Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер



Дата09.12.2022
өлшемі53,33 Kb.
#161983
Байланысты:
Мемлекеттік стандарттау жүйесі
-447032918, 1 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар (1) (1)

Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер

Орындаған: Әмірбек Алтынай

СС-20-1К

Стандарттаудың қағидалары.

  • Стандарттау белгілі бір ереже-қағидаларға сүйенеді. Стандарттау сапасын, үнемділігін, қолданылуын, сәйкестігін және өзара алмасуын, қауіпсіздік талаптарын өнімдердің көптүрлілігін басқару бойынша, сондай-ақ өзара қызықтыратын басқа да сұрақтар бойынша әрбір жақтың пікірін ескере отырып келісімге келу үшін өнімдерді даярлайтын, әзірлейтін және қолданатын барлық мүдделі жақтардың өзара ұмтылыстарына негізделуі қажет.
  • Халықаралық стандарттауда пәтуа (консенсус) термині қоланылады, ол мүдделі жақтардың көпшілігінде мәнді мәселелер бойынша қарсылықтары жоқтығын сипаттайтын, барлық жақтардың пікірін ескеру және сәйкес келмейтін көзқарастарды жақындату болып түсіндіріледі. Консенсуста толық бірауызды шешім болмауы мүмкін.
  • Стандарттарды даярлаудың пайдалылығын әлеуметтік, техникалық, экономикалық қажеттілігі және қолданудағы жарамдылық тұрғысынан бағалауға болады.
  • Нормативтік құжаттарды даярлағанда жобалардың аяқталу кезеңінде және қабылданған халықаралық және аймақтық стандарттарды, ЕЭК БҰҰ құжаттарын және басқа халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ, қажет болса, басқа елдердің ұлттық стандарттарын есепке алу керек.

Кейбір қағидаларды бөліп айтуға болады:

Кейбір қағидаларды бөліп айтуға болады:

  • - Өнімдерді даярлайтын, әзірлейтін, жеткізетін және тұтынатын жақтардың мүдделерін теңдестіру (негізгі мәселелер бойынша консенсус).
  • - Жүйелілік және кешенділік. Жүйелілік – бұл әрбір объектіні одан да күрделі жүйенің бөлшегі ретінде қарау, мысалы: банка ыдыс (тара) ретінде транспорттық ыдыс – жәшіктің бөлігі, жәшік контейнерге кіреді, контейнер транспорт құралына салынады. Кешенділік – күрделі жүйенің барлық элементтерінің сәйкестігі.
  • - Стандарттың динамикалық және озық дамуы. Ғылыми-техникалық прогрестің өсуінің өзгеруімен қатар стандарттар болып жатқан өзгерістерге бейім болуы қажет және қалып қоймауы керек.
  • - Тиімділік – нормативті құжаттарды қолдану экономикалық және әлеуметтік пайда беруі қажет.
  • - Қауіпсіздікті, сәйкестікті және өзара алмасуды қамтамасыз етуге жағдай тудыратын стандарттарды даярлаудың басымдылығы.
  • Стандартқа қойылатын талап – оның сертификаттаудың мақсаттары үшін жарамдылығы.
  • - Үйлесімділік – халықаралық саудада кедергі келтірмейтін стандарттарды даярлау.
  • - Тұжырымдаманың анықтығы – норманы екі түрлі мағынада түсіндіру нормативтік құжатта маңызды қателік бар екенін көрсетеді.

Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізге алынатын стандарттары

  • 1. Мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу, келiсу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және оның күшiн жою тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
  • 1-1. Мемлекеттік стандарттар, егер ҚР-ның заңдары немесе техникалық регламенттері олар туралы нұсқауларды қамтитын болса, міндетті болып табылады

  • 2. Мемлекеттік стандарттар:
  • 1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң жалпы ұйымдастыру-әдiстемелiк ережелерiн белгiлейтiн, негiзге алынатын стандарттар;

    2) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң бiртектi топтарына, қажет жағдайда нақты өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн өнiмге, көрсетiлетiн қызметке арналған стандарттар;

    3) процестерге арналған стандарттар;

    4) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi бақылау әдiстерiне арналған стандарттар болып бөлiнедi.

  • 3. Негізге алынатын мемлекеттiк стандарттарды уәкiлетті органның кәсiпорындары әзiрлейдi.
  • 4. Шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың нормалары мен стандарттары, осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жету үшiн тиiмсiз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, олар ҚР-ның мемлекеттiк стандарттарын әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе ішінара қолданылуы мүмкiн.

5. Мемлекеттік стандарттарда мыналар қарастырылады:

  • 5. Мемлекеттік стандарттарда мыналар қарастырылады:
  • 1) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгі жөнiндегi қажеттi талаптар;
  • 2) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi жiктеуге қойылатын талаптар;
  • 3) өнiмнiң бiрiздiлiк, үйлесiмдiлiк және өзара алмастырушылық көрсеткiштерi;
  • 4) терминдер мен анықтамалар;
  • 5) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң тұтыну қасиеттерi мен сипаттамаларын қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткiштерi;
  • 6) қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою ережелерi;
  • 7) сапасы мен қауiпсiздiгiн сынау әдiстерi;
  • 8) ресурстардың барлық түрлерiн сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар;
  • 9) менеджмент жүйесiн енгiзудi қамтамасыз ететiн, өндiрiстi ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
  • 10) белгiлi бiр қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдiстемелiк сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен ережелер белгiленуi мүмкiн.
  • 6. Мемлекеттік стандарттар өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң шығарылған жерiне қарамастан, тең дәрежеде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет