Адамгершілік тәрбиесі Қарастырылатын мәселелер



бет2/2
Дата21.04.2020
өлшемі20,86 Kb.
#63756
1   2
Байланысты:
Адамгершілік тәрбиесі

13- Тақырып.

Адамгершілік тәрбиесін ұйымдастыру жолдары.

Қарастырылатын мәселелер.

  1. Этикалық әңгімелер.

  2. Адамгершілік тәрбиесі және халықтық тәлім-тәрбие.

Ұрпақ тәрбиесін толымды жүзеге асыру үшін баланы адамгершілік мұратқа ерте бастан баулу оның отбасынан басталып. Мектеп қабырңасында жалғасын табады. Мектепке дейінгі жаста балаларда бастапқы адамгершілік сезімдер мен ұңымдар, адамшылық мінез-құлқының ең қарапайым дағдылары қалыптасады. Мектеп жаңдайында бұл жұмысты ұстаздар он бір жыл бойына жүйелі түрде жүргізеді. Адамгершілік қасиеттер-жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастыру мен тікелей байланысты. Оның талаптары негізінен оқушыларға арналған ережелерде баяндалған. Олар күнделікті өмірде өтіп жатады. Себебі, олардың адамгершілік қызметі қоғамның талаптарымен, қоғам және баланың тікелей өзінің өмір сүруі, тіршілігімен байланысты болып келеді. Мұндай жағдайда баланың дербес белсенді әрекетінің маңыздылыңын да естен шығармау керек.

Оларға адамгершілік тақырыбына арналған этикалық әңгіме, әңгімелесу,лекция, пікірталас және оқырмандар конференциясын жатқызамыз.

Кітап-дүниеге ашылған есік, олай болса бала кітапты оқи отыра табиғат, қоғам, адам жайындағы заңдылықтардың қыр-сырын танып, адамдар расындаңы өзара қарам-қатынас пен олардың еңбектері жайлы көзқарасын орнықтырады, қоғамдық мәнез-құлық нормаларымен таныстырады, моральдық қасиеттері туралы білімдерін кеңейтеді. Адамгершілік туралы ұңымдарын түсіндіріп, адамгершілік тәжірибесін бойларына сіңіреді.



Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан, ұлттық бейненің озық, өнегенлі дәстүрлерін жас жеткіншектер бойында адамгершілік асыл қасиеттерді қалыптастыру қоғамымызда аса маңызды міндеттердің біріне айналғаны даусыз. К.Д. Ушинскийдің : “Тәрбие халықтық ілтипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді” – деген идеясын дамыта отырып , Н .А. Добролюбов : “Нағыз шын адамгершілік қасиеттер қалың халықтың ішінде болып табылады, халықпен біте қайнап дамыған адамегршілік сол халықтың ерекшелігін, тілектері мен талаптарын, үміттері мен болашақтарын білдіреді. Сондықтан мектеп адамгершілігі жоғары жастарды қалыптастыру үшін халықпен, оның өмірі мен өте тығыз байланыста болуы тиіс, халықтан нәр және әсер алып отыруы тиіс” - деген. Адамгершілік тәрбиесіне көзқарасыда ол, ұлттық тәлім –тәрбиенің, оның іргетасы болатындығын дәлелдейді.

Адамгершілік – адамның рухани арқауы- демекші, оны ұрпақ тәрбиесінде қалыптастыруда қазақ халқында негізінен эпостық жырлар мен фольклолық шығармаларының, сонық ішінде ауыз әдебиетінің орны ерекше болған. Адамгершілік қасиетін сіңіруде ұлттық салт- дәстүріміз бен халықтық өнеріміз оның берік діңгегі және ажырамас бқлігіне айналғаны қашан. Сондықтан да күллі дауымыздың бағыт-бағдарына, болашағымыздың жарқындығына тікелей қатысы бар ұлттық тәлім-тәрбие мәселесі бүгінгі өміріміздің өзегі бола бермек. Оның үстіне Қазақстан Республикасында тұратын әр түрлі ұлттар мен ұлыстар қазіргі кезде өз тілін, өз мәдениеті мен салт-дәстүрлерін қалпына келтіріп, оны жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатына пайдалануда игі істер атқарып жатқаны бұл мәселеде оның мәні мен маңызын одан да жоғары арттыру қажеттілігіне күмән туғызбайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет