Вака́нсия
Vacancy (латын тілінен ауд. Vacans – бос, еркін).
Кристалдық тор түйіндерінде атом немесе ионның болмауынан туындайтын кристалдың ақауы.
— анионды вакансия/ вакансия анионная/ anionic vacancy — электр өрісінде анодқа қарай қозғалатын теріс зарядталған вакансия.
— екі өлшемді вакансия / вакансия димерная/ dimer-vacancy defects, dimer-vacancy lines — қатты дене бетінде орналасқан вакансияның ерекше түрі.
— катионды вакансия / вакансия катионная/ cationic vacancy — электр өрісінде катодқа қарай қозғалатын оң зарядталған вакансия.
— қос вакансия / дивакансия/ divacancy — қатар орналасқан екі вакансиядан құралған вакансиялық комплекс.
— үш вакансия / тривакансия/ trivacancy — қатар орналасқан үш вакансиядан құралған вакансиялық комплекс.
— тетравакансия / тетравакансия/ tetravacancy — қатар орналасқан төрт вакансиядан құралған вакансиялық комплекс.
Достарыңызбен бөлісу: |