А. А. Сатбекова


Қазақ тілінен жобалай оқыту технологиясын қолдану



Pdf көрінісі
бет8/66
Дата04.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#180209
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66
Байланысты:
Kazak tilin okytu adistemesy Satbekova
Caspian university
 
Қазақ тілінен жобалай оқыту технологиясын қолдану 
барысында сапалы білім беру мақсаты 
 
Қазақ тілінен жобалай оқыту технологиясын қолдану ба-
рысында сапалы білім беру мақсатының моделін ұсынып отыр-
мыз (4-сурет). Бұл модельде қазақ тілін жобалай оқыту техно-
логиясын қолдану арқылы меңгертудің сапалылығы туралы мә-
селелері қамтылады.


4-сурет – Қазақ тілінен жобалай оқыту технологиясын 
қолдану барысында сапалы білім беру мақсатының моделі 
 
Қазақ тілінен жобалай оқыту технологиясын қолдану 
барысында сапалы білім беру МАҚСАТЫ 
Қазақ тілінен жобалай оқыту 
технологиясын қолдану 
барысында сапалы білім беру 
МАҚСАТЫНЫҢ 
жүйелік-қағидалық маңызы
Қазақ тілінен жобалай 
оқыту технологиясын 
қолдану барысында 
сапалы білім беру 
МАҚСАТЫНЫҢ анық 
болуының қазақ тілін 
оқыту жүйесін 
ұйымдастырушы қызметі 
Қазақ тілінен жобалай оқыту технологиясын қолдану барысында сапалы білім беру 
МАҚСАТЫНДА қазақ тілін меңгеру сапасы туралы 
қоғамның, студенттің, оқытушылардың көзқарастарының бір арнаға тоғысатындай 
анық болуы 
Қазақ тілінен жобалай 
оқыту технологиясын 
қолдану барысында 
сапалы білім беру 
МАҚСАТЫНЫҢ қазақ 
тілін мемлекеттік тіл 
мәртебесінде оқытуда 
ұйымдастырушылық 
қуаты болуы 
Қазақ тілінен жобалай оқыту 
технологиясын қолдану 
барысында сапалы білім беру 
МАҚСАТЫНЫҢ нақты 
нәтижелерге қол жеткізе 
алатындай жолда құрылуы 
Қазақ тілінен жобалай оқыту 
технологиясын қолдану 
барысында сапалы білім беру 
МАҚСАТЫНЫҢ
анықтамасы 
Қазақ тілінен жобалай оқыту 
технологиясын қолдану 
барысында сапалы білім беру 
МАҚСАТЫНЫҢ 
қоғамдық-әлеуметтік 
маңызы 


Қазақ тілін жобалай оқыту технологиясын қолдану 
арқылы студенттер білімінің сапасын көтеру үдерісі – осы ұсы-
нылып отырған жобалай оқыту технологиясының сапасын, сту-
денттердің осы технология бойынша қазақ тілінен алған білімі-
нің сапасын, қазақ тілін үйретуші оқытушылардың шығарма-
шылық жұмысының сапасын, қазақ тілін үйрету әдістерінің 
сапасын танытатын, анықтайтын ерекше дидактикалық үдеріс. 
Қазақ тілін жобалай оқыту технологиясының сапасы
оның қол жеткізілетін түпкі нәтижесі арқылы өлшенеді. Сту-
денттер жобалау жұмыстарын орындау барысында кәсіби сана-
сы жетіліп, елжандылық рухы, сана-сезімі жетіліп, даралық қабі-
леттері де даму үстінде болады. Оқуды бітірген соң қанша-
лықты өз саласында қажетті маман бола алатынын студент өз 
ой өлшемімен объективті бағалай алуы – берілген білім сапа-
сының да көрсеткіші. 
Қазақ тілін жобалай оқыту технологиясында студенттер-
дің педагогтік кәсіби білік-дағдыларын, шеберліктерін дамытуға 
баса көңіл бөлінгендіктен, қазақ тілін оқытудың сипаты, дең-
гейлері, сабақтарды ұйымдастыру мәдениеті, проблемаларды 
тану мен түсіну сол қабілеттерін арнайы жаттығулар арқылы қа-
лыптастыруды, дамытуды көздейді. Солардың барлығы бір-
тұтастықта ұғынылып, осы бағытта ұйымдастырылғанда ғана 
қазақ тілін жобалай оқытудың түпкілікті нәтижесі айқындалады. 
Қазақ тілін оқытудың сапасы тек көзделетін нәтижені та-
нудан ғана тұрмайды. Сол нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бе-
ретін ерекше факторлардың сипатын анықтау, оны тану арқылы 
да білім беру сапасын арттыруға болады. Білім беру парадигма-
сының басты бағыты болып отырған сапалы білім берудің тиім-
ді жолы –оқытудың жаңа технологиялары екенін білім беру тә-
жірибесі дәлелдеп отыр. Сондықтан оларды саналы түрде қа-
былдап, сипатын анықтап, олардың жоғары кәсіби білім беру 
үрдісіндегі тиімділігін айқындау аса маңызды болып отыр. 
Өйткені жоғары кәсіби білім берудің қоғам өмірінде маңызы өте 
зор.
Кәсіби білім берудің басты мақсаты – білім алушының қа-
білеті мен қызығушылығына қарай кәсіби әрекетті игеруіне, 
белгілі бір мамандықтың иесі болуына жағдай жасау, мүмкіндік 
беру. Ал кәсіби білім әр адамның өзін-өзі тануының, маман ре-


тінде қалыптасуының, өзін-өзі көрсете білуінің, яғни ішкі мүм-
кіншілігі мен қабілеті ашылуының құралы болуға тиіс.
Ұлттың бәсекелестік қабілеті оның білімділік деңгейімен 
өлшенетіндіктен, қазіргі білім беру жүйесін халықаралық дең-
гейге көтерудің мәні де сондықтан артып келеді. Жоғары білім 
– қоғамның әлеуметтік және экономикалық жағынан дамуының 
негізгі қозғаушы күші ретінде білімді де білікті маман даярлау-
дың тетігіне айналды. Сол себепті еліміздің ертеңі үшін, жарқын 
келешегі үшін жауапты ұрпақ, саналы азамат тәрбиелеу, жоға-
ры мектепте заман талабына сай білім беру ең маңызды мәселе 
болып отыр. Ол үшін жоғары білім беру үрдісін қоғам талабына 
сай құру, яғни оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын 
енгізу қажеттігі теориялық та, практикалық та тұрғыдан дәлел-
денуде. Осы мақсатқа сай дидактика ғылымының лексиконында 
«оқыту технологиясы» термині қалыптасты.
Технология шеберлікпен өнім алу, нәтижеге жету, белгілі 
бір жобаларды ұсынып оқыту деген ұғымды білдіреді. Осы ма-
ғынаның негізінде білім беру үрдісінде «педагогикалық техно-
логия», «оқыту технологиясы» деген жаңа ұғымдар пайда болып
жарыса қолданылуда.
Бір кезде Я.А.Коменский өз еңбектерінде қарапайым мұ-
ғалімнің қарапайым балалардан сауатты және жан-жақты маман 
дайындауға жағдай жасайтын білім беру жүйесін жасау қажет-
тілігі туралы былай деген болатын: «Дидактикалық машина 
үшін мына мәселелерді анықтап тауып алу керек: 1)нақты түрде 
қойылған мақсаттар; 2) сол мақсаттарға жеткізуге нақтылықпен, 
сеніммен қолдануға болатын құралдар мен амал-тәсілдер; 3) 
көздеген мақсатқа жеткізбей қоймайтын анықталған құралдар 
мен амал-тәсілдерді қолданудың айқын да дәл кағида-ережелері 
болуы қажет» [13]. Ұлы дидактиктің атап көрсеткен: мақсат, 
оған жеткізетін құрал және қағидадан тұратын жүйесі қазірде 
«педагогикалық технология» деген терминмен аталып, білім 
беру үрдісіне кеңінен енді.
Қазақ тілін жобалай оқыту технологиясының қолданылу 
тиімділігі оны сапалы нәтижелерге жеткізетін факторларды үй-
лесімділікпен басқаруға тікелей байланысты. Тұтастай алғанда, 
ЖОО-дағы оқу үдерісінің сапасын басқару проблемасы бар да, 
пәнді оқыту үдерісінің сапасын басқару бар. Қазақ тілін жобалай 


оқыту технологиясын қолдану үдерісінің сапасын жетілдіру соң-
ғы мәселеге жатады. Зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне тал-
дау жасау барысында олардың білім беру сапасын танымның 
мынадай деңгейлік құрылымдары арқылы анықтағаны көрінеді:

бірінші деңгейде жалпылықты танытатын белгілер мен 
қасиеттер анықталады; 

екінші деңгейде танылған тақырыпты терең мәнімен 
түсініп, ол танылған құбылыстар мен белгілерді өмірдің басқа 
салаларындағы белгілермен салыстыра отырып, трансформация-
лау, яғни өзгерте отырып дамыту жүргізіледі; 

үшінші деңгейде кәсіби сана қалыптасу үдерісі ма-
ңызды орынға ие болып, өзгертуден шығармашылық дәрежедегі 
қабілеттер қалыптаса бастайды. Осы үшінші деңгейде студент-
терде таңдаған кәсібі туралы құндылықтар жүйесі қалыптаса 
бастайды. 
Осы құрылымға сүйене отырып, қазақ тілін жобалай 
оқыту технологиясының сапалық сипатын да анықтауға болады 
деп ойлаймыз. 
Қазақ тілін өзгетілді дәрісханаларда оқытудың сапасы ар-
туы осы оқу пәнінің қажетті нормативтік құжаттарының айқын 
жасалынуына, келешекте қазақ тілін екінші тіл ретінде оқып-
үйренуге деген ел азаматтарының, студенттер санының артуына 
көп байланысты. Қазақ тілін оқыту сапасы туралы проблема 
қазақ тілінің әлеуметтік тұрғыдан әлі де кең таралмай отыр-
ғандығы мен жоғары білім беру жүйесінің арасындағы ішкі диа-
лектикалық қарама-қайшылықтың болуымен де тығыз байла-
нысты болады.
Қазақ тілін жоғары оқу орындарында оқыту мәселесі ег-
жей-тегжейлі зерттеліп отыр деп айта алмаймыз. Өйткені әлі 
күнге дейін қазақ тілін өзгетілді дәрісханаларда оқытудың сапа-
лық көрсеткіші төмен қалпында қалып қойған. Соңғы жылдары 
қазақ тілін оқытуға қосымша сағаттар едәуір бөлінді. Бірақ сол 
мол сағатты пайдалы және сапалы етіп оқытуға қажет болатын 
оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету ісі төмен деңгейде 
екені жасырын емес. Қазақ тілін оқытудың жаңа жүйесі бір-
ыңғай қолданылмағандықтан, әрбір жекелеген ЖОО-ның 
«Силлабустары» мен «Оқу-әдістемелік кешендерінің» қайсысы 


ерекше тиімді екенін, биік сапаға жетуге мүмкіндік беретіні де 
арнайы талдаудан өткізілмей келеді.
Жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытудың бірыңғай 
Тұжырымдамасы, Стандарты, Типтік бағдарламасы болмаған-
дықтан, жекелеген мамандықтарға байланысты оқытудың ша-
шыраңқылық сипат алып кететіні анық. Мемлекеттік деңгейде 
жасалуы тиіс осы базалық-нормативтік құжаттардың осы күнге 
дейін анықталмауы да білім беру сапасын көтеру ісінде, көп 
ретте, қиындық туғызып келеді.
Қазіргі кездегі студенттердің білімін бағалау жүйесінде 
ТЕСТ түрі мен дәстүрлі емтихан түрі қатар қолданылып жүр. 
Студенттің алған білімінің сапасын анықтауға осы екі бақылау 
формасы негіз болады. Бірақ студент білімін бағалаудың бұл 
формалары да дамытуды, жетілдірілуді керек етеді. Өйткені бү-
гінгі күн талабына сай анықталған жаңа мазмұн, жаңа форма 
білімді нәтиже ретінде бағалау жүйесінде де түбегейлі өзгеріс 
жасауды қажетсінеді.
Қоғамдағы әлеуметтік жағдайлар да білім сапасына өз әсе-
рін тигізбей қоймайды. Ақпараттар ағыны тасқындаған уақытта 
өмір сүріп отырған, ақылы білім алу жүйесінде оқып жүрген, 
тұрмыстық қиындықтарды, қаражат қиындығын ерекше сезініп 
жүрген қазіргі студенттің болашақта бәсекелестікке негізделген 
нарық заманының маманы болуға бейімі өте үлкен деп айту да 
ойға сыйымсыз болар еді.
Қазақ тілінен сапалы білім беру – болашақ мамандардың
тілдік тұлға ретінде қалыптасуына негіз қалау. Осымен байла-
нысты қазақ тілін оқыту барысында студент болашақ маман 
ретінде өзінің тұлғалық болмысын жан-жақты дамытудың, қа-
лыптасудың сапалы әдіс-тәсілдерін үйреніп, бойына сіңіреді.
Қазақ тілінен білім сапасын арттыруда кездесетін бірқатар 
әлеуметтік-психологиялық та кедергілері бар. Ол кедергілер, 
негізінен, ескі жүйенің жаңа жүйеге қарсылығына байланысты 
туындайды. Жаңа оқыту жүйесінің сапалық дәрежесі жаңа көр-
сеткіштерге, соларға жетудің жаңа әдістеріне негізделуі тиіс. Ал 
білім беру жүйесіндегі схоластика оған көп қиындықтар әкеледі. 
Орыстілді дәрісханаларда қазақ тілін жобалай оқыту ба-
рысында студенттердің қазақ тілін меңгеру үдерісін адам іс -
әрекетінің маңызды бір саласы ретінде қарастырудың орны 


ерекше. Қазақ тілін меңгеру барысы жаңа оқыту технологиясы 
тұрғысынан алғанда, оқытушы мен студенттердің тіл үйренудегі 
біріккен танымдық қызметі ретінде анықталады. Адам өзінің іс-
әрекеті арқылы үнемі дамып, жетіліп отырса, қазақ тілін мең-
геру барысы да студенттердің алдына белгілі бір мақсат қоюын, 
белгілі бір жүйеге негізделген оқу үдерісінің ұйымдас-
тырылуын және белгілі бір нәтижеге бағытталуын талап та 
етеді, қажет те етеді. Ал жалпы алғанда, қазақ тілін өзгетілді дә-
рісханаларда оқытуда тек оқытушы мен студенттер ғана басты 
маңызға ие деу жеткіліксіз. Студенттерге қазақ тілінен сапалы
білім беру үшін мемлекеттік стандарт, оқу бағдарламасы, типтік 
бағдарламалар, оқулықтар мен оқу құралдары даярланады, ал 
осыны даярлайтын мамандар ұжымы немесе тобы әрбір жеке-
леген қазақ тілі сабағының сапалы болуына жауапкершілікте 
болуы керек.
ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамы әлемдегі барлық елдер 
сияқты, әрбір қазақстандық азаматтың өз бетімен әрі белсенді
еңбек етіп, қажетті тұстарда өзіндік шешім табуға, шешім қа-
былдауға мүмкіндігі жеткілікті болатын білім жүйесін құруды 
көздеп отырғаны белгілі. Білім мазмұнының тек оқытушының 
баяндауымен ғана меңгертілмей, білім алушының өз бетімен 
іздеп табуы – оның өзгермелі өмірдің болмысына бейімделе 
алуына қажетті білік-дағдыларын қалыптастыруға қызмет етуі 
тиіс. 
Студент жаңа заманның экономикалық-әлеуметтік өзге-
рістегі болмысына шынайы көзқараспен қарай алатын дәрежеге 
жетуі үшін сол шынайы өмірдің ішінде жүріп білім алуға уни-
верситет қабырғасынан бастап қалыптасуы керек.
Жаңа педагогикалық технологиялардың жоғары мектеп 
жүйесінде қазақ тілінен білім беру үдерісіне енгізілуі арқылы 
дәстүрлі педагогикада назардан тыс қалып келе жатқан мынадай 
түйінді мәселелер өз шешімін таба алар еді: 
– қазақ тілін үйренуші әрбір студенттің қазақ тілін тереңі-
рек танып-білуіне, сонымен қатар өз ойын қазақ тілінде айты-
лым, жазылым, тілдесім арқылы еркін білдіре алуына қажетті 
дағдыларды игеруіне игі ықпалын тигізеді;
– қазақ тілінен теориялық қана емес, практикалық, оның 
ішінде өз бетімен жұмыстарды көп орындау арқылы білім алу -


студентке сол білімді қай жерде қандай тиімділікпен қолдану 
қажеттігі жайында айқын түсінік қалыптастырады;
– қазақ тілін үйренуде оқу жоспарына сәйкес белгіленген 
белгілі бір жобаны орындау барысында студент оқытушымен 
ынтымақтаса отырып, түрлі тақырыптағы мәселелерді шешудің 
ғылыми жолын тани алады, оларды практикада қолдануды жоба 
орындау негізінде дәлелді түрде көре алады;
– қазақ тілінен қажетті коммуникативтік дағдыларды қа-
лыптастыруға бағытталған практикалық жобаларды орындау ба-
рысында студент күнделікті тілдік жағдаяттарға қажетті іскер-
ліктерді еркін меңгереді;
– жоба орындау барысында студент оқытушымен оқу мә-
селелері жөнінде ғана емес, гуманистік тұрғыда да өзара ынты-
мақтастықта болады, тәрбиеленеді, топтағы студентпен, басқа 
студенттермен әр қилы мәселелерді талқылау барысында еркін 
араласып, қазақша сұхбат құру дағдыларын игереді;
– жаңа педагогикалық технологияларды жоғары мектепте 
қазақ тілін оқыту үдерісіне кең енгізу студенттің жалпы таным-
дық аясы кеңейіп, нақты жобалар орындауға қажетті материал-
дарды ақпараттық технологияларды қолдану арқылы, кітаптар 
мен оқу құралдарын, БАҚ құралдарындағы ақпараттарды танып-
талдау арқылы таба білуін талап етеді. Ал ондай міндеттер ақ-
параттық технология мәдениетінің қалыптасуын қажет етеді. 
Сөйтіп, жаңа педагогикалық технологиялар бірінен екіншісі 
туындап, оқу үдерісінде өзара байланыста, бірізділікте қолда-
нысқа еніп жатады;
– студенттерге қазақ тілін жаңа педагогикалық техноло-
гиялар негізінде оқыту олардың әрдайым адамгершілік, интел-
лектуалдық және физиологиялық тұрғыдан жетіліп отыруына 
мүмкіндіктер жасайды. Студенттер жобаның ұтымды шешімін 
таңдау барысында бірімен бірі ақылдасуы арқылы өмірлік проб-
лемаларды шешуді ынтымақтастықпен, бірлікпен, адамгершілік-
пен жүргізу қажеттілігін айқын түсінеді. 
Жоғары мектепте қазақ тілін оқыту үдерісіне жаңа педа-
гогикалық технологияларды қолдану міндетін шешу, ең алды-
мен, сол технологияларды қолдануға керекті жағдайларды жа-
саудан басталады.


Әрине, қазақстандық жоғары мектеп жүйесіне жаңа педа-
гогикалық технологияларды енгізу – бір ғана жоғары оқу орны-
ның, бір ғана министрліктің міндеті емес, тұтас қоғамның мінде-
тіне жатады. Өйткені қажеттілікті қанағаттандырудың экономи-
калық-қаржылық қыры да -айқын шешілуін қажет ететін мәселе. 
Қазіргі заманда озық технологиялардың білім беру жүйе-
сіне ғана емес, өмірдің барлық саласына терең араласа бастауы 
қоғам мүшелерінің технологияларды қолдануын қажеттік деп 
қана емес, талап деп те түсінуін қажет етеді. 
Жоғары мектепте қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту 
жүйесінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдануда 
оларды сапа мен тиімділік тұрғысынан тану және бірізділікпен 
жүргізу мәселесі маңызды орын алады. Бұлай дейтініміз, жаңа 
педагогикалық технологиялардың дидактикалық тиімділігі ғы-
лыми-практикалық тұрғыдан анықталып алынса ғана оқыту 
үдерісіне енгізілген уақытта оны басқару мүмкіндігі молаяды.
Ал стихиялы түрде енгізілген технологиялардың дәстүрлі педа-
гогикамен қабыса алмауы салдарынан және жаңаның түп тамы-
ры мен даму өрісін танып алмағандықтан, студентке де теріс 
ықпал етуі әбден ықтимал.
Жоғары мектептерде қолданыла бастаған кредиттік оқу 
жүйесінің тұлғалық бағдарлылығы оның ішкі мазмұнын 
жобалай оқыту технологиясымен толықтыруға болатыны прак-
тика жүзінде анықталды. Сонымен бірге, жобалай оқыту техно-
логиясының өзінде «ынтымақтастықта оқыту (cooperative 
learning)» жүйесінің элементтері, саралай оқыту (дифференциа-
ция) мен даралай оқыту (индивидуализация) жүйесінің эле-
менттері бар екені хақ. Осы аталған технологиялардың педаго-
гикалық және дидактикалық мүмкіншіліктерін жүйелі қолдану 
арқылы жобалай оқыту технологиясының мазмұнын түрлен-
діруге және жаңа сипатта байытуға болады.
Жаңа педагогикалық технология мен оқыту техноло-
гияларының педагогикалық және дидактикалық тұрғыдан өзін-
дік ерекшеліктері болады. Педагогикалық технология – оқыту 
технологиясына қарағанда, кең ұғым. Педагогикалық техно-
логия – педагогтің білім мен тәрбие беру мақсатына жетудегі 
бірізді әрекетінің жүйесі, педагогикалық жүйенің практикада 


іске асырылатын жобасы. Педагогикалық технология – кепілді 
нәтиже беретін ғылыми жоба. «Педагогикалық технология де-
геніміз – педагогикалық қызметтің жемісі мен жеңісіне кепілдік 
бола алатын қатаң ғылыми түрдегі жобалануы мен практикалық 
түрде қайта өңделуі (проектирование и воспроизведение)» [14].
Педагогикалық технологияның оқыту үдерісіне енуінің екі 
түрлі жолмен: а) ғалымдардың теориялық зерттеулерінің нәти-
жесінде; ә) ұстаз-әдіскерлердің практикалық тәжірибелерінің не-
гізінде өмірге енді. Демек, ғылымда әлеуметтік технологияның 
алдымен теориясы жасалып, сонан кейін оқу үрдісіне енгізілсе, 
екіншісінде практикалық тұрғыдан технологияның әдіс-тәсіл-
дері, ұстанымдары, формалары айқындалып, соның негізінде 
теориясы қалыптасты деуге болады. 
Оқыту технологиясына да ғалымдар әр түрлі анықтамалар 
беріп жүр: 

«Оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен тәсілде-
рін айқындайтын педагогика-психологиялық нұсқаулардың 
жиынтығы, педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістеме-
лік аспабы, оқу үдерісін іске асырудың мазмұндық техникасы, 
практика жүзінде іске асырылатын белгілі бір педагогикалық 
жүйенің жобасы» [15];

«оқыту үрдісінде жоспарлы нәтижеге жетудің сипатта-
масы» [16]; 

«белгілі бір қалыпты өзгертудің, өңдеу әдістерінің 
жиынтығы, өнер, шеберлік, іскерлік» [17];

«оқушы мен оқытушыға қолайлы жағдай жасау мақ-
сатында оқу үрдісін жоспарлаудың, ұйымдастырудың, өткізудің 
ойластырылған моделі, үлгісі» [18];

«педагогикалық жүйе» [19];

«технологиялық әрекет субъектісінің жаңа сапаға кө-
терілуін қамтамасыз ететін материалдық және рухани құнды-
лықтардың жүйесі, субъектінің осы әрекетті қайта жасауда қол-
данатын құралы» [20].
Бұл анықтамалардан оқыту технологияларының мынадай 
ерекшеліктерін байқауға болады: оқыту технологиясы білім бе-
рудің ойластырылған жобасы, үлгісі, нұсқауы, әдістемелік ас-
пабы, қолайлы жағдай, нәтижеге жетудің сипаттамасы, өнер, 
шеберлік, т.т. Мұның бәрін де білім алушы мен білім берушіге 


тиімді жағдай жасау мақсатынан туған әрекеттер деп түсінуге 
болады. Солардың ішінде кең тараған, зерттеушілер өз еңбекте-
рінде 
негізгі 
ұстанымдардың 
бірі 
етіп 
алатыны 
– 
В.П.Беспальконың тұжырымдары [21]. Оның тұжырымдары 
бойынша технология төмендегідей шарттарды іске асыруы тиіс:

біріншіден, педагогикалық технология оқытуда дайын-
дықсыз әрекеттерді болдырмауы керек. Біздің ойымызша, ға-
лымның бұл жерде меңзеп отырғаны – кез келген технологияны 
мектеп тәжірибесіне енгізуде оған қажетті техникалық құрал-
дардың жеткілікті болуы; оқу кешендерінің (оқулық, әдістемелік 
құрал, көрнекілік) технологиялық нұсқалары, сондай-ақ білім 
беру жүйесіндегі технологияны жүзеге асыруға жағдай жасау; 

екіншіден, технология оқушының оқу-танымдық қыз-
метінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие үде-
рісінің жобасына негізделуі қажет. Ғалым бұл жерде оқу үдері-
сінде педагогика-психологиялық тұрғыдан жүргізілетін жұмыс-
тарды нұсқаған (ол мәселе туралы келесі бөлімде ой қозғалады); 
үшіншіден, оқу мақсатын диагностикалық түрде анықтап, оның 
меңгерілу сапасы дәл тексеріліп, бағалануы қажет. 
Мақсаты мен міндеттеріне, құрылымына қарай оқыту тех-
нологияларының түрлері де сан алуан. Олар негізінен:

қолданылу деңгейіне қарай: жалпыпедагогикалық, жеке 
әдістемелік, модульдік; 

философиялық негізіне қарай: ғылыми, діни, гуманистік; 

ғылыми тұжырымдамасына қарай: ассоциативті-реф-
лекторлы, бихевиористикалық, дамытушылық; 

құрылымдық ерекшелігіне қарай: ақпараттық (білім, 
дағды, іскерлік қалыптастыру), әрекеттік (ойлау әрекетін қалып-
тастыру), эвристикалық (шығармашылық қабілетті дамыту), 
қолданбалы; 

оқытудың дәстүрлі жүйесін модернизациялау сипаты 
жағынан: оқушылардың әрекетін активтендіру мен интенсифи-
кациялау технологиясы, оқушы мен оқытушының қарым-қаты-
насын гуманизациялау, ізгілендіру технологиясы, оқу материа-
лын дидактикалық тұрғыдан қайта құру технологиясы болып 
жіктеледі.
Сонымен қатар оқыту технологиялары оқытудың мақсаты 
мен міндетіне, оқыту формасына, басты оқыту әдістеріне қарай 


да сараланады. Сонымен оқыту үрдісіндегі оқыту технологиясы 
– оқу бағдарламасында берілген оқытудың мазмұнын іске асы-
рудың, дидактикалық мақсатқа жетудің тиімді әдістері мен тә-
сілдері деп те анықталады. 
Оқыту технологиясы педагогика ғылымында 3 түрлі мағы-
нада қолданылады: 

«әдістеме» немесе «оқытуды ұйымдастырудың фор-
масы» ұғымының синонимі ретінде; 

нақты педагогикалық жүйеде қолданылатын әдістер 
мен тәсілдердің жиынтығы;

берілген үлгі бойынша нәтижеге жетудің бірізді әдісте-
рінің жиынтығы.
Оқыту технологиялары өздеріне тән белгілермен ерекше-
ленеді. Осыған орай В.П.Беспалько олардың мынадай белгілерін 
атап көрсетеді: 
– нақты, бірізді дидактикалық мақсатының айқындылығы; 
– игерілетін материалдың толық және ықшам құрылымы 
болуы; 
– қажетті құрал-жабдықтарының болуы; 
– білім сапасының жоғары, нәтижелі болуы т.т.
Демек, оқыту технологиясы қолданбалы дидактика болып 
табылады. Оның міндеті дидактика ғылымындағы қалыптасқан 
ұстанымдар мен заңдылықтарды оқыту, білім беруге тиімді етіп 
өңдеу, қайта құру, оларды пайдалануға қолайлы жағдай жасау 
болып табылады. Оқыту технологиясы әлеуметтік технологияға
жатады. Оның басты материалы мен түпкі нәтижесі ретінде
адамның дамуы тұрады.
Әлеуметтік технологияда басты рөлді кері байланыс атқа-
рады. Технологияның мұғалімнің ұсынатын сыныптық-сабақ-
тық әдістемелік жүйеден басты айырмашылығы ол білім алу-
шылардың оқу-танымдық әрекетінің құрылымы мен мазмұнын 
айқындайтын оқу үрдісінің жобасын ұсынады.
Оқыту технологиясының басты ерекшелігі – оның мақса-
тының айқын қойылатындығы. Оқыту технологиясы құрылым-
дық және мазмұндық тұтастық ұстанымын басшылыққа алады. 
Дәстүрлі білім беру жүйесімен салыстырғанда оның басты ар-
тықшылығы мынада: 



оқыту технологиясының негізін соңғы әрекеттің, яғни 
нәтиженің айқын болуы; 

мақсаттың айқындығы оқытудың әдіс-тәсілдерін тиім-
ді пайдалануға мүмкіндік беретіндігі; 

оқушылардың оқу әрекетінің жобасын ұсыну белгілі 
бір нәтижеге жетуге жағдай жасайтындығы т.т. 
Педагогикада «оқыту технологиясы» деген ұғым 
ЮНЕСКО-ның құжаттарында көрсетілгеніндей, оқыту мен бі-
лімді меңгеру процесінің тұтастай анықталуын, жасалуын, қол-
данылуын тегіс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет