А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Әдебиет пәнін оқытуда қалыптасқан әдіс-тәсілдер жүйесі



Pdf көрінісі
бет8/19
Дата24.03.2020
өлшемі2,39 Mb.
#60674
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

Әдебиет пәнін оқытуда қалыптасқан әдіс-тәсілдер жүйесі. Әдебиет 
пәнін оқытуда алғаш әдіс-тәсілдер жіктемесінің ӛзгеше құрылымын ұсынған 
ғалым  –  Н.Кудрящев.
2
  Ол  әдістерді  ішінара  үйлестіре  қолдану  арқылы  оқу-
таным әрекеттерін белсенді етуді кӛздейді. Әдіскер-ғалым  М.Н.Скаткиннің, 
И.Я.Ларнердің әдістер жүйесіндегі еңбектеріне сүйене отырып, бірнеше әдіс-
тәсілдерді жіктейді. Оқытушы мен оқушының  оқу әрекетіне қарай: 
1.Түсіндірмелі-иллюстративті; 
2.Ақрапатты; 
3.Репродуктивті; 
4.Проблемалық баяндау әдісі; 
5.Эвристкалық әдіс немесе ішінара ізденіс әдісі
6.Зерттеу әдісі. 
Кӛп  жылғы  әдебиет  пәнін  оқыту  әдістемесінің  тәжірибесіне  сүйене 
отырып,  әдебиет  пәнін  оқытуды  ӛзіне  тән  әдістер  жүйесінің  қалыптасқанын 
кӛруге болады.  
Оқыту  әдістері  туралы  В.В.Голубков  «Оқыту  әдісі  жүйелі    қолданы-
лытын    педагогикалық  еңбекке  үлкен  ықпалы  бар  оқыту  түрі»  деген  тұжы-
рым білдіреді. Ол әдебиет пәніне тән әдістер жүйесін былайша топтайды: 
1.Лекция  әдісін  кең  кӛлемде  қабылданатын  негізгі  әдістің  бірі  ретінде 
жаңа оқу материалын  түсіндіруде, мұғалімнің әңгімесі түрінде  түсінік бере 
отырып оқу түрінде қолданылатынын айтады. Оқу материалын мәнерлеп оқи 
отырып  тыңдаушыға  жеткізетін,  жаңа  оқу  материалын  баяндайтын  лекция-
лық әдіс деп түйеді. 
2.Әдеби-сұхбат әдісі.  
3.Оқушылардың  ӛздік  жұмыс  әдісі  деп  оған  шығарма,  баяндама, 
ауызша баяндама, жазба жұмыс түрлерін жатқызады. Яғни, оқушының ауыз-
ша, жазбаша баяндамасы және шығармасына бағытталған ӛздік жұмыс әдісі. 
Сонымен қатар В.В.Голубков жұмысты ұйымдастырудың формасы мен 
тәсілі  туралы  айта  келіп,  әдіске  қарағанда  тәсіл  ұғымының    ауқымы 
тарлығын, әдістің құрамды бӛлігіне жататынын білдіреді.  
Әдебиеттік оқу сыныптарының әдістемелік жүйесін қалыптастырудағы 
еңбегімен  еленетін  әдіскер–  М.А.Рыбникова.    Әдіскер    кӛптеген  әдіс-тәсіл-
дердің  түрлері  мен  қоданылу  ерекшелікетерін  топтастырған.    Оның  еңбек-
терінде лекция әдісі,  әңгіме әдісі, оқушылардың ӛзіндік шығармашылық  жұ-
мыс  тәсілдері,  түрлі  түсініктемелер,  мәнерлеп  оқу,    әдеби  кӛрме  ойындары,  
сыныпта  және  сыныптан  тыс  жұмыстар  т.б.  кӛптеген  әдістемелік  нұсқаулар 
беріледі.  
                                                           
1
 Жұмажанова Т.Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі.– А., Білім 2009. 
2
 Кудрящев Н.И. Взаимосвязь методов обучения на уроках литературы, -М., 1981.
 

81 
 
Ал  әдіскер-ғалым  Н.И.Кудряшев  әдебиет  пәнінен  оқу-танымдық  жұ-
мыстарды  ұйымдастырудың    тұтас  құрылым  жүйесін  ойластырады.  Ғалым 
бірнеше әдістерді ұсынады. Олар: 
1.Шығармашылық оқу әдісі; 
2.Эвристикалық әдіс; 
3.Зерттеу әдісі; 
4.Репродуктивті әдіс.  
Әдіс–тәсілдерді әдебиет пәнін оқытуда тиімді пайдалану. Әдіскер-
ғалымдардың  әдебиет  пәнін  оқытуда  қалыптастырған  әдістер  жүйесін 
саралай келіп, пәннің ішкі құрылымы мен ӛзіндік ерекшелігіне сай әдістерді 
тиімділікпен қолдану мүмкіндіктерін қарастырып  кӛрейік.  
Шығармашылық  оқу  әдісі.    Шығармашылық  оқу  әдісі  әдебиет  пәнін 
оқытуға  тән  негізгі  әдістің  бірі  болып  саналады.  Бұл  әдістің  мақсаты  мен 
міндетінің  ӛзі  оқушылардың  шығарманы  кӛркем  қабылдауына  жол  ашу, 
шығарманың кӛркемдік табиғаты мен әсерін сезіну қабілетін туғызу. Сондай-
ақ шығарманы кӛркем қабылдау мен эстетикалық әсер алу әдебиетті ғылыми 
негізде  түсінуге  де  ең  қажетті  баспалдақ.  Шығарманы  қабылдау  үдерісінде 
оның  шығармашылық  ерекшелігін  меңгеру  де  қатар  жүріп  жатады.  
Н.И.Кудрящев бұл әдісті оқушылардың кӛркем мәтінді  алғашқы қабылдауын 
ұйымдастыру мақсаты мен оны талдаудың алғашқы кезеңдерінде қолдануды 
кӛздейді.  
Ғылыми  еңбек  пен  публистикалық  мәтінді  оқудан  кӛркем  шығарманы 
оқу  әлдеқайда  басқаша.  Кӛркем  шығармада  әр  сӛзге,  фразаға,  ырғаққа  мән 
беру арқылы санада қайта жаңғыртып эмоциялық әсер туғызады.  Сӛз ӛнерін 
оқыту  арқылы  оқушыларға  сӛздің  мәнін  жете  тануға,  ішкі  әсері  мен  мағы-
насына  үңілуге,    мәнерлеп  оқып,  ӛздері  де  кӛркем  сӛйлей  білуге  үйрену 
кӛзделеді. Абайдың: 
 «Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды, 
Жүрек тербеп оятар баста миды. 
Бұл дүниенің ләззаты бары сонда,  
Ойсыз  құлақ  ала  алмас  ондай  сыйды»,  –  деп  айтқанындай,  кӛркем 
шығарманың  эмоциялық  күші  мен  қуатын  пайдалану  арқылы  оқушының 
таным қабілетін ӛсіруге салмақ салынады.  «Әдебиет адамдарға ӛмірді таны-
тып  қана  қоймайды,  олардың  сол  ӛмірге  кӛзқарастарын  қалыптастырады, 
мінез-құлқына  ықпал  етеді,  күллі  тұрмыс-тіршілігіне  әсер  етеді»  деген 
З.Қабдоловтың пікіріндей әдебиетті оқытудың мақсат- міндеттері түрлі әдіс-
тәсілдердің,  амалдардың  негізінде  жүзеге  асады.  Шығармашылық  оқу  әдісі  
«оқу»  деген  ұғыммен  қатысты  болғанымен  сол  оқудың  тӛңірегінде  мұғалім 
мен  оқушының  түрліше  әдіс-тәсілдер  мен  әрекеттерінің  негізінде  жүзеге 
асыралады.  
Шығармашылық оқу әдісіне тән тәсілдер мыналар: 
1.мұғалімнің кӛркем сӛз мәтінін мәнерлеп оқуы
2.кӛркем сӛз шеберлерінің мәнерлеп оқуы; 
3.сахна  шеберлерінің  орындауындағы    сахналық кӛріністер  (күй-табақ,  
радио, теледидар  хабарлары), 

82 
 
4.оқушыларды  мәнерлеп оқуға дағдыландыру; 
5.шығарманың  эмоциялық  әсер  күшін  терең  де  мазмұнды  сіңіру 
мақсатындағы мұғалімнің кӛркем мәтінге түсініктеме бере отырып оқуы; 
6.оқылған мәтін бойынша оқушылармен пікірлесу, 
7. шығарманың  ішкі  мазмұнын  терең  қабылдай  отырып  шығарма 
мазмұнынан туындаған кӛркемдік таным, адамгершілік, саяси-әлеуметтік т.б 
бағытта проблемалық мәселелер кӛтеру; 
8. оқушылардың  ӛмірден  кӛрген,  білгендеріне,  түйгендеріне  сүйене 
отырып,  шығарма  мазмұнынан  туындаған  мәселелер  тӛңірегінде  шығарма-
шылық тапсырмалар беру. 
Оқушылардың оқу-әрекеттерінің түрлері: 
1.  шығарманы сыныпта, үйде оқу; 
2.  кӛркем сӛз мәтінін сазына келтіріп мәнерлеп оқуға дағдылану; 
3.  мәтінді жатқа оқу, 
4.   аудиодан мәнерлеп оқылған мәтінді бірнеше рет қайталап тыңдау
5.  эпизодтарға  тақырып  қоя  отырып,  мәтінді  тұтас  қабылдау  мақса-
тында жоспар құру; 
6.  мәтінге жақын баяндау; 
7.   сценарий құру; 
8.  шығарма оқиғаларына сәйкес суреттермен иллюстрация жасау; 
9.  оқушының  оқылған  шығарма  (қойылым,  спектакль,  радио  хабар-
лары, телеқойылым, т.б) бойынша тікелей пікір жазуы; 
10.  алған әсерлері бойынша шығарма жазу. 
Әрбір тәсіл оқушы әрекетіне сай таңдалынады. Мұғалім оқушы әреке-
тіне басшылық жасай отырып, әдістер жүйесін дұрыс құра білуі керек. 
Эвристикалық    әдіс.  Эвристикалық    әдіс  ішінара  ізденіс  әдісі  деп  те 
аталады. Мұнда да негізгі оқу материалы — кӛркем шығарма. Кӛркем шығар-
маны оқығандағы алғашқы қабылдауды эвристикалық әдіс арқылы тереңдету 
кӛзделеді. Кӛркем шығарманы талдағанда, әдетте жазушы кӛтерген адамгер-
шілік,  әлеуметтік,  қоғамдық,  философиялық  проблемаларды  қозғайды.  Оқу-
шыларға  жазушы  кӛтерген  сол  проблемаларды  байқап,  оларды  шешудің 
жолдарын іздестіріп, шығарманың кӛп қыры мен құрамының негізгі бірлігін 
танып,  негізгі  ойын  саралауға,    ой  түюге,  ойын  талдап,  дәлелмен  жеткізуге 
жолбасшы  болу  мұғалімнің    негізгі  міндеті  болып  табылады.  Бұл  әдіс  кӛбі-
несе эвристикалық әңгіме түрінде жүргізіледі. Оқушылар эвристикалық әңгі-
меден белгілі бір дағды алған кезде оны жеке тапсырмалармен алмастыруға 
да болады. 
Бұл әдіске тән әдістемелік тәсілдер: 
1.Логикалық  анық  сұрақтар  жүйесін  құру  (кӛркем  шығарма  мәтінін 
талдау, сыни мақалалар, теориялық немесе тарихи-әдеби сұрақтар негізінде). 
2.Кӛркем  шығарма  мәтіні  немесе  сыни  мақала,  иллюстративті  ма-
териалдар арқылы бүкіл топқа немесе сыныпқа тапсырмалар жүйесін құру. 
3.Мұғалімнің  не  оқушының  ұсыныстары  бойынша    шығарма  мазмұ-
нына сай проблема қою, сол проблема тӛңірегінде пікір сайыс ұйымдастыру. 

83 
 
Эвристикалық  әдіс  оқушыларға  кӛркем  шығарманы  талдау  жолдары 
мен  әдістерін,  әдеби  процес  пен  әдебиет  теориясы  мәселелерін  білуге  жәр-
демдеседі.  Бұл  әдіс  оқушылардың  сыни  ойлауын  дамытады,  ӛздігінен  білім 
алуына кӛмектеседі.  
Эвристикалық әдіс кезіндегі оқушы қызметі:  
1.Мұғалім сұрақтары  мен тапсырмаларына    кӛркем  шығармадан,  сыни 
мақаладан немесе оқулықтан, басқа да кітаптардан материал жинау; 
2.Ішінара талдай отырып оқиғаны баяндау; 
3. Мұғалім тапсырмасы бойынша эпизодқа, сценаға, барлық шығармаға 
талдау жасау; 
4.Шығарманың  бӛлігіне  немесе  тұтастай  ала  отырып  талдауға  тиімді 
болу үшін жоспар құру; 
5.Шығарманың кейіпкерлер жүйесіне талдау жасау; 
6.Кейіпкерлерді, 
оқиғаларды,  пейзажды,  тілдік  ерекшеліктерін 
салыстыра отырып талдау; 
7.Шығарманы  талдау  барысын  конспектілеуге,  шығармаға,    баянда-
маға, кең түрдегі баяндауға  кӛмектесетін жоспар құру; 
8.Кӛтерілген проблема тек әдебиеттану мәселелерін ғана емес, сондай-
ақ барлық ӛнер түрін  қамтитындай болуы керек. 
Зерттеу  әдісі.  Зерттеу  әдісінің  негізгі  мақсаты  —  оқу  материалының  
сабақта  қарастырылмаған  кейбір  жаңа  аспектілерін  ашу,  шығармаға  ӛз 
бетінше талдау жасау қабілеттерін жетілдіру, шығарманың идеялық-кӛркем-
дік  салмағын  танып,  әдеби  талғамын  дамыту  болып  табылады.  Оқу 
тапсырмалары мен қызметі жағынан зерттеу әдісі эвристикалық әдіске жақын 
келеді. Ӛзгешелігі мыналар: эвристикалық (ішінара зерттеу) әдісінде мұғалім  
жекелеген  тапсырмалар  жүйесін  құра  отырып,  шығарманы  талдау  жолына 
оқушыларды  бағыттап отырса, зерттеу әдісінде талдау жолдары мен зерттеу 
әдістерін,  талдаудың  негізгі  бағыттарын,  негізгі  кӛзқарастар  мен    шығарма-
ның  идеялық  құндылығын  тану  бағытын  білетін  оқушы    күрделі    тапсыр-
маларды  ӛздігінен  шеше  отырып,  ӛз    дәлелдері  мен  дәйектемелерін,    сын 
пікірін білдіреді.  
Зерттеу әдісін күнделікті сабақта, әсіресе семинар сабақтар жүйесінде, 
әдеби  конференцияларда, оқушылардың ӛзіндік жұмыстарының қорытынды-
сын бекіту мақсаттарында қолданады.  
Зерттеу әдістерінің тәсілдері: 
1.Мұғалімнің  бүкіл  сыныпқа  кӛтерген  проблемасы,  бұл  проблема-
лардың  кейбір  аспектілері  топтарда  немесе  жеке    топшаларда  қарасты-
рылады; 
2.Мұғалім  семинар  сабақтарына    жеке  тақырыптар  дайындайды,  ал 
оқушылар қызықты, қажетті тақырыптарға баяндама жасайды; 
3. Мектеп  бағдарламасы  бойынша  ӛтілмеген,  сыныптан  тыс  шығарма-
лар  немесе  оқушылардың  ӛздері  таңдаған  шығармалар    бойынша  талдау 
жүргізу; 
4.Кӛтерген  тақырыптары  немесе  қойылған  проблемалары  ұқсас  екі  не 
бірнеше шығарманы қатар ала отырып салыстыра талдау жасау; 

84 
 
5.Кӛркем шығарманы оның  сахналық қойылымымен салыстыру
6.сахналық қойылымға ӛзіндік баға беру; 
7.Киноқойылымға,    кӛркем  ӛнер,  бейнелеу  ӛнері  туындысына,  радио-
қойылымға, ӛлкелік зерттеу жұмыстарына баға беру; 
8.Оқушы  пікірлері,  кӛзқарастарының  қорытындылары    баяндама, 
шығарма  түрінде,  сынып  сағаттарында,  пікір-сайыстарда  айтқан  ойлары 
арқылы,    мектептің  әдеби  үйірмелері  мен  қабырға  газеттерінде,  әдеби  жур-
налдарында жазған мақала түрінде кӛрінеді. 
Аталған  әдіс  негізінде  тек  мұғалімнің  басшылығымен  ғана  оқушы 
нақты әдебиеттану ғылымының негізгі әдістерін жете меңгере алады. Зерттеу 
әдісінде  оқушының  шығарманы  талдауы  жолын  меңгеруіне,    ӛз  пікірін, 
кӛзқарасын  нақты  дәлелмен  жеткізуіне  кӛп  кӛңіл  бӛлінеді.  Бұл  әдіс 
оқушылардың    кітапхана  қорын,  кітаптар  тізбегін  дұрыс  пайдаланып,  ӛзіне 
қажетті кітапты таба білуге, нақты деректі қолдана алуға,  ӛзін қызықтырған 
материалды  тиімді  қолдана  алуға,    оны  конспектілеуге,  дәйексӛз  алу,  ӛз 
пікірін  басқа  кӛзқарастармен  дәйектей  білуге,  ӛзінің  ауызша,  жазбаша 
баяндамасын жоспарлай алуға үйретеді. 
Эвристикалық  әдіс  пен  зерттеу  әдісін  дұрыс  пайдаланған  жағдайда 
оның  оқушылардың  ойлау  қабілетін  оқу  пәні  негізінде  жұмыс  әрекеті  мен 
білім,  білігін  жетілдіретіні  анық.  Дегенмен  кеңес  мектебі  тәжірибесінде 
аталған әдістер ӛз дәрежесінде соншалықты жиілікпен жүргізіліп, кӛп нәтиже 
берді  деуге  келе  бермейді.  Ӛйткені  аталған  әдістердің  ӛзіндік  қиындықтары 
да  жоқ  емес.  Себебі  оқушылардың  ӛзіндік  білім  алып  белгілі  бір  тақырып 
тӛңірегінде ізденуіне кӛптеген факторлар кері әсер етеді: біріншіден,  жалпы 
білім беретін мектептердің  уақыт мӛлшері оқушылардың ӛздігінен ізденуіне 
мүмкіндік  туғызбайды;  кейбір  тарихи-әдеби  деректер  ойлану,  толғануды 
қажет  ете  бермейді,  ал  энциклопедиялық  еңбектер  мен      терең  ғылыми  
еңбектерге  оқушыларды  бағыттай  беру  нақты  нәтижеге  әкеле  бермейді. 
Мұндай  жағдайда  ғылыми  еңбектерге  сүйене  отырып  дәлелденген  мәселе-
лерді    оқуды  мұғалімнің  ӛзі    ұсынуы,  оқу  құралдарындағы  материалдарды 
меңгеруге  жағдай  туғызуы  керек.    Осылайша  әдебиетті  оқытуда  репро-
дуктивті әдісті қолдану қажеттілігі туындайды. 
Репродуктивті  оқу  әдісі.  Бұл  әдіс  бойынша  оқушылар  білімді    мұға-
лімнің  сӛзінен,  лекциясынан,  оқу  құралынан,  оқулықтан,  ғылыми  еңбектен, 
сыни мақаладан дайын күйінде қабылдайды. 
Репродуктивті  әдісті  догма  деуге  болмайды,  себебі  дайын  күйіндегі 
беріліп отырған материалдың ӛзі жаттанды түрде қабылданбай, саналы түрде 
меңгеріледі. Сонымен қатар білімнің беріктігі жаттап алуға ғана байланысты 
емес.  Оқушылардың  ойлау  әрекетінің  (интенсивтілігіне)  ұшқырлығына  да 
байланысты.  Репродуктивті әдісте мұғалім кӛтерілген мәселені әр қырынан 
түсіндіре  отырып,  бұны  шешудің  әртүрлі  жолдарын  кӛрсетеді.  Сол  арқылы 
оқушы  ойын  дамытады.  Мұғалім  нақты  деректерді  дайын  күйінде  ғана 
ұсынбай, сонымен қатар оны талдаудың жолдарын да кӛрсетеді. Әңгімелеуші 
мәселен,    шағын  кӛлемді  шығарманың,  ӛлеңнің  не  жеке  эпизодтың,  кӛркем 
бейненің  талдану  үлгісін  кӛрсете  отырып,  талдау  жолдары  мен  әдістеріне 

85 
 
баса назар аудартуына, сол арқылы жеке тапсырмалар беруіне болады. Сонда 
репродуктивті  әдісте тек ақпарат қана беріліп қоймайды,  ӛнер мен ғылым-
ның дамуындағы жалпы білім қамтылады.  
Репродуктивті әдіске тән тәсілдер: 
1.Жазушы ӛмірі мен шығармашылығы туралы мұғалім әңгімесі. 
2.Шолу лекциясы. 
3.Техникалық  құралдарды  қолдану,  оқулық  пен  оқу  құралы  бойынша 
тапсырма. 
Оқушы әрекеті:  
1.Лекцияның жоспары мен конспектсін жазу. 
2.Оқулықтан оқыған материал, сыни мақала бойынша конспект, тезист 
жазу,  жоспар  құру,  синхронды  таблица  құру,  дайын  материал  бойынша 
баяндама жасау т.б. 
Оқушы  берілген  материалды  саналы  түрде  қабылдап,  әр  мәселе 
тӛңірегінде  ойлана  алатын  болса,  аталған  әдіс  оқушыны  кӛп  білім  қорымен 
қаруландыра алады.  
Аталған  әдістердің  қолдануында  берілетін  оқу  материалының  мазмұнын 
ескеріп, тек тиімдісін ғана қолданған дұрыс. 
Лекция  әдісі.    Лекция  әдісі  әдебиет  пәнін  оқытуда  жиі  қолданылатын 
әдістің  түрі.  Әдіскер-ғалым  В.В.Голубков  әдістердің  қалыптасу  тарихын 
зерделей  келіп,  лекция  әдісінің  ӛткен  ХІХ  ғ.  Ресей  гимназияларында,  ХХ  ғ. 
дамытылған мектептерде белсенді қолданылғанын атап ӛтеді. Лекция жоғары 
сыныптар  мен  жоғары  мектепте  бүгін  де  белсенді  қоланылып  жүрген 
әдістердің бірі. Лекция әдісі мен лекция сабақ бір-біріне ӛте жақын. Лекция 
сабақ — лекция әдісін жетекші орынға алу арқылы ұйымдастырылатын сабақ 
түрі.  Лекция  сабақтарының  уақыт  кӛлемі    ӛтілетін  сынып  ерекшелігіне 
байланысты  белгіленеді.  Жоғары  сынып  оқушыларына  20-25,  30-35  минут 
лекция  әдісін  тиімді  пайдалануға  болады.  Лекция  әдісінің  ӛзіндік 
ерекшеліктері мен тәсілдері болады. Лекция әдісінің ӛзіндік талаптары бар.  
Лекцияның мақсат, міндеттері:  
1.Сабақтың идеялық бағытын қамтамасыз ету;   
2.Оқушыларға  белгілі  бір  ғылым  саласы  бойынша  ғылыми  ақпаратты 
жеткізу;   
3.Ғылыми  дәйектемелер,      негіздемелер    арқылы  басты    ақпаратты  
ғылыми кең арнада таныту;   
4.Дәрістің эмоциялық қабылдануын қамтамасыз ету;  
5.Ойды ретімен жүйелі түрде ұсыну;   
6.Басты ойлар мен пікірлерді, кӛзқарастарды ерекшелей кӛрсету;  
7.Түсінікті тілмен баяндай білу; 
8.Жаңадан ұсынылатын терминдер мен атауларды түсіндіру. 
Лекция әдісінің тиімділігі бірнеше факторларға қатысты:   
а) материалдың кӛлеміне;   
ә) материалдардың мазмұнына;  
б) берілетін уақыт кӛлеміне;  
в) қойылатын сұрақтарға;  

86 
 
г) кӛрнекі құралдарды іріктей білуге;  
д) материалды қызықты етіп айта білуге т.б. 
Лекцияда  түрлі  құбылыстар  мен    идеялардың  салыстырылуы,  әртүрлі 
пікірлер, олардың ӛзіндік ерекшеліктері  немесе тұжырымды қорытындылары 
мұғалім  тарапынан  сарапталып  салыстырыла  айтылуы  қалыпты  жағдай. 
Әдетте лекция  мұғалімнің баяндауы арқылы жүзеге асырылады. Лекцияның 
жоспары  алдын-ала  қарастырылады,  мақсаты  мен  қамтитын  мәселелеріне 
қысқаша шолу жасап,   дәріс алдында ұсынылады.  
Лекцияның  кӛрнекі  құралдары,  бейне  материалдары  слайдка  түсіріліп, 
дәріс  барысында  оқу  мазмұнына  ілеспе  түрде  кӛрсетіліп  отырады.    Кейде 
лекцияның тақырыбына қарай оқу фильмдері, үн-таспа,  мұражай материал-
дары  да  кӛрсетілуі  мүмкін.  Қалай  болғанда  да  оқу  материалын  мазмұнды 
етудің  барлық  жолдарын  қарастырған  орынды.  Лекцияның  құрылымына 
қысқаша шолу жасасақ: 
1.Лекция жоспары (мақсаты);  
2.Оқу мазмұнын иллюстрациялық материалдардың кӛмегімен сіңіру;  
3.Эпизодтық талқылаулар;  
4.Риторикалық сұраулар қою арқылы басты ұғымдарды түсіндіру;  
5.Ең басты материалды ерекшелей кӛрсете отырып қайталап бекіту;  
6.Тақырыптың ғылым кеңістігінде қарастырылу жайынан ақпарат беру;  
7.Лекцияның басты материалына түйіндеме жасау;  
8.Сыныптан қойылған сұрақтарға жауап беру;  
9.Әдебиеттерге қысқаша сараптама жасау; 
10.Негізгі әдебиеттерді ұсыну;  
11.Қосымша әдебиеттерді айту.  
Лекция  әдісімен  сабақ  жүргізген  кезде  оқушы  зейінін  аударарлық 
маңызды  материалдарды  немесе  тұжырымды  ойларды  дауыс  ырғағымен 
ерекшелеу  маңызды.  Әдетте  мектеп  лекциясында  әңгімелеу,  түсіндіру, 
баяндау әдістері алмасып келіп, сабақтың кей тұсында сұрақ-жауап, диалогке 
де  жол  беріліп  отырады.  Лекция  әдісіне  құрылған  сабақта  оқушылардың 
мотивациясы  жоғары  болуы  сабақтың  да  тиімділігін  асыра  түседі.  Оқушы 
ынта-ықыласын аудару үшін  сол білімнің қажеттілігі мен оқушы тарапынан 
қызығушылығын  арттыру  бірнеше  қосалқы  әдіс-тәсілдерді  қажет  етеді. 
Сондықтан  кей  лекциядағыдай  оқушы  сұрағы    лекцияның  соңында  ғана 
қойылып,    талқылануы  керек  дейтін      талаптың  сақтала  бермеуі  түсінікті 
жағдай. Оқушы тарапынан  жауабы күтілген мәселе, қажеттілігі туындамаған 
ой-пікір, ақпарат қана оқушы қызығушылығын оятады.  
Жалпы  білім беретін мектептердегі әдебиет пәнін оқытуда оқу мазмұ-
нының ерекшеліктеріне қарай лекцияның бірнеше түрі қолданылады.  
Әдебиет пәнінде жүргізілетін лекцияның түрлері: 
1.  Шолу тақырыбына арналған лекция; 
2. Ақын, жазушылардың ӛмірбаяндық лекциялары; 
3.  Кӛркем шығарманы оқытуға арналған лекция түрлері: 
а)  жазушы  ӛмірі  мен  шығармасынан  очерктік  микромонографиялы 
лекция; 

87 
 
ә) кӛлемді шығарманы оқытуға арналаған кіріспе лекция; 
б) эпикалық шығарманы талдау үдерісінде қолданылатын лекция; 
в)  эпикалық  шығарманы  талдауды  қорытындылауда  қолданатын 
лекция; 
г) лирикалық шығарманы оқытудағы кіріспе лекция; 
ғ) драмалық шығарманы оқытуға кіріспе лекция. 
Әдістеме  ғылымында  лекция  әдісінің  тиімділігін  арттыру  мәселесі 
кӛптен  қарастырылып  жүр.  Білім  берудің  басты  әдістерінің  бірі  ретінде 
лекция  әдісі  жыл  ӛткен  сайын  толығып  келеді.  Мұғалімнің  сабақ  жүргізу 
тәсіліне қарай лекцияны бірнеше түрге жіктеуге болады.  
Лекция құрылымының түрлері: 
1. оқытушының монологінен құрылған лекция
2. түсініктеме беріле оқылатын лекция; 
3. әңгімеге, кеңес түріндегі лекция; 
4. ой-саяхат лекциясы; 
5. пікір-сайысқа құрылатын лекция. 
Лекцияны тиімді құрудың кейбір жолдары: 
Оқушы  мотивациясының  жоғары  болуы    білім  алуға  жетекші  екендігі 
белгілі.  Мәселен, лекция құрылымы кӛтерілген мәселеге, қойылған сұраққа 
нақты  дәлел,  жауап  ретінде  айтылса,  тыңдаушының  зейінін  ӛзіне  аударып,  
тыңдаушысын  ӛзімен  бірге  ілестіре  отырып,  бірге  түсінуге,  түйсінуге, 
ойлануға, мәселені талдауға бастап отырады. 
Сол себепті лекцияға дайындалғанда  шешімін іздейтін мәселені кӛтеру 
кӛзделеді. Мысалы, С.Торайғыровтың ӛмірі мен шығармашылығын оқытуда 
тек  ӛмірбаяны  мен  шығармашылығын  біркелкі  баяндаудан  гӛрі,  қалайша  
автор  аз  ғұмырында  қазақ  әдебиетіне  кӛп  мұра  қалдырды,  оның    осындай 
ӛнімді  жұмыс  жасауына  маңайындағылардың  кӛмегі  болды  ма?    Немесе 
С.Сейфуллин  шығармашылығы  туралы  «С.Сейфуллин  шығармашылығының 
маңыздылығы  неге  байланысты:  уақыт  үдесінен  шығуында  ма,  ақындық 
талантына  байланысты  ма,  шығармашылық  шеберлігіне  қатысты  ма?»  т.б. 
деген  сияқты  әр  қырлы  кӛзқарас  тұрғысынан  сұрақ  кӛтере  отырып  оқылған 
лекцияға  ізделетін  жауап  та  әрқилы  болып  келіп,  тыңдаушысын  қызық-
тырады. 
Лекцияда  кӛтерілетін  негізгі  ойдың  ӛзегі  сол  тақырыпқа  қатысты 
дәйексӛзден де кӛрініп тұру керек. Әр лекция тақырыбына сол тақырыптың 
мазмұнын ашатындай дәйексӛз таңдалады. Ол алдын-ала тақтаға жазылып не 
ілініп  қойылады.  Мысалы:  С.Торайғыровтың  шығармашылығына    дәйексӛз 
ретінде  «Жалындап  ӛткен  бір  ғұмыр»  деуге  болады.  Сондай-ақ 
С.Сейфуллиннің  шығармашылығына  «Сылдырап  ӛңкей  келісім»  деген 
сияқты  қанатты  сӛз  лайықты.  Немесе  шығармашылық  тұлғаға  берілер 
замандастарының, ӛнер танушылардың бағалары да тақырыпқа дәйексӛз бала 
алады.  Лекцияда  қарастырылатын  жекелеген  мәселелерге  қатысты  да 
дәйексӛз лайықталып алыну керек. 
Лекция  оқудың  тағы  бір  тәсілі  —  сӛзбен  салынатын  сурет.    Мәселен, 
И.Байзақовтың  «Алтай  аясында»  поэмасын  Алтай  ӛңірінің  сұлу  суретін 

88 
 
елестетуден  бастаса,  ақын  тамсанған  ғажайып  кӛрініс  пен  сол  әсем  табиғат 
аясында болатын оқиға желісі шешіле түседі.  
Ақынның «Ақбӛпе» поэмасын ӛзінің эпилогіндегі: 
Кім кӛрді кӛктің жерге құлағанын? 
Кім кӛрді күннің жарық сұрағанын? 
Кім кӛрді Ақбӛпедей қыршын жастың 
Шомылып қанды азапқа жылағанын?
1
 — деген риторикалық сұрағынан 
бастау тыңдаушысының назарын оқылатын лекция мазмұнын тануға қызық-
тыра түседі. 
Психологтардың  айтуынша  оқылатын  лекциядағы  бірінен  кейін 
екіншісі  үстемелеп  келетін  кӛп  мәліметтерді  сіңіру  мүмкін  емес.  Қандай  да 
бір тың мәліметтен кейін, ойланып іштей қорытуға мүмкіндік жасалып отыру 
керек.  Білгілі  бір  ойға  жасалатын  түйіннен  кейін  сол  түйіннің  жеке 
тармақтары мен қорытылу жолдарын  саралаған тиімді. 
Әр  лекцияның  мазмұны  құралатын  материалына  байланысты  болған-
мен, әр тақырыптың  негізгі идеялық ӛзегі  болуы шарт. Оқылатын лекцияға 
тыңдарманды  белсенді  (ой  белсенділігі  туралы)  қатыстырудың  тәсілдері 
әралуан: бірде мұғалім лекцияда шығармашылық тұлғаның ӛз шығармасынан 
үзінді пайдаланса, бірде мазмұнға қатысты тарихи деректі, документті, тағы 
бірде тақырыпқа қатысты сұрақты, енді бірде әртүрлі кӛзқарасты салыстыра 
айтады.  Кейде  нысанға  әдеттегіден  тыс  басқа  қырынан,  басқа  ғасыр  адамы 
кӛзқарасы  тұрғысынан,  әдеби  кейіпкер    кӛзімен,  бала  кӛзімен,  бала 
танымымен қараған  да тиімді. 
Мектеп лекциясынан туындаған  әдіс түрі  мектептен тыс ӛмірде де жиі 
ұшырасатыны  белгілі.  Лекция  білім  беру  саласы  мен  ӛндірісте,  қоғам 
ӛмірінде  де  еркін  қолданылады.  Лекция,  жалпы,  барлық  елде  еркін  қолда-
ныстағы  әдіс.  Сондықтан  да  лекция  әдісін  жетілдіру,  кемелдендіру  үздіксіз 
жүргізілуде.  Мәселен,  практикада  лекцияда  қарастырылатын  мәселе  алдын-
ала талқылауға ұсынылатыны бар. Кейбір түсіндіруді қажет ететін мәселелер 
лекция  алдында  сараланып,    лекция  сол  аталған мәселе  тӛңірегінде  жүргізі-
леді.  Бұндай  лекциялар  тыңдарманның  ықыласын  ерекше  аударады.  Себебі 
әркім  ӛзіне  аса  қажетті  мәліметті алуға  мүмкіндік  туады.  Жасыратыны  жоқ, 
лекцияның  тиімді  болмағы  сол  ғылым  саласындағы  маманның  рӛліне  де 
қатысты  болады.  Әдебиеттану  саласындағы  ірі  тұлғаларымыздың  дәрістері  
тыңдарманның ерекше  ықыласы мен зейініне ие. Себебі сол ғылым аясында 
тың  дерек  пен  мәліметті,  ғылыми  тұжырымдарды  терең  білетін  маманның 
дәрісі  шын  мәнісінде  қызығушылықты  тудырады.  Лекция  оқушы  ғалымның 
тынысы неғұрлым кең болса,  тыңдарманның табар олжасы да соғұрлым мол  
әрі жарқын болады. 
 Лекция  әдісі  басқа  әдістермен  тығыз  байланыста  жүзеге  асады. 
Түсіндіру,  баяндау,  сұрақ-жауап,  мұғалім  мен  оқушы  сұхбаты,  диолог  т.б. 
әрекеттер қатар келіп, лекция әдісінің тиімділігін асыра түседі.  
                                                           
1
 Байзақов И. Құралай сұлу. Поэмалар мен ӛлеңдер. –А., Жазушы. 1971. –184 б. 

89 
 
Білім  беру  саласындағы  жаңа  үрдіс  әдіс-тәсілдерді  де  қайта  саралауға 
мүмкіндік туғызды. Жаңа оқыту технологиялары кейбір әдістерді топтастыра 
түсті.  Лекция  әдісінің  де  жаңа  түрлері  туындады.  Оқытудың  жаңа  техноло-
гияларына  орай  лекцияның  дәстүрден  тыс  түрлері  қалыптасты.  Атап 
айтқанда: 
Проблемалық  лекция.  Ӛмірдің  қарама-қайшылықтарын    теориялық 
тұжырымдамалар  негізінде    бейнелеу  арқылы    модельдейді.  Мұндай  дәріс 
түрі оқушылардың ӛз бетімен білім алуын мақсат тұтады
Визуалдық  лекция.  Суреттер,  сызбалар,  графиктер  таблицалар  түрінде 
ұсынылады.  Дәрістің  негізгі  мақсаты  оқушының   ӛз  бетінше ой  қорыту  мен 
пайымдау  белсенділігін арттыру, сол арқылы  белгілі бір жүйенің кӛмегімен  
ақпаратты қайта  бағдарлау тәсілін табу болып табылады;  
Кеңес  беру  лекциясы:  ӛзінің  мақсатын  сыныптың  сұранысы  бойынша 
анықтайды.    Мұндай  лекция  тындарманның    ынтасын  туғызып,    мұғалім 
мүмкіндігін толықтай пайдалануға мүмкіндік жасайды. 
Дуэт  лекция:  Бір  тақырыпта  дайындалған  екі  дәріскер    екеу  ара  және  
дәрісханамен    белгілі  мәселелерді  шешу  жолын  қарастырады,  талқылайды. 
Келелі  мәселенің  форма  жағынан  да  мазмұн  жағынан  да  шешімі  табылуы 
қажет. 
Шатастыру  (қатені  түзету)  лекциясы:  алдын-ала    жоспарланып 
ұсынылған қателер арқылы берілген ақпаратқа талдау жасайды, бағдарлайды 
және оны бағалау дағдысын қалыптастырады.  
Сұхбат    лекция.    Сабақ  материалы  сұрақтарға    айналдырылып  жауап 
алу    үдерісінде    мазмұн  ашылады.  Осы  лекция  түріне  кері  байланыс  жасау 
және кеңес беру лекциясы мазмұн жағынан жақын келеді.  
Дидактикалық  лекциялар.  (ми  шабуылы  арқылы),  ойын  түрлері 
қолданылатын  лекция:  шешімін  іздейтін  мәселелерді  оқушылар  ӛздері 
қалыптастырып,  оны ӛздері шешуге  талаптанады. 
Лекция-конференция.  Оқушылар  қарастырылмақ  мәселеге  алдын-ала 
дайындалып,  ӛздері  анықтайтын  мәселеге  қатысты  сұрақтар  түзеді. 
Сұрақтарды  алдын  ала  сараптап,  саралау  барысында  оқушылардың    сұрақ 
қою  білігін  жетілдіру  кӛзделеді.  Сыныпты  «мұғалім  –  оқушы»    деген  екі 
тарапқа  бӛле  отырып,  оқушыларда  туындаған  сұрақтарды  қанағаттандыру 
барысында білім қалыптастыру мақсат етіледі.   
Пресс-конференция 
лекциясы. 
Пресс-конференцияға 
бірнеше 
мұғалімдер  немесе  сол  салаға  қатысты  мамандар  қатыстырылады.    Олар 
лекция  тақырыбы  бойынша  сұрақтарға  жауап  береді.  Мұғалім  талқылау 
үдерісін  ұйымдастырушы  рӛлін  атқарады.  Сабақ  соңында    мұғалім  барлық 
қатысушылардың пікірлері мен ойларын қорытындылайды.  
Сұрақ-жауап  әдісі.  Ауызша  оқыту  әдістерінің  ішінде  белсенді  түрде 
қолданылатын  әдістің  бірі  –  сұрақ-жауап.    Бұл  әдіс  бүгінгі  білім  беру 
саласында  да  белсенді  әрі    ең  тиімді  әдіс  болып    саналады.  «Интербелсенді 
әдістерді жоғары оқу орындарында  қолдану»  атты еңбекте автор
1
 білім беру 
                                                           
1
 Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында  қолдану. –А., 2009,– 17 б. 

90 
 
ұғымына  қатысты  қызықты  аңыз  түрінде  мысал  етеді:  «...Сократ  ӛз 
шәкірттерін  үйретпеген,  оның  орнына    оларға  тек  сұрақтар  ғана  қойып 
отырған  (атақты  маевтика  тәсілі).    Оның  сұрақтарына  жауап  бере  отырып, 
шәкірттері ӛз бойларында  әу бастан қалыптасқан, бірақ  ұмыт болып қалған 
білімді  есіне  түсіріп,  бастарынан  «суырып»  алғандай  болған.  Бірде  тіпті 
Сократ сұрақ қою арқылы  қол ӛнер шеберінің сауатсыз, хат танымайтын 12-
13  жасар  кӛмекшісінің  ӛздігімен  Фалестің  теоремасын  («теңбүйірлі 
үшбұрыштың  табанының  бұрыштары  бірдей  болады»)  құрастыруына 
себепкер болған». 
Олай болса, сұрақ қоя білу үлкен ғылымға жолашар, ӛнер екен. «Сұрақ 
қоя  білу  ӛнері  сұрақты  емес,  сұрақтар  жүйесі  ретінде  ӛзіңді    таба  білуден  
басталады.    Сұрақ қандай болса, оқушы да сондай.  Мұғалім сүреңсіз, нәрсіз 
сұрағына оқушыдан жауапты «суырып алып»  мұны ӛзімнің дербес жұмысым 
деп  санаса,  онда  ештеңе  оңдырмайды.    Сыңаржақ  сұрақтарға    сана  мен 
кӛңілге ұяламайтын  сыңаржақ жауап аламыз», – деген ұтымды ой білдіреді 
әдіскер-ғалым И.Н.Ильин
1

Сұрақ-жауап  әдісі  сабақтың  бірнеше  кезеңінде  қолданылады.  Үй 
тапсырмасын  тексеру,  жаңа  білімді  алуға  даярлық  кезеңі,  жаңа  білім 
қалыптастыру  кезеңі,  алғашқы  тексеру  кезеңі,  сондай-ақ  білімді  бекіту 
кезеңінде  де  сұрақ-жауап  әдісін  еркін  қолдануға  болады.    Сабақтың  қай 
кезеңінде  қолданса  да  сұрақ-жауап    әдісінің  тиімділігін  арттыратын  
сұрақтың  қаншалықты  дидактиаклық  талаптарға  қатысты  қойылуында 
болмақ.    Сұрақтар  әртүрлі  мақсатта  қолданылады.  Білім  ақпаратына  дейінгі 
оқушы  таным,  түсінігін  анықтау  мақсатында,  алғашқы  ұғым,  түсініктерін 
анықтау  үшін,  оқылған  мәтін  мазмұнының  меңгерілуін  т.б.  мәселелерге 
қатысты  қолданылып  отырады.  Сабақтың  мақсат,  міндеттеріне  байланысты 
сұрақтарды бірнеше түрге бӛлуге болады. Олар: 
1.анықтамалық сұрақтар; 
2.талдау сұрақтары; 
3.проблемалық сұрақтар; 
4.ашық сұрақтар (ойды еркін айту талабы бар сұрақтар); 
5.жабық  сұрақтар  (ойды  ӛрбіту  қажеттігі  жоқ,  шешіммен  келісу 
талабындағы); 
6.риторикалық сұрақтар. т.б.  
Анықтау  сұрақтары  кӛбіне  «қандай?»,  «кім?»,  «қашан»  «қалай 
түсінесің?»,  «неге?»  т.б.  сұрау  есімдіктері  мен  сұраулық  шылаулар  арқылы 
келіп оқу мазмұнын әр қырынан тануға бағытталады.  
Ал  талдау  сұрақтары  кӛбіне  «неліктен?»,  «не  себепті»,  «қалай?»  т.б. 
сұрау есімдіктерімен келіп  мәтіннің әр бӛлігін, композициялық құрылымын, 
поэтикалық тіл қуаты мен идеялық мазмұнын талдауға бағытталады.  
Ашық  сұрақтар  мен  анықтамалық  сұрақтар  мазмұндас.  Екеуінде  де 
оқушы білімін тексеру, ойын еркін айтқызу талабы болады. 
                                                           
1
  Педагоикалық ізденіс.– А., Рауан. 1990.– 245-290 б. 

91 
 
Риторикалық сұрақтарды да тиімді қолдану  мүмкіндіктері мол. Кӛбіне 
мұғалім  мәтін  мазмұнымен  қабыстыра  қолдануға  немесе  оқушыны 
поэтикалық мазмұнды танытуға қолдануына болады. 
Проблемалық  сұрақтар  шығарманың  идеялық  мазмұнын  тереңдету 
мақсатында  қойылады.  Проблемалық  сұрақ  кӛбіне  жағдаятқа    қатысты 
туындайды.  Барлық  тақырыпта  проблемалық  сұрақ  туғызу  мақсат  емес. 
Дегенмен проблемалық сұрақ теориялық материалды оқушының ой елегінде 
қорытып, ӛміртанымына қатысты пайымдауына мүмкіндік туғызады. «Проб-
лемалық  сұрақтың  ерекшелігі  –  олар  бір  ғана  шектеулі  мәселеге  құрылмай, 
кӛркем  туындыны  кеңірек,  тереңірек  қамтитын  мазмұнда  құрылады. 
Проблемалық  сұрақ  қоямын  деп  «қолдан»  проблема  жасаудың  керегі  жоқ. 
Проблемалық  сұрақтар  кӛркем  шығарма  негізінде  жатқан,  шешуді  талап 
ететін  проблема  айналасын  қамтиды»,–  деп  түсіндіреді  әдіскер  Қ.Бітібаева
1

Проблемалық  сұрақтың  қойылуында  сұраулық  шылаулар  мен  есімдіктердің 
қайсы  келсе  де,  сұрақ  ойлануға,  оқушының  ӛзіндік  кӛзқарасын  білдіруге 
түрткі болуы шарт. Мәселен С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романының 
атауының  ӛзі  проблемалық  сұрақтан  басталады.  М.Жұмабаевтың  «Батыр 
Баян»    поэмасының  кейіпкері  сезім,   сана  сарабында  «неге?»  деген  сауалды 
ӛзіне  он сегіз рет қояды. Ал ол оқушылар үшін де проблемалық сұрақ болып 
танылады.  Мәселен,  «неліктен  Баян  екі  жастың  ӛліміне  себепкер  болды?», 
«Неліктен  ауыр  қазадан  кейін  басын  бәйгеге  тігіп,  жорыққа  аттанады?», 
«Неліктен  автор  тарихи  адам  ӛміріндегі  оқиғаны    шығармасына  арқау 
еткен?»,  Неліктен  автор  поэма  басында  «Әдемі  ӛткенді  ойлап  айнымасам, 
Сұм ӛмір күшті уын аяды ма?» деп ӛткен тарихтың  қандай болмысы туралы 
толғанады?», «Автор ӛткен тарихтың қандай  идеяларын әдемі деп есептейді? 
Нені  жоқтайды?»,  «Осы  шығарма  оқиғасы  мен  авторлық  толғаныста 
байланыс  қандай?»,  «Неліктен  шығарма  кейіпкері  ӛзіне  жауабы  сан  қилы 
сұрақ  қояды?»  сол  сұрақтарға  жауап  іздеп  кӛрейік  т.б.  проблемалық 
сұрақтарды туындата беруге болады.   
Сұрақ-жауап  әдісінің  тиімділігін  арттыратын  тағы  біртұтас  сұрақтың  
мағыналық  жағынан  дұрыс  қойылуы.  Оқушының  ойын  қозғап,  бірнеше 
сӛйлеммен  жауап  беруін  талап  ететін  дидактикалық  мақсаттағы  сұрақтар 
болуы  шарт.    Жауабын  ішіне  орап  беретін  сұрақтар  немесе  «иә»,  «жоқ» 
сияқты қысқа жауапқа қойылған  жабық сұрақтардың мазмұнға қосары да аз. 
Сұрақтар дер уақытында әрі  мӛлшерден тыс қолданылмауы шарт.   
Тұжырымдап  айтқанда  әдістер  —  басшылыққа  алынған  әдіснама-
лардың,  технологияда  белгіленген  мақсатқа  жету  барысында  жүзеге  асыру-
дың  тиімді,  оңтайлы,  ұтымды,  ӛнімді,  амал-әрекеттері,  тәсілдері  екенін  есте 
ұстаған абзал.  
                                                           
1
 Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. –А., Рауан, –67 б. 

92 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет