Білімділігі: Үйірме мүшелеріне эскурсия туралы түсінік беру, оның түрлерімен таныстыру, туризм бойынша біліктіліктерін арттыру;
Дамытушылығы: үйірме мүшелерінің экологиялық мәдениетін арттыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады;
Тәрбиелілігі: алынған біліктілікті іске асыру жөнінде түсінік қалыптастыру.
Өткен сабақты пысықтау
Өткен сабақты пысықтау
«Туристік өлкетанудың
тәрбиелік маңызы»
Экскурсия және оның түрлері
Экскурсия (excursio) латын тілінен аударғанда “серуендеу” деген мағынаны білдіреді. Эскурсия жеке тұлғаның уақытша болған елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытта барып көруі. Экскурсиялық іс - халық арасында мәдени-ағарту жұмысының маңызды белгісі. Оның тарихы жалпы 100 жылдан асқанымен ең дамыған кезі өткен ғасырдың 70-80 жылдары. Экскурсия білім алудың негізгі формасы. Сондықтан экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленген. Экскурсияның бірнеше түрлері бар. Олар: тарихи, кәсіптік, табиғи, архитектуралық, әдеби және т.б. Алғашқы экскурсияға себепші болған өткен ғасырлардың қоғамдық өмірі. Сол кезде жиі діни, әулие жерлерге қажылық жасаумен байланысты болды. Жалпы айтқанда, экскурсиялар мемлекеттің түрлі кезеңдерінде әр түрлі функцияларды атқарған. Ол ғасырдың қызығушылығына байланысты болған.