А. А. Сатбекова



Pdf көрінісі
бет4/66
Дата04.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#180209
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Kazak tilin okytu adistemesy Satbekova

 
 
 
 
 
 
 
 
 
2-сурет – Қазақстандық ЖОО білім берудің сапасын дамыту 
заңдылықтары 
ЖОО-да білім беруді сапаландыру заңдылықтар жүйесі 
Білім беруді 
шығармашылдандыру 
заңдылықтары 
Білім беруді
дараландыру 
заңдылықтары 
Білім беру сапасы 
рөлінің арту 
заңдылықтары 
Оза оқыту
(опережающее) 
заңдылықтары 
Білім берудің 
көпдеңгейлілігі мен 
шоғырлылығы 
заңдылықтары 
Үздіксіз білім алу 
заңдылықтары 
Білім берудің 
мақсатты 
бағдарларының 
ауысуы 
заңдылықтары 
Білім беруді 
интенсивтендіру 
заңдылықтары 
Білім берудің 
ұлтаралық, 
халықаралық 
деңгейге өтуі 
заңдылықтары 
Білім беруді 
компьютерлендіру 
заңдылықтары 


Білім беруді дараландыру заңдылықтары.
Қазақстан Рес-
публикасының «Білім туралы» Заңында білім берудің даралан-
дырылуы туралы мәселелер толық шешім таппағандықтан, олар 
әлі де кеңейте қарастыруды қажет етеді. Қазіргі ЖОО-дар тә-
жірибесіндегі кредиттік оқу жүйесінің басты артықшылығы 
ретінде «Таңдау курстары» беріліп жүр. Бұл курстарды ұйым-
дастырудың теориялық мәселелері біршама анықталған. Бірақ іс 
жүзінде студенттердің осы курстарды таңдауы барлық уақытта 
сол талаптарға сай жүзеге асырыла бермейді.
Шын мәнінде, білім беруді дараландыру заңдылығы сту-
денттің өзінің мүмкіндігі мен қажетіне қарай білім алу құқығын 
сақтай отырып, болашақтағы кәсіби өсу жолына қажетті курстар 
мен тақырыптарды дұрыс іріктей білуіне жеке жауапкершілігін 
қалыптастыруды көздейді. Әрине, білім беруді дараландыру 
жалпы білім беру үдерісінің өзге заңдылықтарына кері әсерін 
тигізбеуі тиіс. Білім беруді дараландыру – студенттің өзіндік 
білім бағдарламасын құруымен ғана емес, өзіндік жұмысты оқы-
тушылармен біріге отырып ұйымдастыруымен жүзеге асырыла-
тын ерекше үдеріс. Ал бұл заңдылық жобалай оқыту техноло-
гиясы талаптарымен де толық үндеседі, өйткені бұл техноло-
гияның мәні студенттің өзіндік шешімдеріне тәуелді болып 
келеді. 
Білім беруді шығармашылдандыру
(креативтендіру) заң-
дылықтары. Студенттердің білім алу үдерісін дұрыс ұйымдас-
тыру мен басқаруда шығармашылдандыру заңдылықтарын бас-
шылыққа алу арқылы қазақстандық жоғары оқу орындарында 
білім берудің көптеген мәселелерін жастардың ойлау қабілетін 
дамыта отырып шешу мүмкіндіктерімен бірлікте қарастырған 
абзал. Жоғары оқу орнын бітірген жас маман белгілі бір маман-
дықтың орындаушысы ретінде ғана емес, сол кәсіпте шығар-
машыл, қиынды оңайлату жолдарын іздеп таба алатын таным-
дық белсенділігі жоғары тұлға деңгейіне көтерілуі керек. 
Білім беру үдерісінің шығармашылық сипаты оқу пәні 
бағдарламаларының мазмұндық-құрылымдық жүйесі, білім беру 
технологиялары мен әдістемелерінің түрлендірілуі, ақпараттық 
технологиялардың қолданыс өрісі және профессорлық-оқыту-
шылар құрамының шығармашылық-креативтік әлеуеті арқылы 
анықталады әрі жүзеге асырылады. Бұл заңдылықтың жүзеге 


асуының басты көрсеткіштерінің бірі студенттің шығармашы-
лық әлеуетін көтеруге бағытталған оқыту технологияларын, 
оның ішінде оның өздігінен жол табуына негіз қалайтын жоба-
лай оқыту технологиясын қолдану болып саналады. 
Оза оқыту (опережающее) заңдылықтары.
Жалпы білім 
беру үдерісі – әрдайым қозғалыста болатын, динамикалық бол-
мысы ерекше көрінетін құбылыс. Жоғары оқу орнына мемлекет 
тарапынан берілетін тапсырыс сол мемлекеттің қоғамдық-әлеу-
меттік болмысы мен экономикалық мүмкіндіктеріне сай келуі 
тиіс. Сондықтан заман талаптары мен ғылым мен техника жетіс-
тіктеріне лайық жалпы білім беру жүйесінің жаңалыққа бейім 
болуы және ең бастысы, жаңалықтарды алдын ала сезініп, келер 
уақыттың маманын даярлап шығуға алдын ала даяр болуы 
керек.
Сапа теориясының осы көрсетілген заңдылығына сүйен-
сек, бүгінгі өзгермелі дүние жағдайында жоғары білім алған 
маман өндіріске араласқан кезде, ол жаңа талаптармен бетпе-бет 
келуі, өзі алған білімнен де жоғары әлеуетті қажет ететін басқа 
арналарға тап болуы мүмкін. Сондықтан оза оқыту заңдылық-
тары, әсіресе, жоғары білім беру жүйесіне тән болуы керек. Бұл 
орайда да жобалай оқыту технологиясы ауқымында студенттер-
дің кез келген жағдаяттарда өздігінен шешім жасауға дағдылан-
дырылуы өз көмегін тигізері хақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет