективті      пікірдің    ғасыры.    Біреуге    ұнау    үшін    әрекет    жасау  
бекершілік. 
Сұлтан:    Біреуге    ұнамауды    мақсат    ету    де    адамды    рухани  
тұйықтыққа  итермей  ме? 
Кәмила:  Сен    мені    түсінбей    қалыпсың.    Біреудің    қабағына    қарап,  
соның  ақылымен  ӛмір  сүру,    қайткен  күнде  де  оған  да  ӛзің  жайлы  
жаман  пікір  қалдырмауға    тырысу — адамды  ой  бостандығынан  айы-
рады.    Ал ой  бостандығы  болмаған жерде... айталық,  сен   қолыңа  гита-
ра  ұстап,  туған  күніңді  думандатып,  маған  қарсы  дау  айтып  отыр-
ғаныңа  қарамастан,  тіпті  он  екі  мүшесі  сау,  қаланың   ортасынан  үш  
бӛлмелі  пәтеріне,  жергілікті  комитеттің  мүшесі  екеніне  де  қарамас-
тан,   мына  сен ...  сыртын  терімен  қаптай  салған  тұлып  болар  едің. 
         Сұлтан:  І-імм.    С-солай    де.  Ашулануға    тұрарлық    сӛз    екен.    Бірақ  
жақын  досымның  үйіне  алғаш  рет  келіп  отырғандықтан,  шаңырақтың  
шырқын  бұзғым  келмей  отыр.  Дегенмен,  айта  қойшы,   жұрттың  бәріне  
бірдей    ұнамауды    мақсат    еткен    адам    ғана    ой    бостандығының    иесі  
санала  ма?  Обьективті  пікір  деген  бар  ғой.   
Светлана:  Жоқ.  
Сұлтан:  Қалайша?  Обьективті  пікірді  жоққа  шығарғың  келе  ме? 
Светлана:    Жоққа    шығарғым    келмейді.    Ӛйткені    ол    болған    емес.  
Обьективті  пікір  деген-субекьтивті  пікірлердің  жиынтығы. 

214 
 
Сұлтан:  Ал, әйтпесе, ХХ  ғасырдың  жойқын  нигилисі  арамызда  жүр  
екен  ғой. (Гауһарға  қарап ) Бұған  сіз  қалай  қарайсыз, қарындас? 
Гауһар:  Мен  бейтаныс  адамдардың  алдында  пікір  айтпаймын.   
Сұлтан:    Бұл    да    ӛзінше    жаңалық    екен.    Қалыс    қалудың    сәті  
табыла  кеткен  түрі  ғой. 
Темірбек:  Жолдастар,  айтысты  тоқтатуларыңды  ӛтінемін.   
Светлана:    Жо-оқ,    жалғастыра    берсін.    Мен    үшін    ӛте    қызық.  
Меніңше,  дастархан    басында    адамдардың    сӛзінен-ақ    бүтін    бір    қоғам  
мәдениетінің    даму    деңгейі    кӛрінеді.      Білімді    жастардың    айтысы    да,  
тартысы  да  әлеуметтік  биіктен  басталуы   керек.  Обьективті  және  
субьективті    пікір      дегенді  мен    күнде    естіп,    сол    сӛзді    ӛзім    қолданып    
жүрсем де,  анығына  жете  алмаймын.   Сұлтан,   ол  жӛнінде   сенің  ойың   
қалай? 
Сұлтан: Сен  ӛз  сұрағыңа  ӛзің  жауап  беріп  отырсың  ғой.  Мен  ӛз 
пікірімді   айтсам,  демек  ол  субьективті  пікірім,  ал  кӛпшілікке ұнайтын 
ойымды  айтсам,   ол  обьективті  пікір.   
Драмалық  шығармада  бақыт  тӛңірегінде  ой  ӛрбиді.  Шығарма 
кейіпкерлерінің  бақыт  туралы  пікірлерін  оқып,  шығарманы  түйіндегеннен 
кейін  оқушылардың  ӛз  пікірлерін  тыңдау,  шағын  ой  толғау  немесе  эссе 
жаздыру ӛте тиімді. Эссе тақырыбы: «Бақыт   деген...» Осы орайда бірнеше 
оқушының шығармасынан мысал:   
1- оқушы: «Бақыт деген немене? Осы ойды біздің заманымызға дейінгі 
сан  ғасырлар  бойы  әр  адам  ӛзінше  пайымдап,  ӛзінше  түйін  жасап  келді. 
«Бақыт»  ұғымы  ақын,  жазушыларды  да  аз  толғандырған  жоқ.    Мен 
бақытты  болудан,  оны  сезіну  маңызды  деп  білемін.  Себебі    кейде  адамдар 
қолдарында  бар  бақытты  бағаламайды.  Ӛздері  бақытты  бола  тұра 
бақытты  екендіктерін  сезбейді.  Адам  үшін    осы  жарық  дүниеде  ӛмір 
сүрудің  ӛзі  бақыт.  Ата-анасының,  достарының  қасында,  алтын  ұя  мекте-
бінен  білім  алып  жатқан  осынау  уақыттардың  бәрі  —  бақыт. 
М.Мақатаевтың  «Бақыт  туралы  ой»  деген  ӛлеңінде  бақыт  туралы    әр 
адамның пікірін қорыта келіп: 
«Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым, 
Бақыт  адам баласына келмес оңай соны ұқтым. 
Безбеймін баладан да, байлықтан да, жардан да, 
Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда, 
Үміт үзбей іздейді олар таңдап сол бір жақұтты. 
Оны  алыстан  іздемегін  жүректен  тап  бақытты»,  –  дейді.  Мен  де 
ақын ағамыздың пікірін дұрыс деп білемін. Мен үшін бақыт ӛз Отаныңда, ӛз 
ата-анаңның  жанында  уайымсыз  күн  кешу.  Бүгіннен  ертеңгі  күннің  нұрлы 
болуы деп түсінемін.  
2- оқушы: Бақыт  деген...Бақыт  деген,   меніңше,  ӛмірге    келуіміздің  
ӛзі    бақыт.  Атқан  таңды,  батқан  күнді  кӛрудің  ӛзі  бақыт.  Ананың  ақ  
сүтін  емген  әрбір  адам,  әкенің   аялы  алақанын  кӛрген  адам  бақытты.  
Балалық    шақтың    бақыты    деп    мен,    достарыммен    бірге    доп    ойнап,  
кӛбелек  қуып,   сыңғырлаған  қоңырау  үні естілетін  білім  ұямыз  мектепті  

215 
 
айтар  едім.  Ал  қазіргі  кездегі  бақытым,  әке-шешемнің  аман  жүруімен,  
денсаулығымның   күштілігі,  сонымен  қатар  заманымыздың  тыныштығы   
деп  айтар  едім.   
Мен  бақыттымын,  себебі  мен    бейбіт,  тыныш,  тәуелсіз,  ӛрке-
ниетті  де  мәдениетті  елде  ӛмір   сүремін.   Осы  елімнің   болашағы,  ақ  
таңы  үшін  бейбіт  елімді  қорғауға   әрдайым  дайынмын. 
Кейбіреулер  ойлайды.   Бақыт  деген – ақша,  байлық,  мал-мүлік  деп.  
Ол  дұрыс  емес,  ӛйткені  ақша  да,  байлық  та  қолдың  кірі,  бірде  бар  да  
бірде  жоқ.  Мен  айтар  едім,  бақыт  деген – білім,  ӛнер,  ақыл. Ол бақыт-
ты сенен ешкім де тартып ала алмайды.  
3-оқушы: Бақыт деген... Адам   баласы   ӛмірге  келгенде,  әр  адамның  
ӛзіне  Алла  тағала  маңдайына   бақыт  жазады.  «Таудай  талап  бергенше,  
бармақтай    бақ    берсін»    –  дейді    ғой.    Әр    адамның    ӛз    бақыты    болады  
және  әртүрлі  болады.  Мысалы:  анаң  мен  әкең  қасыңда  болса,  соның  ӛзі  
де  бақыт,  тілеген  арманың  орындалса,  оның  ӛзі  де  бақыт.    Мектепті  
ойдағыдай  аяқтап,  жоғарғы  оқу  орнына  түссем,  оның  ӛзі  зор  бақыт.  
Ӛзім  ғана  емес  бүкіл  жер  жүзіндегі  адамдарға  бақыт  тілеймін. 
Әдебиетті  оқыту  негізінен  эстетика  мен  мәдениеттану  ілімдеріне  арқа  
сүйенетіндіктен,  драмалық шығармаларды оқытуда  мақсатқа жетудің  жолы 
—    жаттығулар  жүйесін  жасау.    Драмалық  шығармаларды  оқытуда  әдеби 
ойындардың  да  алатын  орны  ерекше.    Мәселен,    Д.Исабековтің  «Әпке» 
драмасындағы Тимур, Нәзила, Света, Кама сияқты  жастардың  адам, қоғам, 
заман  адамы  жайлы  ойларын  проза  тіліне  айналдыра  отырып,  шағын  ой 
толғау  жазу,  эссе  жазу;  шығармада  кӛтерілген  проблемалық  сұрақтар 
тӛңірегінде  интервью,  сауалнама  алу  т.т.  жұмыстар  оқушыларды 
шығармашылыққа жетелейді. 
Қорыта  айтқанда, драмалық  шығармалар  ӛзіндік  күрделі  құрылымға  
ие.  Драмалық  шығармаларды  оқытудағы  бір  қиындық  мектеп    бағдарлама-
сында  драмалық  шығармалардың  санаулы  болып  келуінде.  Ӛйткені,  күні  
бүгінге  дейін  мектеп  бағдарламасында драмалық   шығармаларды  оқытуға  
жете  кӛңіл  бӛлінбей  келеді. 
Жас  ұрпақтың  дамуы  туралы  заңдылықтарға  сай   әдебиет  бағдарла-
масының   да    мазмұны  мен  құрылымы  ӛзгеріп  отырады.  Драмалық  шы-
ғармаларды  оқыту  бастауыш  сыныптарда    рӛлге    бӛліп    оқытатын  
ӛлеңдерден,    шығармалардан,    шағын    пьесалардан    басталып,      орта    буын  
сыныптарда    драмалық      шығармалармен  ұласқаны,  бірте-бірте    молая  
түскені абзал.  Драмалық  шығармаларды оқыту  және талдау жолдарын әдіс-
тәсілдерін әлі де жетілдіре түсу қажет. 
Сыныптан  тыс  жұмыстарда,  драмалық  үйірмелерде  драмалық 
шығармаларды  оқыту,  мүмкіндігінше    сахналату  оқушы  үшін  драмалық 
шығарма табиғаты мен күрделі кейіпкерлер жүйесін, адамдар әлемін танудың 
бірден-бір жолы болмақ. 
 
 
 

216 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет