Семинарды басталуы. Қатысушыларды тіркеу. Қош келдіңіздер



Дата11.01.2017
өлшемі209,23 Kb.
#6827
түріСеминар
«Қош» келдің»

(әлеуметтік психологиялық жоба)

Слайд
Семинарды басталуы. Қатысушыларды тіркеу.

-Қош келдіңіздер, құрметті әріптестер, сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Келген жаңа жыл отбасыларыңызға бақыт, қызметтеріңізге шығармашылық табыс әкелсін.Семинар топпен отыруды мақсат тұтады.

-Семинарды бастамас бұрын сіздермен жаттығу орындасақ, қалай қарайсыздар?

-Бұл жаттығу арқылы сіздермен жақын танысып, жағымды атмосфера қалыптастырамыз деген ойдамын.

«Әнмен бой сергіту» жаттығуы

Жүргізуші танымал 3-4 ән аты жазылған қағаз таратады. (Әр әнге сондай қағаз саны тең келеді) Қатысушылар өзіне тиген ән әуенін жүріп ыңылдап салады. Ойынның міндеті өзі сияқты ән әуенін салып тұрған адамды іздеп тауып, қосылуы түптеп келгенде осындай төрт топ құралады.


Бүгінгі семинарымыздың тақырыбы:

«Жаңадан келген оқушылармен әлеуметтік-психологиялық қызмет жүйесі»

Айзада:

Жаңа заман мектеп түлегі – бұл экономиканы, философияны, политологияны, психологияны білетін маман, қоғам үшін өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыдан талқылай алатын, салауатты өмір салты жөнінде ғылыми пікір қалыптасқан, ойлау мәдениетін меңгеріп, оның жалпы заңдылықтарын білетін және әр іске шығармашылық тұрғысынан келетін кәсіби және жеке бастық физикалық қабілеттерге ие тұлға.

Біріншіден, бейімделу дегеніміз – бұл жеке тұлғаның әлеуметтік ортаға белсенді араласуы. Екіншіден, бейімделу – белгілі бір үрдістің нәтижесі. Бұл құрамдас бөліктердің бірлігі жеке тұлғаның мақсаты мен дұрыс бағдарына байланысты.

Бейімделу үрдісі біздің мектепте жиі көрініс алады. Сондықтан мектебімізде психолог пен әлеуметтік педагог маманының жұмылдыра қызмет етуі дәстүрге айналды.


Асель. Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! Жылдан жылға оқушылардың бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып келеді. Бейімделуі ұғымы-қоршаған ортамен өзара байланыстағы тұрақтылықты, тепе-теңдікті сақтауға бағытталады. Біздің мектеп-интернатының оқушыларының құрамы жыл бойы жаңаланып отырады, және де олардың көпшілік дені өмірілік қиын жағдайға тап болған балалар. Әрине, жаңадан келген оқушының жатақханаға, тәрбие талабына, сыныптастарына бейімделуі оқушыға қиындық туғызады.

Сондықтан, біздің басты мақсатымыз: өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың әлеуметтену мәселелеріне тоқталып, оған заман талабына сай көмек көрсету, құқығын қорғау, өмір сүру мүмкіндігіне, әлеуметтік ортаға бейімделу жұмыстарын жандандыру.

Міне, осы мәселелерді алға ала отырып, біз мектебімізде «Қош келдің» жобасы жұмысын енгіздік. Бұл «Қош келдің» жобасының негізгі міндеттері:


  • Оқушының денсаулық жағдайын диагностикалау арқылы, физикалық тұрғыда түзету және профилактикалық жұмыстар жүргізу;

  • Оқушылардың психикалық тұрақтылығын және танымдық процессін қалыптастыру. Сонымен қатар оқушыға психологиялық қиындықтардан алшақтатуға қол ұшын беру.

  • Әр тұлғаның психологиялық-педагогикалық жағдайының ерекшелігін, микро ортасын, өмір сүру жағдайын, өмірге қызығушылығын, жеке әлеуметтік жағдайларын зерттеу, анықтау.


Айзада.

«Қош келдің» жобасының құрылымдары бірнеше қадамнан тұрады. Әр қадамда психолог пен әлеуметтік педагог бірлесе, ынтымақтаса отыра жұмыс жасаудамыз.
Қош келдің жобасының 1-ші қадамы «Психодиагностика жүргізу» бұл жобамен мектепке жаңадан келген баламен жұмыс жүргізіледі. Бүгін сіздердің назарларыңызға бейімделу кезеңінде қиындық туғызған 5 баламен жүргізген жұмысты ұсынамыз.

Міндеті:

Келген оқушыны толық психодиагностикадан өткізу.

Біздің мектеп интернатымызға өмірде қиын жағдайға тап болған оқушылар жиі құрамға енеді. Осы оқушыларға мектеп -интернаты өз жылулығын беріп, ортаға тез бейімделуіне барынша көмек береді. Психодиагностика жүргізу арқылы жаңадан келген оқушымен психологиялық қызмет ұйымдастырылады. Психологиялық қызмет барысына ата аналарды, сынып жетекшілерді, тәрбиешілерді жұмылдыра отыра жүргіземіз.

Психодиагностика жүргізу кезеңдері:

І. Оқушымен жеке әңгіме-сұхбат;


  • Жалпы өзі жайлы толығырақ ақпаратты өзінен алу;

  • Мектепке ауысу себебін білу;

ІІ. Оқушының танымдық қабілеттерін анықтау;

  • Зейін тұрақтылығы;

  • Қабылдауы;

ІІІ. Психологиялық қасиеттерін анықтау;

  • Темпераменті

  • Өзін-өзі бағалауы

ІV. Жаңа мектепте өзін сезінуі;

  • Социометрия

  • Сауалнама жүргізу;


Жүргізілген психологиялық диагностика жұмыс қорытындысы

Трубина Света

І. Оқушымен жеке әңгіме-сұхбат өткізілді

  1. Мектептен ауысу себептері жайлы;

  2. Отбасы жайлы, отбасымен қарым-қатынасы;

«Отбасылық социограмма» әдістемесі.

ІІ. Оқушының психологиялық қабілеттері:



  1. Ойлау қабілеті – төмен деңгей

  2. Есте сақтауы – орта деңгей

  3. Зейіні – тұрақсыз

  4. Темпераменті меланхолик.

  5. Өзін өзі бағалауы төмен.

Сауалнамасының қорытындысы щығарылып, тәрбиешісіне таныстырылды.

Базарай Рақымжан

І. Оқушымен жеке әңгіме-сұхбат өткізілді

  1. Мектептен ауысу себептері жайлы;

Отбасы жайлы, отбасымен қарым-қатынасы;

Анасы баласына көп көңіл бөлмейді. Баласы анасының қамқорлығына мұқтаж.

ІІ. Оқушының психологиялық қабілеттері:



  1. Ойлау қабілеті – қалыпты деңгей

2. Есте сақтауы – жоғары деңгей.

3. Зейіні – тұрақты.

Темпераменті меланхолик. Аталған оқушыда мейірімділік жоқ, мұқтаж.



«Мектептегі сезім» сауалнамасының қорытындысы бойынша щығарылып, тәрбиешісіне таныстырылды.

Зобнин Руслан

І. Оқушымен жеке әңгіме-сұхбат өткізілді

  1. Мектептен ауысу себептері жайлы;

Мектеп мекемесіне арнайы мекеме арқылы қараусыз қалған оқушы ретінде орналастырылды.

ІІ. Оқушының психологиялық қабілеттері:



1.Ойлау қабілеті – төмен деңгей

  1. Есте сақтауы – жоғары деңгей.

  2. Зейіні – тұрақсыз.

  3. Темпераменті – холерик

  4. Өзін-өзі бағалау – төмен деңгей


Жексембеков Әбілқас

І. Оқушымен жеке әңгіме-сұхбат өткізілді

  1. Мектептен ауысу себептері жайлы;

Отбасылық жағдайларға байланысты. Анасы шектен тыс қамқорлық жасайды, қары қатынасы шектен тыс, өзінің пікірі жоқ, анасының көлеңкесінде қалып қояды.

ІІ. Оқушының психологиялық қабілеттері:



1.Ойлау қабілеті – орта деңгей

  1. Есте сақтауы – орта деңгей.

  2. Зейіні – тұрақты.

  3. Темпераменті – флегматик

  4. Өзін-өзі бағалауы – төменгі деңгей


Маралов Темірлан

І. Оқушымен жеке әңгіме-сұхбат өткізілді

  1. Мектептен ауысу себептері жайлы; отбасылық жағдайларға байланысты.

  2. Отбасы жайлы, отбасымен қарым-қатынасы; Анасынан айыруына байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болуы, өзін өзі бағаламауы.

  1. Ойлау қабілеті –орта деңгей

  1. Есте сақтауы – орта деңгей.

  2. Зейіні – тұрақсыз.

  3. Темпераменті – флегматик

  4. Өзін-өзі бағалауы – төмен деңгей

Яғни, І қадамда оқушының психологиялық ерекшеліктерін диагностикалау арқылы анықтап алдым. Қиындық осы диагностика арқылы анықталған соң оқушылармен келесі қадамдар жүзеге асырылды.


2 қадам.«Алдын-алу, түзету, дамыту»


Асель: Дұрыс бағыт алып, бағдарын ерте айқындаған баланың бойында бірте бірте жақсы құндылықтар сапасы арта түседі, яғни бала өз бойына жақсы қасиеттерді жинап, өз бетімен тәрбиелі ортаға бейімделе бастайды. Оқушыны жаңа ортаға бейімдеу мақсатымен «Қош келдің» жобасында әлеуметтік тұрғыда әрбір баламен жекеше жұмыс түрлері жүргізіліп отырды. Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін,олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді.Соған сай олардың қабілетін ашуға  мүмкіндік туғызатын спорт,дене еңбегі,қолөнер,техникалық шығармашылық,т.б.іс-әрекетті үйрету үйірмелері  мен секциялар ұйымдастырылған. Әр оқушы кез-келген үйірмеге ,секцияға,клубқа өз жүрегінің қалауымен қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін,яғни өзін басқаларға танытуға мүмкіндік алады.
Қандай өмірілік қиын жағдайға тап болған бала болса да оның ар – ожданына тимей, жеке өзіндік психологиялық ерекшелігін ескеріп, икемі бар жаққа қарай баули білу, қоғамдық пайдалы істерге икемдеу, мақсат қойдыра білу және оған жетуге көмектесу сияқты сан – саналы тәрбие жұмысын жүргізу барысында аталған оқушылардың әлеуметтік ортаға бейімделулеріне ықпал ететін жүргізілген жұмыстарға тоқталғым келіп тұр.
Трубина Света

Бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында оқушы «қолөнер» және қуыршақтар» үйірмесіне қатыстырылды. Жасаған бұйымдары мектеп жәрмеңкесінде көрмеге қойылды. Ағылшын тілінен өткен «English holiday» конкурсына қатысты.«Өмір- өмір сүру үшін беріледі» атты оқушымен жеке әңгіме сұхбат кешіне қатысты. Қалалық « Кітаппен бірге өсеміз» атты ең үздік кітап белгісін жасау байқауында «Кітап менің досым» номинациясын жеңіп алды.



Базарай Рахымжан

Алдын-алу шараларын өкізу барысында «Иман адамгершілік кепілі» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде оқушы өзінің ой-өрісін дамыту, өзара қатынасты сенім рухында тәрбиеленуі айқын көріне бастады. «Проблемалық жағдайда өзін-өзі ұстау» тақырыбында әңгіме сұхбат жүргізіліп, әңгіме барысында ойын терең жеткізе білді. Бейімі бойынша «Жас техник» үйірмесіне қатыстырылды. Жасалған бұйымдары мектеп жәрмеңкесінде көрмеге қойылды. «Көңілді тапқырлар» сайысына қатыстырылды.


Жексембеков Әбілқас
«Проблемалық жағдайда өзін-өзі ұстау» тақырыбында әңгіме сұхбат жүргізіліп, әңгіме барысында ойын терең жеткізе білді. Өз бейімі бойынша «Хор» үйірмесіне қатыстырылды. «Ел қорғаған-ер жігіт» ұландар күніне арналған сайысқа қатысты.
Зобнин Руслан

Мектепішілік қазақ тілі, математика пәндерінен өткен олимпиадаға қатысып, жүлделі орынға ие болды. «Тапқыр болсаң, тауып көр» сайысының бірінші орын жеңімпазы. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Сынып белсендісі. Екі тілді еркін меңгерген.



Маралов Темірлан

«Проблемалық жағдайда өзін-өзі ұстау» тақырыбында әңгіме сұхбат жүргізіліп, әңгіме барысында ойын терең жеткізе білді. Өз бейімі бойынша «Хор» үйірмесіне қатыстырылды. «Ел қорғаған-ер жігіт» ұландар күніне арналған сайысқа қатысты.



Айзада. 2-қадам. «Алдын –алу, түзету-дамыту». Психодиагностикадан өткен қиындық туғызған оқушылармен психокоррекциялық, психопрофилактикалық жұмыспен қамтылады. Яғни, жаңадан келген оқушыларды мектепке бейімделуде кездесетін қиындықтар қобалжу, үрейлік сезімдері сияқты мәселелерді түзетуде жүргізілетін психопрафилактикалық жұмыстар дамыту сабақтары, тренингтер, арт терапия, ертегі терапия, сұхбат жүргізу, аутотренингтер жүргізіледі.

Аталған оқушыларға психокоррекциялық жаттығулар жүргізілді. Олар жас ерекшелігіне байланысты таңдалып алынды.



Базарай Рақымжанның агрессиясы жоғары. Сондықтан онымен психокоррекциялық әдістемелер өткізілді.

Рақымжанмен:

«Эмоцияны тап»

«Мен және басқалар»

«Менің сезімдерімнің кітабы» атты психокоррекциялық жаттығулар өтілді.
Трубина Света Өзін өзі бағалауы төмен. «Ассоциативті эксперимент» әдістемесі өтілді. Оқушыға белгілі сөздер берілді. Сол сөздерді естігенде қандай сөз ойларына түседі. Соны атау керек болды. Оқушыда қорқыныш, үрейлілік байқалды. Сол қорқынышты жеңу үшін писхокоррекциялық жаттығулары өтіліп тұрады. «Мен бақытты баламын», «Мен арманыма жетемін», «Менің сезімімнің бағы».
Зобнин Руслан.

«Мен өзімді қандай деп санаймын?»

«Мені басқалар қалай көреді?»

«Мен қандай болғым келеді?»

Атты өзінің өмірде қандай тұлға етіп көретінін, және қандай болғысы келетіні, өмірде алға қойған мақсаттары арқылы өмірде өз орнын табу екені жете түсіне алды.

Жексембеков Әбілқас. Бұл оқушыда еркіндік жоқ, анасының пікірінен шыға алмайды. Онысын «Отбасылық социограммадан» көруге болады. Өзіндік көзқарасы жоқ, өз ойын дұрыс жеткізе алмайды, біреудің жетегінде көп жүреді. Бұо оқушымен өзіндік менін танытатын психокоррекциялық жаттығулар жүргізілді. Атап айтсам, «Қиын жағдаят», «Мен пікірімді айтамын», «Егер де мен сен болсам» жаттығулары.
Маралов Темірлан. Бұл оқушы өмірде қиын жағдайға тап болған оқушы. Себебі біраз жылдан бері анасынан айырған еді. Бұл тақырып оған өту ауыр тиеді. Сондықтан бұл оқушымен арт терапия әдістемесі жүргізілді. Яғни, өзінің сезімін, эмоциясын сурет, бояулар арқылы жеткізіп отырды. «Арт терапияның» «Менің болашақ отбасым», «Менің отбасым гүлдер кейпінде» жаттығуларын орындау арқылы эмоционалдық жағдайын анықтайтын жаттығулары жүргізіліп отырды. Әр түрлі өмірлік оқиғаларға толы притчалар, видероликтер көрсетіледі.

Асель:

3-қадам. Нәтижеге бағытталған келесі бір қадам-бақылау



  1. Жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарды үнемі назарда ұстау

  2. Сабақтарға, іс-шараларға қатысу

  3. Үйірмеге қатысуын үнемі бақылауда ұстау

  4. Өткізілген тәрбие жұмысы бойынша тәрбиешілердің есебін талқылау.

  5. Өткізілген жұмыс бойынша туындайтын мәселелерді директор жанындағы тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жанындағы кеңеске шығару

Айзада:

Бейімделу процесінде оқушылардың эмоционалдық жағдайын үнемі бақылауда ұстау психологтың басты міндеті, жауапкершілігі. Сондықтан бұл қадамды жүзеге асыруда арт терапия әдісінің экспресс тест жаттығулары, суреттік әдістемелер жүргізіледі.



Айзада. 4-қадам. Бұл қадамда мектепке алғашқы күннен келген оқушыны дезадаптациядан өту кезеңімен салыстырып, жасалған әлеуметтік психологиялық қызметтен салыстырмалы картинаны байқауымызға болады. Анықтап айта кететін болсам, мектепке еш қиындықсыз, нейтралды бейімделген оқушы әрине оқу процесінде де жетістіктерге жетеді. Яғни, жаңа заман талабына сай инновациялық технологияларды меңгере отырып, оқушы сапалы білім алады. Демек, бейімделу үрдісіне әлеуметтік психологиялық қолдау көрсетілген оқушының оқу сапасы да өз әсерін тигізері сөзсіз.

Оқушылардың бейімделуінің көрсеткіштері бойынша Мониторинг



Аты жөні

Оқушылардың келгендегі психологиялық ахуалы

Бейімделгеннен кейінгі психологиялық ахуалы

Оқу мотивациясы

Өзін өзі бағалауы

Отбасымен қарым қатыансы

Сыныптағыстастусы

Болашаққа деген көзқарасы

Оқу мотивациясы

Өзін өзі бағалауы

Отбасымен қарым қатыансы

Сыныптағыстастусы

Болашаққа деген көзқарасы

Зобнин Руслан































Трубина Света































Маралов Темірлан































Жексембеков Әбілқас































Базарай Рақымжан
































Төмен деңгей: Орта деңгей: Жоғары деңгей:

Мына кестеден байқайтынымыз, келген кездегі оқушылардың қазіргі кездегімен салыстырсақ жүргізілген әлеуметтік психологиялық жұмыс нәтижесінде біраз айырмашылықтар бар. Светаның оқуға деген мотивациясы төмен деңгейден ортаға көтерілді. Сыныптағы психологиялық статусы жоғарылады. Жексембековтың өзін өзі бағалауы төмен деңгейден ортаға, сыныптағы статусы қабылданбағаннан қабылданатын статусқа, Зобниннің оқуға мотивациясы, өзін өзі бағалауы жоғарылады. Базарай Рақымжанның болашаққа деген жоспары, мақсаттары пайда бола бастады.



  1. Трубина Света

Мектепішілік және қалалық іс шараларға да белсене араласуда. Қалалық

«Кітаппен бірге өсеміз» атты ең үздік кітап белгісін жасау байқауында «Кітап менің досым» номинациясын жеңіп алды, сонымен қатар мектепішілік ағылшын тілінен өткен апталықта белсенділік танытып көзге түсті. Ағылшын тілінде өлең жолдарын мәнерлеп айта білді. Қолөнер үйірмесіне қатысып табиғи материалдарды қолдану арқылы түрлі бейнелерді бейнелеуде өзін тағы бір қырынан таныта білді. Сөз шеберлігі алғашқы жылдарға қарағанда біршама жақсарды. Орыс және қазақ тілдерінде жетік сөйлей біледі. Шығармашылық қабілетін қуыршақтар театрына қатысып сыныптың абыройын арттырды.

  1. Базарай Рахымжан

Рахымжан Мектепішілік қоғамдық жұмысқа белсене араласады., алдын-алу шараларын өкізу барысында «Иман адамгершілік кепілі» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде оқушы өзінің ой-өрісін дамыту, өзара қатынасты сенім рухында тәрбиеленуі айқын көріне бастады. Оқушымен «проблемалық жағдайда өзін-өзі ұстау» тақырыбында әңгіме сұхбат жүргізіліп, әңгіме барысында ойын терең жеткізе білді.......Бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Рахымжан мектептегі «Жас техник» үйірмесіне қатыса отырып, үйірме жетекшісінің бағыты бойынша автокөліктер сызбасын жобалап, техниканың қуат көзімен жүретін түрлі автокөлік макеттерін дайындап, былтырғы оқу жылында қорғап шыққан болатын. Қазіргі уақытта да оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда, үйірме жетекшісі, тәрбиеші бірлесе отырып дамытуда.

  1. Жексембеков Әбілқас

Алдын алу шараларын жүргізу бойынша оқушымен жеке әңгіме-сұхбат жүргізіліп оқушының жеке қабілеті айқындалды. Әңгімесу барысында оқушының қандай салаға икемі бар екені анықтадық. Оқушы бос уақытын тиімді пайдалану барысында хор үйіресінің жетекшісі әбілқастың ән айтуға икемі бар екенін байқады. Қазіргі уақытта Әбілқас хор үйірмесіне қатысып, мектепішілік, қалалық хорға қатысуда. Сонымен қатар алдын алу шараларын өткізуде мектепте өткен ұлы хандарды бейнелеуде ханның образын сомдап, өзінің тағы бір қырын байқаты білді.

  1. Зобнин Руслан

Сыныпта оқу озаты, сынып белсендісі. Есте сақтау қабілеті жоғары, сауатты оқушының бірі. Қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысады. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға белсене қатысып, мадақтамамен марапатталды.

  1. Маралов Темірлан

Белсене қатысып, нәтижелер көрсетті сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары: қоғамдық-пайдалы еңбек, спорт және дене тәрбиесі, оқушылардың шығармашылығын дамыту, туризм туған өлкені зерттеуді дамыту. Алғашқы кезеңнен бастап оқушыға күнделікті бақылау жүргізіліп, оқушының сол ортаға бейімделіп, тіл табысып кетуі жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілді. Оқушы келгенде мінезі тұйық, сыныпқа ене алмады. Алдын алу шараларына қатысты әр түрлі тақырыпты қамтитын шығармалар сайысы, дебат жарыстары оқушының ойлау, сөйлеу қабілетін дамыта бастады. Бос уақытын тиімді пайдалану үшін темірлан мектепішілік футбол командасының құрамына еніп, бірте бірте ортаға бейімделе бастады. Ден шынықтыру пәні жетекшілерінің демеуімен қазіргі уақытта спорттық басқа да қырын меңгерген. Қалалық волейбол біріншілігеіне қатысып жақсы көзге түскені үшін мектеп диреторының марапаттау қағазына да ие. Қазіргі уақытта оқушы сыныптастарымен жақсы тіл табысады.

Асель. Бұл алдын ала-алу шараларын өткізу арқылы бейімделу кезеңінде ең бастысы жаңадан келген баланың мектепте қиналмай, өздерін еркін сезініп тәрбиелі, табысты азамат болып қалыптасуы біз бірлесе жасаған жұмыстың нәтижесі деп санаймын.

ІІ бөлім тәжірибелік.

  • «Диірмен» жаттығуы.

Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір біріне қарама қарсы тұрады. Екі қолын кезек сермеп, диірмен жасайды. Кезекпен шетінде тұрған әр қатысушы, ортасынан «мен келе жатырмын» деп өтуі қажет.

Жаттығу соңында:

  1. Қиындықтан өтуге қиын болды ма?

  2. Қандайсезімде болдыңыз?



  • Отбасы суреті гүлдер бейнесімен” Л.Д.Лебедева

Суреттерді талдау

1. Суреттен қандай көңіл-күй сезіледі?

2. Қандай ерекшеліктер бар? (әрбір отбасы мүшесінің ерекшелігі,

қайталануына мән беріледі.

3. Қоршаған ортада өсімдіктер өзін қалай сезінеді, қаншалықты

табиғи көрінеді?

4. Суретші қандай сезімдерді көрсеткісі келген?

5. Суретші қайсы нысанға көп көңіл бөлген?

5. Автордың өзі суретте қандай орында тұр?

6. Гүлдер өзара қалай жайғастырылған?

7. Барлық отбасы мүшелеріне орын жетті ма?

8. Шын мәніндегі отбасы бейнеленген ба, әлде қиялдағы отбасы ма?

9. Гүлдер арасында қайтыс болған туысқандар мен жақын ағайындар бар ма?

  • Отбасылық социограмма” телімелі тест авт. Э.Г.Эйдемиллер және О.В.Черемисин

«Отбасылық социограмма» телімелі тесті
Мақсаты : Жағдайды « қазір осы жерде» бірер минутта анықтауға болатын жедел диагностика. Субьекті отбасы коммуникациясына қалай түседі, тұлғааралық қатынастағы хал-ақуалы, оны тура және жанама түрінде анықтауға, мүмкіндік береді.Бұл әдіс түрі, суретті телімелі әдіске жатады Әдістеменің өтілуі: Зерттелушіге жауап беру іс-қағазы берілді, онда шеңбер сызылған диаметрі 110 мм тұрады. Нұсқауды түсіндіру. Қағазда бірнеше шеңбер сызылған. Сол шеңберге алдымен өзіңді « Мен» және отбасы мүшелерін дөңгелекпен белгілеңіз.
Әр дөңгелекке аттарын жазып қойыңыз. Отбасы мүшелері бір-бірімен кеңеспей жеке дара толтыруды өтіну.
Бірінші белгі бойынша бағалау: отбасы мүшелерін қатар қойып шынайы өмірмен салыстыру. Отбасы мүшелерінің бірімен қақтығыста жүрсе ол шеңберге кірмей қалады немесе бір жануарға теңей салады.
Екінші белгі бойынша дөңгелектің көлеміне назар саламыз, егер үлкен шеңбер жаққа салынса ол адамның өзіндік бағалауы жоғары, ал дәл ортасына өзін немесе жақын адамын салса дарашыл тұлға бағытында. Ал төмен жағына салынса, өзіндік бағалауы төмен.
Үшінші белгіде дөңгелектердің орналасу тәртібіне көңіл бөлеміз. Кім –кіммен жақын, маңызды орында деген сұрақтарға жауап аламыз. Шеңбердің ішінде орналасуы басқамен салыстыр ғанда үлкен шеңберде болса, зерттелуші көз-қарасында ол маңызды адам қатарына жатады.
Төртінші белгіде бір бірінің үстіне салып, жаза берсе, отбасында дұрыс қатынастың болмауы туралы немесе өзара шекара жоқтығынан хабар береді. Отбасындағы өзара қатынас мұқият назар салып талдауды қажет етеді.

Диагностикалық көрсеткіштер:

  • Дөңгелектердің өзара жайғасуы

  • Бір-бірімен өзара эмоционалдық байланысын дөңгелектер арасындағы қашықтық білдіреді.

  • Шеңберде суреттелген отбасы мүшелерінің саны

  • Кейде адамдар орнына үй жануарлары бейнеленеді

  • Шеңбер ішіндегі дөңгелектердің көлемі –қаншалықты үлкен болса, соншалықты маңызы бар.


Рефлексия. «Блоб» ағашы. Олар ер, әйел, жас не кәрі құл да емес, еркін де емес! Олар интерпретацияға ашық жандар.Әр кейіпкер ретінде сіз, сіздің досыңыз немесе сіздің дұшпаныңыз болуы мүмкін.

Әдістемелік ойын «Өрмекшінің торы»: кезекті күннің соңында жұмыс күнін қорытындылау мақсатында тыңдаушылар шеңбер құрып тұрады. Арасында тұрған тренердің қолында шумақ жіп. Тренер тыңдаушылардың есіне бүгінгі күннің тақырыбын еске түсіріп, әңгіменің басы болатындай фразаны айтады да (мысалы: «Бүгін сабақта біз диалогтік оқытуды қарастырдық. Диалог «сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынына» сенімдімін), қолындағы шумақ жіптің үшін алдын ала өз саусағына орап, шумақты шеңберде тұрған біреуге лақтырады.Ол адам қарастырған тақырып бойынша маңызды ақпаратты, модульдің идеясын ашатындай сөйлемді айтып, жіптің ұшын өз саусағына орап, шумақ жіпті келесі адамға лақтырады. Шумақ жіп барлық тыңдаушының саусағына оралған кезде шеңбердің ортасында «өрмекшінің торы» тоқылады. Енді шумақ жіпті ең соңында алған тыңдаушы саусағына оралған жіпті тарқатып, өзін мазалаған немесе түсініксіз болған, күмән тудырған сұрағын айтып, шумақ жіпті керісінші бағытта лақтырады. Жіпті алған адам қойылған сұраққа жауап беруге тырысады. Ол жауап бере алмаса, шеңбердің ішінде тұрған кез келген адам жауап бере алады. Бұл іс-әрекет «өрмекшінің торы» толық тарқатылғанша жалғаса береді.Осылайша тыңдаушылар ойнай отырып, бір күн жұмысын қорытындылап, мәліметтерді нақтылап, белгісізді анықтап алады.Тыңдаушылардың пікірінше, бұл жұмыс өте тиімді. «Жұмыс соңында жаңғырған материал тағы бір қайталанып, есте көбірек сақталады» дейді.



  • «Арт-терапия» жаттығуы. Музыка әуенімен қатысушылар көздерін жұмады, 1 минут дем алады, содан соң сол қолдарына қылқаламды алып өзінің бойындағы сезімін параққа бояумен түсіреді, түстерді көзін ашып таңдауына болады, музыка әуені біткеннен кейін, өзінің сезімін суға жуып сығып алады, оны қайтадан жайып, қазіргі жағдайын қайтадан салады. Суреттерді көрмеге қояды, стикер арқылы әріптестерінің суреттеріне ат қояды немесе комплимент айтады.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет