Тақырып: Туризмнің рөлі. Туризм.
Мәтінмен жұмыс.
Сұрақтар :
1.
Туризмнің рөлі қандай?
2.
Туризм деген не ? Турист деген кім? (анықтамаларына назар аударыңыз)
3.
Туристік өнім (продукт) деген не?
4.
Туристiк ресурстар деген не? Оған не жатады?
5.
Туризм қандай түрлерге бөлінеді? Олардың ұғымын түсіндіріңіз.
1.
Туризмнің рөлі
Туризм әлемдiк экономикада басты рөлдiң бiрiн атқарады. Дүниежүзiлiк Туристiк
Ұйымның (ДТҰ) деректерi бойынша ол әлемдегi жалпы ұлттық өнiмнiң оннан бiр бөлiгiн,
халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдiк өндiрiстiң әрбiр 9-шы жұмыс
орнын қамтамасыз етедi.
Туризмнiң қазiргi индустриясы табысы жоғары және серпiндi (интенсивно)
дамып
келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бiрi болып
табылады. Халықаралық туризмнің үлесi экспортқа шығарылатын дүние жүзiлiк табыстың
8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен
табыс мұнай, мұнай өнiмдерi және автомобиль экспортының
табысынан кейiн тұрақты
үшiншi орында келедi. Мұндай оң үрдiс жаңа мыңжылдықтың бас кезiнде де сақталады
деп күтiлуде. Әлемдiк туристiк рыноктың дәстүрлi аудандары
өзiнiң рекреациялық
(демалу) сыйымдылығының шегiне iс жүзiнде жеткендiктен,
туризмнiң өсуi туристер
баратын жаңа аумақтар есебiнен басым дамитын болады. Осыған байланысты,
Қазақстанның әлемдiк туристiк рынокта өзiнiң лайықты орнын табуға бiрегей мүмкiндiгi
бар.
Қазiргi туризм еңбекшiлердiң жыл сайынғы ақылы
еңбек демалысына шығуымен
байланысты болды, мұның өзi адамның демалуға және бос уақытын өткiзуге негiзгi
құқығын тану болып табылады. Ол
жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы
өзара түсiнiстiктi дамытудың факторына айналды.
ДТҰ,
туризм
жөнiндегi
мамандандырылған
халықаралық
ұйымдардың
зерттеулерiнiң
талдауына, сондай-ақ мемлекеттердiң туризмдi дамыту саясатына сәйкес,