— металлдық байланыс / металлическая связь /metallic bonding — металлдардағы электронды газ бен кристалл торының оң зарядталған иондарының өзара әсерлесуіне негізделген химиялық байланыс. Металлдық байланыстың идеал моделі өткізгіштік аймақ деп аталатын металл электрондарымен түгелімен толтырылмаған энергиялық деңгейлер аймақтарының түзілуіне(қараңыз қатты дене) сәйкес келеді. Металлдық байланысты тек кванттық механика негізінде ғана сандық түрде бағалауға болады, ал оның түзілуін сапалық түрде коваленттік байланыс туралы көзқарас негізінде ғана түсінуге болады.
— химиялық байланыс /химическая связь / chemical bond (binding) — молекулалар мен кристаллдардың түзілуіне әкелетін атомдардың өзара тартылысы.