А., Абуова Ф. У. Конденсирленген күй физикасы астана 2011



бет77/126
Дата08.02.2022
өлшемі17 Mb.
#123337
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   126
Байланысты:
Пособие по ФКС каз.окон
Пособие по ФКС каз.окон, Экзамен ПРЯ 4 вариант осень, 2021-2022
9.16-сурет. Акцерторлық жартылай өткізгіштің электрондық күй сызбасы

Бөлме температурасында электрондардың валентті зонадан акцерторлық зонаға ауысқан кездегі валентті зонада қалған кемтіктер жартылай өткізгіштердің өтімділігіне үлкен үлесін қосады, ал валентті зонадан өтімділік зонаға электрондардың өту ықтималдығы өте аз болады.


Температураны арттырғанда акцерторлық деңгейлердің көп бөлігі электрондармен толтырылады. Онымен бірге, электрондардың валентті зонадан өтімділік зонаға ауысу ықтималдығы да артада. Валентті зонадағы деңгейлер саны қоспа деңгейлерінен әлдеқайда көп болғандықтан, температура артқан сайын электрондар мен кемтіктердің концентрациясы арасындағы айырмашылық аз байқалады, өйткені олар аз шамаға, анығырақ айтқанда акцепторлық деңгейлер концентрациясына ерекшеленеді. Жартылай өткізгіштің акцепторлық сипаттамасы, осы жерде, барған сайын аз айқандала түседі. Және соңында температура өте жоғары болғанда, жартылай өткізгіштерде заряд тасымалдаушылардың концентрациясы көп боалды және акцепторлық жартылай өткізгіш бастапқыда қоспасы жоқ жартылай өткізгішке сосын өткізгішке ұқсас болады.
Акцепторлық жартылай өткізгіште Ферми деңгейі энергия шкаласы бойынша төмен қарай ығысатындығын [1, 2, 3] көруге болады, төменгі температурада, кемтік концентрациясы еркін электрондардың концентрациясынан әлдеқайда көп болған жағдайда осы ығысу жоғары болады. Температура артқан сайын, жартылай өткізгіштердің акцепторлық сипаттамасы барған сайын аз айқындалған жағдайда, қоспасы жоқ жартылай өткізгіштер секілді Ферми деңгейі рұқсат етілмеген зонаның ортасына қарай ығысады.
Сонымен, температураны жәймен арттырған сайын донорлық және акцепторлық жартылай өткізгіштердің жәймен қоспасы жоқ жартылай өткізгіштерге ұқсас, кейін өтімділігі жағы өткізгішке ұқсас жартылай өткізгіштерге айналуы жүзеге асады. Бірнеше донорлық және акцепторлық жартылай өткізгіштер облысынан тұратын жартылай өткізгішті құралдардың қатты ысып кетуі салдарынан істен шығатындығы осыдан. Температура артқан сайын осы облыстар арасындағы айырмашылық жойылады және нәтижесінде жартылай өткізгішті құрал тоқты жақсы өткізетін жартылай өткізгіштің біртұтас бөлшегіне айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет