Кәсіби диагностика – кәсіби бағдар тестілер әдістемесін қолданып адамның тұлғалық ерекшелігіне немесе таңдауына жақын келетін мамандықтарға сәйкестігін анықтау мақсатында оның тұлғасын, қызығушылығын, қабілетін



бет2/3
Дата21.05.2022
өлшемі21,88 Kb.
#144349
1   2   3
Байланысты:
баяндама

Кәсіби іріктеу – нақты еңбек түріне адамның жарамдылығын анықтау;

  • Кәсіби жарамдылық - еңбектің қолайлы тиімділігіне қол жеткізу үшін қажетті зияткерлік, физикалық, психологиялық қасиеттер, сондай-ақ арнайы құзыреттіліктердің жиынтығы

  • Кәсіби бейімделу – адамның өндіріске, жаңа әлеуметтік ортаға, еңбек шарттары мен нақты мамандық ерекшеліктеріне бейімделудің белсенді процесі арқылы іске асырылады.

  • Кәсіби өзін-өзі айқындау – жеке тұлғаның кәсіби қызметке деген көзқарасын қалыптастыру процесі мен тұлғалық және әлеуметтік-кәсіби қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы жүзеге асыру тәсілі; қоғамда қалыптасқан кәсіби іс-әрекет критерийлеріне қатысты өзін анықтау.

    Оқу процесіндегі кәсіби бағдар – оқушыларға оқу процесі барысында мамандықтар туралы кеңес беру және оларды ақпараттандыру. Мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен икемділіктерінің деңгейі нақты оқу әрекетіне тікелей тәуелді. Жалпы білім беретін пәндердің оқу материалының мазмұны кәсіби бағдар беру мақсатында қолданылуы мүмкін. Мұғалім оқушыларға пән бойынша білім беруде мамандықты табысты игеруге қажетті білімді түсіндіреді. Мектеп оқушылары биология, химия, физика, тарих, қоғамтану, әдебиет пәндері бойынша сабақтар барысында мамандықтар туралы негізгі ақпараттармен, еңбек ету жағдайымен, қоғамдағы орнымен, маңыздылығымен танысады. Әр оқу пәні мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру міндетін шешуде сол пән шеңберіндегі мүмкіндіктер мен құралдарды қолданатыны түсінікті жайт.
    Мектептегі кәсіби бағдар жұмысына барлық ұжым болып кіріскенде және бірқатар қағидаттарды ұстанғанда ғана тиімді болатынын ескеру маңызды. Кәсіби бағдар жұмысы тек жоғары сынып оқушыларына ғана жүргізілуімен шектелмеуі тиіс. Бұл бастауыш сыныптан басталып мектепті бітіргенше үздіксіз әрі жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
    Кәсіби қатыстылық – кез келген адамның ең маңызды сипаттамаларының бірі. Адамның өзін белгілі бір маман иесі ретінде көре алуы – көптеген ересек адамның өзі туралы түсінігінің ажырамас бір бөлігі. Адам өзі істейтін жұмысын қаншалықты жақсы көрсе, бұл түсінік те соншалықты адамға етене жақын болады, уақыт өте келе ол өзін осы мамандықсыз өмір сүре алмайтындай көреді. Егер адам қандай да бір себептермен өзінің сүйікті ісімен айналыса алмаса (жұмыссыздық, ауру, зейнеткерлікке шығу), бұл ол үшін нағыз өмірлік трагедияға айналмақ.
    Кәсіби өзін-өзі айқындау тек сәтті таңдау ғана емес, ол мамандықты таңдауға дейінгі кезеңнен бастау алып, әрі қарай оқу мен сол мамандықты игеру барысында жалғасатын процесс. Мамандық таңдаудағы қиындық бұл – бір мамандықты таңдауға басымдық беріп, қалғандарынан бас тарту.
    Адамның кәсіби өзін-өзі айқындау процесі өтетін «баспалдақ» іспеттес кәсіби сәйкестіктің төрт мәртебесін бөліп көрсетуге болады:
    1) Айқындалмаған кәсіби сәйкестік: өмір жолын таңдау жасалмады, мансап туралы нақты түсінігі жоқ, бірақ адам тіпті алдына осындай міндеттерді қоя алмайды;
    2) Мәжбүрлі кәсіби сәйкестік: адам өзінің кәсіби болашағы туралы қалыптасқан түсініктері бар, бірақ олар өзбетінше таңдау жасаудың нәтижесінде емес, сырттан (мысалы, ата-аналар) күштеудің нәтижесінде қалыптасқан;
    3) Кәсіби сәйкестікті уақытша тежеу (таңдау дағдарысы): адам мамандық таңдау мәселесін түсінеді және оны шешумен айналысуда, бірақ әліде болса оңтайлы нұсқасын таңдап, анықтамаған;
    4) Қалыптасқан кәсіби сәйкестік: дербес саналы шешімге келу нәтижесінде кәсіби жоспары анықталған.
    Оқушының кәсіби өзін-өзі айқындау қандай сатыда екендігін білу мен кәсіби өзін-өзі айқындау мәселесіне байланысты өзінің саналы қатынасын анықтау үшін кәсіби сәйкестік мәртебесін зерделеу әдістемесін қолдануға болады (А.А.Азбель, А.Г.Грецов) (Диагностика профессионального самоопределения)
    Білім алушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру құралы ретінде, әдетте сынып сағаттарын, тренингтерді, кәсіби бағдарлы ойындарды, олимпиадаларды, квест пен т.б. қолданады.
    Кәсіби бағдар беру жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін әлеуметтік серіктестерді: кәсіп орындары мен ұйымдарды, колледждер мен ЖОО-рын жұмылдыру өте маңызды. Бұл қатысушылардың шешім қабылдауына тән «мүмкіндіктер мен жауапкершілік алаңы» ерекше механизімін меңгеруі бойынша алдын ала жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.Ол өз алдына жасөспірімнің сұранысы мен мүмкіндігін тану процесін, шынайы өмірде сынауды және нәтижесін өз жауапкершілігіне алуды жобалайды.
    Мамандық таңдау – адамның жасөспірім шағында, тіпті кейбір жағдайларда бабалалық шағында қабылдауы қажет ең маңызды шешімінің бірі. Қазіргі таңда көптеген балалар мен жасөспірімдер әр кәсіптің ерекше қыр-сырларын біле бермейді және мамандық таңдауда өздерінің қабілеттерін, кәсіби қызығушылықтары мен икемділіктерін де ескеремейді. Мамандық таңдауға көптеген факторлар әсер етеді, мысалы: мамандықтың маңыздылығы мен беделі туралы субъективті баға; мамандықты игеру нәтижесіндегі қаржылық жағдайды бағалау; отбасы мен достарының әсері; білім алушы мінезінің, ынтасының, жеке қасиеттерінің ерекшеліктері.
    Жасөспірімнің кәсіби қызығушылығы мен жоспарын іске асыруға, түзетуге, өзбетінше жоспарлауға деген саналы ішкі дайындығы заманауи түсінікте кәсіби бағдар беру жұмыстарының мәні болып табылады.
    Кәсіби өзін-өзі анықтау дайындығы ересек адамдардың ынтымақтастығымен ғана қалыптасуы мүмкін. Оқушы ересек адамнан дайын шешім мен кеңес емес, өз бетінше өмірлік маңызы бар шешім қабылдауға негіз болатын қажетті шынайы ақпарат пен жасөспірімді алаңдататын мәселер жайында ашық әңгіме күтеді. Бұл процесте педагогтің кәсіби көмегінің қажеттілігі айдан анық.
    Кәсіби бағдар беру бойынша дұрыс ұйымдастырылған жұмыс мектеп қабырғасында, әсіресе жоғары сыныпта оқып жүрген кезден-ақ, көптеген көкейтесті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
    Бұл бағыттағы жұмыстарды іске асыруда әр оқушыға білім алу саласын, бағдарламалар бейінін, жеке қабілетеріне қарай түрлі іс-ірекеттерді есепке ала отырып оларды меңгеру уақытын еркін таңдауға мүмкіндік беретін қосымша білім беру жүйесі қуатты ресурс көзі болып табылады. Дәл осы қосымша білім беру жүйесінде жеке икемді білім алу бағдарын қалыптастырып іске асыруға ең қолайлы педагогикалық жағдайы туындайды


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет