Тақырып: Туризмнің рөлі. Туризм


туризм  мемлекеттiң әлеуметтiк, мәдени және экономикалық өмiрiне тiкелей ықпал ететiн  қызмет ретiнде түсiніледi. 2



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата17.05.2023
өлшемі432,52 Kb.
#176971
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Туризм туралы мәтіндер

туризм 
мемлекеттiң әлеуметтiк, мәдени және экономикалық өмiрiне тiкелей ықпал ететiн 
қызмет ретiнде түсiніледi.
2.
 
Туризм түсініктері 
Туризм түсініктері:
1.туризм - жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бiр 
жылға дейiн не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бiрақ түнейтiн, 
ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты. 
2. ішкі туризм
– 
қарастырылып жатқан ел шегінде тұрақты тұрып жатқан келушінің ішкі 
туристік сапар немесе шығу туристік сапар шеңберіндегі қызметі. 
3. келу туризмі
– қарастырылып жатқан елде тұрмайтын келушінің келу туристік сапары 
кезінде осы ел шегіндегі қызметі. 
4. шығу туризмі
– 
қарастырылып жатқан ел шегінде тұрақты тұрып жатқан келушінің 
шығу туристік сапар немесе ішкі туристік сапар шеңберіндегі қызметі. 
5. қызмет түрі – сапарға дайындық кезінде және сапар барасында тұтынушылар ретінде 
адамдардың іс-әрекеті мен жүріс тұрысы. 
6. турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiнгi кезеңге 
келетiн және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, 
танымдық, кәсiби-iскерлiк, спорттық, дiни және өзге де мақсаттарда кемiнде бiр 
рет түнейтiн жеке тұлға. 
7. туристік өнім – туристің саяхаттау барысында қажеттілігін қанағаттандыруына 
жеткілікті туристік қызметтердің жиынтығы.
8. туристiк ресурстар - туристiк көрсету объектiлерiн қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, 
әлеуметтiк-мәдени, сауықтыру объектiлерi, сондай-ақ туристердiң рухани 


қажеттiлiктерiн қанағаттандыра алатын, олардың дене күшiн қалпына келтiрiп, 
дамытуға жәрдемдесетiн өзге де объектiлер. 
 
Тақырып: 
Туризм түрлері 
3.
 
Туризм түрлері 
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. 
1.
Туризм қандай түрлерге бөлінеді? Олардың мақсаттары қандай? 
2.
Туризмнің түрлеріне сипаттама беріңіз. 
 
Туризм түрлері: әлеуметтік, экологиялық, шытырман оқиғалы (приключенческий), 
спорттық, іскерлік, емдік-сауықтыру, мәдени-танымдық, діни (религиозный), экотуризм.
1.
Мәдени-танымдық туризм- туристерді мәдени құндылықтармен таныстыру арқылы 
көзқарастарын 
кеңейту. 
Табиғи-рекреациялық 
нысандардың, 
туристік-
экскурсиялық, археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-
экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Олар: 

әртүрлі тарихи, архитектуралық және мәдени кезеңдермен танысу үшін 
мұражайларға, тарихи және архитектуралық ескерткіштерге бару. 

театрландырылған қойылым, музыкалық, кино, діни мерекелерге , сурет 
көрмелеріне бару 

лекция,семинар,симпозиум, шетел тілін оқу және құзіреттілікті көтеретін 
треннингтерге бару. 
2.
Шытырман туризм (приключенческий)— ол байдаркамен жүзу, тау шанасымен 
жүру, джип-тур. Сонымен қатар атпен, түйемен,итпен,солтүстік бұғымен 
серуендеу жатады.Шытырман туризміне тыныш өзеннмен жүру немесе 
Антарктидаға бару, бір сөзбен айтқанда «жаңа ашылуларға» (новое открытия) 
ұмтылу. 
3.
Спорттық туризм- спорттық бағдарлау, мультиспорт, шыңға шығу(скалолазанием), 
альпинизм, рафтинг, маунтинбайк (альпинизм), шаңғы, яхталық болып 
бөлінеді.Спорттық туризм сонымен бірге қоршаған ортада табиғи апаттарда 
алғашқы көмек көрсетуге дайындық ретінде де болуы мүмкін. 
4.
Іскерлік (делевой) туризм-бұл әртүрлі ұйымдардың қызметкерлерінің шетелге 
іскерлік кездесуге немесе корпоративтік іс-шараларға баруы. 
5.
Сауықтыру (оздоровительный ) туризмі:
белсенді туризм – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Шаршағанды 
басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған 
жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көптен көп адамдар 
таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді, таулы 
өзендерде жүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе жылқымен жүргісі келеді және 
осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене бастайды. Жаяу туризм – күрделі 
емес таулы және жазық жерлерде өткізілетін туристік жорықтар. Халықтық топтар 
арасында ең көп тараған белсенді туризм түрі болып есептеледі: арнайы көлікті 
қажет етпейді,кез- келген аумақ бойынша жорықтар ұйымдастыруға болады. 
6.
Экотуризм Экологиялық туризм экологиялық білім, табиғатпен өзара қарым-
қатынас мәдениетін арттыру, табиғи ортада этикалық нормаларды жасау, 
табиғаттың және оның жеке элементтерінің тағдыры үшін жеке жауаптылық 
сезіміне тәрбиелеу, адамның рухани және физикалық күштерін қалпына келтіру
табиғи жағдайдағы табиғи ортада толыққанды демалысты қамтамасыз ету.
7.
Сафари туризм- жабайы (дикую природу ) табиғатқа саяхат
(
означает путешествия 
в дикую природу и с мирными целями по всему миру). Сафари тур Қазақстанда 
автомобиль, велосипед, мопед жақсы көретіндердің арасында жақсы таралып кетті.
Қазақстанның ұлан байтақ даласын аралау барысында өсімдік және жануарлар 
түрлерінің алуантүрлілігін көруге болады. Сондықтан Қазақстанды «Ұлы Дала Елі» 
деп атайды. 
Пайдаланған сілтемелер:
1.
http://www.tourism-vs.vko.gov.kz/kz/files/basis1.html
  
2.
http://referatkaz.kz
  
3.
http://uchebnikionline.ru/turizm/turistichniy_biznes__malska_mp/turizmi_ekologiya_ekoturizm.htm
 
4.
http://adilet.zan.kz/rus/docs/P010000333_/compare
 Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 


тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 наурыз N 333 
5.
 
http://vipkztour.com/tours-in-kz/album/safari-15
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет