Elastic limit
Материалға түсіргенде пластикалық деформация туындамайтын максимал кернеу. Материалға пластикалық немесе қайтымсыз деформация тудыруға жеткілікті кернеу түсіргенде сол материал серпімділік шегінен асып түседі.
Өткізгіш
Проводник
Conductor, current conductors
Электр өткізгіштігі өте жоғары зат.
— екінші текті өткізгіш / проводник второго рода /electrolytic conductor, ionic conductor, second class conductor — электр тогының өтуі химиялық процестермен қабаттаса жүретін және ондағы электр тогы оң және теріс иондардың қозғалысымен сипатталатын өткізгіш.
— екі өлшемді өткізгіш / проводник двумерный/ two-dimensional conductor — жасанды түрде жасалған, екі нашар өткізетін орталардың, мысалы, вакуум – диэлектрик, жартылай өткізгіш – диэлектрик, жанасу шекарасындағы электр өткізгіш жүйе.
— бірінші текті өткізгіш / проводник первого рода/ electronic conductorfirst class conductor — электр тогының өтуі химиялық процестермен қабаттаса жүрмейтін және ондағы электр тогы электрондардың қозғалысымен сипатталатын өткізгіш.
— супер ионды өткізгіш /супер ионный проводник/ ionic conductor — супер ионды өткізгіштікке ие өткізгіш.
— асқын өткізгіш /сверх проводник/ superconductor — асқын өткізгіштік құбылысы байқалатын зат.
Достарыңызбен бөлісу: |