Механикалық деформация
Деформа́ция механи́ческая
Deformation, distortion, strain (лат. deformatio – қисаю)
Механикалық күштің түсірілуі, жылулық ұлғаю, электрлік және магниттік өрістің және т.б. әсері нәтижесінде туындайтын, дене өлшемінің және формасының қисаюына әкелетін және бөлшектер арасындағы өзара әрекеттесу күшін өзгеріске түсіретін, яғни кернеу тудыратын материалдық ортаның көптеген бөлшектерінің өзара орналасуының өзгеруі.
— тұтқыр-серпімді деформация / деформация вязко-упругая /ductile elastic deformation — оған жүктеу процесінің уақытқа айқын тәуелділігі тән. Жүктемені алып тастаған соң деформация өздігінен нөлге ұмтылады. Жүктеменің жылдамдығына тәуелді.
— пластикалық деформация / деформация пластическая/ plastic deformation — кернеуді алып тастағаннан кейін де сақталады және энергияның шашырауымен қабаттаса жүреді; оның шамасы тек түсірілген күштің мәніне ғана емес, сонымен қатар олардың алдыңғы өзгерісіне тәуелді болады.
— серпімді деформация / деформация упругая/ elastic [Hooke(an)] deformation, reversible deformation, elastic strain, deflection, compliance — жүктелумен бір мезетте пайда болады және жоғалады, сондай-ақ энергияның шашырауы болмайды. Жүктеу жылдамдығына тәуелді емес.
— суық деформация / деформация холодная /cold strain — пластикалық деформация, оның нәтижесінде беріктік пайда болады және беріктіктен ажырау болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |