Монокристалл
Монокристалл
Monocrystal
Бүкіл көлемі бойынша бір ғана кристалдық торға ие болатын кристалдық дене Нанотехнологиялар
Нанотехнологии
Nanotechnologies
Ең болмағанда бір бағытта өлшемі 1 мкм-ден кем болатын қатты денелі түзілістерді алу, зерттеу және қолдану технологиясы. Қатты дене бетіне субмикронды қаптамаларды жағудың плазмалық, вакуумдық және т.с.с әдістері де негізінен нанотехнологияға жатады.
Кристаллографиялық бағыт
Направле́ние кристаллограф́ическое
Crystallographic direction
Кристалдық тор түйіндері арқылы жүргізілген түзудің бағыты.
Кристаллографиялық бағдарлану
Ориентиро́вка кристаллографи́ческая
Crystallographic orientation
Кристалл торының немесе дәнінің кристаллографиялық осьтерінің сыртқы координаталық осьтерге не басқа кристалдардың немесе дәндердің остеріне қатысты орналасуы. Френкель жұбы (Френкель ақауы)
Па́ра Фре́нкеля (дефе́кт Фре́нкеля)
Frenkel defect
Түйінаралық атом мен вакансиядан тұратын кристалдық тор құрылымының ақауы. Кристалды қыздырғанда немесе тордағы атомның ығысуына жеткілікті энергия бере алатын бөлшектермен сәулелендіргенде пайда болады.
Электронды-кемтіктік жұп
Электронно-дырочная пара
Electron-hole pair
Жартылай өткізгіштерде өткізгіштік электроны мен кемтіктің байланысқан күйі (Ванье—От экситоны).
Бет
Поверхность
Surface
Фазалардың бөліну шекарасы. Ол сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Қатты денелердің қасиеттері беттің күйіне тәуелді болады. Сәуленің түсуінің, плазманың, қоспаның және т.б. әсерінен едәуір өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Сондықтан радиациялық және плазмалық технологияларда бұған үлкен мән беріледі.
— Ферми беткейі / поверхность Ферми/ Fermi surface — металлдың квазиимпульстар кеңістігіндегі Т=0 кезінде электрондары жоқ электронды күй облысы мен толық толған облысын бөліп тұратын изоэнергетикалық бет. Ферми энергиясына ие электрондар Ферми бетінде орналасқан.
Заряд тасығыштардың қозғалғыштығы
Подви́жность носи́телей заря́да
Carrier mobility, charge carrier mobility
Электр өрісінен туған зарядтар тасығыштардың бағытталған қозғалысы орташа жылдамдығының осы өрісінің кернеулігіне қатынасы.
Жартылай өткізгіштер
Полупроводники
Semiconductors
Электронды өткізгіштікке ие заттар. Меншікті электрөткізгіштігі бойынша жақсы өткізгіштер (металдар) мен диэлектриктердің арасында орналасқан. Еркін заряд тасымалдағыштардың концентрациясы атомдар концентрациясына қарағанда едәуір төмен. Жартылай өткізгіштердің негізгі ерекшелігі – температураның артуымен меншікті электр өткізгіштігінің күрт артуы. Кристалды, аморфты, сонымен қатар сұйық заттар да жартылай өткізгіштер болуы мүмкін. Олар сыртқы жағдайларға өте сезімтал (қыздыру, сәулелендіру және т.б.).
Серпімділік шегі
Преде́л упругости
Достарыңызбен бөлісу: |