А. А. Сатбекова


Қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесінде өзгетілді



Pdf көрінісі
бет6/66
Дата04.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#180209
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Kazak tilin okytu adistemesy Satbekova
Caspian university
Қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесінде өзгетілді 
дәрісханада оқытудың мақсаты 
Қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесінде
 өзгетілді дәріс-
ханада оқытудың мақсаты
қазақ тілін меңгертуде бүгінгі күні 
қандай қажеттіліктер өтеледі және ертеңгі күні болашақ маманға 
қазақ тілі қандай дәрежеде керек болатындығы туралы қо-
ғамдық пікірмен тығыз байланыста танылады. Егер бүгінгі күн-
нің шындығына келсек, қазақ тілі әлеуметтік ортада, қоғамда 
кең сұранысқа ие бола алмай отырғаны белгілі. Бірақ бүгінгі 
студент ертеңгі үлкен оқу орындарда дәріс беретін, болашақ ұр-
паққа білім беретін мұғалім болғандықтан, қазақ тілінің қажет-
тілігін бүгінгі күнмен емес, ертеңгі күннің сұранысымен тығыз 
байла-ныстыра тану көзделеді. Оған қазақ тілінен білім берудің
Мемлекеттік стандартын құрастырушыдан бастап, әрбір қатар-
дағы оқытушыларға дейін түгел бет бұруы керек. Сондықтан
болашақтағы қазақ тілінің даму стратегиясын айқын қойып 
отырған ҚР «Тіл туралы» Заңын қазақ тілін оқытуда толық бас-
шылыққа алу мәселесі кең түрде қарастырылу керек деп ой-
лаймыз.


Білім беру мақсаты білім қажеттілігінің даму үрдісін то-
лық көрсете алатындай айқын болып келеді. Бұл тұста мемле-
кеттік тілдің дамуы туралы үкіметтің нормативтік-құқықтық 
заңдарынан бастап, оқытушының «Қазақ тілі» пәні бойынша 
сабақ жоспарына дейінгі иерархия түгел біртұтастықтағы бір 
бағдарды негіз етіп ұстанады. 
Төмендегі суреттен осы екі фактордың ішкі құраушы-
ларын анықтауға болады (3-сурет). Мақсаттық тұрғыда оқытуды 
мемлекеттік басқару, оның құқықтық қамтамасыз етілуі, пәннің 
оқытылуының әдістемелік жүйесі алынса, білім берудің әлеуетін 
пәнге деген қажеттілік, оның қаржыландырылуы және норма-
тивтік-базалық құжаттары құрай отырып, олардың өзара бірлігі 
арқылы білім берудің сапасы артатын болады. 
 
 
Қазақ тілінен білім беру
МАҚСАТЫ 
Қазақ тілінен білім 
беру сапалылығы 
(жүйесі және үдерісі) 
Қазақ тілінен білім 
берудің ӘЛЕУЕТІ 
Қазақ тілін 
оқытудың құқықтық 
қамтамасыз етілуі
Қазақ тілін оқытуды 
мемлекеттік басқару 
Қазақ тілін оқыту 
қажеттілігі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет