СӨЖ тапсырмасы: «Экономикалық дамудың кластерлік принципі» - елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбында баяндама әзірлеу.
Әлемдік экономиканың қазіргі дамуы және әлемдік шаруашылықтың жаһандану үдерістері, экономикалардың өзара тәуелділітерінің өсуі, жаһандық тауарлар мен қаржылық нарықтардың қалыптасуы осы үдерістерге түскен елдердің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін көтеру проблемасына қызығушылықтың артуына әкелді. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау және оны көтеру шараларын дайындау проблемасы әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыс әлемдік экономиканың дамуына және әлемдік экономиканың дамуына әсер ететін ірі елдердің экономикалық дамуына түбегейлі өзгерістер енгізгеннен кейін күшейе түсті.Кластерлік даму аймақтардың бәсекеге қабілетін,олардың экономикалық дамуын арттыру құралы ретінде елдің аймақтық дамуының жаңа қадамы болып табылады.Кластерлік бастаманың негізгі мақсаты индустрия саласында жеке меншік бизнес-құрылымдарды жұмылдыру негізінде экономиканың шикізат секторын дамытудағы бәсекелестік артықшылығын барынша көп пайдалану мүмкіндігін жасау болып табылады,яғни жеке кәсіпкерлерге қолдау көрсету арқылы экономиканың дамуына жол ашады.Экономиканың дамуында кластердің маңызы өте зор,өйткені кәсіпорындардың жалғыз жұмыс атқаруына қарағанда,өнімді және белсенді инновацияны қолдануына мүмкіндік береді. Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету әлемдік нарықта елдің жағдайын анықтайтын және жеткілікті деңгейде оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды проблема болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік – бірнеше деңгейде қарастыруға болатын көп қырлы экономикалық категория. Бұл – мемлекеттің, тауардың, тауар өндірушілердің, салалардың бәсекеге қабілеттілігі. Осы деңгейлердің арасында тығыз байланыс бар: елдік және салалық бәсекеге қабілеттілік ақыр соңында белгілі бір өндірушілердің бәсекеге қабілетті тауарларды өндіре алу қабілетіне байланысты.
Қазіргі таңда Қазақстан нарықтық экономикаға көшті.Бұл дегеніміз ,нарықтағы бәсекелестік нәтижесінде сатушылар өз тауарларының сапасын жаңа технологиялар арқылы арттыруға тырысады.Әрине,бұл тұтынушы үшін де,мемлекет үшін де тиімді. Нарықтық экономикаға көшу өнеркәсіптің дамуына жол ашады.Сатушылар арасында болатын бәсекелестік нәтижесінде өндіріс дамып, ақша-тауар айналымы жүреді,бұл экономиканың дамуына үлкен пайдасын тигізеді.Барлығына белгілі «Қазақстан-2050» стратегиясының негізгі мақсаты да осында.Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру.Оның үстіне елдің бәсекеге қабілеттілігі - кез келген елдің дамуы үшін қағидатты міселе, өйткені бұл халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқаты деңгейінің бірден-бір объективті өлшемі болып табылады.Осындай міндетті шешу бәсекеге қабілеттілік рейтингінде белгілі бір дәрежені қағаз жүзінде иеленумен емес, қазақстандық қоғам өмірінің кең ауқымды бағыты бойынша әлемдік стандарттар деңгейіне қол жеткізу болып табылады.Сондықтан да Қазақстанның алдына әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену және орнығу өршіл міндеті қойылып отыр.