А. А. Сатбекова


Қазақ тілін оқытудың интерактивтік әдістері



Pdf көрінісі
бет32/66
Дата04.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#180209
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66
Байланысты:
Kazak tilin okytu adistemesy Satbekova

Қазақ тілін оқытудың интерактивтік әдістері 
Ойындық емес әдістер 
Ойын әдістері 
- нақты тілдік жағдаят-
тарды талдау 
- шығармашыл топпен нақты өнді-
рістік жағдаяттардың практикалық
міндеттерін шешу 
- қазақша тілдік тапсыр-
маларды орындау 
- нақты нысанда топтық ойын жүргізу 
- қазақша сұхбат сцена-
рийін құрғызу 
- нақты жұмыс материалдарын талдау 
және топтастыру 
- сөйлесу тақырыптарын 
анықтау 
- нақты өндіріс, жұмыс орнында ойын 
жағдаяттарын қолдану 
- қазақша іс қағаздары-
мен жұмыс жасай білуі 
- іскери ойындар 
- жобалау әдісі арқылы 
ізденіс жұмысын орын-
дау 
- рөлдік ойындар 
Қазақ тілін оқыту барысында студенттерде қалыптасуы 
тиіс құзыреттердің ең бастысы ретінде коммуникативтік құзы-
рет аталады. Студенттің шын өмірде кездескен тілдік жағдаят-
тарында сабырсызданбай, байыппен қазақша тіл табысуға ұм-
тылуын жүзеге асырудың бір аса тиімді жолы – қолданбалық-
практикалық жобалар орындату. Өйткені осы жобаларды орын-
дау барысында студенттің еркін ойлау механизмі, релаксация-
лық жігері іске қосылады, оның артында студенттің қазақша 
ойлау мүмкіндігін қалыптастыру тұратыны анық.


Оқытудың белсенді әдістерін анықтау, жүйелеу және білім 
беру үдерісіне енгізудің тиімді жолдарын қарастыру барлық 
ғылым салаларын оқытумен байланысты әрдайым жүргізіліп 
келді. Бұл тұста педагогтардың да, психологтардың да көптеген 
зерттеулері, ұсыныстары жеткілікті.
Қолданбалы-практикалық жобалар студенттің өзіндік ше-
шіміне, қиялына көбірек ерік беретіндіктен, оқытудың белсенді 
әдістерін жүйелі қолданудың маңызы зор. Сонымен сабақтаса 
қолданылатын амал-тәсілдер де студенттің қызығушылығы мен 
саналы әрекетін қатар ескере отырып жүргізуге септеседі. 
Қазақ тілін белсенді оқыту дегенде, ең алдымен, 
студенттің қазақ тілін жетік дәрежеде меңгеруге ебі бар және 
нық сеніммен қолдануға болатын оқу формалары, оқу әдістері – 
дәріс, семинар, практикалық сабақтар, семинар-пікірталас, нақ-
ты тілдік жағдайды талдау, ЭЕМ көмегімен математикалық не-
месе дыбыстық модельдеу т.б. жолдары айтылады. 
Студенттердің жобалай оқыту технологиясын қолдануға 
деген қызығушылығы үлкен. Өйткені нақты жобаны орындау 
барысында студенттің өз бетімен білім іздеу, оқу-танымдық 
қабілеті оқытушының басшылығымен және достарымен біріге 
отырып алға қойылған проблеманы шешу барысында жетіледі, 
дамиды, қалыптасады.
Өздігінен шешім табу арқылы студент өмірлік қажет-
тіліктерді анықтау мен болжам жасау арқылы оларды іздеп тани 
және таба алу әдістерін меңгереді. Ал өздігінен меңгерген білім 
– өмірлік азық.
Студенттердің болашақ мұғалім кәсібіне аса қажетті бо-
лып табылатын басты мәселенің бірі қазақша педагогикалық ше-
шендік десек, оның бастауы қазақ мақал-мәтелдерін танудан, 
талғаудан, қолдану дағдыларын игеруден басталады. Осы мақ-
сатқа лайықталып орындатылған Жоба жұмысының үлгісін қа-
растырайық. Бұл жұмыстар қолданбалы-практикалық жобаға 
тән қағидалар, орындалатын тапсырмалар және білім алуға қа-
жетті әдіс-тәсілдер айқын көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет