Электрондармен аймақтардың толу сипаты заттың өткізгіштік механизмін анықтайды және заттардың диэлектриктер мен өткізгіштерге бөлінуін түсіндіреді.
Ең алдымен аз энергиялы аймақтар толады, олар толығымен толтырылған болады. Толығымен толған бірақ үлкен энергиялы аймақ валенттік аймақ деп аталады. Одан кейінгі өткізгіштік аймақ деп аталатын аймақ толмаған немесе ішінара толған болады (52-суретті қара). Толмаған аймақ жартылай өткізгіштер және диэлектриктер жағдайына сай, ал ішінара толған аймақ өткізгіштерге сәйкес.
Достарыңызбен бөлісу: |