3.1-сурет. Кубты кристалдағы маңызды жазықтар үшін Миллер индексі
Кез-келген кристаллографиялық жазықтықтың Миллер индексін табу үшін ең алдымен координаталар басын таңдап алу керек, сосын координаталар өсінде, а, b, c, өсті кесінділері арқылы өтетін жазықтықпен кесетін кесінділерін көрсету керек, одан ары осы шамалардың кері мәндерін тауып, жалпыға бірдей алымы бар, мүмкін болатын ең кіші рационалды бөлшек түріне келтіру керек, және соңында жалпыға бірдей алымын шығарып тастап, алынған үш санды жақшаға алу керек.
Миллер индексін анықтайтын бірнеше мысалдарды қарастырайық.
1. Координата өсінде 4a, 3b, 2c қиындыларын қиып өтетін жазықтық символдарын табу керек. m:n:p = 4:3:2 қатынасын жазамыз:
Яғни, жазықтық символы (hkl)=(346).
2. X және Z остеріне параллель және Y осінде үш бірлікке қиылысатын Миллер индексін табу керек
m:n:p= болсын
Осыдан
яғни (hkl)=(010)
Координаталар өсін және жеке қырларын таңдау үшін қондырғылардың шартты халықаралық ережелері (№1 зертханалық жұмысын қара) бар. Рентгендіқұрылымды талдау арқылы қарапайым ұяшықтардың құрылымын, пішінін және параметрлерін, сәйкесінше рентгенограмма және олардың проекциясы арқылы жазықтық символдары мен бағыттарын анықтауға болады. Кристалдық көпжақтылардың қабырғалары мен қырларын да кристаллографиялық проекция арқылы анықтау ыңғайлы (№1 зертханалық жұмысты қара).
Достарыңызбен бөлісу: |