9.17-сурет. Заряд тасымалдаушылардың тепе теңдік концентрациясы мен онымен байланысты өтімділіктің жартылай өткізгішті жарықтандыруға тәуелділігі.
.
Қазіргі таңда жартылай өткізгішті датчиктер жарықтылықты өлшеу үшін де жарық ағынының импульсін қайта есептеу үшін де қолданылады, мысалы, машина валының айналу жылдамдығы мен айналу санын тіркейтін құрылғыларда, компакт-дисктерде жазылған ақпаратты оқу және т.с.с.
Компакт-дискілерді оқитын құралдарды жартылай өткізгішті жарықтық датчик арқылы. Олар ақпаратты жоғары жылдамдықпен оқуды қамтамасыз етуі керек – шамамен секундына 108 импульс, ол жартылай өткізгішті материалдарда электрондар мен кемтіктердің өте аз өмір сүру уақытында мүмкін (шамамен 10-8 сек).
Жартылай өткізгішті датчиктер иондаушы сәулелердің интенсивтілігін өлшеу үшін де қолданылады. Онда жоғарыда көрсетілген жағдайға ұқсас процестер орындалады, ерекшелігі тек - өтімділік зонадан ұшып шыққан электронның энергиясы өте жоғары болады. Сол энергия жартылай өткізгіштің өтімділігін арттыратын, электрондар мен кемтіктердің концентрациясының көбеюіне әкелетін, жартылай өткізгіштердің басқа да көптеген атомдарын иондау үшін жеткілікті.
Жартылай өткізгіштің жарықтануы мен радиациялық сәулеленуінің температурасының артуы өтімділігінің артуына әкелетінін ескеру керек. Сондықтан да жартылай өткізгішті датчиктерді берілген үш шаманың бірін өлшеу үшін қолдану барысында ол басқа екеуінің әсерін кішірейтуге немесе тұрақтандыруға тырысады. Мысалы, жартылай өткізгішті датчиктер – температураны өлшегіштер радиация мен жарықтан қорғайды. Жарықтық және инфрақызыл сәулелердің өте сезімтал жартылай өткізгішті датчиктері электрондардың жылулық қозуына негізделген өтімділік әсерін төмендету үшін, және ол арқылы әлсіз сәуле ағындарына деген сезімталдықты жоғарылату үшін шамамен 200 К, ал кейде одан да төмен температураға дейін суытады. Егер осындай датчикті суытпаса, онда сәулелену әсерінен пайда болған аз мөлшерлі заряд тасымалдаушылар жылулық қозғалыс әсерінен болатын көп мөлшерлі заряд тасымалдаушылар фонында байқалмай кетеді.