Тақырып: Туризмнің рөлі. Туризм


Туризм инфрақұрылымының дамуы



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата17.05.2023
өлшемі432,52 Kb.
#176971
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Туризм туралы мәтіндер

7.Туризм инфрақұрылымының дамуы 
Қазір туризм инфрақұрылымын дамытуға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп, барлық 
жұмыс заң негізінде жүзеге асырылып жатыр. Соның нәтижесінде туристерге арнап қонақүйлер, 
сауықтыру нысандары мен басқа да қызмет көрсету мекемелерін салу және туризм индустриясына 
қаржы бөлу мәселесі оң шешіле бастады. Республикада туристерді орналастырудың 400 –дей 
нысаны (объекты) бар. Сонның ішінде 239 қонақүй, 34 санаторий, 29 демалыс аймағы, 26 демалыс 
үйі, 17 туристік база, 13 сауықтыру лагері, 11 санаторий – профилакторий, 8 профилакторий 
жұмыс істейді. 
Туризм инфрақұрылымының дамуы тек жылжымайтын мүліктерге ғана емес, сондай – ақ 
колік қатынастары қызметімен де тығыз байланысты. Қазіргі таңда еліміз туристерді көліктің 
бірнеше түрімен тасымалдауға назар аударып отыр. Республика бойынша шетел туристерін 
тасымалдау мақсатында әуе, темір жол, автокөлік қатынастары іске қосылған. Шетелдің 6 әуе 
компаниясы жұмыс істейді.


Ал, экономикамыздың күретамыры – темір жолға келсек, шетел туристерін елімізге жеткізу үшін 
бірнеше бағыттар іске қосылды. Солардың ішінде «Қазақсатан темір жолы» ұлттық жолаушылар 
тасымалдау» компаниясы туризм әкімшілігімен және «Тұран Азия» компаниясымен бірлесіп
«Жібек жолының маржаны» атты арнайы бағыт жобасын әзірлеген болатын. 2002 жылы оның 
алғашқы бағыты Алматы-Тараз-Шымкент-Самарқанд-Үргеніш-Бішкек-Рыбачье-Алматы қалалары 
бойынша жүзеге асты. Енді осы бағытты Теһранға, одан әрі Бейжіңге дейін жалғастыу қолға 
алынды. 
Туристерді автокөлікпен тасымалдау мәселесі де өзінің маңыздылығын ешқашан жоймақ емес. 
Қазіргі кезде біздің елдің автокөлік жолдары ірі туристік нысандарымызды шетелдермен 
байланыстырып отыр. Осы орайда көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін әуе, автокөлік 
және темір жол нысандарының материалдық-техникалық базасын тиісті жабдықтармен 
қамтамасыз етіп, туристерге қызмет көрсету саласын дамыту керек деп есептеймін.
Туристік инфрақұрылым, оның менеджментін жақсарту саласында келімді – кетімді адамдарды 
сапалы азық – түлікпен, дәмді тағаммен қамтамазыз ету де жатады..
Тарихи және мәдени орталықтардың тағы бір ерекшелігі – олардың таяулы аймақтарға, өзен-көл 
жағалауларына жақын орналасуы. Сол себептен қазақтың көрікті табиғатын, саятшылық өнерін, 
балық аулау кәсібін этнографиялық жақтан әдептеу де туристік индустрияның табыс көзі болмақ. 
Маусымдық туризмге орай, қыстың күні қыратты аймақтарда шаңғы тебу, ат шана, түйе шанамен 
қыдырыс жасау да қызықтың оқшау бір түрі ретінде бағаланбақ. 
2001 жылдың 13 маусымында күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет 
туралы» Заңды басшылыққа және әлемдік туризм тәжірибелерін еске ала отырып, қазақ жеріндегі 
бұрынғы тазы жүгірту, құс салу, үкі асырау үрдісін, құрт, қызыл ірімшік қайнату, қазы айналдыру, 
қымыз ашытудың ұлттық технологиясын жолға салып, ретке келтіру қажет. Қазіргі шет ел 
туристерін зауыт – фабриктер, олар шығарған өнімдер қызықтырмайды. Оларды еліміздің өіне тән 
табиғи дәстүрлері мен салттары ғана елең еткізеді. Сондықтан тарихи және мәдени мұражайларға 
таяу ұзын жолдың бойында ұлт аспаптарында ойнаушыларды, ұлт дәмханаларын, ши, өрмек тоқу, 
тері илеу, күдері дайындау, қамшы өру, арқан есу, білезік, сақина соғу шеберлерін тұрақты 
орналастыру мәселесін шешу керек. 
Тарихи мекен – жайлар ежелгі салт – дәстүрмен, этнографиялық айшықтармен тығыз 
байланысты болғандықтан, ғылыми қызметкерлер көмегімен қазақтың ежелгі көшін шет елдік 
туристерге тамашалау, «Қыз Жібек» жырындағы көш легін реконструциялау ісін бір ізге салған 
жөн. Бұрынғы көші – қон дәстүрі де туристерді қызықтырмай қоймайды. 
Кластер – бір – біріне жақын орналсқан, біріне – бірі байланысты, өзара шаруаларын
толықтыра алатын, белгілі бір салаларда еңбек ететін кәсіпорындар мен ұйымдар тобы. Қолда бар 
мәліметтерге қарағанда, ел экономикасын дамытуға туристік кластер де қомақты үлес қоса алады, 
өйткені, бізде туризмнің мәдени – танымдық, экономикалық, іскерлік, сауықтыру бағыттарындағы 
түрлері де дамып келеді. «Маркетинг және талдау орталығы» мен америкалық «Austin Associaties» 
және «Economic Competitiveness Group» компаниялары бірлесіп, Индустрия және сауда 
министрлігінің Сауда және туризм қызметін реттеу комитеті өкілдерінің қатысуымен туристік 
кластер жобасының алғашқы нұсқаның жасаған еді. Ал ел экономикасын кластерлік басқару 
туралы қабылданған жаңа жобаға келсек, оның негізгі мақсаты еліміздің өндеуші салаларын 
тұрақты түрде дамыта отырып, бәсекеге қабілеттігін арттыру шараларының жоспарын жасау 
болып табылады. Соның нәтижесінде жаңа жұмыс орындарын көбейтуге, өткеру нарығы 
неғұрлым қажетсінетін тауарларды экспортқа шығаруға, мұнай өндіруге тәуекелділікті азайтуға, 
елімізде дамыған салалық кластерлер қалыптастыруға қол жеткізу сияқты ауқымды міндеттер 
орындалуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет