А., Абуова Ф. У. Конденсирленген күй физикасы астана 2011


Наноматериалдарды қолданудағы шектеулер



бет102/126
Дата08.02.2022
өлшемі17 Mb.
#123337
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   126
Байланысты:
Пособие по ФКС каз.окон

Наноматериалдарды қолданудағы шектеулер. Наноқұрылымды конструкциялық материалдарды қолданудағы маңызды шектеу олардың дәнек шекараларының көлемдік үлесінің үлкен болуынан коррозияға ( беттегі атомдардың және дәнек шекаралары бойынша атомдар диффузиясы, коррозиялық әсерлермен үйлесімділіктегі жоғары температуралар, радиация, дәнек шекаралары бойынша химиялық құрамның өзгерістерге бейімділігі құйма құрамы) бейімділігі болып табылады. Осыған байланысты олар осындай коррозия жағдайында ( беттен және дәнек шекаралары бойынша атомдардың диффузиясы, коррозиялық әсерлермен жоғары температуралардың бірігуі, дәнек шекарасы бойынша химиялық құрамның өзгерістеріне қабілетті құйма құрамы және т.б.) жұмыс істеуге жарамсыз болып табылады. Басқа маңызды шектеу наноматериалдар құрылымының орнықсыздығы, осылайша олардың қасиеттерінің орнықсыздығы болып табылады. Осылай термиялық, радиациялық, деформациялық және т.б. әсерлерде қайта кристалдану, релаксациялық, сегрегациялық және гомогенизациялық процестер, сонымен қатар ыдырау, фазалық түрленулер құбылыстары және нано арын мен нанокапиллярлардың пісірілу және жүзуі, аморфизация немес кристалдану сөзсіз орын алады. Мысалы сұйықты фильтрлеуге арналған көміртекті наноталшықтар вибрация әсерінен және көміртегінің құрылымдық орнықсыздығында қоздырылған сұйық ағынымен зақымдалуы мүмкін. Наноұнтақтардан бұйымдарды қалыптастырғанда нанобөлшектердің жабысып қалу мәселесі маңызды, бұл құрылымы және компоненттердің таралуы берілген материалдарды алуды қиындатуы мүмкін. Қазіргі уақытта металдар мен құймалар наноұнтақтары, оксидтер ( кремний, темір, сурьма, алюминий, титан) наноұнтақтары, бірқатар карбидтердің наноұнтақтары, көміртекті наноталшықтар, фуллерен материалдар сияқты наноматериалдар кеңінен шығарылуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет