Кәсіби диагностика – кәсіби бағдар тестілер әдістемесін қолданып адамның тұлғалық ерекшелігіне немесе таңдауына жақын келетін мамандықтарға сәйкестігін анықтау мақсатында оның тұлғасын, қызығушылығын, қабілетін



бет1/3
Дата21.05.2022
өлшемі21,88 Kb.
#144349
  1   2   3
Байланысты:
баяндама


«Қаламаған мамандықпен айналысамын деп бекерге жаныңды қинаудың қажеті жоқ. Мамандықты да құрғақ есеппен емес, махаббатпен іске асырған жөн …»
Харуки Мураками
Әрбір он жыл сайын әлемде тың жаңа мамандықтар пайда болады. 21-ғасырда жаңа мамандықтардың пайда болуы жаппай жұмыссыздықпен, бос орындардың тапшылығымен, жаңа технологиялардың қарқынды дамуымен және де жаһандық компьютерлендірумен тікелей байланысты. Осы орайда қазақстандық қоғамның қазургі даму жағдайында мектеп оқушыларының кәсіби бағдары өзекті мәселелердің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «29) кәсіптік бағдар - білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру» («Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы. 19.04.2019 өзгертілген.), -делінген екен.
Осы тұста мектеп кісіптік бағдар берудің маңыздылығын көруге болады. Ал кәсіптік бағдар беру өзара бір- бірімен байланысқан 7 сатыдан тұрады.

  1. Кәсіби ағарту. Кәсіби ағарту екі элементті құрайтын ақпараттан тұрады: кәсіби насихат және кәсіби үгіт – қажетті мамандықтар туралы адамға мәліметтерді хабарлау және сол мамандықтарды игеру шарттары мен тәсілдері туралы ақпараттандыру, республикаға, өңірлерге қажетті әлеуметтік маңызы бар әрі тапшы мамандықтарды насихаттау;

  2. Кәсіби диагностика – кәсіби бағдар тестілер әдістемесін қолданып адамның тұлғалық ерекшелігіне немесе таңдауына жақын келетін мамандықтарға сәйкестігін анықтау мақсатында оның тұлғасын, қызығушылығын, қабілетін, бейімділігін зерделеу;

  3. Кәсіби консультация – қоғам сұранысы мен жеке тұлғалық қасиеттерінің мүмкіндіктеріне сай мамандық таңдауда, кәсіби мансапты жоспарлауда көрсетуге негізделген кәсіби бағдар жүйесінің құрамдас бөлігі;



  4. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет