Адамгершілік тәрбиесі Қарастырылатын мәселелер



бет1/2
Дата21.04.2020
өлшемі20,86 Kb.
#63756
  1   2
Байланысты:
Адамгершілік тәрбиесі
Адамгершілік тәрбиесі

Адамгершілік тәрбиесі

Қарастырылатын мәселелер.

  1. Адамгершілікке тәрбиелеу деген не? және оның түрлері.

  2. Адамгершілік тәрбиенің міндет мазмұны.

Адамгершілік тәрбиесі – тәрбие салаларының маңызды бір құрамдас бөлігі. Жеке тұлғаны жан–жақты жетілдіру процесінде ол ақыл–ой тәрбиесінен кейін маңызды рөл атқарады.

Адамгершілік тәрбиесінің негізі – адамдарды жалпы адмзаттық мораль рухында тәрбиелеу. Мораль дегеніміз – адамдардың бір–біріне деген міндеттері мен қарым–қатынасын айқындайтын мінез–құлқының нормалары мен ережелерінің жиынтығы. Мораль латын тілінде “адамгершілік” ұғымын білдіреді. Моральдық принциптер адамгершіліктің мазмұнын жалпы түрде анықтайды.

Ал адамгершілік дегеніміз – жағымды мінез–құлықының нормалары мен ережелерінің жиынтығы. Мінез деп адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиесінің әсерімен қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне және қоршаған өмірге қарым–қатынасын айқындайтын күрделі процесті айтамыз.

Адамгершілік жиынтығы – борыш болып табылады (Парыз). Яғни:


    • адамның –адам алдындағы, қоғам алдындағы, отан алдындағы борышы;

    • ата–аналардың балалары алдындағы немесе балалардың ата–аналары алдындағы борышы;

    • жеке адамның ұжым алдындағы, ұжымның жеке адам алдындағы борышы т.с.с

Адамгершілік борыш идеясы – бүкіл тәрбие процесінің саналы, негізгі өзегі болуын назардан үнемі тыс қалдырмау керек. Олай болса адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз– жақсылық атаулыға деген сезімді дамыту, сөз. Әрбір адам адамгершілік ұстанымдарды бұзу – жамандықтың басталатын межесінен аттау екенін сезінуі қажет.

Адамгершілік – қоғамдық өмірдің жемісі. Ол қоғам өмірдегі өзгерістерге байланысты дамып, жаңа мазмұн алып отырады. Бізге мәлім, бұрынғы өткен 5 әлеуметтік–экономикалық формацияларда адамгершіліктің мақсат–міндеттері, мазмұны бірдей болмаған. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамгершілік тәрбиесі сол қоғамның мақсатына сай қарапайым түрде болса, ал өзінен кейінгі өткен құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік қоғамдарда таптық сипатта болды.

Таптық қоғамда әр дәуірдегі үстем таптар шығарған өз моралы, өз мінез–құлық ережелерінің тізбесі болды. Бір мінез–құлық ережелері–қанаушы тап адамдарына арналған. Тіпті бружуазия елдерінің мектептерінде бұл ережелер ерекше сабақ ретінде оқытылған. Соған сәйкес құл иеленуші қоғамында құлдарын тіл алғыштық пен бой ұсынушылықты талап етті. Құлдардың жалпы мінез–құлқына деген ережелерін дін белгіледі. Діни моральдық бұл кодексі–құдайдың халыққа жіберген өсиеті ретінде уағыздалады.

Мінез – құлықтағы мұндай ерекшелік феодалистік, капиталистік қоғамда да сақталып қалды. Ол үстем таптар арқылы насихатталып отырды. Себебі, мұндай ерекшелік олардың еңбекші қауымды құлдық психологиядан шығармай ұстануына тиімді болды.

Таптық қоғамның жанашырлары, соның ішінде идеалистік сипаттағы психология “адамда туа біткен адамгершілік” туралы бірқатар теорияларды дамытты. Идеалистік бағыттағы бұл теориялар діни және буржуазиялық кодекстермен, ескіден мұра болып қалған, қолданылып жүрген тұрмыстық әдебиеттермен қабысып, ұштасып, үйлесіп отырады.

Марксизм–ленинизм классиктері адамгершілік теориясын жеке адам және қоғам уралы ғылымдардан бөліп қарамайды, керісінше оның ажырамас бөлігі деп есептелді. Себебі, ол әр кезде де философия, социология, психология және физиология ғылымдарының табыстарына сүйенеді. Адамгершіліктің пайда болуы және ұғымы жөніндегі мәселелерді ғылыми тұрғыдан алғаш рет шешкен К.Маркс пен Ф.Энгельс болды.

К.Маркс пен Ф. Энгельс өздерінің ғылыми еңбектерінде социалистік қоғам адамына қатысты мынандай адамгершілік сапа қасиеттерін тәрбиелеуді ұсынды:


    • социалистік отанды шын жүректен сүю;

    • дүниеде жүзі еңбекшілерінде туысқандық сезім білдіру;

    • социалистік гуманизм, шын мәніндегі коллективизм.

Бұндай көзқараста адамдарды жалпы адамзаттық рухында тәрбиелеу ұстанымының негізгі идеясы болды.

Кеңестік тәрбие теориясының негізгі саласы жас ұрпаққа адамгершілік тәрбиесін беру проблемасымен ұлы педагогтар Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский т.б. шұғылданады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет