Қыз бала, 4 жаста, туғандағы салмағы– 3000 гр., бойы – 51 см.
Бастан кешірген аурулары: ЖРВИ жылына 5-6 рет, желшешекпен ауырды.
Ауруханаға келіп түскенде бала жағдайы орташа ауыр, 20-30-40 минут сайын кіші дәретке ауырсынумен отыруына бала шағымданды. Жоғарыдағы шағымдар суықтағаннан кейін пайда болды, 2 күннен соң дене қызуы 38-39°С жоғарылады, көбінесе іштің оң жағында ауырсынулар сезілді.
Тері қабаттары бозғылт, ісінулер жоқ. Дене температурасы 38,6°С. Пастернацкий симптомы белдің оң жағында оң. Мықын маңайы және қасаға сүйегінің жоғары жағы пальпация кезінде ауырсынады. АҚ 85/50 мм.сын.бағ.
Қанның биохимиялық анализы: жалпы ақуыз – 60 г/л, альбуминдер – 59%, глобулиндер: а1 – 5%, а2 – 8%, β – 13%, γ – 15%, несепнәр – 7.9 ммоль/л, креатинин – 83 ммоль/л, калий – 5.16 ммоль/л, натрий – 142 ммоль/л.
Зәрдің биохимиялық анализы: ақуыз 400 мг/тәу (норма 200 дейін), аммиак – 22 ммоль/сут (норма 30-65), титрлік қышқыл– 40 ммоль/тәу (норма 48-62), көмірсулар – 9.76 ммоль/тәу (норма 1.11 дейін).
Бүйрек және қуықтың УЗИ: бүйрек ұлғайған, паренхимасы қыртысты және милы қабатқа анық бөлінбеген.
Оң жақ бүйрек түбегінің ені -10 мм (норма - 5 мм дейін), қабырғалары ұлғайған, қабыршақты. Қуығы, шамалап толған, қабырғалары ұлғайған, ішкі жағы біртекті емес, ішінде азғантай мөлшерде зәр бар.
Зәрді себу: 100 000 мкр. тел/мл мөлшерде ішек таяқшасы себілді.
Тапсырма.
1. Диагнозды құрыңыз.
2. Емін тағайындаңыз.
3. Диета тағайындаңыз.
1.Диагноз: пиелонефрит
2.Емы: амоксициллин, клавулановая кислота 20-40мг/кг, цефоласпарин, цефотоксим, аминоглик
Озид 7 10кун, гентамицин
3.5 және 7 диеталық стол
Достарыңызбен бөлісу: |