Тербеліс Колебание Vibrations Уақыт бойынша қайталанатын қозғалыстар немесе күйлер.
— ионды-дыбыстық тербеліс/ колебания ионно-звуковые /ion-sound vibrations, ion acoustic oscillation — плазмада жиілікке тәуелсіз жылдамдықпен таралатын төмен жиілікті акустикалық қума толқындар.
— кристалдық тордың тербелісі/ колебания кристаллической решётки /lattice oscillations — қатты дененің ішкі қозғалысының негізгі түрлерінің бірі. Қатты денені құрайтын бөлшектердің (атомдар немесе иондар) тепе-теңдік күйінің, кристалдық тор түйіндерінің, маңайындағы тербелісі.
Коэффициент Коэффициент Coefficient, factor Бір физикалық шаманың басқа физикалық шамаға тәуелділігін белгілеуге қолданылатын пропорционалдық критерий, белгі.
— деформация коэффициенті/ коэффициент деформации /strain coefficient — деформациялау кезінде өңделуші материалда пайда болатын негізгі геометриялық өлшемдерінің (ұзындығы, ені, биіктігі) салыстырмалы өзгерісін көрсететін шама.
— жұту коэффициенті/коэффициент адсорбции / absorptance, absorption ratio, coefficient of absorption — берілген дененің жұтқан сәуле ағынының осы денеге түскен сәуле ағынына қатынасы; егер де түсетін жарық жиілігінің диапозоны енсіз болса, онда жұтудың монохроматты коэффициенті немесе дененің жұту қабілеті жайында айтылады.
— Пуассон коэффициенті/ коэффициент Пуассона/Poisson`s ratio — материалдың пропорционалдық шегінен төмен осьтік кернеудің біркелкі таралуы шартындағы көлденең деформацияның оған сәйкес келетін бойлық деформацияға қатынасының абсолют шамасы.
— температураөткізгіштік коэффициенті/ коэффициент температуропроводности/thermal diffusivity — жылуөткізгіштік коэффициентінің зат тығыздығының оның меншікті изобаралық жылусыйымдылығына көбейтіндісінің қатынасына тең, тұрақтысыз жылулық процесс кезіндегі заттардағы температура өзгерісі жылдамдығының сипаттамасы.
— жылуөткізгіштік коэффициенті/ коэффициент теплопроводности / coefficient of heat conductivity , coefficient of thermal conductivity —жылулық ағын тығыздығы мен оны тудырған заттағы температура градиенті аралығындағы пропорционалдық коэффициент.