А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Жаңа  білім  беретін  сабақ  типіне  сабақ  жоспары.  Қазақ  әдебиеті



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата24.03.2020
өлшемі2,39 Mb.
#60674
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva


 
Жаңа  білім  беретін  сабақ  типіне  сабақ  жоспары.  Қазақ  әдебиеті 
пәні   (7- сынып).  
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ. 
Сабақтың типі: Жаңа білім беретін сабақ 
Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров «Бір адамға». 
Сабақтың  мақсаты:  Ақынның  ӛмірі  мен  шығармашылығынан 
мағлұмат бере отырып, «Бір адамға» ӛлеңінің идеялық мазмұнын таныту. 
Білімділік  міндеттері:  а)  Оқушыларға  қазақ  халқының  ХХ  ғасыр 
басындағы аса кӛрнекті ақын С. Торайғыровтың ӛмірі туралы мағлұмат беру. 
ә) «Бір адамға» ӛлеңінің  жазылу тарихынан мағлұмат беру. 
б) Ӛлең мәтініндегі «қымбат қып, арзан емес кемге алыпты», «артында 
қалдырмас  па  жақсы  даңқын»,  «нақақ  кӛз»  т.б.    ӛлең  идеясын  айқындауға 
қызмет  жасап  тұрған  сӛздердің  қолданылу  мақсаты  мен  мәнін  ашу.  Сол 
арқылы ӛлеңнің тақырыптық, идеялық  астарына үңілту. 
в)  Әдебиет  теориясынан  ирония  ұғымын  қалыптастыру,  ӛлеңдегі 
ирониялық ойды таныту. 
Дамытушылық  міндеті:  а)  Әр  оқушының  ӛзіндік  ой-қиялын,  сӛздік 
қорын дамыту, сӛйлеу тілін дамыту.  
ә)  Шығармашылықпен  жұмыс  жасауға  жұмылдыру  арқылы  таным 
түсініктерін дамыту. 
Тәрбиелік  міндеттері:  а)  Ақынның  ӛмір  жолы  арқылы  оқушыларды 
адамгершілік пен парасаттылыққа баулу; 
ә) Оқушыларды елін, Отанын сүюге, патриоттық рухта тәрбелеу. 
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу. 
Кӛрнекілік: Ақынның портреті, плакаттар, буклет, ақынның кітаптары, 
тақта, оқулық, сӛзжұмбақ. 
Сабақтың барысы:  
1.  Ұйымдастыру  кезеңі:  Сыныппен  сабақ  үдерісін  бастауға  даярлық 
жұмыстары. 
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Ӛткен материал бойынша анықта-
малық сұрақтар негізінде оқушы білімін тексеру. Жеке тапсырмалар арқылы 
ӛткен материал бойынша оқушы білімін жан-жақты тексеру.  
3.  Жаңа  оқу  материалын  белсенді  әрі  саналы  түрде  қабылдауға 
даярлық кезеңі: Оқу материалына кіріспе сұрақтар: 
С. Торайғыров кім? 
 
 
 

56 
 
Ақынның қандай ӛлеңдерін білесің? 
         4. Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі  
Түсіндіру  әдісімен  С.Торайғыровтың  ӛмірі  мен  шығармашылығынан 
мәлімет беріледі: 
С.  Торайғыров  –  қазақ  халқының  ХХ  ғасыр  басындағы  аса  кӛрнекті 
ақыны,  ұлы  Абай  дәстүрін  жалғастырушы.  Ол  ӛзі  ӛмір  сүрген  қоғам 
шындығын,  қайшылығын  бейнелей  білген  ақын.    Ӛмір  сүрген  сол  дәуірдің 
айрықша ірі тұлғасы. 
С.Торайғыров  1893  жылдың  29  қазанында  қазіргі  Кӛкшетау 
облысының  Қызылту  ауданында  дүниеге  келген.  Ол  алты  жасынан  бастап 
әкесінен хат таниды. Кейін 1902 – 1903 жылдары Әлі деген молдада, 1904 – 
1905 жылдары Тортай деген молдада, 1906 – 1907 жылдары Мұқан молдадан, 
1908-1910  жылдары  Баянауыл  қаласында,  1911  жылы  Нұрғали  деген 
молдалардан  дәріс  алады.  Сұлтанмахмұт  Мұқан  молдаға  еліктеп  он  үш 
жасынан бастап ӛлең жаза бастайды. Оның ең алғаш жазған ӛлеңі – «Секілді 
ӛмір қысқа жарты тұтам» деп аталады. 
1913-1914 жылдары «Айқап» редакциясында жұмыс істейді. 1914-1916 
жылдары  ӛз  ауылы  Баянауылға  қайтады.  Ондағы  мақсаты  ел  жастарын 
оятпақ, оқуға, мәдениетке талпындырмақ еді. 
С.Торайғыров Шідертіде сырқаттанғаннан үйінде ауырып жатып, 1920 
жылдың 21 мамыр күні 27 жасында қайтыс болды.  
Ол  –  әдебиеттің  әр  жанрында  жазатын  қабілетті,  талантты  қаламгер. 
Білім  жолындағы  тынымсыз  ізденіспен,  қиыншылықпен      ӛткізген  «жарты 
тұтам»  қысқа  ӛмірінде    ол  110-дай  ӛлең,  5-6  поэма,  2  роман,  7-8  мақала, 
очерк, әңгіме жазды. 
«Бір адамға» ӛлеңін мәнерлеп оқу.  
Ӛлеңнің шығу тарихын  туралы мәлімет беру.  
Екі оқушыға мәнерлеп оқыту. 
5.Жаңа  білім  және  іс-әрекет  амалдарын  алғашқы  тексеру  кезеңі: 
Мәтінмен жұмыс. 
1)  Осы ӛлеңде оқиға бар ма? Ақынның кӛңіл күйі сезіле ме? 
2)  Ӛлеңге қанша кейіпкер қатысып отыр? 
3)  Ӛлең қандай адамға, кімге арналған деп ойлайсыңдар? 
4)  Шал байлығын қалай таныстырады? 
5)  Осы берілген ӛлеңде қандай әдеби кӛркемдеуіш құралдар бар? 
Сӛздікпен жұмыс: 
Оқа - әшекей зат. 
Бұлды түйме – бағалы ілгек. 
Нақақ – адал, бейкүнә. 
Шекпен – түйенің жүнінен тігілген сырт киім. 
Алтын аяқ – қымбат ыдыс. 
6. Жаңа білімді және іс-әрекет амалдарын бекіту кезеңі: 
 «Даңқ»  деген  ұғымды  қалай  түсінесіңдер?  Осы  ұғымға  кластер 
түзіңдер. Оқушылардың  «даңқ» сӛзіне жазған  түсініктерін тыңдай отырып, 

57 
 
адамға  абырой,  атақ,  даңқ  әкелетін  игілікті  істер  мен  әрекеттерді  саралап 
сабақты  бекіту.  
8. Үй тапсырмасын беру кезеңі. 
 
Қайталау,  пысықтау типіндегі  сабақ  жоспары.  Қазақ  әдебиеті  пәні     
5 - сынып.  
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ. 
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы 
Сабақтың тақырыбы:  «Ақын қонақтар» («Абай жолы» романынан) 
Сабақтың  мақсаты:  Жас  Абайдың  ӛздері  сияқты  жасӛспірім 
болғанына назар аударту. Ӛнер адамдарының (Барлас, Байкӛкше) бойындағы 
ұлттық  құндылықтарды  бағалауды  үйрету.  Сӛз  ӛнерінің  адам  тұлғасын 
қалыптастыруда ұлы күш екенін байқату.  
Міндеттері: 
а) Танымдық міндет:  
1. М. Әуезовтің «Абай жолы»романынан алынған үзіндісінің мазмұнын 
талдау. 
2. Мәтіндегі күрделі ұғымдар мен сӛздерді тану. 
3. Кӛркем сӛз айшықтарын тану. 
4. Авторлық ойды, идеяны ашу. 
ә) Тәрбиелік міндет: 
1. Болашақ ұлы ақынның халық ӛнерін, ауыз әдебиетіне ден қойып, 
бала кезден кісіге құрметпен қарағаныңа мән беру. 
2. Адамгершілікке, мейірімділікке, сезімталдыққа тәрбиелеу. 
б) Дамытушылық міндет: 
1. Шығармашылықты дамыту.  
2. Тіл байлығын дамыту. 
3. Ӛз ойын анық, жатық жеткізуге, мәтінмен жұмыс жасай білуге 
дағдыландыру.  
4. Ӛзіндік талдау, жинақтауға бейімдеу, ойын дамыту. 
5. Жеке, жұптық, ұжымдық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық таныту, 
ойын әдеби тілмен ӛрнектей білуге тӛселдіру. 
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  сұрақ-жауап, топпен жұмыс, баяндау, 
мәтіннен тауып оқыту, шығармашылық, тест.  
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, ауыз әдебиеті 
Сабақтың кӛрнекілігі: М.Әуезов, А.Құнанбаев портреті, қанатты 
сӛздер, слайдтар, музыкалық әуен, оқулық. 
Сабақтың барысы:  
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) сынып тазалығы   
ә) оқушыларды түгелдеу 
б) оқу құралдарын тексеру 
в) топқа бӛлу (3 топ) 
 
 

58 
 
II.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
а) Оқушылардың мәтінмен толықтай таныс екендігін байқау 
(анықтамалық сұрақтар қою арқылы). 
1.Абайдың сырт келбеті қалай суреттеледі? 
2.Абай портретін жасауда автор қандай детальдарды қолданған? 
3.Басты кейіпкерлерді атаңыз. 
4.Абайдың сырқатынан айығуына себепші болған не? 
5.Әжесі Зере Абайға қандай әңгімелер айтты? 
6.Зере қандай адам болған? 
7.Ауылға кімдер қонаққа келеді? 
8.Абайдың неге қызығушылығы оянады? 
ә) Мәтінмен жұмыс: 
Мәтіннен Абайдың портретін тауып оқытқызу; 
Мәтіннен Барлас ақынның Абайға берген батасын тауып оқытқызу. 
III. білімді жан-жақты тексеру кезеңі: 
а) мәтінге жоспар құру (топ бойынша) 
ә) тілдік талдау (түсініксіз сӛздермен жұмыс) 
Мүсін - бет әлпет, келбет, пішін; 
Рең – шырай; 
Қылаң - ақшыл, бозғыл; 
Құлан таза - әбден, мүлде; 
Сейілу - айығу, жадырау; 
Машық - әдет, дағды; 
Пейіл - ниет, ықылас; 
Қажау - мазалай беру; 
Қан базар - қалың жиын; 
Сүле науқас - созылып, айықпаған ұзақ ауру
Мәтіннен кӛркемдік құралдарды (теңеу, метафора, эпитет) синонимдік, 
антонимдік қатарларды табу. 
ІҮ. Оқу материалын қабылдауға даярлық кезеңі: 
а) Талдау сұрақтарын беру 
1.Ауылға келген қандай қонақтар еді? Олар кімдер? 
2.Абай Байкӛкшені алғаш рет қашан және қайдан кӛрген? 
3.Мәтіннен Абай мен Барластың диалогын тауып бер 
4.Абайға домбыраны сыйға тартқан кім? 
5.Барлас ақын қандай бата берді? Ол батаның Абай үшін  маңызы 
қандай? 
6.Ұлжанның ерекше қасиетін кӛрсететін сӛздерді мәтіннен тауып оқы. 
7.Ұлжан ақындарға не үшін ризалығын  білдіреді? 
8. Ақындармен қоштасардағы Ұлжан әрекетінен оның қандай адам 
екенін байқауға болады?  
9. Ақын қонақтар кеткеннен кейінгі Абайдың әрекетін баянда. 
10. Ақындардың Абайға әсері қандай болды? 
11. Мәтінге сүйене отырып кейіпкерлерге мінездеме бер (Зере, Ұлжан, 
Барлас) 

59 
 
VІ. Оқушылардың  түсінуін тексеру, пысықтау кезеңі: 
Мәтіндегі фразеологизмдерді табу, синонимдерін, антонимдерін жазу. 
Кестемен жұмыс 
 
Фразеологизм 
Мәтіннен үзінді 
Мағынасы 
Синонимі 
Антонимі 
Пейілін беру 
Сондай шеше 
әңгімелеріне бар 
пейілін беріп 
жүрген күндерде 
Кӛңіл бӛлу 
Құлақ салу, 
қызығу 
Құлақ аспау, 
құлағына 
ілмеу 
Ішіне бүгу 
Білгенін ішіне 
бүгіп отыратын 
үлкендердей емес 
Жасыру 
Айтпау, 
бүкпелеу, 
жария етпеу 
Әлемге аян 
ету, жариялау 
Салмақ салу 
Осы жолы Абай 
шешесі арқылы 
салмақ салып 
Сұрау 
Бұйымтайы 
болу, ӛтіну, 
айту 
Тілге тиек 
етпеу, кӛңіл 
бӛлмеу 
Пішін білдіру 
Ұлжан Барласқа 
қарап, бір сӛз 
айтатындай пішін 
білдірді 
Белгі беру 
Ымдау, 
ишара 
білдіру, 
сыңай таныту 
Қасқайып 
тұру, мұрнына 
исі бару 
 
VIІ. Жаңа білімді және іс-әрекеттерді бекіту кезеңі: 
Тапсырма: а) Сен Абайға қандай бата берер едің? 
ә) Ата-әже, әке-шешелеріңнен қонақты шығарып саларда қандай сый-сияпат 
кӛргеніңді жаз. 
б) Мәтін мазмұнына сәйкес мақал-мәтел жаз. 
 
Тестпен жұмыс: 
1.Ұлжан ақын қонақтарға қандай сый берді? 
а) Шапан жапты б) астарына ат мінгізді 
2. Абай тапқан бір ермек дос: 
а) атқа отырып ел аралау б) әжесі мен шешесі 
3. Барлас кім? 
а) күй шабандозы б) әңгіме-жырдың дүкені 
4. Әңгіме мазмұнына қандай мақал-мәтел сәйкес келеді? 
а) баталы ер арымас б) Құтты қонақ келсе, қой егіз табады 
5. Әңгімеде қандай мәселе сӛз болған? 
а) ӛнер-білім алу б) сӛз ӛнерінің құдіреті 
6. Абайды ұлылыққа бастаған бұлақ? 
а) сӛз ӛнеріне деген қызығушылықтың оянуы б) әкесі Құнанбай 
VIII.Үйге тапсырма: 
Әңгімеге жоспар құру, мазмұндау, суретке қарап әңгіме құрастыру. 
 
 
 
 
 

60 
 
Қорытынды сабақ типінде сабақ жоспары. (10- сынып).  
Сабақ түрі: Дәстүрлі  
Сабақтың типі: қорытынды сабақ 
Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлының  шығармашылығы 
Сабақтың  мақсаты:  Шортанбай  Қанайұлы  шығармашылығы  бойынша 
оқушы білімін саралап қорытындылау. 
1.Танымдық міндеттері: 
Шортанбай  Қанайұлы  ақын  ретінде,  ӛскен  ортасы,  сол  кездегі 
қоғамдағы оқиғаларға әсерін таныту; 
Ақын  жеке    тұлға  ретінде  ӛзіндік  пайым,  пікірлерінің  шығармашы-
лығындағы кӛрінісін таныту;  
Қазақ әдебиеті ғылымында Шортанбайдың алар орнын пайымдау;  
«Қазақ»  концептісін таныту; 
Оқушылар түсінігіндегі «діндар» адамға  анықтама беру. 
2.Тәрбиелік міндеті:  
Ақынның  ӛлеңдерін  оқыта  отырып,  шығармадағы  еңбек,  білім,  адам 
бойындағы    жеке  қасиеттерді,  яғни  отансүйгіштік,  ізгілік,  адамгершілік  қа-
сиеттерді саралап тану. Оқушылар бойындағы еліне, жеріне деген сүйіспен-
шілікті,  ақын    ӛлеңіндегі  сүйіспеншілікпен  ұштастыруды  кӛздеу.  Ақынның 
елжанды,  ұлтжанды  кӛзқарастарын  таныта  отырып,  оқушыларды  отаншыл-
дық рухта тәрбиелеу. Саяси  идеялық, имандылық тәрбие беру. 
3.Дамытушылық міндеті:   
Оқушылардың ақын ӛлеңдерінде қамтылған саяси, қоғамдық ӛміріндегі 
ӛзгерістер  жайында  ӛз  ойларын  еркін  жеткізу  қабілеттерін  дамыту,  тіл 
байлығын  дамыту,  іштей  ой  түюге  баулу.  Шортанбай  поэзиясындағы  діни 
сӛздерге қатысты түсіндірме сӛздікпен жұмыс жасауға дағдыландыру. 
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, талдау. 
Пәнаралық  байланыс:  Қазақстан  тарихы,  ХІХ  ғасырдың  екінші 
жартысындағы әдебиет. 
Сабақтың  кӛрнекілігі:  Кесте,  қанатты  сӛздер,  кітаптар  кӛрмесі, 
интерактивті тақта. 
Сабақтың барысы: 
1.Ұйымдастыру кезеңі: 
Оқушылармен  оқу  үдерісін  бастауға  даярлық,  оқушы  зейінін  сабаққа 
аудару.  
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:  
Шортанбай  Қанайұлының  ӛмірі  мен  шығармашылығы  бойынша 
оқушылардың алған білімін  тексеру. Ш.Қанайұлының шығармашылығынан 
берілген тапсырмаларды тексеру.  Ш.Қанайұлының заман туралы  жазылған 
ӛлеңдерінен үзінділерді жатқа сұрау.  
 "Зар заман", "Бала зары" ӛлеңдерін жаттау. 
3. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі: Баяндау әдісімен мынадай мәлі-
мет айтылады: 
Сарыарқаның кең жайлауы үйір-үйір жылқы, қоралы қой, қорасы қара 
малға  ғана  толы  емес  еді,  соған  қоса,  жері  құнарлы,  егіні  бітік,  шаруалар 

61 
 
ӛмірі  думанды,  ел  еңсесі  кӛтеріңкі  кӛрінетін.  Адамдары  шетінен  ділмар, 
сауыққой, әнші, жыршы, ӛлеңші келетін. Сонау Қаз дауысты Қазыбек бидің 
ізін  басып  жалғасып  жатқан  билер  тобының  ӛнерлерінің  ӛзі  қандай?!  Бұл 
ӛлкеде Ақан мен Біржанның, Мәди мен Ыбырайдың әндерін салмайтын қыз 
бен  жігітті  кездестіру  де  қиын.  Тәттімбет  пен  Қазанғаптың  күйлері 
қандай  ойлы,  сырлы?  Жанақ,  Шӛже,  Орынбай,  Кемпірбайлардың  ақтарыл-
ған  ақпа  жырлары  ше?  Ғажап  дүние!  Не  деген    байлық?  Ӛмірдің  қызығы, 
мән-мағынасы деген осы емес пе! 
1. Бұл үзінді нені баяндап тұр? 
2.«Діндар», «Ділмар» сӛздерінің мағынасын ашу. 
Шортанбай  шығармаларындағы  сарын  мен  сол  заманның  әдебиет 
ӛкілдері атауындағы байланысты айқындау.  
Шортанбай    ӛлеңіндегі  «зар  заман»  ұғымы  тұтас  бір  әдеби  дәуірдің 
атауына  айналып  кетті.  Әдебиетіміздің  тарихында  Шортанбай  бастаған 
зар заман ӛкілдері бар. 
Шортанбай  ақынның  заман  зарын  сипаттайтын  басты  ӛлеңдеріне 
сараптама жасату. Талдауға алынатын ӛлеңдері:  

«Зар заман»  

«Тар заман» 

«Бар заман» 

«Опасыз жалған» 

«Осынша азды ел неден» 

«Байды құдай атқаны» 
Кестемен жұмыс 
 
                       Бала зары 
    Мұраттың жалпыға айтқаны 
 
Атамыз–Адам пайғамбар, 
Топырақтан жаралды, 
Мұсылман, кәпір-халық боп, 
Сол адамнан таралды. 
Бір-біріне беріскен, 
Дәм мен тұзы халал-ды. 
Ұрлық  пен қорлықтан, 
Ӛтірік, ғайбат, зорлықтан 
Бойыңды тартып тек жүрсең, 
Кӛрмессің деген залалды. 
Белгісі деген бейіштің 
Жазғы салқын самалды. 
Тәркі деген тамұқтың 
Қысқы суық амал-ды. 
 Ертеңмен тұрып ақырса
Аллалап азан шақырса, 
 Аузына қарам салмаса, 
Шипалы жерге бармаса, 
 Ақ кәләмді оқыса, 
Алланың берген санасын, 
Кеудесіне тоқыса; 
Шариғаттың жолы деп, 
Әдеп бір етсе мұртына, 
Ӛсиет етсе жұртына, 
Ақ кәләмді аударған- 
Ол пір ұлына жарасар! 
 
 
Оқушыларға зар заман ӛкілдеріне қысқаша сипаттама жасату. 
Шортанбай ақынның «Бала зары» ӛлеңімен Мұрат Мӛңкеұлының  
«Мұрттың жалпыға айтқаны» ӛлеңдерінен үзінді келтіре отырып салыстырту. 
Қорытынды сабақ болғандықтан, «конференция» түрінде  сыныпты екі топқа 
бӛлу. 
 

62 
 
-  Тілшілер (журналистер) 
- Мамандар (әдебиет ғылымының).  
Тіршілер  осы  сабақ  бойынша  мамандарға  сұрақтар  қояды.  Мамандар 
сұраққа  жауап  беру  керек,  жауап  болмаған  жағдайда  сұрақтың  жауабын 
мамандар  ӛздері  айтуы  шарт.  Сұрақтар  сапалы  болу  керектігі  ескертіледі. 
Жұмыстың бұл түрі арқылы Шортанбайдың қазақ әдебиетіндегі ӛзіндік орны 
ӛзіне тән сегіз қасиетімен айқындалады. 
1. Діндарлығы және ділмарлығы    
2.  Шортанбай  -  әлеуметтік  ӛмірдің  шынайы  суреткері.  Абайға  дейінгі 
ақындардың  ішінде  әлеуметтік  мәселені  тұңғыш  рет  тиісті  дәрежеге  кӛтере 
білуі. 
3. Шортанбай айтыскер. 
4. Шортанбайдың айтыстары. 
 Қорытындылау  үшін  «Шортанбай»  ұғымына  кластер  жасалып,  оқушылар-
дың ӛз пікірімен дәйектеледі.  
Үйге тапсырма: Шортанбай шығармашылығы мен ӛміріне байланысты 
ойтолғау жазып келу. 
 
Білім  беру  жүйесіндегі  дәстүрлі  сабақ  құрылымы  бүгінде  оқытудың 
жаңа  технологияларына  негізделген  тың  ізденістермен  толығып  келеді.  Біз 
мысалға  келтіріліп  отырған  сабақ  жоспарлары  дәстүрлі  сабақ  түрлеріне 
құрылған.    Әдістеме  ғылымында  отандық  әдіскерлердің  қалыптастырған  
жүйесін    жете  білу  жаңа  ізденістердің  дұрыс  бағытта  дамуына  да  ӛзіндік 
үлесін қосары анық. Олай дейтініміз жаңа технологияларға негізделген сабақ 
жоспарларын  түзу  үшін  де  сабақтың  тұтас  құрылымдық  жүйесін    терең 
таныған орынды. 
Әдетте  әдебиет  пәні  бойынша  сабаққа  дайындықты  оқу  материалын 
талдаудан  бастаған  орынды.  Оқу  материалы  бойынша  сыныпта  жүргізетін 
жұмыс барысы да  мұғалімнің мәтін мазмұны бойынша ұйымдастыратын оқу-
танымдық  жұмыстарының  бірізділігі  мен  жан-жақтылығына  қатысты.  Оқу 
материалына  кіріспе  сұрақтар  даярлау,  мәтін  мазмұнын  оқушылардың 
меңгеру  дәрежесін  білу  мақсатындағы  анықтау  сұрақтары,  мәтін  талдауға 
бағытталған  сұрақ-тапсырмалар,  мәтіннің  идеялық  қырларын  талқылай 
отырып,  тануға  арналған  проблемалық  сұрақтар,  оқу  материалына  қатысты, 
сабақты  бекіту,  пысықтау  кезеңдерінде  оқушыларға  қойылатын  сұрақтарды 
ойластыру  –  барлығы  мұғалімнің  сабақ  алдындағы  даярлық  жұмыстарына 
жатады. Одан ӛзге сабақты жоспарлау барысында сабаққа қойылатын негізгі 
талаптарды ескерген орынды. Олар: 
1.  Сыныпты ұйымдастыра білу. 
2.  Берілген білімнің оқушыға түсінікті болуы. 
3.  Мұғалімнің оқушы ұғымына лайықты сӛйлеуі.  
4.  Мұғалімнің  сабақта  басты  мәселеге  кӛңіл  аударуы,  негізгі  мәселені 
ерекше даралай, кӛрсете білуі. 
5.  Сабақта  психологиялық  хал-ахуал  туғызуы  (оқу  материалын  мең-
гертуде оқушының қиялы, зейіні, таным деңгейі, түйсінуі, терең ойлануы т.б.)  

63 
 
6.  Сабақтың темпі мен ырғағы. 
7.  Сабақ кезеңдерінің ӛзара байланысы. 
8.  Сабақтың тәрбиелік салмағы. 
9.  Мұғалім сауалдарының дидактикалық талапқа сай қойылуы. 
10. Сабақтың ғылымилығы, танымдық құндылығы. 
11. Сабақтағы  пәнаралық  байланыстың,  интеграциялық  байланыстың 
жүзеге асуы. 
12. Сабақта мұғалімнің бақылауды ұйымдастыруы. 
13. Оқушылармен жеке дара жұмысы. 
14. Сабақ мақсатының дұрыс орындалуы. 
15. Мұғалімнің оқушыны үнемі дамытуға талаптануы. 
16. Сабақ үдерісінде оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығын орнату. 
17. Сабақты  пысықтау,  оқушы  білімін бағалауы,  (оқушы  білімін  сарап-
тай отырып бағалау). 
18. Үй тапсырмасының педагогикалық талапқа сай берілуі. 
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі саласына елеулі үлес қосқан әдіскер-
ғалым  Қ.Бітібаева  «Әдебиетті  оқыту  әдістемесі»
1
  оқулығында  сабақтың 
бірнеше  түрін  атайды.  Сабақтың  түрлерін  қолданылатын  әдіс-тәсілдері  мен 
тақырыптарына  қарай    саралай  отырып,  қай  сабақ  типтерінде  белсенді 
қолданылатынын нұсқайды. Әдіскердің кӛп жылдық тәжірибесінде қолданған 
интеграциялы  «Қос  үштік  сабағы»,  ойын  элементтері  бар  «Сот    сабағы», 
«Жәрмеңке  сабағы»,  «Кӛкпар,  жарыс  сабақтарын»  қандай  тақырыптарда 
ӛтуге болатынын атап айтады.  
Бүгінгі  оқу  үдерісінде  сабақ  форма  жағынан  да  ішкі  құрылымы 
жағынан  да  ӛзгеріп,  түрленіп  отыр.  Сабақ  түрін  анықтауда    оқу  үдерісінің 
тұтас құрылымын ескерген орынды. Себебі кейбір сабақ үдерісіндегі шағын 
ойын элементімен аталатын сабақ түрлері де  тәжірибеде кездеседі.  
Оқытудың  жаңа  технологияларына  негізделген  сабақ  жобалары. 
Жаңа  оқыту  технологияларына  негізделген  сабақ  құрылымдары  әралуан. 
Мәселен,  «оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»  жоба-
сынан жүргізілетін оқу үдерісінде сабақты үш кезеңге  бӛледі. Олар: 
1.Қызығушылықты ояту кезеңі; 
2.Мағынаны тану кезеңі; 
3.Шығармашылық кезең. Сонымен қатар, ойсергектер мен рефлексияға 
да ерекше назар аударылады. 
Сондай-ақ модульдік оқыту сабақтарында оқу-таным үдерісін іштей үш 
кезеңге жіктейді. Олар: 
1.Кіріспе бӛлім; 
2.Сӛйлесу бӛлімі; 
3.Қорытынды бӛлім.  
Сабақтың  кіріспе  кезеңінде  оқу  материалы  бойынша  ақпарат  беріледі. 
Сӛйлесу  бӛлімінде    түрлі  әдіс-тәсілдер  арқылы,      рӛлдік  ойындар,  дидакти-
                                                           
1
 Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. –А., Рауан, 1997. –271 -276 б. 

64 
 
калық  ойындар  т.б.  арқылы  оқу  мазмұны  оқушылардың  белсенді әрекетінде 
игеріледі. Ал қорытынды бӛлім шығармашылық жұмыстарға арналады.  
Жаңа  оқыту  технологиялары  бойынша  сабақ  түрі  оқушының  білімді 
меңгеру үдерісінің құрылымына қарай ұйымдастырылады
1
. Олар: 
1.Қабылдау 
2.Мәнін түсіну 
3.Есте сақтау 
4.Қолдану 
5.Қорыту 
Әрбір сабақ түрі ӛзіне тән белгілі логикасына қарай құрылады. Оларды 
саралар  болсақ,  бірінші  сабақ  типі:  «Бастапқы  жаңа  білімді  оқып  үйрену 
және есте сақтау іс-әрекеттерінің тәсілдері» делінеді. 
Сабақтың  мақсаты  –  оқушылардың  қабылдау,  мәнін  түсіну  және 
бастапқы  білімді  оқып  үйрену,  есте  сақтау  әрекетінің  әдіс-тәсілдерін  ұйым-
дастыру.  
Сабақтың құрылымы (кезеңдері):  
1.Мотивация   
2.Оқушылардың оқу-таным түсініктерін ӛзектілеу кезеңі 
3.Оқушы түсінігін  алғаш тексеру кезеңі   
4.Алғашқы қайталауды ұйымдастыру  кезеңі 
5.Талдау кезеңі  
6.Рефлексия. 
Бұл сабақты кӛбіне дәріс, кино сабақ,  саяхат сабақ, әңгімелесу  т.б. 
сабақтары түрінде ұйымдастыруға болады.   
Екінші  сабақ  типі:  «Оқушы  білімін  және  іс-әрекет  тәсілдерін  жетіл-
діру» сабақтары. 
Сабақтың мақсаты   білімнің беріктігін орнықтыруды қамтамасыз ету 
және іс-әрекет тәсілдерін жетілдіру. 
Сабақ құрылымы (кезеңдері):   
1.Мотивация.  
2.Жетекші білімді қалыпты және  ӛзгерген жағдайда  ӛзектілеу,  білімді 
ӛз бетінше қолдану. 
3.Бақылау және  ӛзін-ӛзі бақылау. 
4.Түзету. 
5.Рефлексия. 
Бұл  сабақ    практикум,  семинар  сабақ,  «ашық  ойлар»  сабағы,  «Брейн-
ринг» ойыны, тренинг-сабақ,  ӛзіндік жұмыс т.б. сабақ түрінде жүзеге асады.  
Үшінші  сабақ  типі:  «Білім  және  іс-әрекет  тәсілдерін  кешенді  
қолдану». 
                                                           
1
 
Управление  образовательными  системами.  Шамова  Т.И.,  Давыденко  Т.М.,  Шибанова 
Г.Н. 4-е изд., стер. - М.: 2007. - 384 с. 
 

65 
 
Мұндай  сабақтардың  мақсаты  –  оқушылардың  кешенді  білім  және  іс-
әрекет  түрлерін  ӛз  бетімен  қолдану  үшін  мазмұндық  және    ұйымдастыру 
жағдайларын жасау. 
Сабақтың құрылымы (кезеңдері):  
1.Мотивация.  
2.Кешенді білім мен іс-әрекет  әдістерін ӛзектілеу.  
3.Ұқсас және жаңа жағдайларда  білімді  ӛз бетімен  қолдану, бақылау 
және ӛзін-ӛзі бақылау.  
4.Түзету.  
5.Рефлексия. 
Аталған сабақ типін әңгімелесу және практикалық сабақ, дәріс және тренинг 
түрінде  жүргізу тиімді.  
Төртінші  сабақ типі:  «Білім  мен  іс-әрекет  тәсілдерін    жүйелеу  және 
қорытындылау» деп аталады. 
Сабақтың  мақсаты  –    оқушылардың  білімін  және  іс-әрекет  әдістерін 
қорытындылау жұмыстарын ұйымдастыру. 
Сабақтың құрылымы (кезеңдері):  
1.Мотивация. 
2.Оқу материалының мазмұнын талдау. 
3.Оқу материалындағы басты мәселені  ерекшелеу. 
4.Жүйелеу және қорытындылау. 
5.Пән аралық және пәнішілік байланыс орнату. 
6.Рефлексия. 
Бірінші  және  екінші  сабақ  типтеріндегі  сабақ  түрлерін  белсенді  қол-
дануға болады.  
Бесінші  сабақ  типі:  «Білімді  және  іс-әрекет  әдістерін  тексеру,  бақы-
лау, түзету сабағы» делінеді. 
Сабақтың мақсаты  – оқушылардың ӛз білімдерін және іс-әрекет тәсіл-
дерін түзетуді ұйымдастыру. 
Сабақтың құрылымы (кезеңдері):   
1.Мотивация. 
2.Тапсырманы ӛз бетімен орындау.  
3.Ӛзін-ӛзі бақылау. 
4.Бақылау. 
5.Талдау. 
6.Бағалау. 
7.Түзету. 
8.Рефлексия.  
Әдебиет  пәні  бойынша  бұл  сабақ  типін  кӛбіне  бақылау  жұмыстарында, 
мазмұндама,  шығарма,  кейс-стади,  эссе,  тестілеу  т.б.  сабақ  түрлерінде 
қолдануға болады. 
Әр  сабақ  типіндегі  сабақ  кезеңдері  іштей  кіріктіріле  жүргізіледі.  Әр 
кезең  құрылымына  қойылатын  талаптар,  дидактикалық  мақсат,  міндеттерге 
сайкес анықталады.   
 

66 
 
Жаңа оқыту технологиясымен жүргізілген сабақтың үлгі жоспары. 
Қазақ әдебиеті. (7- сынып).   
Сабақтың типі: Бастапқы жаңа білімді оқып үйрену және есте сақтау 
іс-әрекеттерінің тәсілдері. 
Сабақтың  түрі:  «Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау» 
технологиясына негізделген.  
Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллиннің  «Сыр сандық» ӛлеңі. 
Сабақтың  мақсаты:  Оқушыларға    ақын  шығармасының  идеялық, 
кӛркемдік  қырларын  таныту,  ӛлеңнің  ерекшелігін,  авторлық  ұстанымды 
таныту.  Оқушылардың  кӛркем  мәтінмен  жұмыс  барысында  мәтіннің  ішкі, 
сыртқы композициялық құрылымдар жүйесін, кӛркемдік сипатын саралай алу 
қабілетін, мәтін талдау түрлері мен жолдарына сәйкес сараптамалық жұмыс 
қабілеттерін  шыңдау.    Оқушыларды  топтық  жұмысқа  қатыстыру  арқылы, 
шығармашылық  ынтымақтастыққа,  кӛшбасшылыққа,  түрлі  жағдайларға 
икемді  және  ұтқыр  болуға  баулу,  сезімталдық  пен  жаңа  идеяларды  қабыл-
дауға икемділік қабілетін дамыту, білім, білікті мақсатты пайдалана алу қабі-
леттерін шыңдау.  
Танымдық міндеттері: 1. «Сыр сандық»  сӛзінің тудыратын ұғымдары, 
символдық  белгілерін  тану;  2.  Ақынның  аллегория  арқылы  жеткізетін  ойын 
анықтау:  амал  достықты  мысал  ете  отырып,  адамның  ішкі  сыры,  болмысы, 
жан  дүниесінің  күрделі  қатпарларын  түсініп,  түйсіну  үшін  шын  ниет, 
шынайы  достық  керектігін  тану;  3.  лирик  ақынның  адамның  ішкі  әлемін 
танытуда қолданған сӛз образдарын айқындау; 4. ӛлеңнің кӛркем айшықтары 
мен композициялық құрылымын тану.  
1.  Дамытушылық міндеті: «Сыр сандық» сӛзінің кӛмегімен ой қозғау, 
оқушылардың образды ойлауын дамыту, саралау, талдау, ойды жинақтай білу 
қабілеттерін жетілдіру; шығармашылығын дамыту.   
2.  Тәрбиелік  міндеті:  Лирикалық  шығарма  арқылы  эстетикалық, 
әлеуметтік тәрбие  беру.  
Әдістері: ассоциация, кластер, кубизм, елес жетелеу.   
Оқу  материалы:  7-сынып  Әдебиет  оқулығындағы  С.Сейфуллиннің 
«Сыр сандық» ӛлеңінің мәтіні. 
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру  кезеңі:  Сабақты  ұйымдастыру  үшін  сыныптың  ішкі-
сыртқы жағдайын қамтамасыз ету. Студенттерді қарым-қатынасқа  психоло-
гиялық жағынан дайындау.  
Тақырыпқа  қызығушылықты  ояту  кезеңі:  Студенттер  жыл  мезгіліне 
қатысты тӛрт топқа бӛлінеді. Сұрақ«Сыр сандық»; «досық»; «тау» «перне»,  
сӛздері қандай ассоциация тудырады?   
Мағынаны  тану:  Кластер  құру.    Идеялық,  мағыналық  қырларын 
қарастыру. Кӛркемдік ерекшеліктерін іздеп, жүйелеу, жинақтау.   
Кубизм: 
Суреттеңіз  –    достыққа  зәру  жанның  кӛңіл-күйі  мен  мінез-құлқын 
суреттеңіз. 
 

67 
 
Салыстырыңыз – Ӛзіңіздің  әртүрлі күйдегі сәтіңізді салыстырыңыз.  
Зерттеңіз  –  (ойыңызбен  байланыстырыңыз)  –  шығарма    қандай  ойға 
жетелейді?  Шығармадағы  кӛркемдік  детальдардың  автор  ойын    ашудағы 
қызметін пайымдаңыз.  
Саралаңыз  (талдаңыз)  –  ӛлеңдегі  автордың  ішкі  сыр  туралы  ойын 
айқындаңыз.  
Қолданыңыз  –достық  шарты  туралы  автордың  кӛзқарасын    пайдалана 
отырып достық ережесін жазыңыз.  
Ұсыныңыз  –  әркім    оң  жағындағы  сыныптасына  бұрын  айтылмаған 
кӛңіл түкпіріндегі жақсы лебіз, жақсы ниетін арнасын. 
Толғаныс деңгейі:Елес жетелеу.  
Шығармашылық деңгей: Әр оқушы 5 минут уақыт кӛлемінде   ӛз ойла-
рын жазып шығады. Топта талқылау. Кӛпшілікке оқу.  
Рефлексия:  
Интервью алу парағы 
Оқушының аты-жӛні 
Талданатын мәселелер                                               
 
Жауабы 
- Сабақ ұнады ма? 
- Ӛлең мәтініндегі сізге ұнаған идея қайсы? 
- Сабақ тақырыбының сіз үшін қандай маңызы бар? 
- Сабақ барысында кімнің пікірі ұнады Неліктен? 
- Топ жұмысында қандай іс-әрекет ұнады?  
- Ӛз тобыңыздың қай мүшесіне жоғары балл қояр 
едіңіз (аты-жӛнін жазыңыз) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет