ЖОБАЛАЙ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ
ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ МЕН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Жоба дегеніміз – алға, болашаққа талпыныс, ұмтылыс де-
ген сөз. Басқаша айтқанда, бір нәрсені қалпына келтіру жос-
пары, ізденім арқылы іс-қимылдың нәтижесіне жетудегі
әрекеттер жүйесін білдіреді.
Қазіргі заманғы әдістеме ғылымында жоба туралы әр
түрлі түсінік бар. Атап айтқанда, зерттеушілердің айтуынша,
бұл - жобалау арқылы белгілі бір ойды жеткізу деп түсіндірілсе,
екінші бір ғалымдар оны зерттеу жұмысының мәселелігін ше-
шетін, нәтижесін түйіндеуге арналған ғылыми дәлелдеме ре-
тінде бағалайды. Ал үшінші бір бағыттағы зерттеулерде жоба
ұзақ мерзімге арналған жоспарлы жұмыстың бір бөлігі деп
саналады.
Жобалай оқыту технологиясы элементтерінің қазақ тілін
өзгетілділерге үйрету үдерісінде қолданылғандығын біз өткен
ғасырдың 20-30 жылдардағы оқыту тәжірибелерінен де байқай
аламыз. Алайда, өзгетілді ортада қазақ тілін оқыту мәселелері
дедуктивтік мәселелерден гөрі, жекелеген, яғни индуктивтік та-
қырыптар тұрғысынан қарастырылып келгендіктен, бұл әдіс ар-
қылы оқыту жылдар бойы белсенді әдіс ретінде танылмағаны-
мен, өз мәнін жойған жоқ. Бұл технологияның осынша уақыт
аралығында өз мәнін жоймауының себебі неде? Бұл себептер
осы технологияның негізін ашу және оны оқыту үрдісіне енгі-
зудің өзектілігін айқындауға мүмкіндік берді.
Жобалай оқыту технологиясының өзектілігін мынадай
факторлар анықтайды:
біріншіден,
студенттердің қазақша мәтінді өз бетімен
оқып, соның негізінде қатысымға түсетіндей қабілетке ие болу,
өз ойын тыңдаушысына түсінікті етіп жеткізе білу әрекетін
ұйымдастыруға мүмкіндік жасайтындығымен;
екіншіден,
берілген тапсырмаларды орындау мақса-
тында шығармашылық белсенділік танытуына, өздігінен ізденуі-
не, соның негізінде сөздік қорын дамытуға, молайтуға мүмкін-
дік жасайтындығымен;
үшіншіден,
жобалай оқыту әдісін технологиялық жүйе
ретінде кең тұрғыдан қолдану мәселесін ғылыми және практи-
калық тұрғыдан зерттеу жалпы қазақ тілін жекелеген әдістердің
жиынтығы түрінде емес, белгілі бір тұтас жүйе түрінде оқыту
арқылы сапалы білім беру мүмкіншілігінің молдығымен ерекше-
ленеді.
Жобалай оқыту технологиясын жүйе ретінде қарастыра
отырып, біздің тарапымыздан ұсынылған жаңашылдық деп онда
қазақ тілін сапалы оқытуды басты мақсат ете отырып, бұл тех-
нологияны сол бағытқа бастайтын тиімді жол ретінде ұстануы-
мызды айтуға болады. Сонымен қатар біз қарастырып отырған
технология жүйесіне тек оқу-дидактикалық құралдар енгізіліп
қоймайды. Ең бастысы, қазақ тілін орыс бөлімі студенттеріне
сапалы оқытуға қатысты, сапалылық критерийлеріне жетуге
мүмкіндік беретін оқу-оқыту қызметтерін жүзеге асырушы тұл-
ғалар да біздің оқыту жүйеміздің негізгі компоненттерінің бірі
ретінде қарастырылады.
Зерттеу жұмысында жобалау технологиясы арқылы қазақ
тілін сапалы меңгерту мақсатына жетуге оң ықпал ететін ком-
поненттер жүйесі анықталды (6-сурет). Онда оқыту үдерісін
ұйымдастыруға бағыт беретін базалық-нормативтік құжаттардан
(стандарт, оқу бағдарламалары) бастап оқу-әдістемелік кешен-
дердің (оқулық, оқу құралдары) және оқытудың әдістемелік
жүйесі құрауыштарының (оқытудың мақсаты, әдістері мен фор-
малары, нәтижесі) және, ең бастысы, әрекет етуші тұлғалар (сту-
дент, оқытушы) өзара тығыз байланыста басты мақсатты жүзеге
асыру үшін біртұтастықта жұмылдырылады.
|