А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата24.03.2020
өлшемі2,39 Mb.
#60674
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva


Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары: 
 
1.Білім беру жүйесіндегі қандай жаңа технологиялар қолданылып жүр? 
2.Әдебиет пәнінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану  үшін қандай оқу 
ұсытанымдарын ескерген орынды
3.Педагогикалық  технологиялар  жӛніндегі  анықтамалардың  метологиялық 
картасын түзіңіз; 
4.Оқытудың жаңа технолгияларының философиялық негізін түсіндіріңіз; 
5.Әдебиет  пәнінде  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын  пайдаланудың 
тиімділігін дәлелдеңіз.  
  
Әдебиеттер тізімі 
1.Жұмажанова Т.Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., Білім, 2009. -287 б. 
2.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., Рауан, 1997 -283 б. 
 
Қосымша: 
2.Мирсеитова С., Іргебаева Ә. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері.- 
Алматы: Атамұра, 2004. 
1.Әлімов  А.,    Мирсеитова  С.  Мектеп  және  жоғары  оқу  орындары:  ой 
қозғағыштар, ізденістер, табыстар.- Алматы: Верена, 2005. 
2.Әлімов  А.  Интербелсенді  әдістерді  жоғарғы  оқу  орындарында  қолдану.-
Алматы: Жедел басу баспаханасы, 2009. 
3.Жанпейісова М.М. Модульді оқыту технологиясы оқышыны дамыта оқыту 
құралы ретінде. Алматы, 2002. -180 б. 
4.Бабанский Ю.К. Оптимизация процесса обучения. – Москва, 1977. 
5.Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. Москва, 
1995. 
6.Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. Москва. 1996. 
7.Кларин М.В.  Инновации в мировой педагогике. Рига, 1995. 
8.Кларин М.В. Педагогическая технология. Москва, 1989. 

141 
 
ІІІ БӚЛІМ 
МЕКТЕПТЕГІ ӘДЕБИЕТ КУРСЫНЫҢ НЕГІЗІ – КӚРКЕМ 
ШЫҒАРМАНЫ ОҚЫТУ 
 
ІІІ. 1. КӚРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ЖАНРЛЫҚ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ  БАЙЛАНЫСТЫ ОҚЫП-ҤЙРЕНУ 
 
1. Әдеби жанр ұғымын қалыптастырудың дидактикалық  мақсат, міндеттері. 
2.Әдебиеттің тектері мен түрлері, оның мектептегі әдеби білім мазмұнына 
қатысы. 
3.Жалпы білім беретін мектептердегі әдеби-теориялық білім мазмұны. 
4.Әдеби-теориялық білімнің сыныптар бойынша жіктелісі. 
5.Жылпы білім беретін қазақ мектептерінде жыр жанрын оқыту. 
Әдеби  жанр  ұғымын  қалыптастырудың  дидактикалық    мақсат, 
міндеттері.  Жалпы  білім  беретін  мектептерде  әдебиетті  оқытудың  ең 
маңызды  мәселелерінің  бірі  –  кӛркем  туындының  тегі  мен  жанрлық 
ерекшелігін  таныта  оқыту.  Әдебиеттану  саласындағы  зерттеулердің 
біразында  кӛркем  шығарманың  эстетикалық  қызметін  таныту  мәселесін 
мейлінше жетілдіру қажеттілігі кӛтерілген.  
Әдебиетті  оқыту  әдістемесінде  әдебиетті  жанрлық  ерекшеліктеріне 
қатысты  оқыту  мәселесі  жан-жақты  зерттеуді  қажет  етеді.  Себебі  мектепте 
әдеби-теориялық  білім  қалыптастыру  мәселесі  арнайы  зерттеу  нысанына 
алынбаған.  Дегенмен  әдіскер-ғалымдар    тарапынан  аталған  мәселе 
әдістемелік  еңбектерде  сӛз  етіледі.  Ә.Қоңыратбаев  «Жоғары  кластарда 
оқушылардың әдеби-теориялық ұғымдарын қалыптастыру» жӛнінде жазған.
1
 
Шығарманың  кӛркем  компоненттерін  таныту  мәселесінен  әдістемелік 
нұсқаулық  жазған  әдіскер  –  Т.Ақшолақов.
2
  Әдіскердің  еңбегінде  мектеп 
оқулығында қамтылған поэзиялық, прозалық шығармаларға талдау жасалған. 
Кӛркем  шығарманың  эстетикалық    табиғатын  таныту  –  жазушы  стилін 
таныту  мәселелері  қарастырылған.  Ал  Қ.Мырзағалиев  әдебиеттік  оқу 
сыныптарында  әдеби-теориялық  ұғымдарды  оқытуға  қатысты  мұғалімдерге 
әдістемелік  кӛмекші  құрал  жазды. 
3
  Әдіскер  орта  буын  сыныптарда 
шығарманың    композициясы  мен  сюжетін,  жанр  түрлерін  таныту,  кӛркем 
бейнелеуші  сӛздер  туралы  ұғымды  қалыптастыру  жолдарын    сол  тұстағы 
мектептегі  әдеби  білім  мазмұнына,  бағдарламада  ұсынылған  шығармалар 
мысалында  талдайды.  Одан  беріде    мектеп  бағдарламасы  әлденеше  ӛзгеріп, 
әдеби-теориялық  білім  мазмұны  да  толыға  түскені  белгілі.  Бүгінгі  мектеп 
бағдарламаларында  қамтылған  әдеби  білім  мен  оқу  материалдары  бойынша 
                                                           
1
 Қоңыратбаев Ә.  Әдебиетті оқыту методикасы А., Мектеп, 1966. -94. 
2
 Ақшолақов Т. Шығарманың кӛркем ашықтарын таныту. А., Рауан, 1998. - 283 б.  
3
 Мырзағалиев. Қ. Әдебиет сабағында әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту. А., 
Мектеп, 1973. -115 б. 

142 
 
әдеби-ториялық білім мазмұнын игерту жолдарын қарастыру әдебиетті оқыту 
әдістемесі саласындағы ӛзекті мәселенің бірі.  
Шығарманың  кӛркемдік  қуатын  тану,  одан  эстетикалық  ләззат  алу 
белгілі бір дәрежеде оқушының әдеби теориялық біліміне, шығарманың тегі 
мен  түрін  тани  білу  қабілетіне  де  қатысты  екендігі  даусыз.  Жалпы  білім 
беретін  мектептердің  алдына  оқушыларды  бәсекеге  қабілетті  тұлға  етумен 
қатар,  оларды  құзыретті  азамат  болуға  бейімдеу  талабы  бар.  Оған  қол 
жеткізуде әдеби туындыны талдап-оқытудың бала ӛміріне тигізетін пайдасы 
мен  баға  жетпес  маңызын  зерттеуші  ғалымдар,  әдіскерлер  ӛз  еңбектерінде 
жан-жақты дәлелдеген. Бүгінгі таңдағы білім беру саласының басты міндеті – 
оқытудың  сапасын  арттыру,  сабақтың  тиімділігін  кӛтеру.  Осы  ретте  орта 
мектепте  кӛркем  шығарманы  оқыту  арқылы  әдеби-теориялық  білім  берудің 
әдістемелік  жолдарын,  оқытудың  дәстүрлі  әдістері  мен  тәсілдері,  жаңа 
технологияларды ұтымды пайдалану жақсы нәтиже беретіндігі айқын.  
Орта мектепте кӛркем шығарманы түр мен мазмұн бірлігінде оқытудың 
тиімділігін  қамтамасыз  ететін  негізгі  шарттар,  оқушылардың  әдеби-
теориялық  білімі  мен  сол  білімді  іс  жүзінде  қолдана  білу  білігі  мен 
дағдыларын  қалыптастыру  аса  маңызды.  Кӛркем  туындыны  оқытуды 
тұтастықта  жүргізу,  әрбір  кӛркем  бейнені  шығарманың  бүкіл  кейіпкерлер 
жүйесімен, қоршаған ортамен, қоғаммен, жазушы ойы, авторлық ұстаныммен 
байланыстыра, шығарманың идеялық-саяси бағытымен қабыстыра қарастыру 
білім алудың нәтижесін қамтамасыз етеді. 
Мектепте  әдебиет  теориясынан  мәлімет  беруде  кӛзделетін  мақсат  пен 
кезекте  тұрған  міндет  –  оқушының  әдеби-теориялық  мәселелер  жайындағы 
ұғымдарын  қалыптастырып,  соның  нәтижесінде  оларға  әдебиеттану 
ғылымының негізінен білім беру. Бұл міндетті тек жалаң әдебиет теориясын 
оқыту  мен  орындап  шығу  мүмкін  емес.  Демек,    әдеби-теориялық  мәселелер 
кӛркем әдебиетті, соның ішінде әдеби шығармаларды оқып үйрену негізінде 
жүзеге  асады.  Нәтижесінде  әдеби  білім  мен  тәрбиелік  үдеріс    бірінен-бірі 
ажырамай,  оқшауланбай  ӛзара  жымдасып  бір  тұтас  жүйемен  жүргізіліп 
отырады. Мұның ӛзі әдебиет теориясы мектепте дербес пән ретінде оқылмай, 
бағдарламада қамтылған оқу материалы негізінде жүргізіледі. Әрине, кейбір 
күрделірек  әдеби-теориялық  ұғымдар  кейде,  ӛтілген  және  ӛтіліп  отырған 
әдеби  материалдың  негізінде  ӛз  алдына  дербес  сабақ  ретінде  оқылуы  да 
мүмкін. Бұдан әдебиет теориясын оқытудың негізгі принципіне келетін зиян 
жоқ,  қайта  оқушылардың  оқу  материалдарын  толық  түсінуіне  жағдай 
туғызады.  
Негізінде  мектеп  бағдарламасында  әдеби  жанрдың  барлық  түрі  дерлік 
оқытылады. Әйтсе де, бүгінде мектеп практикасында әдеби-теориялық білім 
жеңілдетіліп беріліп жүр. Оның бір себебі мектептегі әдеби білімнің мақсат-
міндеттерін жете түсінбеуден туындайды. Мәселен,  жалпы білім стандарты 
мен  оқу  бағдарламасында
1
  орта  білім  деңгейінің  ӛзінде  «...оқылған 
                                                           
1
 
Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама. V – IX,  X – 
XI  сыныптар, - А., 2013. 

143 
 
шығарманың  ой қазығы, сюжеті,  композициясы, жанрлық  сипаты,  кейіпкер-
лері,  ондағы  халықтық  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлер  кӛрінісі,  табиғат  суреті 
шығармадағы адамгершілік мәселелер, сӛз қолданыстар зерделеніп, оқушыны 
қызықтыратын оқиғалар жайлы пікір алмасуға кең орын беріледі» делінген.  
«Қазақ әдебиеті» оқу  пәнінің  міндеттері ретінде де «оқушыларға тӛл 
әдебиеттің  ұлттық  сипатын,  ондағы  халықтың  әдет-ғұрып,  салт-санасының 
кӛрінісін,  жанрлық,  стильдік  ерекшеліктерін,  кӛркем  туындының  идеялық-
адамгершілік  мәнін  түсіндіру;  кӛркем  шығармадағы  мазмұн  мен  форма 
тұтастығын,  тарихи-әдеби  мәліметтердің  негізін  және  әдебиет  теориясын 
меңгерту;  әдеби-теориялық  білімін  сауатты  қолдана  алу,  ауызша  және  
жазбаша тілін дамыту»
1
 деген мәселелер қойылған. 
Әдебиеттің  тарихи  курсы  жаратылыстану  бағыты  мен  гуманитарлық 
бағытқа  жіктелуіне  байланысты  базалық  деңгейдің  10-11  сыныптарына 
арналған оқу бағдарламасында «қазақ әдебиетi туралы жалпы ұғымдары бар, 
оқырмандық  мәдениетiнiң  негiздерi  қалыптасқан,  кӛркем  туындыны 
рационалды  және  эмоционалды  меңгере  алатын,  әдеби  теориялық  бiлiм  – 
дағдыларын  қолдана  бiлетiн  оқушыларға  арналып  жасалынды»  деп    арнайы 
ескерте  ұсынады.  Бағдарламада  кӛрсетілгеніндей  әдеби-теориялық  білім 
мазмұнының  негізі  орта  буын  сыныптарға  қалыптасатыны,  әдеби-ториялық 
білім беру салмағы 5-9 сыныптарға  түсетіні аңғарылады.  Ал жоғары 10-11 
сыныптарда  «Қазақ  әдебиеті»  оқу  пәнінің  білім  мазмұнына:  әдебиеттiң 
теориялық  мәселелерi,  құрамдас  бӛлiктерi,  әдеби  ағымдар  мен  бағыттар, 
әдеби  кӛркем  шығармаларды  тұтас  талдау  жүйесi,  әдеби  шығарма  және 
болмыс, ұлттық мәдениет, әдебиет және ұлттық рух, әдебиет және ғаламның 
шындық  бейнесi,  әдебиеттiң  ӛзге  ғылымдармен  байланысы,  қазiргi 
әдебиеттегi заманауи мәселелер, әдеби оқырмандық мәдениет, сӛз ӛнерi және 
шығармашылық  даму,  кӛркем  шығарманың  стильдiк  ерекшелiктерi  ӛзек 
етiлiп, әдебиет туралы бiртұтас ұғым қалыптастыру кӛзделген. 
Әдебиеттің  тектері  мен  түрлері,  оның  мектептегі  әдеби  білім 
мазмұнына  қатысы.  Әдебиеттану  ғылымында  әдебиеттің  тектері  мен 
түрлері туралы қалыптасқан, орныққан ұғым бар. Әдетте кӛркем шығарма үш 
үлкен  текке  жіктеледі.  Олар:  эпикалық  тек,  лирикалық  шығарма  тегі, 
драмалық тек. Эпикалық тектер кӛркем қара сӛзбен де, ӛлеңмен де жазылады. 
Эпикалық  немесе  эпостың  түрлеріне:  миф,  аңыз,  ертегі,  мысал,  очерк, 
новелла, әңгіме, дастандар, батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар,  баллада, 
поэма, повесть, роман, роман-эпопея жатады.   
                                                                                                                                                    
 
1
 
Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама. V – IX,  X – 
XI  сыныптар, - А., 2013. 
 

144 
 
 
 
Қазақ  әдебиетінде  лирикикалық  тектің  жанрларын  атауда  бірізділік 
сақталмаған. Кӛне грек дәуірінен басталып, Еуропа әдебиетінде қалыптасқан 
ода,  элегия,  романс,  сонет,  мадригал,  дифирамб,  дума,  ноэль,  кантата, 
канциона,  эпиграмма, т.б. сияқты жанрлық атаулармен қоса шығыс әдебие-
тіндегі  ӛлеңмен жазылатын  қасида, ғазал,  рубаи, маснауи,  қита,  муфрәд,  т.б 
атаулар да ішінара қазақ поэзиясында кездеседі. Бұл құбылыстың бір себебі, 
шығыс  әдебиеті  мен  батыс  әдебиетінің    тӛл  әдебиеттегі  сабақтастығы  мен 
ықпалына  байланысты  десек,  екінші  бір  себебін  қазақ  әдебиетінде  осы 
жанрлардың  әрқилы  дамуынан  іздеуге  болады.  Ода  немесе  қасида  делінген 
мадақ жырлары жыраулар поэзиясынан белгілі. Оның жарқын дәлелі – әйгілі 
Қазтуған  жыраудың  «Мадақ»  жыры.  Оқушылар шағын  кӛлемді  мадақ  ӛлең-
дерін тӛменгі сыныптан бастап, кейін Қазтуған жыраудың «Мадақ» жырымен 
8 сыныпта, кейін басқа авторлар шығармашылығында да танысады.  
Элегия,  романс,  эпиграмма,  сатиралық  ӛлеңдер,  тӛрттағандар,  ғазал 
ӛлеңдер  атаулары  қазақ  әдебиетінде  де  жиі  ұшырасады.  Қазақ  поэзиясында 

145 
 
хандық  дәуір  әдебиетінен  қалыптасқан  жанрлардың  тӛл    атаулары:  арнау, 
толғау ӛлеңдері, кейінірек ән, әзіл т.б. ӛлеңдер кӛп.  Кӛбіне қазақ әдебиетінде 
лирикалық  тектің  жанрлық  атауларынан  гӛрі,  шығарманың  кӛтерген 
тақырыбын меже ету, лирикалық шығарманың  мазмұнын айқындау мақсаты 
басым келеді. З.Қабдолов: «Лириканы тақырыбына қарай топтап талдау оны 
жазған  ақынның  творчестволық  бітімін  пайымдау  үшін  айрықша  мәні  бар 
нәрсе: әр түрінен ақынның әр қырын тануға болады»
1
,-деген  пікір білдіреді. 
Мектеп  бағдарламасында  табиғат  лирикасы,  кӛңіл-күй  лирикасы,  саяси-
әлеуметтік лирика т.б деп бӛлу басымдығы, оны оқытуда да осы  бӛлінісіне 
сүйену әдебиеттану ғылымындағы ой-пікірлерге де қатысты болса керек. 
Ал  драмалық  шығармалар  мектеп  бағдарламасында  ӛте  аз  қамтылған. 
Орта буында бір ғана шығарма  Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» (8-сыныпта) 
драмалық  шығармасы,  әдебиеттің  тарихи  курсын  қамтитын  10-11  сынып-
тарда  монографиялы  оқылатын  қаламгерлер  шығармашылығы  ауқымында 
ғана қарастырылады.  
Мектеп  бағдарламасында  әдеби  жанрдың  барлық  түрі    оқытылады.  5-
сыныпта  эпостық  шығармалардан  басталып,  орта  және  жоғары  сыныптарда 
лирикалық, драмалық шығармалар беріледі. Оқушылар мектеп қабырғасында 
жанр  туралы  мағлұмат  алып,  эпикалық,  лирикалық  және  драмалық  шығар-
маларды оқып талдайды. Әдеби жанр түрлерін оқыту арқылы оқушылардың 
білім  деңгейін  арттырып,  шығарманың  кӛркем  қырларын  таныту,  талғамын 
қалыптастыру мақсаты кӛзделеді. 
Әдеби  теориялық  ұғымдарды  қалыптастырудың  маңызды  саласы  – 
жанр  түрлерін  таныту.  Ортаңғы  сыныптардың  бағдарламалық  материалы  әр 
жанрлы  ауыз  әдебиеті  түрлерінен,  жеке  авторлар  шығармаларынан  тұрады. 
Мұғалім  кӛркем  мәтіндердің  тақырыбы  мен  кейіпкерлерін,  идеялық  мазмұ-
нын  талдап  қана  қоймайды.  Сол  мәтіннің  түрін  де  атап,  қай  жанрға  жата-
тынын,  сол  жанрдың  ӛзіндік  ерекшелігін  таныстырып  отырады.  Жанрлық 
ерекшелік  деген  –  кӛркем  мәтіннің  ӛзге  шығармалардан  ӛзін  айырып,  таны-
татын ерекшелік. Ол – тақырыбы мен идеялық мазмұны жағынан ғана емес, 
ӛзіндік  табиғатынан,  баяндалу,  бейнелену  түрінен  де  шығарманың    образы, 
композициясы, тілі, кӛлемі жағынан да танылады. 
Әдебиетті  оқытудағы  методикалық  жұмыс  түрлері  кӛркем  мәтіннің 
жанрлық ерекшелігіне де байланысты ӛзгеріп, алмасып отырады. Жанр таби-
ғаты  сабақта  қандай  әдіс-амалдар  қолдануды  күні  бұрын  айқындауды  керек 
етеді. 
Оқушылардың әдебиет теориясынан алатын білім кӛлемі әр сыныптың 
бағдарламасында мӛлшерлі түрде кӛрсетілген және оқулық-хрестоматиясына 
енгізілген. Алайда бұл мәселе әлі тиянақты шешілмей келеді.  
5-7  сынып  бағдарламасында    әдебиет  теориясынан  берілетін  білім 
жиынтығын мӛлшерлеп белгілегенде, алдымен оқушылардың жас ерекшелігі, 
білім  кӛлемі,  әр  сыныпта  ӛтілетін  әдеби  материалдық  ерекшеліктері  ес-
керіледі.  
                                                           
1
 Қабдолов З. Сӛз ӛнері, А., Жазушы 1985. -271 б. 

146 
 
Жалпы  білім  беретін  мектептердегі  әдеби-теориялық  білім 
мазмұны.  Егер  де  әдебиет  теориясынан  қазіргі  қолданып  жүрген  әдебиет 
бағдарламасында  келтірілген  білім  жиынтығын  талдап  қарағанда,  онда 
кӛркем әдебиет, әдеби шығарма, әдеби үдеріс туралы білімнің әрқайсысынан 
мағлұмат берілген. Бұл әдеби-теориялық мағлұматтарды әр сала бойынша әр 
сыныпқа мӛлшерлеп бӛлгенде, тӛмендегідей 6 жүйемен жүргізіледі: 
Бірішіден,  ауыз  әдебиет  пен  жазба  әдебиетінің  ерекшеліктері 
қарастырылады. Әуелі әдебиеттің ӛнердің бір саласы және оқу пәні ретінде 
сипатынан  басталып,  халық  ауыз    әдебиеті  туралы  түсінік  5,6  сыныптан 
бастап беріле бастайды. Халық ауыз әдебиетінің түрлері: тұрмыс-салт жырла-
ры,  олардың  түрлері,  ерекшелігі;  жан-жануарларға  және  наурызға  байла-
нысты  жырлар;  мақал-мәтелдер,  мақал-мәтелдердің  ерекшеліктерін  аңғарту; 
жұмбақтар;  ертегілер,  оның  жанрлық  ерекшелігі;  әдеби  ертегілер,  олардың 
халық ертегілерінен айырмашылығы аңыз-әңгімелер, шешендік сӛздер; әпса-
налар (діни мифтік әңгімелер) батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, айтыс 
туралы ұғым түсінік 5-сыныптан басталып, 9-сыныпта кеңейтіле оқытылады. 
Екіншіден,  әдеби  жанр  туралы  білім  қалыптастыру  кӛзделеді.  
Әдебиеттің тегі мен жанрлары:  лирикалық жанр бойынша: ӛлең тілі туралы 
мәлімет, ӛлең пафосы, ӛлең ұйқасы; лирикалық қаһарман туралы түсініктерін 
дамыту;  философиялық  лирика  туралы,  азаматтық  лирика  туралы  ұғымды 
кеңейту,  лиризм,  ақындық  тіл;  әдебиеттегі  сопылық  поэзия;  жыр  жанры 
туралы түсінік; жыр, толғау, терме, жыршы ұғымдары; тұрмыс-салт ӛлеңде-
рінің жанрлық ерекшеліктері. 
эпикалық  тек  бойынша:  мысал  ӛлеңдер,  мысал  ӛлеңдердің  ерекшелігі 
туралы;  мысал  жанры  туралы  ұғымды  кеңейту,  әңгіме  жанры,  әңгіме 
туралы  ұғымды  кеңейту;  батырлар  жыры  туралы  түсінік;  лиро-эпостық  
жырлар туралы түсінік; ертегілердің жанрлық ерекшелігі;   аңыз туралы; 
миф  туралы;  баллада  туралы  ұғым;  хикаят  туралы,  хикаят  туралы  ұғымды 
кеңейту;  серкесӛз  туралы  ұғым;  поэма  туралы  ұғымды  тереңдету,  тарихи 
поэма  туралы  ұғымды  тереңдету;  повесть  туралы;  деректі  шығармалар 
туралы  алғашқы  түсінік;  фантастикалық  шығармалардың  табиғаты 
туралы  алғашқы  ұғым;  тарихи    роман;  роман туралы ұғымды тереңдету; 
роман-эпопея туралы ұғым т.б. 
Драмалық  тек  бойынша:  драмалық  шығармалар  туралы,  драмалық 
тартыс туралы, трагедиялық образ туралы алғашқы қарапайым түсінік қалып-
тастыру кӛзделген. 
Үшіншіден,  ӛлең  сӛз  және  қазақ  ӛлең  құрылысы  туралы  ұғым 
қалыптастырылады. Ӛлең құрылысы: ӛлеңдегі буын, бунақ, тармақ, шумақ,  
ӛлең ұйқасы; қара ӛлең ұйқасы туралы білім беріледі.  
Тӛртіншіден,  шығарманың  құрамды  элементтері  (кӛркемдік  компо-
ненттері  туралы),  троп  пен  фигураның  түрлерін  таныту  мақсат  етіледі: 
а)  шығарманың  кӛркемдегіш  құралдары:  метафора  туралы  ұғым,  метафора-
лық шендестірулер; эпитет, теңеу туралы ұғымдар;  кейіптеу туралы; гипер-
бола  туралы  ұғым,  антитеза,  аллегория;  құбылту,  дыбыс  қайталау  (ассо-
нанс,  аллитерация).    ә)  образ,  образдылық  ұғымы:  типтік  образ;  романти-

147 
 
калық  образ;  кейіпкер  туралы;  лирикалық  кейіпкер,  кейіпкерге  мінезде-
ме; типтік бейне, портрет туралы ұғымды дамыту  т.б. қамтылады. 
Бесіншіден,    шығарманың  тіл  кӛркемдігі  мен  сӛйлем,  стиль  ерекше-
ліктері  туралы  ұғым  беріледі:  шығарманың  тілі,  портреттік,  мінездемелік 
суреттер;  шығармадағы  суреттеу,  баяндау,  мінездеу,  сипаттау    тәсілдері,  
портреттік  суреттеу,  психологиялық  параллелизм,  пейзаж,  риторикалық 
сұраулы  сӛйлем;  ирония,  сатира  туралы  ұғым,  ішкі  монолог.  т.б.  қарас-
тырылады.  
Алтыншыдан,  кӛркем шығарма ерекшелігі, шығарманың сюжеті мен 
композициялық  құрылысын  таныту  кӛзделеді:  шығармадағы  суреттеу, 
баяндау, сипаттау түрлері; кӛркем  шығарманың  тақырыбы  мен    идеясы; 
шығарма  құрылысы,  сюжет  туралы,  шығарма  композициясы;  кӛркем 
шығарма  және  тарихи  дерек,  кӛркем  шығармадағы  характер  мен 
ортаның,  жағдайдың  ӛзара  байланысы;  әдебиеттің  ӛмірмен,  тарихпен 
байланысы;  мотив;  ӛмір  және  кӛркемдік  шындық;  сыншыл  реализм  т.б. 
мәселелер қарастырылады.   
Байқап  отырғанымыздай,  жалпы  білім  беретін  мектептердің  5-11  сы-
ныптарында  қамтылатын  әдеби-теориялық  білім  мазмұны  осы.  Әдеби  білім 
қалыптастыруға  мүмкіндік  мол,  әдеби-теориялық  ұғымдар  еркін  қамтыл-
ғанын байқауға болады. Әдеби білім мазмұны сыныптар бойынша жіктеліп, 
әдеби материалмен сабақтастырыла берілген.  
Әдеби-теориялық білімнің сыныптар бойынша жіктелісі. Шығарма 
және ақын, жазушы туралы 5-сыныпта жазба әдеби шығармамен қатар  қазақ-
тың халықтық ауыз әдебиетінің нұсқалары да ӛтіледі (мақал-мәтел, жұмбақ, 
ертегі,  айтыс  үлгілері).  Осыларды  оқып  үйренумен    байланысты  халықтың 
ауыз  әдебиеті  мен  жазба  әдебиетінің  арасында  қандай  түбегейлі  айырма-
шылық  барлығын    айыра  білуге  алғашқы  бақылаулар  жасалады.  Ал  ақын-
жазушылардың шығармаларын ӛткенде, олардың идеялық мағынасын аңғара 
білуге баулиды.  
6-сыныпта  оқушылардың  бұл  жӛніндегі  алған  ұғымдары  кеңейтіледі, 
шығармадағы  суреттелетін  кейіпкерге  авторлық  қарым-қатынаты  аңғарту 
кӛзделеді.  Сонымен бірге, олардың ӛмір-тіршілік жағдайына автордың кӛз-
қарасы  қандай  екеніне  бақылау  жасалады.  Сондай-ақ  әдеби  шығарманың 
жарық кӛруіне негіз болған тарихи фактілерді де түсіне білуге үйренеді.  
7-сыныпта  ақын,  жазушылардың  ӛмірбаяны.  Оның  дүниетанымы, 
кӛзқарасы  туралы  ұғым  беріледі.  Ӛмір  шындығы  юморлық  және  сатиралық 
тәсілмен  қалай  суреттелетінін  аңғарады.  Оқушылардың  кӛркем  әдебиет, 
әдеби шығарма және ақын, жазушы жоғарыда ӛткен сыныптарда алған білім, 
дағдылары  дамытылып  тереңдей  түседі,  жинақталып  тұжырымдалады. 
Мысалы, бұл  сыныпта  оқушылар кӛркем  әдебиет  сӛз  ӛнері екені,  онда  ӛмір 
құбылысын  кӛркемдеп  суреттеудің  шыншылдығы,  типтілігі,  әдебиеттің  ха-
лықтығы,  идеялылығы  сияқты  мәселелермен  танысады.  Әдебиеттегі  жағым-
ды образ туралы ұғым алып, жазушының шығармасында қолданылатын иро-
ния мен сарказм сияқты кӛркемдік тәсілдерін байқап біледі.  

148 
 
Оқушыларға  әдебиет  теориясынан  берілетін  білімнің  2  саласына 
кӛркем шығарманың құрамды элементтері жатады. 5-сыныпта лайықты әдеби 
шығарманы  оқып  үйрену  негізінде  оқушылар  баяндау  мен  суреттеу  туралы 
жалпы  ұғым  алады;  шығармадағы  кейіпкерлер  мен  оқиғаларды  тауып 
ажырата білуге үйренеді. 
6-сыныпта  оқушылардың  суреттеу  туралы  ұғымдары  кеңейтіліп, 
портрет,  пейзаж,  авторлық  мінездеу  туралы  түсінік  беріледі.  Баяндау  мен 
суреттеудің  үстіне  диалогпен  танысып,  оның  шығармадағы  кейіпкерлердің 
мінез-құлқын ашудың бір құралы, тетігі екендігін таниды.  
7-сыныпта  бұлармен  қатар  лирикалық  монологтың  белгісіне  бақылау 
жүргізіледі.  Әдеби  шығарманың  тақырыбы  мен  идеясы  туралы,  зат-жағдай 
бейнеленген  суреттеу  туралы  ұғым  беріледі.  Әдеби  шығарманың  тақырыбы 
мен  идеясы  туралы  ұғым  қалыптасады.  7-сыныпта  кӛркем  шығарманың 
құрамды элементтері жӛнінде ұғым қалыптасады.  
Келесі  сала  –  шығарманың  сюжеті  мен  композициялық  құрылымына 
байланысты  мәселелер.  Бұлар  да  жоғарыда  айтылған  шығарманың  құрамды 
элементіне  жатады.  Бірақ  композиция  мен  сюжет  шығарманы  талдаудағы 
күнделікті  мәселелердің  қатарына  жататындығын,  оқушылардың  бұл  жӛнін-
дегі ұғымдарын бірте-бірте сатылап қалыптастыру жолы айқын кӛрінуі үшін, 
ӛз  алдына  жеке  алып  қарастырылады.  Мысалы  5-сынып  оқушыларына  шы-
ғарманың  композициясы  деген  термин  айтылмайды,  яғни  қолданылмайды. 
Оқушы  шығарманың  композициялық  құрылысын  оның  жай  және  күрделі 
жоспарын тізу арқылы танысады. Осының нәтижесінде шығармаға тұтастық 
сипат  беріп  тұрған  негізгі  бӛлімнің  арасындағы  байланысын  айырып  біледі. 
Ол үшін бағдарламадағы  ӛлең сӛз түріндегі және прозалық шығарма таңдап 
алынады.  Мектеп  тәжірибесінде  кӛбіне  прозалық  шығармалардың  компози-
циялық  құрылымы  қарастырылып  жүр.  Ал,  лирикалық  шығарманың  ішкі 
бӛліктерін  шумақтар  арқылы  ажырту  жиірек  ұшырасады.  Айта  кетерлік 
мәселе,  композициялық  құрылым  барлық  шығармаларға  табиғи,  тән  дүние. 
Сондықтан  мектеп  қабырғасынан-ақ  шығарманың  композициялық  құрылы-
мын ажыратып білген жӛн.  
6-сыныпта  шығарманың  композициялық  құрылысына  байланысты 
ұғым кеңейтіле түседі. Шығарманың құрылысымен танысу барысында, онда-
ғы  табиғат  суретінен  (пейзаждың)  және  басқа  да  кӛркемдік  композицияның 
(элементтерінің)  қандай  рӛл  атқарып  тұрғанын  айырып  біледі.  Ӛйткені 
шығармадағы  оқиғаға  кейіпкердің  күйініш-сүйінішіне  байланысты  пейзаж-
дың атқаратын рӛлі алуан түрлі және ол шығармалардың идеялық-тақырып-
тық  мазмұнына  бағынышты  болады,  яғни  соған  лайықты  болып  келеді. 
Сондай-ақ  оқушылар  шығарманың  қорытынды  бӛлімі  композицияның  құра-
мында  қандай  рӛл  атқарып  тұрғанымен  де  танысады.  Қорытынды  бӛлімге 
баяндау  түрінде  жазылған  кӛлемді  шығармада  кейде  эпилог,  драмалық 
шығармада немесе спектакльде апофеоз, яғни пьесаның соңғы суреті жатады. 
Мұндай  сурет  оқиғаның  салтанатты  түрде  аяқталатын  мадақтау,  оның 
қаһармандарын  мақтаумен  аяқталады.  Лирикалық  ӛлеңдерде  ойдың  түйіні 
кӛбіне  соңына  беріледі.  Алайда  ӛзгеше  келетін  құрылымды  ӛлеңдер  де  бар. 

149 
 
Мысалы, «Шығамын тірі болсам адам болып» ӛлеңінде негізгі ой мен соңғы 
байлам  алғашқы тармақта берілген.  
Мысал ӛлеңдерде бұған қорытылған түйінді пікір, ақыл-ӛсиет сӛз жата-
ды. Абайдың «Есек пен бұлбұл» мысал ӛлеңіндегі:  
Демеймін мені мақтасын,  
Я жақсын, я жақпасын.  
Сонда да мұндай сыншыдан 
Құдайым  бізді  сақтасын
1
,–  деген  соңғы  сӛз,  авторлық  қорытынды  ой 
кӛрінеді.  Кейде  шығарманың  қорытынды  бӛлімінің  рӛлін  қайталаудың  бір 
түрі эпифора да атқарады. Мұндай ӛлең тармақтарының соңында ылғи бір сӛз 
қайталанады. Бұл кӛркемдік тәсіл поэтикалық тілдің әуезділігін, ӛрнектілігін 
күшейту мақсатында қолданады. 
5-7  сыныптарда  пейзаждың  бірнеше  түрі  кездеседі.  Оқушылар 
Абайдың  пейзаждық  ӛлеңдерімен  танысады.  Солардың  ішінде  лирикалық 
пейзажға тоқталайық.  
Ы.Алтынсариннің  «Ӛзен»  деген  ӛлеңі  лирикалық  пейзажға  жатады. 
«Ӛзен» ӛлеңінде таудан аққан ӛзеннің кӛрінісі, ағысы, тоғай, кӛк шалғын шӛп 
т.б. мал шаруашылығымен кәсіп еткен кӛшпелі елдің ӛмір тіршілігінде ӛзен-
нің  қандай  пайдасы,  маңызы  барлығын  кӛрсету  болса,  екіншіден,  ақынның 
туған  ӛлкесінің  табиғатын  жылы  леппен  сүйсіне  жырлаған  сезімін,    кӛңіл-
күйін білдіреді.  
Оқушылар әдебиеттік шығармадағы пейзаж, затты, жағдайды суреттеу 
сияқты  компоненттерді  шығарманың  идеялық-кӛркемдік  мазмұнын  айқын-
дауда, ұғынуда да маңызды рӛл атқаратынын түсінуі қажет. 
Сабақ  барысында  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  қарым-қатынастар 
жаңа  қағидаларға  негізделеді,  ол  нәтижелі  тәлім-тәрбие  алуға,  азаматтыққа, 
отансүйгіштікке,  зиялылыққа,  адам  құқықтары  мен  бостандықтарын, 
мемлекеттік  рәміздер  мен  ұлттық  дәстүрлерді  сыйлауға,  ӛзінің  және  қоғам-
ның, болашақ ұрпақтың алдындағы әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы 
ӛз  іс-әрекетіне  жауапкершілігін  сезінуге,  гуманистік  дүниетанымды  қалып-
тастыруға бағытталады. Бұл – қоғамымыздың қазіргі кезеңдегі басты талабы.  
Мектепте әдебиет теориясынан берілетін білім мазмұны сыныптардағы 
кӛркем  шығарма  мазмұнымен  қабысып  жатады.  Оны  жалпы  білім  беретін 
мектептерге  арналған  әдебиет  оқу  бағдарламасынан  да  кӛруге  болады. 
Бағдарламада  қамтылған  әр  тақырып  бойынша  әдебиет  теориясынан  бері-
летін  білім  арнайы  кӛрсетілген.  Мысалға  5  сыныпқа  арналған  бағдарла-
мадағы бір тақырыпты алайық:  
«Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шілде». (1 сағат). 
«Шілде» ӛлеңіндегі жеке кӛрініс суреттері. Ақынның табиғаты жандан-
дыра, адамиландыра суреттеулерінің Абай ӛлеңдеріне ұқсастығы. Ӛлең тіліне 
байқаулар жасау. 
                                                           
1
 Абай. Шығармаларының толық жинағы 2 том. А., Жазушы, 67 б. 

150 
 
Әдебиет теориясы: Кейіптеу туралы»
1
. Бағдарламада кӛрсетілгеніндей 
осы  тақырып  аясында  ӛлең  тіліне  назар  аударту,  кейіптеу  ұғымын 
қалыптастыру міндеттелген.  
Әр  сынып  бойынша  оқылатын  кӛркем  шығармалардың  оқушы 
ұғымында терең із қалдыруы әдебиет теориясынан қалыптастырылатын білім 
мазмұнына  да  қатысты.    Әдебиет  пәні  адамтану  құралы    ретінде  оқушы-
нының  дүниетанымын  қалыптастырып,    ӛзіндік  пікірі  мен  танымын 
молайтуға  зор  үлес  қосады.  Сонымен  қатар  әдебиет    ӛнер  пәні  ретінде 
оқушының  эстетикалық  танымы  мен  талғамын  қалыптастырады,  сезімін 
тәрбиелейді. Осы міндетті жүзеге асыруда әдебиет пәнінің иек артар бірден-
бір  кӛмекшісі  —  әдебиет  теориясынан  берілетін  әдеби  жанр  ерекшелігін 
таныту.  
Жылпы  білім  беретін  қазақ  мектептерінде  жыр  жанрын  оқыту. 
Жалпы білім беретін мектептердің әдебиет пәні бағдарламасында қамтылған  
әдеби жанрлардың бірі – жыр. Жыр (кӛне түркі тілінде - иыр) кең мағынада, 
поэзиялық шығармалардың жалпы атауы. Кӛне түркі тіліндегі «иырә сӛзі де 
қазіргі  «поэзия»  терминінің  мағынасында  қолданылған.  Бұл  атау  дәл  осы 
мағынада  қазіргі  қарақалпақ,  қырғыз,  ноғай,  татар,  қарашай,  башқұрт,  тағы 
басқа түркі тілдерінде әлі күнге дейін қолданылады. 
Кез-келген жанрдың туып қалыптасуына  уақыт керек.  Сонымен қатар 
әдеби  жанрдың  халық  арасындағы  ӛміршеңдігі  сол  халықтың  әлеуметтік 
жағдайы  мен  этникалық  ерекшелігіне,  тұрмыс  жайына  икемді  келіп,  сол 
халықтың рухани дүниесіне біте қайнасып кету қасиетті де себепкер болады. 
Жыр қазақ халқының жанына жақын жанр. Поэтикалық тіл мен табиғаты әнге  
жақын қазақтай халық  дүние есігін ашқаннан бастап жырмен жетілген. Бесік 
жыры,  әңгіме-жырлар,  әдет-ғұрып  жырлары:  ау-жар,  беташар,  тойбастар, 
жоқтау  т.б.  ӛлең-жырлар  халық  ӛмірінің  туғаннан  жер  қойнына  енгенге 
дейінгі  бар  ғұмырындағы  рухани  серігі.  Ел  батырын  мадақтаса  батырлар 
жырын  жырлап,  махаббаттты  дәріптесе    ғашықтық  жырлардан  азық  алған  
ӛткен кезеңде жыр  жанрын ӛзінің айнымас серігі еткені де  жанрдың халық 
жадына жайлылығы мен қажеттілігінен туындаса керек. 
Жырдың    қазақ  халқындағы  жанрлық  табиғанын  тарата  айтар  болсақ, 
ол    –  қазақ  халық  поэзиясындағы  7  -  8  буынды  ӛлең  ӛлшемі,  поэзиялық 
шығарма.  Қазақ  ауыз  әдебиетіндегі  батырлар  жыры,  лиро-эпостық  жырлар, 
тарихи  жырлар,    жыраулар  поэзиясы,  толғаулар,  термелер,  т.б.  түгелдерлік 
поэзияның осы ӛлшемдегі үлгісіне құрылған. Қазақ жазба поэзиясында жыр  
үлгісі кеңінен қолданылады. Ӛлең ӛлшемінде жыр үлгісі қара ӛлеңмен қатар 
жарыса  жүреді.  Жыраулар  поэзиясынан  бастап  қазіргі    ақындар 
шығармаларында жыр үлгісі молынан ұшырасады. Абай да  жыр үлгісін еркін 
қолданған. Буын санын тұрақтандыра  қолданған. «Патша құдай сыйындым», 
«Интернатта  оқып  жүр»,    «Ғылым  таппай  мақтанба»,  «Жаздыкүн  шілде 
болғанда», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Бӛтен елде бар болса», «Ішім ӛлген, 
                                                           
1
 Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама. V – IX,  X – 
XI  сыныптар, - А., 2013. 

151 
 
сыртым  сау»,  «Болыс  болдым,  мінеки»,  «Сәулең  болса  кеудеңде»,    «Ӛзгеге 
кӛңілім  тоярсың»  т.б    шағын  ӛлеңдер  мен  аудармаларында  жыр  үлгісін 
қолданады.  Абайда  да  жыр  үлгісінің  ӛлшемі    түрленіп  қолданылады.  
Абайдан    бергі  жазба  әдебиетінде  де  жыр  үлгісінің    байырғы  ӛлшеміне 
ӛзгерістер енген.  Ауыз әдебиетіндегі жыр ӛлшеміне аралас буын тән болған. 
Мұндай  ӛлшем  қазақ  халқының  толғауларында,  ноғай  халқының 
йырларында,  башқұрт  халқының  қобайырларында,  қырғыз  халқының 
санатында  сақталған.  Тармақтарындағы  буын  саны  7-ден  15-ке  дейін 
ұшырайтын болған. Аралас буынды үлгілер батырлар жырында да кездеседі. 
Тыңдаушысына  ауызша    жететін    жырда  аралас  буын  санын  қолдану 
мақсатты  түрде  болатын  сыңайлы.  Бұл  да  бір  тыңдарманды  еліту,  жалық-
тырмау мүддесінен туындайтын болар.   
Поэзияда  ӛлең  жолдары  тұтасып  келіп,  шумақ  құрайды,  ал  жыр 
тармақтары  тирада  түрінде  шоғырланады.  Ғалымдардың  пікірінше  тарихи 
генетикалық тұрғыдан тирада үлгісі шумақтан бұрын қалыптасқан. Яғни жыр 
ӛрнегі  ӛзге  ӛлшемдерге  қарағанда  әлдеқайда  ерте  туған.  Жырдағы  тирада 
үлгісіндегі  тармақ  пен  ұйқас  мӛлшері  және  олардың  арақатынасы  қатаң 
сақталмай, жиі ӛзгеріп, құбылып отыратын болған.   
Мәселен, «Алпамыс батыр»  жырында: 
Кеуделері кепедей, 
Мұрындары тӛбедей, 
Күрек тісі кетпендей, 
Кеңірдегі перғауынның кӛріндей, 
Отырған орны алты қанат  үйдің тӛріндей, 
Құлақтары қалқандай 
Мұрындар сығымдалған талқандай
Кӛздері терең зындандай, 
Басқан ізі от орнындай, 
Аузы ошақтай, 
Мұрын тесігі үңгірдей, 
Иегі  сеңгірдей  болды.
1
    Бұл  мысалда  барлық  тармақтағы  ұйқас  теңеу 
бір  тәсілімен  жасалған,  ал  буын  саны  ӛзгеріп  келіп  отыр.  Тағы  бір  мысал 
Байсары байға Кӛкеманның айтқанынан: 
Лағлы маржан садақты
Дұшпанға еттік әдепті. 
Арада жаушы жүрмектік –  
Кет – құдалардан қалған әдеп-ті. 
 
Қарағайдан найза ту байлап, 
Тігіп бәйге келгенмін, 
Ақ кіреуке кӛз ойнап, 
Сәлемдікке келгенмін... 
 
                                                           
1
 Батырлар жыры.Алматы: Жазушы, 1986. 

152 
 
Сізде қыз бар, бізде – ұл, 
Қызыңа келген жаушымын. 
Біреуге  жалын ӛресің, 
Қоңыратттан шыққан тӛресің. 
Тайшадан келген  тоғызбыз... 
Патша десең – Тайшаға, 
Батыр десең – Қаражанға 
Ықтиярың Байсары, 
Баршыныңды бересің...
1
  Аталған тираданың ішінде ырғақ бірнеше рет 
құбылып  ӛзгертіліп  келіп  отыр.  Бұл  –  тирада  пішініне  тән  ӛзгешелік.  
«Жырдың  ұйқасы  дара  ұйқас  (монорифма)  және  аралас  ұйқас  (полирифма) 
болып  бӛлінеді.  Аралас  ұйқас  негізгі  ұйқас  пен  қосымша  ұйқастардан 
тұрады».
2
  
Жыр  жанрының  осындай  ӛзіндік  ерекшеліктері    аталған  жанрды 
оқытуда  да    басты  назарға  тұтатын  мәселелер.  Жалпы  білім  беретін  қазақ 
мектептерінің  6-сыныбынан  бастап    батырлар  жыры  оқытыла  бастайды.  5-
сыныпта ауыз әдебиетінің тұрмыс-салт жырлары, аңыз, ертегілерінен бастап 
әдебиетттің  барлық    дерлік  жанрын  қамтитын    жалпы  білім  бағдарламасы 
бойынша  лиро-эпостық  жырлар  7  сыныпта,  жыраулар  поэзиясы  8  сыныпта 
оқытылады.  Демек, жырды орта буын сыныптарда 10-14 жас аралығындағы 
оқушыларға  оқыту  жоспарланып  отыр.  Оқушының  таным  деңейінен  қара-
ғанда  да  физиологиялық  ерекшелігінен  де  аталған  сыныптар  дұрыс  таң-
далған.  Себебі  қазақтың құнарлы  тілін,  мол  сӛздік  қорын  қамтитын  жырлар 
оқушыларға  дер  кезінде  сіңіріліп,    тілдік  қоры  мен  таным  деңгейін,  рухани 
болмысын қалыптастырады деген  ізгі мүддеден туындайды. 
 Ата-бабамыздың дәстүрінде немесе аға буын ұрпақтың  тәжірибесінде 
жырды сағаттап  тыңдау,  жадында тұту, сол арқылы рухани жетілу  болған-
дығы  мәлім.  Бүгінгідей  арнаулы  мектеп,  оқулық  техникалық  құралдардың 
болмаған кезеңінің ӛзінде жырды меңгеру дәрежесі  бүгінгіден артық болған 
сияқтанады.  Оған  дәлел  ауыздан-ауызға  таралып  бүгінге  жетуі  әрі  бір  ғана 
жырдың ӛзінің бірнеше  нұсқаға түрленуі молаюы  деуге болады.  Мәселен, 
«Айман-Шолпан» жырындағы Айманның  Кӛтібарға айтқан уәждері, батыр-
лардың алдынан шыққан Теңгеге айтқан ұтқыр сӛздері шешендік пен шебер-
лік үлгісіндей. Сүйсіне  тыңдап, жадқа тұту қазақ қауымы үшін әдеттегі жай.  
Ал бүгінде жырды жаттаған оқушы, тіпті батырлар жырының сюжетін 
білетіндері  де  сирек.    Бұл  –  жырға  деген  қызығушылықтың  тӛмендеуі.  Ал, 
қызығушылықтың  тӛмендеуін  бірнеше    мәселе  тӛңірегінен  іздеуге  болады: 
Жалпы  кӛркем  әдебиетке  оқырмандықтың  тӛмендеуі,    ақпарат  ағымының 
молдығы, интернет желісінің дәстүрлі білім кӛзін ығыстыруы т.т.   
Дегенмен,  жырға  оқушы  қызығушылығының  тӛмендігін  тікелей  оқу 
үдерісінен  іздеген  абзал. Бүгінгі  мектепте жыр жанры  қалай  оқытылып жүр 
деген  заңды  сұрақ  туындайды.  Біріншіден,  мектеп  бағдарламасына  сәйкес 
                                                           
1
 
Батырлар жыры.Алматы: Жазушы, 1986.
 
2
 Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: Аруана,  ЖШС, 2010. 

153 
 
жазылған  оқулықтарда  жырдың  қысқаша  үзінділері  берілген.  Жырдың 
сюжетінің  ширегі  қамтылған  үзінділерді  ұсынуда  шығарманың    желісінің 
сақталуы, бірізділік айтарлықтай сәтті емес. Онсыз да  қызығушылығы тӛмен 
оқушы ондай шығарманы оқуға құлықты емес.  Екіншіден, тұрмыс, тіршілік, 
әлеуметтік 
жағдай, 
ӛміртанымдық 
дүние 
бүгінгі 
мен 
кешегіне 
салыстырғанның  ӛзінде  ӛте  алшақ.  Бұл  да  ӛз  кезегінде  қызығушылықты 
тӛмендетеді. Үшіншіден, жырдағы тілдік қабат қою, сӛздік қор аса салмақты. 
Ұстаз тарапынан кӛп ізденіс пен іс-тәжірибені қажет етеді. Оқушының тілдік 
қорын  молайту  үздіксіз,  сатылы  шеңбер  түріндегі  оқыту  ұстанымын    талап 
етеді.  Яғни,  5  сыныптағы  ертегідегі  оқыған  ұғымдар,  тұрмыс-салт  
жырларында  қайталанып,  батырлар  жыры  мен  лиро-эпостық  жырларда 
дамыта  қайталануы  қажет-ақ.  Сонымен  қатар  рухани  әлемге  тарту, 
қызықтырудың  басқа  да  әдістерін  (рӛлдік  ойындар,  іскерлік  ойындар, 
оқытудың  замануи  әдістерін)  пайдалануды  барлық  мұғалім  бірдей  атқара 
бермейтінін ескермеске тағы болмайды.  
Осындайда  оқытудың  ең  қарапайым  жолын  еске  алмайтынымыз 
таңдандырады.  Мәселен,  ата-бабамыз  жырды  қандай  жолдармен  меңгерді 
деген заңды сұрақ туындаса керек-ті. Ӛткен ғасырда жырды қазіргідей қағаз 
бетіне түсіріп оқыды десек, адам иланбас еді. Ондай мүмкіндік те, қажеттілік 
те  болған  жоқ.  Жыр  –  ол  музыкалық  шығарма.    Жыр  жанры  ӛз  кезегінде 
жыршыны,  жырауды  туғызды.  Жыршы    жырды  әуезбен,  кӛркем  мақаммен 
қобыз,  домбыра  сияқты  аспаппен  жеткізген.  Ал  музыкалық  шығарманы 
аспаппен, үнмен қабылдау заңдылық. Сонда ғана ол  әсер туғызады. Ал ХХІ 
ғасырда  жырды  сол  компоненттерінен  жалаңаштап,  қағаз  арқылы 
қабылдатуға талаптану  жақсы нәтижеге жеткізбейді.  
Қабылдаудың үш тетігі бары мәлім, олар: тыңдау арқылы,  кӛру  және 
ұстау    арқылы.  Барлық  поэзиялық  шығармаларда    тыңдау  қабылдаудың 
алғашқы  сатысы  болуы  шарт.  Себебі  поэзия  –  сезімдік  шығарма.  Ол 
тыңдалуы, үн арқылы сезімге ықпал етуі керек. Ал жыр онсыз да музыкалық 
шығарма  болуы  себепті    жырды  ең  әуелі  тыңдату  бұлтартпай  орындалатын 
әрекет-тәсіл болуы керек. Ӛкінішке орай, оқулық құрастырушы авторлар осы 
бір  қарапайым  нәрсені  ескермеген.  Себебі,    6-сыныптың  да,  7-сыныптың  да  
әдебиет  оқулығында    жырдың  үнтаспасы    оқулыққа  қосымша  ретінде 
ұсынылмайды.  Қолында  құралы  жоқ  мұғалімнен  нәтиже  талап  ету  ретсіз.  
Яғни  мектепте  жыр жанрын оқыту кезеңінде  жыр тыңдалмайды деген сӛз. 
Жыр әуені оқушы құлағына сіңірілмейді. Ӛз уақытында, оқушы жасының дер 
кезінде  тыңдалмаған  жыр  есейген  тұста  құлаққа  жаттық  етеді.  Бүлдіршін 
шағында  естімеген  жырға    бала  құлағы  тосырқап,  ӛз  тӛл  мәдениеті  мен 
музыкасына  да  ӛгейлік  жасауға  итермелейді.  Сондықтан  болар,  жыр, 
термелерге,  кейіндеп  халықтың  дәстүрлі  ән-жырларына  деген  де  қызы-
ғушылық тӛмендеген.  
Сонымен,  мектепте  батырлар  жырын  оқытуда  ең  әуелі  жырды 
тыңдатудың  қаншалықты  маңызды  екенін  баса  айтқымыз  келеді.  Жырдың 
мазмұнын    меңгертуге  арналған  алғашқы  сағаттағы  сыныптық  жұмыс, 

154 
 
сыныптан тыс үйге берілетін тапсырманың да денін жырды тыңдатуға арнау 
керек. Жырдың тирадалық түйдектері де тыңдау кезінде айқын танылады.  
Жыр    сюжетті  шығармалар  қатарына  жатады.  Оны  оқыту  мен  талдау, 
саралау  жұмыстарында  тақырып  пен  идеяға,  образдар  жүйесіне,  тілдік 
ерекшеліктеріне, жанрлық ерекшеліктеріне баса кӛңіл бӛлінеді.  Шығарманы 
оқу  мен  талдау  үдерісінде    басты  нысан      жырдың  мазмұндық,  жанрлық, 
кӛркемдік  сипаты  болып,  ол  оқушы  мен  мұғалімнің  ынтымақтасқан  шығар-
машылық  жұмысының  ӛзегіне    айналса,    қазақтың  әдеби-музыкалық  құн-
дылығы болып саналатын жырды тану, бағалау дәрежесі де  кӛтерілер еді. 
Кӛркем  шығарманы  оқытуда  әдеби  теориялық  білімдерді  сабақтың 
негізгі ӛзегіне айналдыру  әдебиеттің сырын ұғынуға, оқу бағдарламасының 
талаптарына сай қазақ және туысқан халықтар, әлем әдебиетінің кейбір озық 
үлгілерінен терең білім қалыптастыруға жол басшы бола алады. Ӛзіндік ой-
тұжырымдар,  дұрыс  пайымдаулар,  тың  қорытындылар  жасауға  мүмкіндік 
жасайды. Алайда, бұл оңайшылықпен іске аспайтыны белгілі, оқушылардың 
білім  алу  кӛзі  оқулық  болғандықтан,  әдебиет  пәнінде  берілген  ақын-
жазушылардың  еңбектерін,  халық  ауыз  әдебиеті  үлгілерін,  ежелгі  дәуір 
әдебиетін  жан-жақты  терең  меңгеруде  талдаудың  рӛлі  ерекше  екені  үнемі 
назарда  болғаны  орынды.  Қазіргі  заман  талаптарына  сәйкес  әдеби  білім 
мазмұны оқушының жас ерекшеліктеріне лайықты құрылып, ұлттық құнды-
лықтары  басым  танымдық  оқу  материалдарының  іріктеп  берілуі  ұлтжанды 
азамат, жеке тұлғаны қалыптастыруда маңызы зор.  
Әдебиеттану ғылымына алғашқы баспалдақ мектептегі әдебиет пәнінен 
басталады десек, орта  буын сыныптарда оқылатын әдебиет пәні сӛз ӛнерінің 
ӛзіндік  ерекшеліктерін  танытумен  қатар  әдебиет  танудың  алғашқы 
ұғымдарын  да  қалыптастырады.  Әдебиет  теориясынан  берілетін  алғашқы 
ұғым,  түсінік  оқушы  үшін  әдебиетті  түсінудің,  кӛркем  шығарма  табиғатын 
танудың  кілті  болып  саналады.  Мектепте  әдебиет  теориясынан  берілетін 
білімнің  дені  әрі    маңыздысы  осы  орта  буын  сыныптарды  қамтиды. 
Сондықтан  аталған  сыныптарда  әдеби  жанр  ұғымдарды  қалыптастыру 
біршама күрделі. Әдебиет теориясынан берілетін білім мазмұнын орта буын 
сыныптарда  танытып,  бірте-бірте  әдебиеттану  ғылымының  негізгі    ұсты-
нымдары мен қағидаларын ұғына беруге дейін жетелеп отыру керек. Әдебиет 
теориясынан берілетін білім үнемі  материалмен бірлікте түсіндірілуі қажет. 
Орта  буын  сыныптардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,    сабақ  үдері-
сінде  жалаң  теорияны  түсіндірмей,  практикалық  жұмыстармен    қатар  алып 
отыру  маңызды.  Яғни,    теориядан  мәтінге,  практикалық  жұмысқа  бағыт-
талмай,  керісінше  мәтін  арқылы  теориялық  ұғымға  жетелеу  қажет.  Мәтін 
талдау  кезінде  теориялық  қағиданы  ӛзі    шығара  алатындай    жағдай  туғызу 
керек.  Әр  ғылымның  негізі  оның  теориясында.  Әдебиетті  терең  тану  үшін, 
оқушылар  теориялық  ұғымдарды  жақсы  білуі  әдеби  білімге  жолбастаушы. 
Сол себепті де теориядан берілетін ұғымдар мектеп бағдарламасында  нақты 
әр тақырыптарға жіктеп берілген.  
Орта мектепте кӛркем шығарманы талдау мәселесін зерттеудің мақсат-
міндеттерін  дәйектеу  педагогикалық-психологиялық  ұстанымдарға  негіздел-

155 
 
ген  біртұтас  жүйе  арқылы  жүргізілгенде  ұтымды  болатындығы  байқалады. 
Ӛйткені,  кӛркем  шығарманы  орта  мектеп  қабырғасында  талдау  мәселесін, 
ғылыми-әдістемелік  негізде  қарастыру  сабақтың  танымдық,  тәрбиелік, 
дамытушылық  мәнін  жүзеге  асырады.  Соның  нәтижесінде  шәкірттерге 
қоршаған орта, ӛмір, адамдар жайлы әдебиеттен білім, білік, дағды берумен 
бірге, олардың жеке тұлға ретіндегі ӛмірлік танымдарын, жалпы түсініктерін 
толықтыра  түсеміз.  Осы  ретпен  жалпы  білім  беретін  орта  мектептегі  жас 
жеткіншектердің дүниеге кӛзқарасын, сана-сезімін қалыптастырамыз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет