А. А. Сатбекова



Pdf көрінісі
бет29/66
Дата04.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#180209
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66
Байланысты:
Kazak tilin okytu adistemesy Satbekova

Жобаның тақырыбы
: Термин сөздердің қолданыстағы 
мәні (заң терминдері бойынша) 
Жобада қолданылатын әдістер: 

ақпараттық 

зерттеу 
Көрнекі құралдар: 
Заң терминдері жазылған кесте: 
 
1-кесте: Заң терминдерінің аударма сөздігі 
Құқық – право 


Нормативті – нормативный
Талапкер – истец
Құзырет – компетенция 
Қызмет – служба
Тағайындау – назначить
Заң – закон 
Өкіл – представитель
Көші-қон – миграция
Қол сұғушылық – посягательство
Сот орындаушысы – судебный исполнитель
Төраға – председатель
Сот ісі – судопроизводство
Тыйым салу – запретить
Құқық бұзушы – правонарушитель
Күшін жою – утратить силу
Конституциялық – конституционный
Лауазымды тұлға – должностное лицо
Заңды бұзу – нарушение закона
Талап – иск 
Шағым – жалоба 
Азамат – гражданин 
Азаматтық іс – гражданское дело
Әкімшілік іс – административное дело
Әкімшілік – администрация 
Сабақтың құрылымы: 
1)
білімді өзектендіру; 
2)
алған білімдерін нақты жағдайларда қолдануға мотива-
ция тудыру; 
3)
алған білімдерін заң әдебиеттерін оқу барысында; өз-
дерінің азаматтық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ба-
рысында қолдана білу; 
4)
білімнің игерілуін бақылау 
Сабақ жоспары: 
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Білімді өзектендіру: 

термин сөздердің қолдану ерекшелігін қайталау; 

термин сөздерінің түрлілігі туралы ақпаратты тыңдау; 



заң терминдерінің ерекшелігі туралы ақпаратты тыңдау. 
ІІІ. Алған білімдерін нақты жағдайларда қолдануға моти-
вация


заң терминдерін өздерінің құқықтарын қорғауда қолда-
нуда туындайтын мәселелерді шешу. 
ІҮ. Білімді қолдану: 

жобаны қорғауға ұсыну; 

оппоненттердің сұрақтарына жауап беру. 
Ү. Шығармашылық тапсырма: 
1.Өздерінің топтарыңда жобаға қатысты мәселелерді тал-
қылаңыз. Жобаның басты мәселесі не? деген сұраққа жауап 
дайындаңыз. 
2.Өздеріңіздің топтарыңызда заң терминдерінің қолда-
нылуы бойынша жоба жұмысының құрылымын дайындаңыз. 
Оның зерттеу әдістерін көрсетіңіз. 
3.Зерттеу мен жобаны қорғау нәтижелерін көрсету бойын-
ша жоспар әзірлеңіз. 
ҮІ. Заң терминдерінің дұрыс қолданылуын бекіту үшін 
түрлі жағдаяттар ұсынылады. Мысалы:
-
жас жұбайлардың жағдайлары; 
-
банкіде өз құқықтарын қорғау жағдайы; 
-
заң газеттерін оқығаннан кейін оны талқылау барысы 
жағдайы; 
-
тұтынушы ретінде бір зат сатып алу барысындағы 
жағдай; 
-
көліктерде жүру барысындағы өз құқықтарын қорғау 
жағдайы. 
ҮІІ. Алған білімдерін бақылау. 
Алған білімдерінің нәтижелерін келесі түрде талқылау, 
көрсету: 
-
ауызша баяндама; 
-
пікірталас; 
-
дәйектеу; 
-
рөлдік ойындар. 
ҮІІІ. Жасалған қорытындылар бойынша жобаға қа-
тысқан студенттердің жұмыстарына баға беру. 
«Қазақ тілі» пәнін қызығушылықпен оқып-үйренуі үшін 
студенттің ғылыми жобалар орындауына үлкен мән берудің қа-


жеттігі дәлелдеуді керексінбейтіні даусыз. Әрине, студенттің 
барлығы болашақ ғалым болмасы анық. Бірақ олар – ғылыми 
біліммен қаруланған тарих, орыс тілі мен әдебиеті т.б. пәннен 
сабақ беретін болашақ мұғалімдер. 
Мұғалімдердің қазіргі кезде көп ақсап жүрген тұсы – тео-
риялық білім мен практикалық шеберліктің басын біріктіре ал-
май, дағдарысқа түсуі. Себебі мұғалімдер қандай қиын кезеңде 
де болашақ ұрпақты оқытып-тәрбиелеу жолында еңбек етіп ке-
леді. 
Өкінішке орай, олардың басым бөлігі оқытудың жаңа тех-
нологияларын интуициялық жолмен меңгеріп келеді, азғантай 
уақытқа ұйымдастырылған курстар ештеңе бере алмайды. Ал 
мектеп басшыларының өздері көп жағдайда жаңа педагогикалық 
технологияға «өтіп кететін маусымдық сән» сияқты келмеске 
кететініне үміттеніп қарап жүргені де жасырын емес. Оқытудың 
жаңа технологиясының әрқайсысының өзіне тән ерекшелігі мен 
амал-тәсілдеріне мән бермегендіктен, бұл технологиялар толық-
қанды өз дәрежесінде іске аспай келеді. Оның себебі неде? 
Мұндай келеңсіз құбылыстың мектептерде орын алу себептері 
мынада: 
Біріншіден, қазіргі кезде білім беру саласында ғылымилы-
лық ұстаным алға шығарылып отыр. Бірақ бұл оқу пәнінің ғы-
лымын игерсе болды деген сөз емес. Мұғалімнің ғылыми із-
денім жағынан қаруланған болуы тиіс дегенді танытады. Ал мұ-
ғалімдер бұл мәселеде көп нәрсеге уақыт жағынан үлгірмей 
жатады немесе ізденіске мән берілмейді. 
Екіншіден, ғылыми білімнің практикалық өмірде қызмет 
етуін талап ететін жаңа технологиялар туындап келеді. Мұғалім-
дердің оларды түсініп қабылдауы да кемшін. Олар дәстүрлі жұ-
мыстан өзгеше бір әдіс секілді ғана қабылданады.
Үшіншіден, мұғалімдерге оқылатын курстардың оқу са-
пасы мен білім мазмұны жаңа технологиялардың талабына сай 
келмейді. Курс тақырыптары жаңа заман мәселелерін көтергені-
мен, ондағы дәрістердің дені дәстүрліліктен арыла алмай жүр. 
Төртіншіден, мұғалімдердің жүйелілік ұстанымын мүлде 
дерлік түсінбейтіні, оған назар салмайтыны байқалады. Көп жағ-
дайда, мұғалімдер әр технологиядан бір-бір үзіп-жұлып, тұтас 
сабақ құраған болып жүр. Егер мұғалімдердің барлығына


«Аралас технология» сізге ұнай ма?» деген сұрақ қойылса, онда 
олардың 90 %-ы «ұнайды» деп жауап береді. Себебі оларға әр 
технологиядан бір элемент алу — бір технологияны жүйелі-
лікпен қолданудан жеңіл. 
Бесіншіден, оқулық пен оқу құралдарына деген сыни көз-
қарас білдіруге мұғалімдер енжар қарайды. Ал мұғалімдер тео-
риялық біліммен дұрыс қаруланса ғана, ғылыми таным әдіс-
терін меңгерсе ғана кез келген оқулыққа талдау жасай алар еді. 
Сонда ғана «ең жақсы оқулық» деген мәселенің талаптарын тү-
сінер еді. Әрі оқулықтарды әділ сын негізінде әрдайым толық-
тыруға, дамытып отыруға қатысу оның шәкірттері үшін қажет 
мәселе екенін түсінер еді. 
Сондықтан жоғары оқу орны қабырғасында қазақ тілін са-
палы оқытудың дидактикалық мақсат-міндеттерін дұрыс орын-
дау үшін, студенттерге жоба әдісі арқылы қазақ тілінен өз беті-
мен білім алудың тиімді амал-тәсілдерін жете үйрету көзделеді. 
Жобалай оқыту технологиясы студентке өз бетімен білім іздеу 
барысында оқу-танымдық амалдардың жиынтығын меңгеруіне 
оң ықпал етеді. 
Көзделген нәтижеге қол жеткізу үшін студенттің өз 
бетімен білім алуы аса қажет. Өйткені тірелген тығырықтан 
сырттан берген ақыл бір-ақ рет шығара алады, ал өзінің прак-
тикамен тығыз байланыста танып-игерген әдістері өз ойымен 
бірлікте болып, саналылықпен күнделікті дағды болып сіңі-
ріледі. 
Жоғары білім беру саласы модернизациялау, жаңа оқыту 
технологияларын қарқындылықпен практикаға енгізу үшін дәс-
түрлі лекция мен семинар сабақтарды, практикалық сабақтар-
дың болмысына жаңа леп енгізу керек. Егер дәстүрлі сабақтарда 
«білім, білік, дағды» ғана негізгі нысанға алынса, жаңа техноло-
гияларды қолдануда «студенттің жеке тұлғасы» проблемасы 
алдыңғы орында тұрады.
Қазақ тілі бойынша студентке берілген жоба түрлері мен 
тақырыптары – студенттің білімдік және оның толыққандылы-
ғын қамтамасыз ететін жан-жақты ақпаратты өз бетімен іздеп 
табуына лайықталып іріктелінеді, жүйеленеді.
Қазақ тілін ғылыми-ізденіс арқылы меңгертудегі амал-тә-
сілдердің бірі - студентті ақпаратты жинау амалдарымен таныс-


тыру. Онда әдебиетпен жұмыстың жолдары түсіндіріледі. Мәсе-
лен, бірінші тәсіл – сөздік минимумды анықтау. Жоғарыдағы 
заң терминдерін меңгеруде мынадай амалдар қолданылады: сту-
дент алдымен орысша-қазақша сөздіктерден, сосын түсіндірме 
сөздіктермен жұмыс жасай отырып өзіне қажет сөздерді таңдап 
алады. Келесі тәсіл – өзі жинаған сөздерді актив және пассив 
сөздерге бөлу. Сөздік қордағы сөздерді актив және пассив деп 
бөлу тілді үйрену барысында қандай сөздерге айрықша көңіл 
бөлу керектігін және тапсырманы орындауда алдымен қай лек-
сикадан бастау керектігін, сөздердің жиілігі мен тіркесу қабі-
летінде қайсысы негізгі екендігін, т.б. анықтауға мүмкіндік бе-
реді. Келесі орындалатын жұмыс – сөз тіркестерін құру. Бұл 
заңдық ұғымдарды кең түсінуге көмектеседі. Тілдік жағынан 
тиісті грамматикалық норма арқылы бұл тұлғалардың айтар 
ойға сәйкес бір-бірімен тіркесу, байланысу қабілеттерін мең-
геру. Келесі тәсіл – мағыналық тіркестерден сөйлем құрау. Одан 
кейінгі кезеңде өздері таңдаған жағдаяттарға сай сол сөйлем-
дерді пайдаланып мәтін құрау. Өз ойын жеткізуде фонетикалық 
нормаларды сақтай отырып, қатысымдық тұлғаларды орынды 
пайдалануға төселу – осы жұмыстың тілді қолдану тұрғысын-
дағы нәтижесі деп саналады. Ал жоғарыдағы амал-тәсілдер сөй-
лесімді жүзеге асырудың базалық негізін қалайды.
Ал жобалау технологиясын қолдануда студенттер өздері-
нің алдына қойылған қазақ тілі бойынша жобаларды шешудің 
жолын, әдісін оқытушының басшылығымен, бірақ, негізінен, 
практикалық жолдан өздері орындап «өтіп шығуы» қажет бо-
лады. Өйткені жеке бастың тәжірибесі адамның өзінің жолын 
талдауының, салыстыруының, ұтымды тұстарын жинақтай бі-
луінің нәтижесінде жинақталатыны аян.
Бұл жерде әрбір жеке студенттің өзін-өзі, яғни өзінің білім 
алу, дүниетану мүмкіншіліктерін танып-білуіне қажетті р е ф л е 
к с и я л ы қ әдістерді игеру қажеттілігі де туындап тұрғанын 
айқын көреміз. Осы жұмысты жүзеге асыруда топтық, жұптық 
жұмыстар ұйымдастырылады. Ол үшін білімді өзектендіру ама-
лы қолданылады. Өзектендіру – тақырыптың өз өмірлеріне бай-
ланысты мүмкіндіктерді танумен байланысты жүргізіледі. Осы 
тұста студенттің тапсырманы орындауға және білімді саналы 
игеруіне жол ашатын мотивациялық тәсілдерді қолдану тиімді 


болып табылады. Мысалы, оны берілген тапсырмалардың түр-
лендірілуі арқылы, топтар мен жұптарды кездейсоқтық амалы-
мен құру арқылы, бір-бірімен топтық жарыстар ұйымдастыру 
арқылы жүргізудің пайдасы мол.
Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың рефлексиялық 
қабілетін дамыту мәселесін ескеру оқу нәтижесін арттырары 
хақ. Мысалы, студенттің таным үдерісінде де рефлексияның 
алатын орны зор. Қазіргі таңда оқушының рефлексиялық мүм-
кіншіліктерін тану, жекелеген пәндерді оқыту арқылы оны да-
мыту мәселесі қарастырылып жүр. Атап айтқанда, жобаны 
орындау барысындағы студенттердің тақырыпты талқылауы 
мен есеп беруі рефлексиялық қабілеттің дамуына, қалыпта-
суына тірек болып табылады. Жобаны студенттер жеке түрде 
немесе топ болып орындайды. Жобаны орындаудың кезеңдері 
анықталған соң, әр кезеңнің соңында: 
-
«не тындырдық?» 
-
«әлі қандай мәселе бар?» 
-
«қандай мүмкіндіктер бар?» 
-
«біздің мүмкіндігіміз қандай?» 
-
«менің мүмкіндігім қандай?» 
- «жобаны жақсы орындап шығудың тиімді жолдарын 
қалай болжауға болады?» деген сияқты топтық немесе жеке 
рефлексиялық сәттер өткізіледі. Бұл тәсілдің өзі студент үшін 
өмірлік құндылық болып табылады. Өйткені Абайдың қара сө-
зінде айтылғандай, адам өзіне күн сайын, апта сайын, болмаса 
ай сайын есеп беріп үйренуі керек. 
Проблеманы анықтай білу, оны шешуге кірісу, қажетті 
әдістер мен тәсілдер жүйесін алдын ала жүйелей алу – студент-
тен талап етілетін міндеттер. Оқытушының айтуымен ғана емес, 
өзінің осыған дейінгі білімі мен өмірлік тәжірибесінің негізінде 
осындай кезеңді қалап алған соң, студент проблемалық жағдай-
дың «ішіне ене алатын болады». 
Ғылыми-ізденімдік жобаларды жүзеге асыру оқытушымен 
бірлесе отырып жасалған жұмыс жүйесінің нақты кезеңдері мен 
сол кезеңдерге сай келетін тапсырмалардың алдын-ала нақты 
берілуін талап етеді. Онда қолданылатын әдістер мен амал-тә-
сілдер сондықтан қадам сайын белгілі болып отырады. Студент-
тердің қазақ тілінен берілген проблемалық жағдайларға құрыл-


ған жоба жұмысының орындалу сатыларындағы сол әдіс-тәсіл-
дерді төмендегі кестеден (3-кесте) анық көруге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет